Материалдар / Критериалды бағалау – оқу жетістігін бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Критериалды бағалау – оқу жетістігін бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу жетістігін бағалау үшін мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қазыбек би» атындағы № 14 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нахып Жадыра Әліпбайқызы.

Түркістан облысы, Түркістан қаласы



Критериалды бағалау – оқу жетістігін бағалау


Қазіргі білім беруді дамытудағы басты мақсат - әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру болмақ. Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық тапсырмаларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

ХХғ. ортасында алаш қайраткері Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын ояту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек. Сабақ беру үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген болатын. Бүгінгі күнге дейін бұл сөздің мағынасы әлі жоғалған жоқ. Демек, мұғалімнің кәсіби шеберлігі - оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.

Түркістан қаласындағы №14-ші жалпы орта мектебінде деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің аймақтық семинарлар беруді алдына мақсат еткен. Тәжірибелі мұғалімдар іске қолдау білдіріп бағыт - бағдар берді. «Критериалды бағалау - оқу жетістігін бағалау» тақырыбында өткен аймақтық семинардың басты мақсаты - критериалды бағалауды жан-жақты түсіндіру арқылы оқушыларды сабақта бағалау үдерісіне қатыстыру. Оқушылар бағалауға қатыса отырып, бағалау нәтижесінде жинақталған ақпараттарды өздерінің оқуын басқару үшін қолданатын болады және өз бетінше үйренуде оқуды қалай жақсартамын, келесі қадамдарды қалай жоспарлаймын, қалай әрекет етемін деген сұрақтардың шешімін табу болатын.

Семинардың өзекті мәселесін көтерген жаңашыл мұғалім Нахып Жадыра былай деді: «Қазіргі кезде мұғалімдер үнемі ізденісте болып, жаңаша оқытудың модулдік технологияларын сабақта жиі пайдаланып жүр. Оқушыларды білімді қабылдау деңгейіне қарай критериалды бағалау яғни жаңаша бағалау оқушы, ата-ана, мұғалім үшін де маңызды.»

Мектепте шығармашылықпен айналысып жүрген мұғалімдердің іс тәжірибесі тамашаланды.

Бастауыш сынып мұғалімі А. Жүзенова 1 «а» сыныбында сауат ашу пәнінен «Ұлттық тағамдар. Шұбат» атты топтық жұмыс жүргізді. Сыныпты үш топқа бөліп, миға шабуыл, ой қозғау тәсілдерін қолдана білді. Оқушылар шұбаттың пайдалы қасиеттерін атап талдау жасады. Негізгі атауларды қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтты.Сабақ жоғары дәрежеде өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Нұржанова 8 «а» сыныбында

«Төл сөздің тыныс белгілері» атты сабағында «Мен саған сенемін» тренингі арқылы психологиялық ахуал орнатты. «Бірін-бірі оқыту», «Адасқан тыныс белгілер», «Екі шындық бір жалған», «Өрмекші торы», «Рөлдік ойын» әдістерін шебер пайдалана білді. Осы әдістер арқылы оқушылардың терең білім алуына және алған білімін бағалауға мүмкіндік жасалынды. Мұғалімнің шеберлігі ескеріліп, іс-тәжірибесі қала көлемінде таратылсын деп ұсыныс жасалды.

Бастауыш сынып мұғалімі Ж. Рысбанбетова 3 «а» сыныбында «Төрт мезгілді аңсау» тақырыбында жыл мезгілі атауларына сәйкес төрт топқа бөлді. Сабақ басында оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырып өтті.Жаңартылған білім мазмұнына сай оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар берді. Оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландырды. Сабақ өте жақсы деп бағаланды.

Математика пәнінен Ж.Жапақова 5 «б» сыныбында «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» атты сабағында оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындап, есеп шығаруда белсенділік таныта білді.Сабақтың әр кезеңдерінде критериалды бағалау ұтымды қолданды. Сабақ соңында «Даналық ағашына» стикер жапсырып кері байланыс берді.

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Анарбаева 10 «а» сыныбында «Война и мир» тақырыбында Эдвард де Боненің «Ақылдың алты қалпағын» пайдаланып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлау арқылы өз пікір - көзқарастарын айта білуге дағдыландырды. Ақ қалпақты кию арқылы өтілген тақырыптан мәлімет, фактілер келтірсе, қара қалпақ киіп оқиғаның жаман жақтарын баяндап өтті. Жасыл қалпақ киген оқушы креативті ой айтып қатысқан мұғалімдерді тәнті етті. Бағалау үдерісінде оқушылармен бірге критерийлер мен дескрипторлар құрды. Өтілген ашық сабақтарда критериалды бағалау жүргізіліп оқушының білім деңгейі қай деңгейде екендігі дескриптор арқылы көрсетіліп, жинаған ұпай саны арқылы критериалды бағалау жүргізілді. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылықтары іс - тәжірибелік дағдылары барлық сабақтарда көрінді.

Көшбасшы мұғалім Ж.Нахып «Критериалды бағалау - білім сапасын арттыру кепілі» тақырыбында шеберлік сынып өтті. Қатысқан мұғалімдерге теория мен тәжірибе ұштастырылып, топтық жұмыста критерий, дескриптор, рубрикатор терминдеріне интербелсенді тақтадан слайдтар жасап түсіндірме берілді.Тақырып бойынша критерийлер жасалды.Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана білді.

Мектеп тренері Д.Ештаева «Оқыту мен оқуды бағалау» атты коучинг өткізді.Критериалды бағалау жөнінде өз ойларын ортаға салып, қатысқан топтар постер қорғады.Сергіту сәті мұғалімдерге жақсы көңіл - күй сыйлады.

Қатысқан мұғалімдер коучинг соңында көңілге түйгендері критериалдық бағалау жүйесін қолдануда олар оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізумен бірге білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын, оқушының еңбегін кез-келген кезеңде анықтай алатындығына көзі жеткендігін кері байланыста айтып өтті. Коучинг өте жақсы бағаланып әріптестері мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.

Бұл семинардың басты бір ерекшелігі - ХҚТУ білім ордасының профессоры, тренер М.Түйебаев ағай топтық жұмыстарға бастан аяқ қатысып өз ой - пікірлерін ортаға салып талдау жасап, кері байланыс жүргізді. Семинардың жоғары деңгейде өткендігін айтып мұғалімдер мен оқушыларға алғысын білдірді. Келген қонақтар мен мұғалімдерге тренинг өткізіп бағыт-бағдар берді. Семинар қорытындысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Тасжанов мектеп тарихын таныстыру барысында, 2001 жылы президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өзі мектептің ашылу салтанатына келгендігін, мектеп үшін маңызы зор тарихи оқиға болғандығын тілге тиек етті. Бұл әрине әрқашан мұғалімдер мен оқушыларға зор жауапкершілік жүктейді. Аталмыш семинарда сабақ соңындағы оқушылардың кері байланысы мен топтық жұмыстағы белсенді іс-әрекеттеріне ерекше тоқталып өтті.

23-ші мектептен келіп қатысқан модератор Г.Ибрагимова алдағы уақытта желілік қоғамдастық аясында бас қосып, кездескен кедергілерді біресе шешу жолдарын ұсыныс етіп айтты. Сонымен қатар мұғалімдердің еңбектерін жоғары бағалап, марапатқа ұсыну туралы мектеп әкімшілігіне ұсыныс білдірді.Сөзімді қорытындылай келе мектеп мұғалімдерінің алдында үлкен міндеттердің тұрғандығы, білім сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу төл міндетіміз екендігін әсте естен шығармауымыз қажет, әлі де болса алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар көп екендігін сезініп өзімізге үлкен міндеттер жүктейміз.Елбасы ашқан мектепте ұстаздық етіп жүргенімді ойлағанда бойымды мақтаныш сезімі кернейді деп қорытындылағым келеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!