Материалдар / КТЖ Оқу тіл дамыту 5сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КТЖ Оқу тіл дамыту 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
КТЖ Оқу тіл дамыту 5сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қырқүйек 2024
649
13 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

2


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі

469 бұйрығына 74-қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 514-қосымша



Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған

сыныптары үшін «Оқу және тіл дамыту» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)



1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-10 сыныптары үшін «Оқу және тіл дамыту» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. «Оқу және тіл дамыту» пәнінің негізгі мақсаты – оқыған материалды дұрыс, жылдам, саналы түрде түсініп және мәнерлеп оқуға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, көркем шағармаларды қабылдау мен талдау негізінде білім алушылардың коммуникативті дағдыларын жетілдіру және рухани құндылықтарын қалыптастыру.

  3. Оқыту міндеттері:

  1. қазақ, орыс және әлем әдебиеті мен мәдениеті негізінде әлеуметтік тұрғыда табысты бейімделуіне ықпал жасайтын білімдерді, қабілеттерді, дағдыларды қалыптастыру;

  2. білім алушылар көркем әдебиет шығармаларының авторлық түпкі ойын терең түсінулері үшін әдебиеттанушылық түсініктердің меңгерілуіне ықпал жасау;

  3. білім алушылардың ұғымына лайықты мәтіндерді дауыстап және іштей оқу, оқыған шығармаларды саналы түрде түсіну дағдыларын қалыптастырып жетілдіру;

  4. түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды терең түсіну мен саралау негізінде коммуникативтік дағдыларды дамыту;

  5. білім алушылардың байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойына тұжырымдама жасай білу, ұқсастық пен себептік-нәтижелік байланысты анықтау дағдыларын қалыптастыру;

  6. оқуға деген қажеттілікті қалыптастыру, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып оқу дағдыларын жетілдіру;

  7. білім алушыларда адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

  1. Бағдарламаның мазмұны заттық нәтижелерге қол жеткізуден басқа, түзету міндеттерін жүзеге асыру бойынша жүйелік жұмыстарды қарастырады: есту, есту-көру қабылдауын дамыту; еңжар және белсенді сөздік қорын өсіру; тілдің семантикалық жағымен жұмыс; тілдің грамматикалық және фонетикалық құрылымының бұзылыстарын түзеу; дислексияны, дисграфияны и дизорфографияны алдын алу және жеңу.



2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер


  1. Оқу процесін ұйымдастыруға арналған педагогикалық тәсілдердің іске асырылуы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың арнайы оқу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы білім беру принциптеріне негізделген:

  1. білім беру жүйесін жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың даму ерекшеліктері мен деңгейіне және дайындығына сәйкес бейімдеу принципі;

  2. оқытудың түзете-дамыта оқыту қағидасы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып арнайы тәсілдері және әдістері арқылы жүзеге асырылады;

  3. оқытудың әлеуметтік-бейімдеушілік бағыты тұлғаның әлеуметтік бейімделмеушілігін жеңу немесе азайтуды қарастырады. Білім алушылардың әлеуметтік өмірге қатысулары үшін қажетті тәртіп пен өмірлік нормаларының меңгерілуі бойынша арнайы жұмыстар қарастырылады;

  4. білім берудегі әрекеттік ықпал ету ақыл-ой кемістігі бар білім алушының тұлғасын дамыту ерекшелігін ескере отырып білім берудің негізгі заңдылықтары мен құрылымын айқындайтын психологиялық ғылымның теориялық қағидаларына негізделеді. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушының тұлғасын дамыту олар жасай алатын әрекетті (заттық-практикалық және оқу) ұйымдастыру сипатымен анықталатындығын мойындауға құрылады;;

  5. оқытудың практикалық бағыттылығы оқылатын материал мен білім алушылардың практикалық әрекетімен арасындағы өзара тығыз байланысты анықтауды, практикалық-бағдарлық міндеттерді шешу үшін маңызды білім мен икемділіктерді қалыптастыруды білдіреді;

  6. ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға саралап және даралап ықпал ету бағдарлама мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерінің әркелкілігінен, әр түрлі типологиялық ерекшеліктері оқу материалын меңгеруде және алынатын білім, білік және дағдылардың сапасынан көрінетін ерекше білім беруге қажеттіліктерін есепке алуды қарастырады. Зерде бұзылыстары бар білім

алушылар үшін білім беру процесі 4 типологиялық топты құрайтын педагогикалық жіктелу негізінде іске асырылады (В.В.Воронкова бойынша): әрбір типологиялық топ үшін педагог олардың мүмкіндіктеріне сәйкес, қолжетімді күрделілік пен көлемін ескере отырып, оқу материалының мазмұнын таңдап алады; оқу жұмысының қарқыны, оқушылардың дербестігі, оқыту тәсілдері мен әдістері түрлендіріледі. Білім алушылардың топтарға бөлінуі шартты және қозғалмалы. Жіктемелі тәсіл оқытудың жекеленуімен толықтырылады;

  1. оқу және практикалық әрекетті арнайы педагогикалық басшылық ету қажеттілігі жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың төмен танымдық белсенділігі мен ойлаудың талдау және жалпылау қызметінің әлсіздігіне байланысты болады. Мұғалім білім алушылардың танымдық-оқу әрекетін олардың жеке білім алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұйымдастырып бағыттайды.

  1. «Оқу және тіл дамыту» оқу пәнін оқыту процесінде «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Айналадағы әлем», «Математика», «Жаратылыстану», «География»,

«Қазақстан тарихы», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлдау», «Бейнелеу өнері»,

«Музыка және ән», «Дене тәрбиесі» сабақтарымен пәнаралық байланыс орнатылады.

  1. Сынып бөлмесіндегі жиһаз жеке, жұп немесе топ ішіндегі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қозғалмалы болады.

  2. Бағдарламаны меңгеру барысында көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалану білім алушылардың тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, материалды жеңіл меңгеруіне ықпал етеді, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

  3. Сыныптан тыс оқу сабақтары айына 1 рет жүргізіледі. Сабақтан тыс оқу сабақтарында білімалушылар олардың түсінуіне қол жетімді балалар әдебиетімен танысады.Оқуға деген қызығушылығын арттыру, қызығушылық тудыратын кітаптарды таңдауға, балаларға арналған кітаптардағы, газеттер мен журналдардағы әңгіме, ертегілерді, мақалаларды өз бетімен оқу әдетін қалыптастыру.

  4. Сыныптағы білім алушылардың мүмкіндіктерімен ерекше оқыту қажеттілігіне байланысты тақырыпты меңгеруге қажет сағат санын мұғалім өзі анықтап, жоспарлайды; өткен материалды қайталау және бекіту барысында мұғалім білім алушыларға топтық және жеке жұмыстарды ұйымдастырады.



  1. «Оқу және тіл дамыту» пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. 1-бөлім «Тыңдалым және айтылым»;

  2. 2-бөлім «Оқылым»;

  3. 3-бөлім «Тілдесу».

  1. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. ақпаратты түсіну;

  2. мәтіннен ақпаратты анықтау;

  3. негізгі ойды анықтау;

  4. сахналау және драмалау.

  1. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. оқылым стратегияларын қолдану;

  2. мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  3. сыныптан тыс оқу;

  4. әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

  1. «Тілдесу» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

  1. қарым-қатынастық дағдыларын дамыту;

  2. жағдаятты болжау.

  1. Пәнді оқыту барысында келесі тақырыптар қамтылады: қазақ халқының өмірі мен еңбегі, саяси-қоғамдық оқиғалар, кең-байтақ Ұлы Отанымыз, адамдардың достық қарым-қатынасы, бейбітшілік жолындағы қызметі; табиғат, оны қорғау; Тәуелсіздік күні, Президент күні, Астана күні, Конституция күні, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Жеңіс күні, Балалар күні, Наурыз, Білім күні. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктер жөнінде жазылған әңгімелер, мақалалар, өлеңдер. Осы тақырыптар сыныптан сыныпқа қайталанып, күрделеніп, толықтырылып оқытылады.

  2. «Оқу және тіл дамыту» пәнін оқыту лексикалық тақырыптар және жазушылар мен ақындардың шығармаларымен білім алушыларды таныстыруды көздейді (таңдау бойынша).

  3. 5-сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің базалық мазмұны:

  1. тыңдалым және айтылым: жеңіл мәтіндердің жалпы мазмұнын; аудио таспаға жазылған шағын шығармаларды түсіну; мәтіннің мазмұны бойынша негізгі сұрақтарға жауап беру; мәтінде түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді табу; астарлы сөздерді қолдану; кейіпкерлерді, оқиғаларды, табиғат көріністерін сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді іріктеу; мұғалімнің көмегімен көркем шығарманың негізгі ойын анықтау; мұғалімнің көмегімен әдеби шығарманың кейіпкерін бейнелеу; ертегілерді сахналауға қатысу;

  2. оқылым: тұтас сөздермен дауыстап дұрыс оқу; мәнерлеп оқу: мәтіннің мазмұны мен мағынасына сәйкес интонация мен сөз қарқынын сақтау (кідіріс, логикалық ойлау дауыс сарыны); рөлге бөлініп оқу ( «драматизация»); қойылған сұраққа жауап табу; тақпақтар жаттау; мұғалімнің көмегімен шығарманың түрін анықтау;














  1. тілдесу: мәтін, суреттердің мазмұыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; тақырыптық диалогтар құру, құрастырған диалогтың мағынасын дұрыс түсіну; мәтіндегі суреттер арқылы жағдаятты әрі қарай болжау.

  1. 5-cынып бойынша оқылатын шығармалар:

  1. халық ауыз әдебиеті: «Әлди, әлди бөпешім» (бесік жыры); мақал- мәтелдер; жұмбақтар; жанылтпаштар; санамақтар; ертегілер: «Қыз бен аю»

«Ақымақ қасқыр», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?»; «Жүзім жегісі келген қасқыр»; «Мақтаншақ қоян»;

  1. туған табиғат көріністері (күз): «Күз айлары» А.Мусина; «Күз келді» М.Әлімбаева; «Бидай мен шырмауық» Әдина Жүсіп; «Отынға барғанда» Ә.Шынбатыров; «Нан» Е.Елубаев; «Нан қадірі»;

  2. менің достарым: «Дос» Қ.Ыбыраев; «Баға» Г.Бірімжанова; «Адал дос» М.Төрежанов; «Шың достық» Қ.Көпішев; «Игілік» Е.Өтетілеу ұлы; «Сәкенің жеңісі» Д.Төлебаев; «Үш жолдас» Д.Көбеева; «Жүз теңген болғанша» О.Жұматаева; «Достық» А.Әбутәліп; «Бірлік» Е.Ететілеуов; «Досым және мен» М.Әлімбаев; «Садақ жебесі»Ә.Қосанов; «Үш дос» М.Төрежанов;

  3. менің Қазақстаным: «Отаным» К.Тұяқбай; «Біздің ту. Елтаңба.Әңұран»; «Отан деген» А.Ілиясова; «Сенің Отаның»Б.Ысқақов;

«Астана»Д.Төлепбек; «Елбасы» Д.Өтепберген; «Тәуелсіздәк деген не?» Ш.Күмісбайұлы; «Тәуелсіздік» Нұрлан Қалқа; «Киіз үй мен ағаш үй»Ы.Алтынсарин; «Жайлау» А.Нұрмаханов; «Жайлаудағы той»А.Мусина;

«Армысын ауыл» Сұлтан Калиұлы; «Ана тілі»; Әлдібай Тобылды; «Заңды білсең, адаспайсың» Б.Әділден; «Отан тобасы» «Ұлан» газетінен; Отаным менің Э.Жәрімова;

  1. туған табиғат көріністері (қыс): «Қыс айлары»А.Мусина; «Қар жауған күн» Г.Мұқышева; «Қыз қызығы» Бекен Датұлы; «Қар тоқтату»; «Суықторғай» Қ. Баянбаев; «Жаңа жыл» Ә.Асылбеков; «Шыршада» Р. Мұқанова; «Терезедегі өрнек»; «Қар жауғанда» Алмат Исәділ; «Төбешік» Н.Носов; «Аяз» Қ.Толыбаев;

  2. жануарлар әлемі: «Төлдерді қалай шақырады» О.Тұрманжанов; «Ақ ешкі»С.Сауытбековтан; «Бота мен бұзау»Қ.Толыбаевтан; «Кішкентай кірпі» Қуанышбек Қожахмет; «Саққұлақ» Бердібек Сопақбаев; «Бұғының мүйізі»Т.Жексенбайдан; «Түлкі мен ешкі» Ы.Алтынсарин; «Тиін мен қасқыр» Л.Н.Толстой; «Әдемі тиін» Т. Жексенбай; «Керік» Б.Үсенбаевтан; «Ақылды күшігім»А.Мұхитова; «Қоян мен қарақұстар» І.Қожабаевтан; «Балапан»

«Ұлан»газетінен; «Қаңғыбас көжек»Т.Әдебиет;

  1. туған табиғат көріністері (көктем): «Көктем айлары»А.Мусина; «Тәтті сәбіз» Б.Мұстафин; «Көктем келді» Зура Мейірханова; «Ең жақсы маусым» С.Оспанов «Құс ұясын бұзбайық» Ө.Тұрманжанов; «Кім бұрын өсер екен» С.Баруздиннен Аударған Л.Әсенова; «Көктем» Даулет Жетпіс; «Табиғатты қорға»Қ.Аймағамбетова; «Қызыл гүл» Ж.Әлмешов; «Сегізінші наурыз күні» С.Оспанов, «Сыйлық» Т.Әбдірайым; «Сарышымшық» М.Төрежанов; «Наурыз жыры» О.Асқар «Наурыз көже»; «Бата»; «Маржан мен жауқазын» З.Мейірхановадан; «Күміс жаңбыр төгілді» М.Әлімбаев; «Көк шыбық»;

  2. жақсылыққа асығындар: «Еңбек» Н.Жанаев; «Еңбек жемісі» Б.Әділ;

«Жанар қалай кір жуды» Т.Әбдірайым; «Қолғанат» Н.Қадырбаев; «Асыл шөп» Ы.Алтынсарин; «Бақыт деген не?» Жәнібек Кәрбозин; «Кішентай көмекшілер» А.Хасенова; «Сақманшы» М.Құрманалин; «Тілазар» С.Аймаханқызы; «Дүкенде» М.Гумеров; «Қатқан нан» В.Сухомлинский; «Жалқау» Д.Қасенов; «Екі қыздың оқиғасы» А. К. Кусниденова; «Дәмді сорпа» Мәдіхат Төрежанов; «Манаттың кемшілігі» Әдина Жүсіптен;

  1. туған табиғат көріністері (жаз): «Жаз айлары» А.Мусина;«Жаз келді»М.Амандықова; «Лагерьде» А.Мусина; «Көңілді жаз» Ө. Ақыпбеков;

«Жаздың бір аптасы» Ш.Мамасерікова; «Балаларды қорғау күні» Е.Өтетілеуов.








































Оқу және тіл дамыту

Жеңіл ақыл ой кемістігі

5 сынып үйде оқыту(34 сағат)

Күнтізбелік тақырыптық жоспар

Бөлім

Тақырып

Оқу мақсаты

Саға

ты

Мерзімі

Ескер

ту

1-тоқсан

1

Халық ауыз әдебиеті

Бесік жыры.Әлди,әлди бөпешім

5.1.1.1жеңіл

мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну

1



2


Мақал-мәтелдер

5.1.2.2мәтінде

түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді табу; астарлы сөздерді қолдану

1



3


Жұмбақтар

5.1.1.1жеңіл

мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну

1



4


Қыз бен аю(ертегі)

5.1.4.1мұғалімні ң

көмегіме н әдеби шығарма ның

кейіпкері н

бейнелеу

1



5


Ақымақ қасқыр(ертегі)

5.1.1.1жеңіл

мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну

1



6


Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?

5.1.2.1мәтіннің мазмұны бойынша негізгі

сұрақтарғ а жауап беру

1



7

Табиғат көріністері

Күз айлары

5.1.2.4кейіпкерл ерді, оқиғалар ды, табиғат

көріністе рін

сипаттайт ын сөздер мен

сөйлемде рді

ірікте

1



8


Бидай мен шырмауық

5.1.3.1мұғалімні ң

көмегіме н көркем шығарма ның

негізгі ойын

анықтау

1



9


Нан қадірі

5.2.1.1әдеби сөздің

нормала рын

сақтай отырып саналы түрде тұтас

сөздерм ен

дауыста п дұрыс оқу

1



2-тоқсан

10


Дән

5.2.1.5жеңіл

әңгімеле рді өзбетіме н оқу

1



11


Күн күлше

5.2.1.4іштей оқу

негізінде әртүрлі тапсырм аларды орындау

1



12

Менің достарым

Дос

5.2.1.5жеңіл

әңгімеле рді өзбетіме н оқу

1



13


Шын достық

1



14


Игілік

5.2.1.6мұғалім нің тапсырм аларын орындау (қойылғ ан

сұраққа жауап табу,

мазмұнд ауға,

мәнерлеп оқуға дайында лу)

1



15

Менің Қазақстаным

Отаным

1



16


Ту.Елтаңба.Әнұран

5.2.3.1білім

алушыл ардың оқырман дербесті гін

қалыпта стыру

1



3-тоқсан




17


Астана

1



18


Тәуелсіздік деген не?

1



19

Табиғат көрінісі

Қыс айлары

5.2.2.1мұғалім нің

көмегім ен шығарм аның түрін

анықтау

1



20


Қар жауған күн

1



21


Суықторғай

1



22


Терезедегі өрнек

1



23


Тәтті сәбіз

5.2.3.3оқыған материа лдар бойынш а

әңгімеле су

1



24


Көктем келді

1



25


Табиғатты қорға

1



26


Көңілді жаз

5.2.3.4қызықт ы үзінділе р оқу

және мазмұнд ау

1



4-тоқсан

27

Жақсылыққа асығыңдар

Еңбек жемісі

5.4.2.1мұғалім нің

көмегім ен

сөздікте н

қажетті ақпаратт ы ала білу


1



28


Тілазар

1



29


Дүкенде

5.3.1.4сөйлем түрлерін ің

айтылу интонац иясына көңіл бөлу,еліктеу

1



30


Қатқан нан

1



31


Дәмді сорпа

5.3.2.1мәтіндег і

суреттер арқылы жағдаятты әрі қарай болжау

1



32


Жалқау

1



33


Екі қыздың оқиғасы

5.3.1.2сюжетті

- рөлдік ойындар арқылы диалогт ық және монолог тік

сөйлеуін дамыту

1



34


Манаттың кемшілігі

5.3.2.1мәтіндег і

суреттер арқылы жағдаят ты әрі қарай болжау

1



Барлығы:


34 сағат




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!