Тақырып бойынша 11 материал табылды

Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесі туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері


Мақсаты: Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесі туралы түсінік беру.

Өту барысы.

Ұйымдастыру

1. Топқа бөлу (кәмпит тарату арқылы)

-Бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында ашылған жиналысын бастау үшін мектеп директоры Б.Қ.Құраманғалиеваға сөз беріледі.

Кіріспе:

1 бастаушы:

  • Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрлігіне білім беру мазмұнын жаңартуды тапсырған болатын. Соған байланысты жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектептердің 1-сынып оқушылары жаңа жүйе бойынша білім алады. Сөйтіп,  2020 жылға қарай кезең-кезеңмен барлық сыныптар бес күндік оқу аптасына көшетін болады. Сондай-ақ, 12 жылдық оқу бағдарламасы енгізіледі. Сарапшылардың айтуынша, бұл — әлемдік тәжірибенің озық үлгісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты.

Қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Еліміздегі бірқатар мектептер 2009, 2012 және 2015 жылдары осы стандарт бойынша білім сапасын анықтауға қатысты. Осы зерттеудің қорытындысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігі анықталды. Білім беру мазмұнын жаңартудың себебі содан. Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді. Жаңа жүйеге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Жоспар бойынша жүйе төрт жылда толық енгізіледі. 2017 жылы — 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы — 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы – 4,9, 11, 12-сыныптар жаңа стандартқа көшеді. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады. 1-сынып оқушыларына арналған оқулықтарды «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Алматы кітап», «Атамұра», «Мектеп», «Бөбек», «EXPRESS PUBLISHING» баспалары әзірледі. Балалар үшін ата-анасының, отбасының тәрбиесі аса маңызды. Бес күндік оқу жүйесі балалардың сенбі, жексенбі күнгі демалыс уақытында ата-анасымен бірге болуына көп мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балалардың шығармашылық қабілетін арттыруға, қосымша білім алуына, әсіресе, спортпен, өнермен айналысуына көбірек уақыт беріледі.

Білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты 1 қыркүйектен бастап, 1-сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды. Оқу мерзімінің ұзақтығы — 33 оқу аптасы. 1-сынып оқушылары сенбі күн есебінен 34 күн қосымша демалыс алады.

2 .Баланс дөңгелегі .Сұрақтарға жауап беріп белгілеу.

-Сіздердің алдарыңызда баланс дөңгелегі берілген. Баланс дөңгелегінің төменгі жағында сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап беру арқылы сіздің жаңартылған білім мазмұнының қаншалықты деңгейде білетіндеріңіз ескеріледі. Егер тіпті білмейтін жағдай болса, шынайы белгілеулеріңіз сұралады. Оның қорытындысын жұмыс соңында білетін боласыздар.

Shape3 Shape2 Shape1

2


Shape4

1


Shape7 Shape6 Shape5

Shape9 Shape8

4

3




Критериалды бағалау

1. Келесі оқу жылында балаңыз жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алады. Ол туралы сіз қаншалықты білесіз?

2. Қритериалды бағалау туралы сіздің түсінігіңіз?

3.Бағалау түрлері туралы білетініңіз?

4. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алу қаншалықты тиімді деп ойлайсыз?


3. Топтарға жеке тапсырма 7 мин жұмыстарын қорғау

  • 1топ: Тыңдалым арқылы сурет салу

-Сіздердің топтарыңыздан бір адам шығып көрсетілген сурет бойынша ауызша айтып тұрады, сіздер не естисіздер соны салу керексіздер. Ол сурет сіздерге көрсетілмейді. Тыңдалымға назар аударған жөн.

  • 2-топ: Математикалық ресурстардан фигура жасау

-Сіздерге керек құрал жабдықтар берілген, соларды пайдаланып, геометриялық фигуралар құрастыру керексіздер.Қосымша тапсырма беріледі.

  • 3-. топ: Ұсақ маториканы дамыту

-Алдарыңызда жатқан ресурстарды пайдалана отырып ең биік әрі мықты мұнара тұрғызуларыңыз керек. Ол үшін міндетті түрде 50 кеспе таяқшаларын пайдалану керексіздер.

  • 4 -топ: Қызықты мәтін құрастыру

-Үстелдің үстінде берілеген заттарға қарап отырып, мәтін құрастырасыздар.

Топтар өз-өздерін бағалау ( Смайлик )

(Шынайы суретті, мәтінді көрсету)

Топтар бір-бірін бағалайды

5. Критериалды бағалау

-Критериалды бағалау бойынша сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Райстанова Перизат Кәрімхановнаға беріледі.

6. Баланс дөңелегін қайта толтыру

-Бүгінгі жұмыс барысында жаңартылған білім мазмұны туралы түсініктеріңіз кеңейді деп ойлаймыз. Соның мақсатында баланс дөңгелегін белгілеңіздер.

7.Еркін микрофон

(Залда отырған ата-аналар түсінбеген сұрақтарын қояды.)


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
1111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12