Материалдар / КТП/ КТЖ Құқық негіздері 11-сынып 34 сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КТП/ КТЖ Құқық негіздері 11-сынып 34 сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
құқық негіздері 11-сынып 34 сағат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2024
338
10 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ТҮСІНІК ХАТ

11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәні


Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. №406 бұйрығымен енгізілген өзгерістер).

«Құқық негіздері» оқу пәні Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған. «Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады. Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық сананы қалыптастырады. «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды. Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. «Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану ұсынылады: − «Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу; − белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор 138 орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау); сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды талқылау; − оқушылардың пікір-талас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану. Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.

«Құқық негіздері» пәнін оқыту процесінде оқушылардың ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар жасалуы қажет, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.

11-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Құқық негіздері» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.












Құқық негіздері 11 сынып, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат

Р/с

Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаттары

Cағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан

І бөлім. Мемлекет және құқық

Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

1

Заң шығару жүйесі.

11.1.1.1 - нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау;

11.1.1.2 - нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу;


1


02.09-06.09.2024


2

Заңдылық және құқықтық тәртіп Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.


11.1.1.3 - заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру;

11.1.1.4 - заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру


1

09.09-13.09.2024


3

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау

1

16.09-20.09.2024






Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы

4









Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет.






11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру

1







23.09-27.09.2024







5

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуы

11.1.2.2 - Қазақстан Республикасы азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру;


1

30.09-04.10.2024
















Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау



6


Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы.

11.1.3.1 - нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасының адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру;

11.1.3.2 - азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқа) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау

1

07.10-11.10.2024



7




Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуы.

11.1.3.3 - Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру

11.1.3.4 - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру

1

14.10-18.10.2024


Сот жүйесі



8


Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі БЖБ №1

11.1.4.1 - сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету;

11.1.4.2 - судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету

1


21.10-25.10.2024



ІІ тоқсан

ІІ бөлім. Жария құқық

Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау


9




Азаматтық - ҚР конституциялық құқығының институты

11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу;

11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру

1

04.11-08.11.2024



10



Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы.

11.2.1.3 - Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

1


11.11-15.11.2024











Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері


11





Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық түрлері

11.2.2.1 - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес

адамдардың әрекетін саралау

1




18.11-22.11.2024









Жер құқығы негіздері


12

Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны


11.2.3.1 - жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;

11.2.3.2 - Қазақстан

Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату

1








25.11-29.11.2024












Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері

13

Адам және азаматтардың конституциялық және басқа да құықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

1

02.12-06.12.2024


14

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

БЖБ №2

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

1




09.12-13.12.2024











Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

15



Сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату;




1



16.12-20.12.2024




16

Сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік


11.2.5.2 - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

1

23.12-27.12.2024



ІІІ тоқсан

ІІІ бөлім. Жеке құқық.

Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері

17

Сатып алу келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты

11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;

11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру


1




09.01-17.01.2025



18

Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты

11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;

11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру


1


20.01-24.01.2025


19

Мұрагерлік құқық

11.3.1.3 - мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру;


1

27.01-31.01.2025






Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы

20

Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері







11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру;

11.3.2.2 –нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау.


1










03.02-07.02.2025















Авторлық құқық негіздері

21

Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

11.3.3.1 - авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;



1

10.02-14.02.2025








Отбасы құқығы институттары


22

Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері

11.3.4.1 -ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

1




17.02-21.02.2025


23

Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері

11.3.4.2 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау

1

24.02-28.02.2025


24

Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері

11.3.4.3 - алименттік қатынастардың субъекті лерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

1


03.03-07.03.2025











Еңбек құқығының базалық нормалары

25

Еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері және олардың мемлекеттік кепілдіктері


11.3.5.1 - еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау;

11.3.5.2 - кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу

1

10.03-14.03.2025


26

Еңбек даулары. Еңбек дауларының қарастырылу механизмі. БЖБ №3

11.3.5.3 - жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

1

17.03-20.03.2025




IV тоқсан

IV бөлім. Іс жүргізу құқығының негіздері

Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары

27

Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты

11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру

1



01.04-04.04.2025


28

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу

11.4.1.2 - кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау



1


07.04-11.04.2025






29

Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері

11.4.1.3 – Қазақстан Республикасы алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау

1

14.04-18.04.2025




Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары

30

Талап қою іс жүргізуінің негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру;

11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру

11.4.2.3 - Қазақстан Республикасыныңазаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету

1

21.04-25.04.2025


















Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары


31

Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары

11.4.3.1 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу

1

28.04-02.05.2025


32

Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

11.4.3.2 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету

1

05.05-09.05.2025













V бөлім. Халықаралық құқық.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі

33

Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы

БЖБ №4

11.5.1.1 - Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру;




1







12.05-16.05.2025













34

Қайталау

11.5.1.1 - Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру;

11.5.1.2 - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу.


1

19.05-23.05.2025






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!