Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

КТЖ 1-сынып Цифрлық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
3-тоқсанға арналған КТЖ - 18 сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

Тақырыптық - күнтізбелік жоспар келесі нормативтік құжаттар негізінде құрылды: Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бастауыш сатыдағы 1-4 сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық» (Қазақстан Республикасы Білім министрінің «Жалпы білім беретін ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау пәндері мен таңдау пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2022 жылғы 16 қыркүйектегі No 399 бұйрығы; 21.11.2022 ж. № 399 өзгерту енгізілді. 467, өзгеріс енгізілді - 05.07.2023 No 199) әдістемелік нұсқау хат.

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

Оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.

Оқыту міндеттері:

1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;

3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;

5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне үйрету.


Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.

Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:

1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);

2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;

3) Перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;

Пәннің негізгі мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

«Ақпараттық этикет» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады: 1) Өз денсаулығымызды сақтаймыз; 2) Біздің айналамыздағы ақпарат; 3) Ақпарат

және компьютер; 4) Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік .

«Менің алғашқы суретім» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) Фигуралар; 2) Фигуралармен орындалатын іс-әрекет.

«Біздің өміріміздегі алгоритм» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды: 1) алгоритмдер; 2) программалау.

«Бағдарламалау» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) алгоритмдер; 2) программалау.



«Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

1-бөлім. Ақпараттық этикет – 6 сағат:

2-бөлім. Менің алғашқы суретім -4 сағат:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі алгоритм –2 сағат

4-бөлім. Бағдарламалау –6 сағат


«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш мектепте білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін оқу процесіне кіріктіру болып табылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыра және оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің түрлерін пайдалана отырып көрсету ұсынылады.

Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.


Оқулық: Цифрлық сауаттылы. Оқулық: У.Ж.Кобдикова, Г.А. Көпеева, Ә.Ә Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова, 2022ж. «

Арман ПВ» кітап бет.  










КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

ЦИФРЛЫҚ САУАТЫЛЫҚ

1-СЫНЫП

Аптасына: 1- сағат,барлығы: 18 сағат

КІТАП: У.Ж.Кобдикова, Г.А. Көпеева, Ә.Ә Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова, 2022ж. «Арман ПВ»


Ауыспалы тақырыптар

Сабақтың тақырыбы

Оқу мақсаты

Cағат саны

Мерзімі

Ескерту

III- тоқсан - (10 сағат)

1


1 – бөлім.

Ақпараттық этикет

(ортақ тақырыбы: «Саяхат»)


Өз денсаулығымызды сақтаймыз

1.1.1.1 Компьютермен жұмыс істеу барысында тәртіп ережелерін ұстанып өз денсаулығын сақтау.

1.1.1.2 Компьютердің қолданылуына қарай негізгі құрылғыларын атау.

1

09.01.2.


2

Біздің айналамыздағы

ақпарат

1.1.2.1 Қабылдау тәсілдерін қолданып ақпарат түрлерін анықтау.

1

16.01.24 ж.


3

Ақпарат және компьютер


1.1.3.1 Ұсыну формасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату.

1.1.3.2 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру.

1

23.01.2.


4

Ақпарат және компьютер


1.1.3.1 Ұсыну формасы бойынша ақпарат түрлерін ажырату.

1.1.3.2 ақпаратты ұсыну кезіндегі ақпарат көздері мен қабылдағыштардың байланыс арналарына мысалдар келтіру.

1

30.01.2.


5

Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі

қауіпсіздік

1.1.4.1 Интернет желісін өмірде қолдану мысалдарын келтіру.

1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау;

1.1.4.3 Интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді анықтау.

1

13.02.2


6

Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі

қауіпсіздік

1.1.4.1 Интернет желісін өмірде қолдану мысалдарын келтіру.

1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін талқылау;

1.1.4.3 Интернет желісіне жеке ақпаратты беру кезіндегі қауіптерді анықтау.

1

20.02.2.


7


2 бөлім. Менің алғашқы суретім

(ортақ тақырыбы: «Дәстүр және фольклор»)

Фигуралар


1.2.1.1 Стандартты фигураларды қолданып салу.

1.2.1.2 Түстер палитрасындағы негізгі түсті өзгертіп кескін салу.


1

27.02.2


8

Фигуралар


1.2.1.3 Палитрада фон түсін тандап кескін салу.

1.2.1.4 Контурын өзгерту арқылы фигураны салу.

1.2.1.5 Фигура түсін құйып бояу арқылы өзгертіп салу.


1

05.03.2.


9

Фигуралармен

орындалатын іс-әрекет

1.2.2.1 Форма мен параметрді қолданып кескін бөлігін ерекшелеу.

1.2.2.2 Көшіру, қиып алу және қою құралдарын қолданып кескін салу.

1

12.03.2.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2024
1498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12