Материалдар / «Критериалды бағалау арқылы оқушылардың биология пәніне танымдық қызығушылықтарын арттыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Критериалды бағалау арқылы оқушылардың биология пәніне танымдық қызығушылықтарын арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама не болмаса мақала ретінде пайдалану. Ғылыми жұмыстар мен дипломдық жұмыс ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Наурыз 2024
247
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Тақырыбы: «Критериалды бағалау арқылы оқушылардың биология пәніне танымдық қызығушылықтарын арттыру»







































Кіріспе



Қазіргі Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдық оқу-ағарту, білім беру салаларындағы білім мазмұнын жаңартуда қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.

«Білім берудің жаратылыстану сипаты, онда адам тек жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьектісі ретінде көрумен бедерленеді», -делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық және жаратылыстану білім беру тұжырымдамасында. Міне бұндай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді[1,14 б.].

Оқыту процесі екі жақты процес болғандықтан, мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да пәнге деген танымдық қызығушылықтары мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселе.

Психологтардың анықтағанындай мектеп жасындағы оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығуы ең алдымен оқу әрекетімен тығыз байланыста туады. Яғни, оқуға деген қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша ғана емес оқу әрекетінің түрлері бойынша да пайда болады. Мектеп кезеңі – оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушының оқу – әрекетінің тиімді меңгеруі нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы ортақ тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау,бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп жұмыс істейді [2,260 б.].

Оқушылардың көбісінің өз бетінше оқу әрекетін ұйымдастырудың жоғары деңдейі- танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Бұдан шығатын қорытынды: мектептегі оқушыларды дамыта отырып оқудың негізінде осы кезеңде оқушы үшін жетекші идея болып табылатын оқу әрекетін қалыптастыру жататыны айқын көрінеді. Сондықтан жаңа білім мазмұны оқушыда оқу әрекетін қалыптастыруға бағдарламалар құру қазіргі таңдағы басты бір міндет болып табылады.

Ұлы ғалымдар, педагоктар (Әл-Фараби, Я.А.Каменский, И.Г.Пестолоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б) оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерімен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес [3].

Танымдық әрекет пен танымдық қызығушылықтың психологиялық негіздерін зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, С.Мұқанов және т.б [3].

Танымдық әрекет пен танымдық қызығушылықтың дидактикалық негіздерін зерттеуге үлес қосқан – ғалым-педагогтар (М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, П.И.Пидкасистый, Г.И.Щукина, Т.И.Шамова, Ж.Қараев, А.Әбілқасымова және т.б) ғылыми еңбектері таным тиориясы мен методологиясына арналған[3].

Алайда, оқушылардың танымдық әрекеті мен қызығушылығын арттыруда оқыту үрдісінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибиесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді. Атап айтқанда, мұғалімдер оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырып, танымдық қызығушылықты дамытудың тиімді жолдарын қолдануда өздерінің дайындығының деңгейі төмен екенін мойындайды.

Осыдан оқушылырдың оқу – танымдық қызығушылығын арттыру қажеттілігі мен мұғалімдердің дидактикалық даярлығының арасында қайшылықтар болып отыр. Бұл қайшылықтарды өзекті мәселе ретінде қарап, мынадай тақырыпта өз зерттеулерімді жасадым: «Критериалды бағалау арқылы оқушылардың биология пәніне танымдық қызығушылығын арттыру». Осы жерде критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс.

Зерттеу нысаны «қазақ-түрік лицей-интернатының» 7 сынып оқушылары болып табылады.

Зерттеу пәні «биология» сабағы болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Критериялды бағалыу арқылы оқушылардың биология пәніне танымдық қызығушылықтарын арттыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалар міндеттер шешілуі қарастырылу тиісті:

а)Танымдық қызығушылық, бағалау, критериялды бағалау терминдеріне түсінік беру, олардың педагогикалық үрдістегі орнын анықтау. Оқушыларының пәнге танымдық қызығушылықтарының психологиялық негіздерін көрсету.

б)Критериялды бағалауды биология сабағында жоспарлы қолдану. Бұл бағалау түрін қолдана отырып оқушының биология пәніне танымдық қызығушылықтарының арттыру жолдарының теориялық негіздерін айқындау

в)Критериялды бағалауды биология сабағында қолдану тиімділігін анықтау. Білім беру саласында критериялды бағалауды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін жаңа бір тиімді тәсілдерін іздестіру.

г)«Казақ-түрік лицей-интернатында» өтілген педагогикалық тәжірибе кезінде сынақтан өткізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Критериялды бағалауды биология сабағында қолдана отыра, сабақты жаң-жақты, қызықты өткізу және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Зерттеу әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, оқыту тәсілдерін зерттеу, салыстыру, сауалнама жүргізу, ұқсастығы, жіктелуі, мониторинг, озық тәжірибені ғылыми-зерттеу, эксперимент.



































1 Танымдық қызығушылық



1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық алғышарттарының негіздері



Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау [4].

А.Н. Леонтьевтің [5,105 б.] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.

Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады. Адам бойындағы танымдық қасиеттерін қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып өтейік.

Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”,”жеке тұлға”, “адам”,”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады [6,60 б.].

Белгілі психолог Б.Г. Ананьев еңбектерінде “Адам–физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”-деп қарастырады [6,148 б.].

Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Жеке тұлға түсінігі - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі [6].

Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе оның төмендегідей бағыттарға бөлеміз:

1.Психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.

2.Жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.

3.Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.

4.Жеке тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.

Олай болса, А.Н.Тугаринов өз еңбегінде: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді [7].

Мәселен, Т.Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады [7].

Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе, республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды [7].

Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе “жеке тұлға” ұғымына өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.

Жеке тұлға дегеніміз-сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым,барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі [8,157 б.].

Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.

XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н.Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай …” –деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын зерттеген. Бұл арқылы біз, оқушыларға берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі тиіс деп ұғынамыз [9,71 б.].

ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологтардың шығарған теориялық көзқарастары жастық шақтың романтикалық концепциясы болады. Оның жалпы пішінін Жан Жак Руссо ұсынған болатын. Психолог Гезеллдің пікірі бойынша 11-21 жасқа дейінгі аралық жастық шақтың еншісінде, осы шақ балалықтан үлкендікке өту кезеңі болып табылады. 11-16 жас аралығының өте маңызды ескерте отырып, Гезелл он жасты “алтын жас“ деп атайды. Мүшелі жасқа өту кезеңінде бала өмірдің қиыншылықтарын жеңіл қабылдап, сыртқы жағдайларға аз көңіл бөледі. Ересек шаққа өту кезеңінен бастап, жас өспірімдердің өзіндік ойымен философиясы қалыптаса бастайды.

Философия ғылымы жеке адамның дамуын, дүниетанымын, қоршаған ортамен байланыстылығының басты қасиеттері жайында зерттейді. Философия тілдің танымдық қызметін санамен байланыстырады. Терең де орнықты білім мен іскерлік-дағдылары адамның теориялық, дүниетанымдық негізін қалыптастырады.

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту,білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақта жақсы мамандарды даярлау олардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін- ол қоғамдық сананың,адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. Дүниетаным- ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. “Дүниетаным- адамның табиғат,қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы”деп қарастырады З. Серікқалиұлы. [10].

Осы тұрғыда дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі құрылымдарына тоқталып өтейік:

-ағартушылық - ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен табиғат әлемін анықтайды да ағартушылық сананы қалыптастырады.Ол философиялық принциптер методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады.

-тәрбиелік - қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі адамнан шындыққа негізделген моралдық-ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды талап етеді.

-дамытушы - дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы, ішкі рухани қозғалыс әсіресе ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің принциптері жатады.

-ұйымдастырушылық - адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті барысында қолайлы позиция болып табылады.

-болжамдық - ғылыми дүниетаным ғылыми теория мен тәжірибенің меңгеру белгілерімен алға жылжытады.

-тәрбиелік мақсаты - баланың тұлғалық құрылымының тұрақтылығы мен сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа қоғамға және ойлауға деген қатынастың негізінде мінез құлық пен ерік сезімдердің санадағы бірлігін айқындайды.

Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының сапасы арта түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеиялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды.

Жеке адамның өзіндік сана сезімінің әртүрлі себептері - адамның өз-өзіне қарым-қатынас жасауы, яғни мұның өзіндік іштей сөйлеудің дамуына, ойлаудың, танымдық қасиеттердің жеткілікті түрде қалыптасуына абстракция және жалпылау сияқты, индивидтің өзінің “Мені” туралы ұғымын, көрінісін құруға мүмкіндік беру үшін және “Мені” басқалардан ажырата алуы үшін қажет. [10]

Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі. Ой еңбегімен дене еңбегі арасында танымдық іс-әрекет шығармашылық қабілетін арттыруда жаңалық ашушы мен тудырушы болып табылады.

Таным- рухани өндірістің (ғылым, эстетика, діни, парасаттылық және т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше қызметі ретінде көрінеді. Таным- адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бағыт алады.

Танымдық қасиеттер - оқушының тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің артуынан байқалады. Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің артқаны.Оқушы білімді уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді [8,165 б].

Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М.Жакуповтың “Танымдық іс-әрекет психологиясы” еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын ұсынды. Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің жүргізілу жолдарын төмендегідей бағыттарда қарастырылған.

Бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза ретінде дамуының динамикасы.

Қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі.

Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.

Түрткілер-қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе идеалдық объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-қозғалыстар [8,58 б.].

Мотивация-бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі [8,54 б.].

Темперамент-индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық ерекшелігі жағынан мінездеме беру.

Қабілеттілік- қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы психикалық қасиет. Өмірдің алдында қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер [8,56 б.].

Мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері.

Белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы өнімділігі және қарқындылығы.

Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін реттеуге бағытталған [8,55 б.].

Талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне жатқызылады.

Ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік [8,55 б.].

Адам-өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш- сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа жетуге тырысады.

Ал, қажет дегеніміз- адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы. Қажеттілік -өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз сараптай келе зерттеу жұмысымызда “түрткі” деп қарастырып отырмыз [8,59 б.].

Ал,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!