Материалдар / Коучинг тақырыбы "Оқыту үшін оқуды бағалау".

Коучинг тақырыбы "Оқыту үшін оқуды бағалау".

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту үшін оқуды бағалау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
222
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-ТАҚЫРЫП. Қазақ тіліндегі алғашқы биресми газет-журналдар

(1910-1917 жылдар)


1) Қазақ тіліндегі алғашқы биресми «Қазақстан» газеті.

2) Троицк қаласында 1911 жарық көрген «Айқап» журналы және оның шығарушы редакторы М.Сералин туралы.

3) «Қазақ» қоғамдық-саяси және әдеби газеті менқолжазба «Садақ» журналы.


1905–1907 жылдардағы орыс революциясының тұсында және 1910–1911 жылдарғы революциялық жаңа өрлеу кезеңінде «Искра», «Правда» сияқты жалпыорыстық жұмысшы басылымдардың әсерімен Орда қаласында өздерінің демократиялық, мәдени-ағартушылық күрес жолдарын бастаған қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бір топ өкілдері өздерінің жасырын көпшілік одағын ұйымдастырды. Сөйтіп, олар ең алдымен одақтың шаруашылық және саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін «Қазақстан» газетін шығаруды қолға алады.

Көпшілік одағының мүшелері 1910 жылы елден қаржы жинап, Орда қаласындағы А.Н.Щолкованың меншікті баспаханасын ұйымдастыруға көмектеседі. Сөйтіп, 1911 жылдың наурыз, мамыр айларында орыс баспаханасынан «Қазақстан» газетінің алғашқы екі нөмірі жарық көреді. Бұл туралы газет қызметкері С.Меңдешев «Бөкей даласындағы 1916 жылғы көтеріліс» деген мақаласында сөз еткен.

Газетті шығарушылар екі нөмірі жарық көргеннен кейін редакцияны Орда қаласынан Орал қаласына көшіреді, оған патша әкімшілігінің цензурасыз шыққан басылымның әр мақаласына кінә тағып, авторларды қуғындауы себеп болған.

Редакция ұжымы Оралға көшіп келген соң Мұтиғолла Тухватуллин, Ғабдолла Тоқай, Камин Тухватуллин, Мұхамед-Ғали Мусин сияқты татар қайраткерлерінің араб әрпімен өз тілдерінде газет, журнал шығарып тұрған баспаханасын несиеге сатып алады. Қарыздан бірден құтылу оңайға түспейді. Соның зардабынан үш-төрт ай бойы жекелеген мекемелер мен адамдардың заказдарын орындап, елден газеттің тұңғыш санына байғазы сұрап, ақша жинайды (қараңыз: Ғ.Қарашев «Баку». «Қазақстан», 1912, №8). Сондықтан да басылымның үш жыл ішінде небәрі 18 нөмірі жарық көреді. Оның кейбір нөмірлерінде орыс, қазақ, татар тіллерінде жазылған материалдар жарияланған.

Газет 1913 жылы жабылады. Редакция ұжымы басылымның жабылуы себебін «Құрмет иесі оқушыларымызға» деген мақалада қаржының жетіспеушілігінен деп көрсеткен. Ал, негізгі себеп газеттің прогресшіл– демократиялық сарынынан қорыққан патша әкімдерінің кертартпа әрекетінен еді. Басылымның редакторы – Елеусін Бұйрин болды.

«Қазақстан» жариялаған материалдарында ел ішіндегі саяси мәселелерге баса көңіл бөлді. Мәселен, 1912 жылы Ленадағы жұмысшылар ереуілін жергілікті қарапайым шаруа, кедейлерінің сана-сезіміне түсінікті боларлықтай, яғни таптар арасындағы қайшылыққа терең талдау жасай жазған. Сөйтіп, капиталистер мен жұмысшылардың өзара келіспеушілік себеп-сырын ашып көрсеткен.

Онда «Бұл күнде үлкен байлар жүн-тері, ғаир нәрселерді сатып алып, фабрикаларда, заводтарда, басқа да керек нәрселерді сату үшін күн бұрын жасатып алады. Бұл іске байлардың өзі қол тигізбейді, бәрін де қызметшілер жасайды. Сондықтан бұл күнде қызметшілер көп. Әрбір заводта, фабрикада 40–50 мың кісі қызмет етеді. Бұл күндері халық екіге бөлінулі: бір жағы байлар, екінші жағы қызметшілер. Байлар арзан жалдаймыз деп һәм таң атқаннан күн батқанға дейін қызмет еткіздіреміз дейді. Қызметшілер айтады: біз тиісті ақымызды аламыз һәм күніне 8-10 сағаттан артық істемейміз дейді. Егер байлар бұлардың дегенін істемесе, қызметтен бас тартып, бірнеше ай жатады. Бұны забастовка дейді. Забастовкадан заводта, фабрикада қызмет тоқтайды. Бұл байларға үлкен зиян болады. Сол себепті осы уақытта байлар қызметшілердің дегенін етіп, қайта қызметін істейді», – деген жолдар бар.

Осы мақаладағы көзге түсер екінші ерекшелік, капиталистер мен жұмысшылардың арасындағы қайшылық қазақ қоғамының тұрмысымен салыстырыла жазылған, үшінші ерекшелік, ереуілдің түрлері мен мақсаттарына көңіл бөлінген. Мақалада, «Екі түрлі забастовка болады. Біреуі «экономическая», екіншісі – «политическая», – деп түсіндіріліп, олардың алдына қайған мақсаттарына тоқталады.

Экономикалық ереуілді жұмысшылар жекелеген мақсаттары үшін (жалақыны арттыру, баспана, тамақ т.б. мәселе төңірегінде), ал саяси ереуілді саяси билікті өз қолына алу үшін ұйымдастыратынын түсіндіреді.

Төртінші ерекшелік, мақалада «Үркіт губерниясында; Лена деген өзенде жалданып алтын қазып жатқан қызметшілер бір айдан бері забастовка жасап жатыр еді, ақырында әскер шығып, осы 4-сәуірде қарсы болған қызметшілерді атты. Табанда 119 кісі өлді, 350-ден артығырағы жараланды. Бұл жаралы кісілерден 100 кісі өлді», – деген жұртты ашындыра түсетін хабар стилінде жазылған мәліметтер бар. Бұдан да газеттің ұстанған бағытын тану қиын емес.

Екінші жағынан «Қазақстан» газеті феодалдық заманның күні өтіп, қоғамдық жаңа қатынастар туа бастағанын, ендігі жерде қазақтардың жалғыз мал шаруашылығымен күнелте алмайтынын, отырықшылыққа көшіп, егіншілік, сауда кәсіптерімен айналысу керектігін насихаттады.

Басылымның 1912 жылғы 11-нөмірінде Б.Қаратаевтың «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» деген мақаласы жарияланады. Онда автор көшпелі өмірдің күні өтіп бара жатқанын, көшпелі өмір және ескі әдеттер қазақты ғылым мен білімнен мақрұм қалдырғанын, «балуан бірді, білімді мыңды жығатынын» айтып, жұртты отырықшылық өмірге бет бұруға, пайдалы кәсіппен айналысуға, балаларды оқытуға шақырады.

Бұл мысалдарға қарап газет тек жалаң насихатшылықпен айналысатын материалдар жариялаумен шектелген деген ой туындамауы тиіс. «Қазақстанда» нақты ұсыныстар мен пікірлер жасаған еңбектер де болған. Мәселен, Ғабдолла Көпжасаров деген автор газеттің 1912 жылғы 11-нөмірінде жарияланған мақаласында товарищество (серіктік) туралы айтып, «Оқыған адамдар бас болып, халықтың басын құрап, екі я үш болысты біріктіріп, товарищество жасап, жиналған ақшаға жер-жерден лавка ашып, сай-саланы бөгеп, товариществода үлесі бар егіндік, пішендік жерлерін суарып беріп көрсетсек, халық пайдасын көрген соң өздері-ақ ұмтылар еді. Товариществоның бір пайдасы – халықты бірлікке үйретеді, бірінің-біріне сенімін арттырады», – деп жазды.

«Қазақстан» газетінде сондай-ақ оқу-ағарту, өнер-білім, мәдениет мәселелері де үзбей жарияланып тұрған. Мәселен, қазақ халқына білім, ғылым тарату туралы Ғ.Қарашев: «Бізде тағы да бір қате пікір бар, орысша деп ғылымды жек көреді. Бұл да қате... әліппе, оқу яғни, қисап, жағрапия, хакимия (право), әндаса (инженерлік), тауарих (тарих), тәбип (дәрігерлік), химия (химия), дирават (ауыл шаруашылығы), тажират (сауда) секілді пәндерде еш те орыстық, яки басқалық жоқ. Бұл пәндерді оқудағы мақсат оларда баян етілген қағидалардың мағынасын біліп, қолданып, адам балаларына түрлі жақтан пайда келтіруге болады. Бұларды ғарабша оқып біл, фарсыша оқып біл, түрікше оқып біл, бәрі бір тек мағынасын жақсы біл де халыққа пайда келтір» – деп әркімнің аузына түсе бермейтін биік адамгершілік позициядан көрінеді.

Осы оқу-ағарту ісіне байланысты басылым бетінде әйел теңдігі мәселесі де орын алып отырған. «Қазақстан» газетінің ұжымы жалпы әдебиет мәселесін, оның қоғамдағы алатын орнын дұрыс түсінгендіктен бұл іске де үлкен мән бергені көрінеді. Мәселен, бұл тұрғыда газет өзінің «Әдебиет таңы» атты бас мақаласында халық тұрмысын, оның келешегін жырлайтын әдеби туындылардың газет-журналдарда жариялануымен қатар жеке кітап болып басылуын, сонда әдебиетші қазақ жастарының көбейетінін әңгіме арқауы ете отырып, қорытынды ретінде:

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан», –

деген ұлы Абай өсиетіне назар аударып, шығарманың осындай «Халқымыздың көңіл сарайын ашып, сергітетін болуын, қазақ жазба әдебиетінің таңы атты десек, алдымен ұлы ақынның есімін атауымыз керек екенін» айтқан.

«Қазақстанда» бас мақала тұрақты жарияланып тұрған. Сондай-ақ, басылым беттерінен фельетон, жолсапар очерктері, мақала, хабар, корреспонденциялар, пікірталас, диалектикалық-философиялық мақалаларды да жиі оқып тұруға болатын.

«Қазақстан» газетінде Е.Бұйрин мен Ғ.Қарашевтің «Баку» атты жолсапар очеркі жарияланған. Онда авторлар көрген-білгендерін тізе беруден бас тартып, керісінше қажетті, маңызды деген мәселелерге көңіл бөлген. Оны әсіресе, Бакудегі қыздар училищесін, жан–жақты өмір-тынысын толығынан суреттей жазуларынан байқауға болар еді. Бұдан авторлардың осындай училищені қазақ жерінен де көрсек деген ойларын ешбір сәуегейшіліксіз-ақ көруге болады. Міне, сөйтіп бұл авторлар өз туындыларын жолсапар очеркі жанрының талабына сай, белгілі құбылыстармен байланыстыра отырып жазып, қазақ қоғамына тән, қажетті мәселені проблема етіп көтерген.

Бұдан басқа басылымда агротехникалық, дәрігерлік кеңестер, экономика мәселелері, ғылым табыстары, ішкі-сыртқы хабарлар, тілші хаттары үзбей жарияланып тұрған.

Газет стилі өзінен бұрынғы «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» және т.б. басылымдарға қарағанда әлдеқайда жетілген, сөйлемдері жинақы, оралымды, тілі түсінікті болып шығып тұрған. Шұбалаңқылық, бірді айтып бірге ауысушылық кездеспейді. Әрматериалда проблема көтеріліп, талданып, жұртқа пайда келтіруге тырысады. Сөйтіп, «Қазақстан» өз мақсаты – «кәсіп ету, ғылым үйрету жолында» жанр мүмкіндіктерін осылай ұтымды пайдалана білген.

«Айқап» журналының «Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, редакторы - демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесушілер де табылды. Дегенмен, қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.

Жәрдемдесушілер көбейіп және өзі қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12–24 бет көлемде шықты. Профессор Х.Бекқожиниің дәлелдеуінше «Айқаптың» тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың бес жыл ішінде 89 саны жарық көрген.

«Айқаптың» алғашқы санындағы «Қызмет иесі мырзаларға» деген мақалада: «Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды... Журналымызға «Айқап» деп есім бердік. Біздің қазақтың «Ай, қап!» демейтұғын қай ісі бар! «Қап!» дегізген, қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге лайық «Айқап» болды, – деп жазылды.

«Айқап» әр материалдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, съезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4–6-беттеріне орналасқан. «Фельетон», «Хабарлар» бойынша айдарымен материалдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаналықтарын, көңіл айтулар мен басқармадан ескертулерді, жаңа кітап туралы рецеизияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.

«Айқаптың» «Өлең-жыр», «Фельетон», «Хабаршыларымыздан», «Ашық хат», «Басқармадан жауап» деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылықты, жүйелілікті танытады. Журналдың безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдардан айқын аңғаруға болады.

«Айқап» өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей ордалықтары мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қостанайдан, Қызылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқаралыдан, Семейден, Аякөзден, Қапалдан, Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

«Айқаптың» хатшысы болып 1911–1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913–1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанбетов, Есенғали Хасаболатов, т.б, қатысты.

«Айқап» және оның редакторы сол кезгі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы – жер мәселесі екенін жақсы түсінген. Мұны олар бектік-феодалдық құрылысқа қарсы күрес барысында батыл көтере білді.

1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде уақытша ереже» шықты. 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларының қырлық облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Барлық жер мемлекет меншігі, тек хан тұқымдарына патша «сыйлаған» жер ғана жекеменшік боп танылды. 1895 жылдан 1906 жылға дейін «Щербина экспедициясы» патшаға қазақ-даласының ең шұрайлы жерлерін мәлімдеп отырды. 1870–1890 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Осыған байланысты ұлт араздығы бұрынғыдан да күшейе түсті. Түтін, мал, егін, т.б. салықтар және тасымал саудасы бұрынғыдан да артты. 15 тиындық ұстара бір қойға, 6–7 сомдық самаурын 20–25 сомға дейін сатылды. «Айқап» осындай тонаушылық саясаттың барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жазды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде ұсыныстар жасап, кеңестер берді.

Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады.

«Айқаптың» 1912 жылғы 31-санында патша өкіметінің басқару-әкімшілік істері жөніндегі отаршылдық саясатын сынаған басмақала жарияланды. Онда, 1867–1868 жылдардағы Ережелерді патша үкіметінің тек үстем тап өкілдері кеңесімен шығарғанын, комиссия мүшелері – болыс, билер өз пайдаларын ғана көздегені, оны тек марқұм Шоқан Уәлиханов қана әшкерелеп, Дала генерал-губернаторына хат жазғаны, қазақ үшін сайланған халық судьяларының пайдасыз екенін мәлімдегені айтылды.

«Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдар да жариялады. Мысалы, журналдың 1911 жылғы 4-санындағы «Бөкей ордалықтары» деген корреспонденцияда: «Бұрынғы үй басына жеті жүз десятина жер қазір үй басына жиырма десятинадан келеді. Жарлы болдық дейміз, енді біз жарлы болмай, кім жарлы болсын. Әлі біз бұлай отыра берсек, мұнан да жарлы болармыз», – деп жазылды.

М.Сералин патшаның отарлау саясатының түпкі мақсатын дәл танып, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен, оның мына пікіріне құлақ түрелік. «Соңғы он жыл ішінде үкімет... қырғыз-қазақтарды отырықшы қылып, өнер үйретейін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шеккенше, отырықшы болып, жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып, 12–15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ». Дәл бұлай батыл пікір айту тек Мұхаметжан тәрізді саналы, ержүрек жанның ғана қолынан келмек.

Бұл тақырыпқа «Шідерті болысы елінің отырықшы болып жер алулары» деген корреспонденцияда Бақытжан Қаратаев: «Қара шекпендер қырық тоғыз қала салдырып алды. Қара шекпендерге ең жақсы бірінші дәрежелі жерлер кетті. Жеті руға ең жаман жерлер қалды», – дей келіп, «көшпелі халық – қабір ұлы» деген сөз бар, көшпелі болмақ балиғилық емес, сәбилік белгісі дейді», – деп қазақ халқын отырықшы болуға шақырады.

«Қазақ» қоғамдық-саяси және әдеби газеті 1913 жылы 2-ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы – қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін «Азамат» серіктігі болған. Газеттің басылып шығуына алғаш қаржы жинастырып, әрі қалтасынан қаражат шығарған Ахметишан Оразаев болған. Ахаң газетке автор ретінде де қатысып «Қызылқұм елінде» деген секілді мақалалар да жариялатып отырған. Хусаинов – Каримов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.

Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев пен С.Дөнентаев, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбасв сынды әдебиетіміздің дамуына үлесін қосқан ардақты ағаларымыздың ғылыми шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалар туралы сын мақалалармен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген.

«Қазақтың» басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас-көз болды. Жоғарыда біздер «Қазақты» қоғамдық-саяси газет деп атадық. Өйткені редакция алқасының үкімет саясатының жазылуына көп мән бергендігі байқалады. Материалдарында Мемлекеттік Дума кеңес жұмыстары жөнінде жан-жақты түсінік берілген.Басылымда бұл мақалалардың көпшілігін Ә.Бөкейханов «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жазған.

Өзге мақалаларда Дума кеңесінде қаралған басты мәселелердің бірі – соғыс барысы, қару-жарақ жайы сөз болады. Мәселен, газет 6-тамызда болған Дума ақсақалдарының кеңесіндегі «Дума таралуға тиіс пе, жоқ па?» деген жайдың тексерілгенін айта келіп, әртүрлі партия өкілдерінің сөздерін қысқаша түрде беріп отырған. Төрағаның көпшілік Думаны таратпау керектігін, үдету жағында болғанын мағлұм етеді, әрі кеңес қаулысының мынадай: 1) табысқа қарай салық салу; 2) мемлекеттік банкінің правосын арттыру; 3) босқындарға жәрдем; 4) екінші разряд опалчиндерді соғысқа алу және т.б. жобаларды қабылдау туралы тоқтамға келгенін атап көрсетті.

«Қазақтың» ерекше атап өтерлік тағы да бір маңызды қызметі оның денсаулық мәселесіне ыждағатпен ден қоюын айтар едік. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жерін оба ауруы меңдеп, адамдардың көп өлгені белгілі. Осы орайда газет жұмысына Ахмет, Әлиханмен бірдей атсалысқан публицист М.Дулатов денсаулық, оның ішінде халықты апатқа ұшыратқан оба ауруына байланысты «Чума жайынан», «Чума сиезінен» атты материалдар жариялап, қазақ халқының қайғылы қасіретін былай деп көрсетеді: «Орал облысындағы қазақтың саны 6 жүз мың, неше жүз шақырым жерге жайылған осынша халыққа хүкіметтің қойғаны - 3 дәрігер. Бәлкім үштен де кем болар еді, егер Орал облысында мұнан бұрын чума болып шошытпаған болса. Жаздыгүні басталған дертті хакімдер қазанның аяғында білді, сонда чумаға қарсы қару қылуы чума қазақ жерінен казак-орыс (Калмыкова) жеріне ойысып бара жатқан соң болды деуге болады» деп, өкіметтің індетті насырға шапқанда ғана қолға ала бастағанын айтады.

Одан әрі автар: «Санитар отряд келгенше дерт 14 орында білініп, айналасы 80 шақырымдық қазақ даласына жайылып кеткен. Сол жерлік хакімдердің бар күштерін жұмсаған нәрсесі казак–орыс жеріне дертті жібермеу болғанын, сол үшін білініп тұрған жерлерді айнала қаматып, күзеттіріп қойғанын жасырмайды. Дертке қарсы тұруға жіберген 4 дәрігер еш көмекшілерсіз, құралсыз. Бұл төрт доктордың екеуі - қазақ, екеуі - орыс: Халел Досмұхаметов, Даулетия Бағалиев, Кольцов пен Калинин».

Оба әуелі басталып, күшті болған жері Есентөбені қоныс қылып отырған қазақтың жартысы қырылып бітті. 306 адамнан 154-і ғана тірі. Одан дерт Тұмантөбеге жалғасып мұнда 33 кісі, әрі Қалмыковқа ауысып, онда 13 кісі өлген. Үш күннің ішінде Есентөбеде 120 қазақ өліп, бұларды көметін кісі болмай қалған», – деп ашына әңгімелейді.

Бұл патша саясатының шет аймақтарда тұратын ұлттарға жасап отырған кезекті қысастығының бірі еді. Міне, «Қазақ» газеті осының бәрін қорқып, үрікпестен ашық жазып, халықтың санасын оятуға күш салды.

Халқымыздың тарихында әлі күнге дейін толық түсінік таппай келе жатқан жағдайдың бірі – патша үкіметінің 1916 жылғы бұратана халықтардан солдат алу мәселесі. Міне, «Қазақтың» ұлтшыл-байшыл атанып, ұзақ жылдар бойы қараланып келуі осындай жайларға да байланысты болатын.Бұл елдердің бүлік басылары да военный сотқа беріліп, асылды, атылды.

«...Құдайдың жазғанын, патшаның жарлығын екі етпеңдер. Ел иесі жақсылар, ақсақалдар, түсінікті жастар! Ойланыңдар, түсінбегендерге тоқтау салыңдар, жұрттың обалына, көз жасына қалып жүрмеңдер! Әркімнің ниет, көңілі бір аллаға аян. Бізге ссніңдер. Біз білгенімізді айттық, борышымыздан құтылдық! Көре-біле тұра айтпады, бізді отқа салды деп жүрмеңдер!» – деп Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітқазым Қадырбаев, Мұхаммедияр Тұнғанчиндердің аты-жөндері жазылған.

Бұлай деп жазу, өз-өзінен көрініп тұрғанындай, босқа қырылмай, патшаның отына ұшпай елдегі халықты аман сақтап қалу ниетінен туған еді. Ал оны бұрмалаушылар «Қазақ» газеті патшаның жетегінде кетті дегенге дейін барды.

«Г.Дума солдаттың мәселесі» деп аталатын мақала авторы М.Дулатов халықтың әлі де болса саяси ұйымдасушылығына көңілі толмай, «бұл істі қалың қазақтан күту, қашпаған қашардың уызына қарағандай болған соң, дума ашылуына қарсы Самарадан Ә.Бөкейханов, Орынбордан А.Байтұрсынов, Ақтөбе уезінен Н.Бекметов жүріп кеткендіктерін айтады. Олардың Петерборға:

1) қазақтан соғыс үстінде солдат алынбауын;

2) солдат алудан бұрын метрика түзеу;

3) лажсыз алынатын болғанда, жаяу солдат болмай, атты ғаскер болуын, қазақ жер-су һәм правода орыспен тең болуы керек деген нақты, бір ізден шыққан пікір-тілекпен аттанғанын» жазады.

«Қазақтың» осыған байланысты жылап тұрып айтатын мәселесі – думада қазақтың тілегін жеткізер, қазақ жайын түсінер адам жоқ екендігі, әрі мұсылман фракциясының жанынан бюро ашу, әңгіменің түптөркіні – қаражат. Жыл сайын бюроға адам ұстай алмасақ та, осындай қылыштың қырында тұрған шақта дума маңайында бір адам ұстау. «Бүкіл қазақ болып бір адам жібере алмауымыз масқаралық болар. Қазақ жайына қандырмайынша, сөзіңді сөйлеп, думаға жеткізе алатын депутат жоқ деп біліңдер», – дейді Міржақып. Бұл автордың тағы да бір құптарлық жағы: «Халық тілегіне қоса айтылатын нәрсе – метрика түзету мәселесі. Мұндай жауапты істі қиянатсыз істейтін мекемеге тапсырса екен, қиянатқа үйреніп қалған мекемелерге тапсырса қолайсыз шатақ істер шығып, халық лаңға түсуі ықтимал» деп алаңдаушылық білдіруі дер едік.

Міне, өзіміз күні кешеге дейін ұлтшыл, байшыл деген газетіміз патшаның дегені жүріп тұрған заманда осылайша өткір сөйлеуге қаймықпаған. Ал патшаның бұйрығы «ақиқат» десе оны да түсінуге болады. Олар өздері жазғандай, қайткенде де қашып құтылмайтын іс болған соң, халық жанашыры болып, қолайлы жағын қарастырады. Осылайша, халықтың саяси сана-сезіміне қозғау салады.

Сондай-ақ, «Қазақтың» бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф Татищевтің Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары архивте сақталған. Онда «Қазақ» газетін тексеру-бақылау жұмысын Торғай облыстық басқармасының тілмашы, татар тіліндегі мерзімді баспасөздерді бақылаушы Тұнғанчинге тапсыру қажеттігі жайында Орынбор губернаторы, генерал-лейтенант Сухомлиновтың бұйрығы да бар. Бұл бұйрық тегін берілмеген. Міне, патша өкіметінің осындай жазалаушылық шараларынан «Қазақ» көп қиянат көрген. Мәселен, газет өзінің 1914 жылғы 78-нөмірінде жариялаған «Алашқа» және 79-нөміріндегі «Ресейдегі ұйымшылдық» деген мақалаларында қоғамда болып жатқан шындықтың бетін ашып көрсеткені үшін, патша саясатына қарсы шықты деп А.Байтұрсыновты екі жылға соттауға үкім шығарылған. Сондай-ақ «Бұл қалай?» мақаласы үшін редакторға 50 сом айып салып немесе екі апта абақтыда отыруға кесілген. Ал «Заң жобасының баяңдамасы» деген мақаласы үшін Орынбор генерал-губернаторы А.Байтұрсыновқа 1500 сом айып төлеуге немесе үш ай түрмеде отырып шығуға үкім еткен.

Осындай салмақты қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ. Оның 265-нөмірінің әрқайсысы қазақ тарихындағы ояну дәуірінің күнтізбесі іспеттес. Замана шежіресіндей болған басылым Омбы атқару комитетінің 1918 жылғы 4-наурыздағы Орынбор Советіне берілген, «...просим немедленно закрыть газету» деген нұсқауы бойынша көп ұзамай жабылды. Сөйтіп патша үкіметінің отаршылдық саясатына бағынбай, толассыз шығып тұрған басылым Кеңес өкіметі тұсында біржола тоқтатылды.

Қолжазба «Садақ» журналы. 1905–1907 жылдары Ресейде болған бірінші орыс буржуазиялық революциясы шығыс халықтарының да арасында ұлт-азаттық, мәдени-ағартушылық қозғалыс тудыруға әсер етті. Бұлай дейтініміз, сол кезеңде Қазан, Уфа, Троицкі баспаханаларында едеуір қазақ кітаптары басылып шықты. Сондай-ақ, мұғалімдер дайындайтын Уфадағы «Ғалия», Троицкідегі «Расулия», Орынбордағы «Хұсаиния» семинарияларында және башқұрт, татар медреселерінде қазақ жастары оқыды.

Мысалы, 1906 жылы ашылған Ғалия медресесін 1916 жылға дейін 930 шәкірт аяқтаса, соның 154-і қазақ жастары б

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ