Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
критериалды бағалау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
КІРІСПЕ
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті. Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді.
«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» (2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
-
Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
-
Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
-
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
-
Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
-
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
-
Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;
-
Объективті, үздіксіз және нақты:
-
білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;
-
мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
-
ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;
-
басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру;
-
Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
-
Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
-
Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.
Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.
-
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
-
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:
-
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
-
Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.
Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
-
нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
-
бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
-
тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
-
Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
-
Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
-
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
-
Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
-
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-
әдістемелік құжаттар негізінде берілген:
-
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);
-
Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;
-
Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;
-
Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;
-
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
-
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
-
Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар;
-
Пәндерге тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы.
-
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
-
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.
-
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
-
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата- аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр,
-
оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
-
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды.
-
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия (2-қосымша), оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
-
Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген.
-
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып табылады.
-
Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады.
-
Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет.
-
Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және
-
«атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады.
-
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.
Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады (Блэк және Уильям, 1998; Эшкрофт және Форман- Пэк, 1994; Тарас, 2005). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі. Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері
-
қатысты жинағы;
-
байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі.
Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
-
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
-
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
-
кері байланыс беру;
-
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау.
Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды. Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:
-
оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
-
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
-
тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
-
бағалау критерийл әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
-
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырадыҚалыптастырушы бағалаудың әдістері
Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру»,
«Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе»,
«Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. (4-қосымша).
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар.
Ашық сұрақтар талдауды және бағалау ақпараттарын талап етеді, қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады.
Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б.
Сұрақты дұрыс қойғанда өз ойын айтуға, ақпарат алмасуға,
-
ері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін.
Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет.
Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін (Геффрой Э. К., 1997).
Осындай қателіктердің алдын алу үшін:
-
негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және басқа да сұрақтарды қою;
-
егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;
-
сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;
-
әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар құрастыру;
-
оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын, күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады.
Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.
Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да назар аударып отырған дұрыс.
Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым- қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.
Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
-
Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
-
Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз
ба?
Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса,
онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
-
Сіз қазір не істеп жатырсыз?
-
Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
-
Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
-
жаңа идеяны тұжырымдауды;
-
екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
-
идеяларды бағалауды;
Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай
-
топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
-
сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін көрсетеді.
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
-
білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
-
тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып,
«олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
-
білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
-
кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.
Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 4-кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.
4-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары
Мұғалім |
Білім алушы |
|
|
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.
-
Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған Жиынтық бағалау үдерісі
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.
Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады (5-қосымша).
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізудің тапсырмалар үлгілері, ұсыныс түрінде берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған.
Сапалы бағалаудан бөлек жақсы құралдардың болуы бағалау рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі және олардан не, қандай мерзім талап етілетінін білуі тиіс. Аталған кезеңде мұғалім білім алушылар «жақсы жұмыс» қандай болатынын және бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін түсінуі үшін бағаланған жұмыстар үлгілерін қолдануына да болады.
-
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
-
жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша;
-
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
-
тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.
-
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.
Жалпы алғанда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау білім алушының оқудағы кемшіліктерін уақытында анықтау және оның алдын алу үшін өткізіледі. Белгілі болғандай, білім алушылардың басым бөлігі өз оқуында түріне, санына, сапасына және т.б. қарай белгілі бір кемшіліктерді жинақтай бастайды және жалғастырады.
Егер «кемшілік» сөзінің мағынасына мән беретін болсақ, ол қателік немесе кемшілік, жетіспеушілік дегенді білдіреді (Ушаков, 1940). Өз кезегінде қателік дегеніміз тиісті нәрсені орындамау, жеткіліксіз қарау, ұқыпсыздықтан қателік жіберу, ал кемшілік, жетіспеушілік дегеніміз жетілмеу, ақаулық, олқылық, бір нәрсенің сапасыздығы деп сипатталады. Сондықтан оқудағы кемшіліктердің сипатын қарастыра келіп, кейбір білім алушылардың кемшілік деп танылатын мардымсыз, жөндеуге болатын қателіктері, кейбіреуінде маңызды кемшіліктер, олқылықтар бар деп айтуға болады.
Кемшіліктерді анықтау үшін мұғалімдерге сапалы (валидті) тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, бөлім/ортақ тақырыптар жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды меңгеру деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі тиіс.
Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау үшін ең сенімді, жарамды (валидті) негізді талап ететін үдеріс екенін естен шығармауымыз қажет. Негіз ретінде қалыптастырушы бағалау кезіндегі бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау кезіндегі нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа қосымша негіздеме ретінде мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы шешім қабылдауы кезіндегі сенімділігін арттыру мақсатында туындаған қиындықтарды білім алушымен бірге талқылауына болады. Оған көмегі тиетін жағдай туындағанда, осы шара туралы оның пікірін, ойын білуіне болады.
Бағалаудың дәстүрлі жүйесінде мұғалім, білім алушы мен ата- аналар туындаған таптаурын жағдайларды анықтауда, кемшіліктерді түсінуде сапалық көрсеткішті пайдалануға дағдыланған. Егер мұғалім
«5» немесе «4» деген баға қойса – бұл кемшілік жоқ немесе елеусіз ғана қателік деген сөз; «3» деген баға қойса – түзетуге болатын және түзетуді қажет ететін кемшіліктер бар; «2» деген баға қойса – қосымша күшті қажет ететін салмақты қателері бар деген сөз. Мұндай түсінік кейбір мектеп мұғалімдері мен өз балалары тарапынан кемшіліктердің алдын алуға болады дейтін немесе сыртқы көмекке, мысалы, сабақ үйретушіге (репетитор) сүйенуге болады деп түсінетін ата-аналарға жеткілікті, қолайлы болуы мүмкін. Алайда білім алушылар мен мұғалімдер үшін мұндай бағалау тәсілінің пайдасы шамалы.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісінде оқудағы кемшіліктерді айқындау үшін білім алушының нақты неден қиналатынын анықтау ғана маңызды емес, сондай-ақ, қалай, неге туындағанын анықтау да маңызды.
Білім алушылардың оқудағы кемшіліктерінің алдын алу үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне қатысты сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру және мұғалім тарапынан (оқыту үдерісіне түзетулер енгізу) да, білім алушы тарапынан (қосымша және/немесе өз бетінше оқу) да білім мен дағдыны толықтыруға бағытталған әрекеттер жасалуы қажет.
Ақпараттарды жинау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы үшін «Тапсырманы орындау пайызы» көрсеткішін қолдану ұсынылады. Бұл көрсеткіш максималды мүмкін балдарға қатысты білім алушылардың жинақтаған балдық үлесін көрсетеді. Тоқсан барысындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға қатысты білім алушы нәтижесінің мысалы 7-кестеде берілген.