Материалдар / Коучинг тақырыбы:«Топтық және жұптық оқыту түрлерін ұтымды қолдану»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг тақырыбы:«Топтық және жұптық оқыту түрлерін ұтымды қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
3779
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг жоспары

Коучинг тақырыбы:«Топтық және жұптық оқыту түрлерін ұтымды қолдану»

Мақсаты:

Мұғалімдер топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығаруға ықпал ету;Ынтымақтастық оқу жағдайында мұғалімдер бір –бірімен қарым — қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білу, әртүрлі ұстанымдарын тәжірибеде қолдана білуге әдістемелік тұжырымдар ұсыну; Оқыту үдерісіне жаңаша әдіс-тәсілдерді, топтық, жұптық оқытуды үнемі шығармашылықпен қолдана алуына мүмкіндік беру; Топтық,жұптық жұмыстардың оқыту мен оқудағы тиімді жақтарын тәжірибеде ұтымды қолдануына ықпал ету;

Міндеттері:

1)Шағын топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау.

2). Топтық және жұптық жұмыс істеу не үшін қажет екенін түсіну.

3)Топтық және жұптық жұмыстарын қалай ұйымдастыруға болатынын білу.

4)Топтық және жұптық жұмыстарды ұйымдастыра білу.

 Күтілетін нәтиже:

Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
2. Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде мұғалім топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істеуде,топтық және жұптық жұмыс жасауда оқушының жан-жақты белсенділік қасиеттерін арттырудағы тиімділігін тәжірибеде қолданады.

«Оқушы –толтыратын құмыра емес, тұтататын алау» Д.Хорвард

Ой шақыру

Топ ережесіне қатысты мақал-мәтелдерге сипаттама беру.

1)Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені.

2)Үлкенге - құрмет, кішіге- ізет.

3)Екі кісі сыйласса, Бір кісіге орын бар.

4)Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

5)Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

6)Ырыс алды – ынтымақ.

«Күш пен Сенім» психологиялық тренинг ойыны 
Мақсаты:
Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау. Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай) Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен құбыр кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы  астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады

Топтық және жұптық оқыту әдістері (Презентация)

 Бүгінгі таңда оқшыларды ХІХ ғасырда дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде  ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт.

Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту өте маңызды. Сыныптағы әр бір оқушы ақпаратты әр түрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жаңа сабақты түсіндіруде, аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық жұптық әдісті қолдану ұтымды болады. Себебі топтар бір –бірлеріне сұрақ қоя алады, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалай алады, өз идеяларын ұсынады,соның нәтижесінде біз  «оқушының үнін» естиміз.

Топтастыру

Әке, ана, бала туралы өлең жолдары арқылы топтасу

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

 Жанашырым - ана, дара шыңым- ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Батыр болар ма екенсің

алып тұлғалы.

Ақын болар ма екенсің ,

Жазар жыр-әнді



1-тапсырма

«Топтық жұмыс» туралы постер қорғау жұмысы

Топ ережесін құру, топ мүшелерін таныстыру

2-тапсырма.

1-жұп. Топтық және жұптық жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.

2-жұп .Топтық және жұптық жұмысты бақылау және бағалау.

3-жұп. Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс нәтижесі

Ой таным.Әр топтағы рөлдік бөліністер және олардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру.

1.Топбасшы – топ ережелерінің бұзылмауын, топтың ішіндегі ахуалды реттеп отырады.

2.Хатшы – жазба жұмыстарды жүргізіп отырады.

3.Таймкипер – уақытты қадағалап отырады.

4.Баяндамашылар – топтық талқылауға берілген тапсырманы жариялайды, топ қорытындысын шығарады. Әр топта күніне 4 баяндамашы болады.

5.Зерттеуші –қажетті материалдарды табады,жинақтап, саралайды.

Барлық топқа осылайша рөлдерді бөліп алуға нұсқаулық беремін.Топтар өз ішінде рөлдерді бөлісіп алады.

Постермен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын ортаға шығып, қорғайды

Постер жасап, қорғау. «Аквариум»әдісін қолданамыз.


Мұғалімдер топтық жұмысты аяқтаған соң, сыныпты айнала дөңгеленіп отырады. Топтық жұмысты қорғайтын топ ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар ортадағы топты айнала бақылап, өз ұсыныстарын дайындайды. Топтың жұмысын мадақтап, ұсыныс айтады. Стикерге жазып бағалайды.

Топ жұмысын бағалау: Мұғалімдер жұмыстарын алмастырады,, өзара бағалауды критерийлерге сай жүргізеді.

Бағалау критерийлері:

- Топ ережесін дұрыс құрастыра алады;

- Ойын анық жеткізе алады;

- Топ мүшелерін толық таныстырып, белсенді қатысты;

- Барлық мәліметті бейнелі сөздермен сипаттай алды;

«Жұбыңды тап» тәсілі

Жұптық жұмыстар

1-жұп. Топтық және жұптық жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері.

2-жұп .Топтық және жұптық жұмысты бақылау және бағалау.

3-жұп. Ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктегі жұмыс нәтижесі

Тапсырмалар топтамасы

Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

  • Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласын

  • Оқуышлардың көбін бағалауға мүмкіндік

  • Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастырады.



Қорытынды

Сабақ- мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым –қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Өзін-өзі реттей білетін , жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Мұғалім тағдыры-үнемі , өмір бойы іздену, оқу-тоқу. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздіің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет.

«Оқушы –толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,- деп Д.Хорвард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз.

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтиже немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқудың алғы шарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.

Топты ұйымдастырудың ережелері

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді.

Топтық жұмыстың тиімділігі

Сабақта, жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болуы керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады.Оқушы тұлға ретінде жан-жақты дамиды. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет етуі керек. Мектеп білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.

Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, сабақта оқушыларды топқа бөліп, топпен және жұппен жұмыс істеу арқылы, оқушыда өзіне деген сенімділігі, жауапкершілігі артып, өз ойын еркін жеткізе алатын,белсенді,өз алдына мақсат қоя алатын, ортада өзін еркін ұстайтын, бір-бірімен пікірлесе білетін, бір-бірін оқыта алатындығын байқадым. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаңа материалды өздігінен меңгере алатын, бір-біріне көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нәтижелерді қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе оқушылар қалыптасты. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары, белсенділіктері, жауапкершіліктері артты, қосымша материалдармен жұмыс істеуді үйренді.



Кері байланыс.

«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады. 


Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!