Материалдар / Коучингтің тақырыбы: «Ата-анасын тыңдамайтын бала»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Коучингтің тақырыбы: «Ата-анасын тыңдамайтын бала»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
432
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№7 коучинг. 18.10.2016 ж. Коучингтің тақырыбы: «Ата-анасын тыңдамайтын бала»Коучингтің мақсаты:Ата-аналармен тілдесіп,оларды ынталандыру,ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу,ата-аналармен бетпе- бет кездесе отырып,бала тәрбиесі туралы пікір алмасу.Міндеттері: -Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.-Баламен дұрыс тіл табысуға сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.Коучингтің күтілетін нәтижесі:Ата-аналар бала тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс екендігін біледі.
УақытыСабақтың кезеңдері Әдіс- тәсілдерІс-әрекетҚолданылатын ресурстар
5 минКіріспе

Психологиялық дайындық
«Тілектер шоғы»

Пазлдар арқылы топқа бөлу

Мұғалімдер бір-біріне ізгі ниеттерін білдіреді.



Таңдаған пазлдары бойынша топқа бөлінеді
Гүлдер





Пазлдар

10 мин«Бейнеролик» Ой қозғауБұл бейнежазбадан не түсіндіңіздер?Бейнежазба мазмұнын топта талқылайды,сонан соң өз ойларын топта талқылайдыПроектор



10 мин



10 мин
Негізгі бөлім:Таныстырылым



Топтық жұмыс


Айтқанды тыңдамайтын балаға не керек?





Топтық жұмыс


1-топ:Қиын бала дегенді қалай түсінесіз?

2-топ:Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
Кесте,слайдтар,презентациялар

5 минТопаралық бағалау«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісіТоп мүшелері бір-бірінің жұмысын бағалайды.Стикер
5 минРефлексия«Бес бармақ» әдісі

Бүгінгі сабақта...
  • не үйрендің?
  • не қиын болды?
  • не оңай болды?
  • көңіл күйің қандай?


  • Флипчартмаркерлер
    Баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру жолын қарастырады.« Қарлығаш» тәрбие қоғамдастығының сынып жетекшілерімен өткізілген коучинг сессиясының хаттамасы №7Күні: 18.10.2016ж.

    Коучинг сессиясының тақырыбы: Ата-анасын тыңдамайтын оқушы.

    Қатысқан мұғалімдер: Сапарова К,Әбілқасымова Г,Дарибаева ,Алшоразова К,Даубаева Г,Бөрібеков Е,Сауырбаева М,Скендерова Ұ,Өтенова Ә,Ажиханова Г,Шалқарова З,Абазова Ж,Исмаилова А.



    1-мәселе: Қиын баланың тәрбиесін қалыптастыру.2-мәселе: Баланың бойына жақсы қасиеттерді қарастыру.1-мәселе бойынша коучинг жүргізушісі А. Карсыбаева «Тәртібі қиын» оқушы жайында баяндама оқыды. Интербелсенді тақтадан мұғалімге бағынбайтын,ата-анасын сыйламайтын оқушылар жайлы видеороликті көрсетті.Барлық сыныпта осындай оқушылар кездеседі. Қиын бала дегенді қалай түсінесіздер? -деп ой тастады. Сынып жетекшілер өз ой-пікірлерін білдірді. Коучинг жүргізуші А. Карсыбаева слайд арқылы «ата-анасын тыңдамайтын» оқушылардың пайда болуына себепті факторларын атап өтті . Қиын балалармен жұмыс жасаудың негізгі шарттарын түсіндіріп өтті.Сынып жетекшілер өз тәжірибесінде қолдану үшін жазып алды.Сынып жетекшілер сыныбында ата-анасын тыңдамайтын оқушылардың есімдерін айтып, ортаға салды. С.Кәрібаев сыныбындағы оқушылардың тәртібі тым қиындап кеткенін және қандай шара қолдану керек деп, ақыл кеңес сұрады. Г.Даубаева жарыссөзге шығып ең алдымен баланың тәрбиесіне жауапты отбасы яғни ата-анасы , араласатын жора-жолдасы, айналадағы қоғам әсер етеді деп өз ойын білдіріп өтті. К.Алшоразова «Мектеп,ата-ана,мұғалім,психолг, медсестра» біргелесе отырып,баланың әрбір басқан қадамын анықтап отырса , балалардың тәртібі жақсарар ма еді? –деп өз ойын білдірді.Ұсыныс :

    .1 Ата-аналар, сынып жетекші мен пән мұғалімдері баланың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап ,бірлесіп жұмыс жасасын.2.Сынып жетекшілер баланың тәрбиесіне әсер ететін тәрбие сағаттарын және түрлі іс-шараларды көптеп өтсін.





    Коучинг жүргізуші: А. КарсыбаеваХатшы: Г.Даубаева





    Дайындаған тәлімгер: А. Карсыбаева

    Баланы тәрбиелеу ауруды емдеумен тең. Ауруды емдей бермей, оның себебін табу әлдеқайда абзал. Сол сияқты баланың тәрбесінде де кез-келген жағымсыз қылықтың себебін тапса, оның нәтижесін де алдын алуға болады. Бала психологиясын жақсы түсіне білген Ю.Гиппенрейтер өзінің кітаптарында бұл тұрғыда ата-аналарға таптырмас ақпарат берді.
    Психологтар бала тәрбиесінің ауытқуында төрт негізгі себеп бар деген тұжырымға келді.Бірінші себеп - ата-ана тарапынан көңілдің жетіспеушілігі. Егер бала өзіне жеткілікті түрде көңіл жетіспеушілігін сезетін болса, ол жетпеген көлемді толықтыру үшін басқа жол ойлап табады - айтқанды тыңдамау. Тек айтқанды тыңдамау арқылы бала ата-анасын өзіне қарата алады. Әрине, әкесі де, шешесі де істерін бөліп, балаға ұрсады, ақыл айтады, ескерту жасайды. Бұл бала қалаған жылы сөздер болмаса да, ең  бастысы ол өзінің көздеген мақсатына жетті - ата-анасы оған көңіл бөлді.Екінші себеп - ата-ананың шектен тыс қамқорлығынан бас тарту. Шамамен екі жастан бастап балалар барлық нәрсені өз бетімен істеуге талпынады. Бұл кезде олар "мен өзім" деген сөзді жиі айтады. Есейе келе бұл талпыныс күшиеді. Сондай кезде ата-ана балаға белгілі бір істі өзі жасауға мүмкіндік бермей, бұйырып немесе қорқытып сөйлейтін болса, бала айтқанды әдейі тыңдамайды.  Бұның басты негізі - баланың өз мүмкіндіктерін пайдалану құқығын қорғап қалу.

    Үшінші себеп - "кек" алу. Балалар көп жағдайда ата-аналарына ренжиді. Бұның себептері сан алуан болуы мүмкін: отбасында тағы бір баланың пайда болуы, ата-ананың ажырасып кетуі, отбасынан баланы алшақтату (әжесінің тәрбиесіне беру), және тағы сол сияқты. Одан басқа белгілі бір кезде жасалған ескертулер, ата-ананың балаға берген уәдесін орындамауы, т.б.  Бұндай кезде бала ересек адамдарға ренжиді, тіпті іштей күйзеліске ұшырауы да мүмкін. Бірақ сырт көзге оны көрсетпей, керісінше дөрекі сөйлеп, айтқанды тыңдамауға дейін барады.Төртінші себеп - баланың өз-өзіне сенбеуі. Ата-анасы баланы тым көп сынай беретін болса, бала өз өзіне сенімсіз болып өседі. Мысалы, бала сабақты нашар оқып, ата-анасынан күн сайын сын естісе, күндердің бір күнінде ол "тырыспай-ақ қоямын, бәрібір қолымнан түк келмейді" немесе "бола берсін, жаман бала десе, сондай-ақ болайын" деп, сенімді жоғалтуы әбден мүмкін.Алайда, "бұл төрт себептің қайсысы менің баламның жан-дүниесіне сай келеді?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл тұрғыда Юлия Гиппенрейтер баланың тіл алмаған кезінде сіз қандай сезімде болсаңыз, соны аңғаруды ұсынады. Ата-ананың сезімі баланың ішкі эмоционалды проблемасының көрінісі.Еген баланың тіл алмауы бірінші себепке, яғни көңілдің жетіспеушілігіне байланысты  болса, ата-ана ызаланады. Шешімі: балаға көбірек көңіл бөлу.Еген баланың тіл алмауы екінші себепке, яғни шектен тыс қамқорлықтан бас тартуға байланысты болса, ата-ана қатты ашуланады. Шешімі: қамқорлықты азайту.Еген баланың тіл алмауы үшінші себепке, яғни "кек алуға" байланысты болса, ата-анада реніш сезімі туады. Шешімі: баланың не нәрсеге ренжіп жүргенін анықтау.Еген баланың тіл алмауы төртінші себепке, яғни баланың өзіне деген сенімсіздігіне байланысты болса, ата-анада үмітсіздік сезімі пайда болады. Шешімі: баланы сынаудан бас тарту.Осы төрт эмоцияны ажырата отырып, баланың тіл алмауының негізгі себептерін оңай табуға болады.Тэги: Юлия , бала , бала мен , бала Источник: http://comode.kz/post/vospitanie-i-razvitie/ajtandy-tydamajtyn-balaa-ne-kerek/



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!