Материалдар / КТЖ 2в-сынып 2021-2022ж

КТЖ 2в-сынып 2021-2022ж

Материал туралы қысқаша түсінік
КТЖ 2в-сынып 2021-2022 оқу жылына арнап жасалған.Осы оқу жылына қолдануға болады.ҰМЖ жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жасалған.2021-2022 құу жылының нұсқау хатын басшылыққа ала отырып жасалынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
3019
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


«Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)

«Қазақ тілі» пәні – бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру.

Оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 2-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында – 136 сағатты;

  2. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:

  3. 1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);

  4. 2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);

  5. 3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

  6. 4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);

  7. 5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).

  8. Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

  9. Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және оларды білім алушылардың сөйлеу практикасында қолдануына бағытталған.

  10. Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта
    әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын өзі бөле алады.


2-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі


Жазба

жұмыстарының түрлері

2-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

Диктант

25-30 сөз

Көшіру

25-30 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

Шығарма

25-35 сөз



3-кесте. Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторлары

Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)

- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;

- әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;

- грамматикалық тапсырмаларды орындайды;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

- жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;

- сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.

Сөздік диктант


  • сөздерді қатесіз жазады;

  • ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.

Ескерту диктанты – есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз жазғанға дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді ескерту. Тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінде қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі – білім алушылар сөздің қалай жазылғанын және неге солай жазылғанын түсіндіреді.

- тексерілетін емлеге сай ережені біледі;

- сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;

- өтілген материал аясында тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;

- ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.

Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.

- сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;

- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;

- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.

Көру диктанты

Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады.

- есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;

- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;

- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.

Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.

- суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре біледі;

- бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі;

- емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.

Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.

- оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;

- сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.

Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;

- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана алады.


Дұрыс құралмаған сөйлемдерден байланысқан мәтін құрау

- дұрыс құралмаған сөйлемдерденмәтін құрай алады;

- мәтін құрылымын сақтайды;

- құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.

Қысқартулармен көшіру

- сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады;

- сөзді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.

Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру


- сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;

- сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.

Мазмұндама

- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі;

- орфографиялық нормаларды сақтайды.

Шығарма

  • жоспар құра алады;

  • ой бірізділігін сақтай біледі;

  • орфографиялық нормаларды сақтай біледі.


«Қазақ тілі» пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген (4-кесте).


4-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

2*

2*

2*

2*





Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Қазақ тілі пәні, 2 сыныбы

Аптасына: 4 сағат, барлығы: 136 сағат


р/с

Ауыспалы тақырыптар

Сабақтардың тақырыбы

Оқудың мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Өзім туралы

Менің ана тілім-қазақ тілі. Сөйлеу не үшін қажет?

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.4.1.1 әріптерінің емлесін сақтап жазу

1

 01.09

 

2


Ауызекі және жазбаша сөйлеу

2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? ) назарын аударту

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ