Материалдар / Күй өнерінің эстетикалық тәрбиедегі орны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күй өнерінің эстетикалық тәрбиедегі орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың күй өнері халықтың рухани өмірінде ежелден бері орын алғаны барша жұртқа мәлім. Ғасырдан ғасырға жалғасып келген күй өнері қазақ мәдениетінің алтын қорына айналды. Күй атадан балаға мирас болып келе жатқан өнер мұрасы. Күй тарихи аясы кең, тағлымы мол музыка жанры. Тылсым табиғатпен біте қайнасып келген домбырадан төгілген күй мен аңыз қатар жүреді. Аңыз арқауында ақиқат бар. Сол аңызды күймен жеткізу арқылы балалардың бойында ұлттық рух пен эстетикалық таным қалыптастыру басты міндет болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
292
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалдыбаев Данияр Кенжебайұлы

Абай облысы білім басқармасы Семей

қаласы бойынша білім бөлімінің

«№1 Балалар музыка мектебі»КМҚК

Қосымша білім беру ұйымы

домбыра сыныбының ұстазы


Күй өнерінің эстетикалық тәрбиедегі орны


Қазақтың күй өнері халықтың рухани өмірінде ежелден бері орын алғаны барша жұртқа мәлім. Ғасырдан ғасырға жалғасып келген күй өнері қазақ мәдениетінің алтын қорына айналды. Күй атадан балаға мирас болып келе жатқан өнер мұрасы. Күй тарихи аясы кең, тағлымы мол музыка жанры. Тылсым табиғатпен біте қайнасып келген домбырадан төгілген күй мен аңыз қатар жүреді. Аңыз арқауында ақиқат бар. Сол аңызды күймен жеткізу арқылы балалардың бойында ұлттық рух пен эстетикалық таным қалыптастыру басты міндет болып табылады.

Күй өнерін үйретуде музыкалық материалды таңдай білудің маңызы зорӨйткені ол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан мағлұмат алып, музыканың құзыретін терең түсініп, оны өзіне рухани азық етеді.

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан жүйесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де, киелі қара домбырасының атқаратын рөлі ерекшеХалық арасында өте кең тараған домбыра аспабы – қазақ халқы үшін өте қастерлі дүниелерінің бірі. Оны белгілі ақын Қадыр Мырзәли: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра…» деген ойында тұтастай бір ұлттың өзіндік келбетін саз аспабы – домбырамен теңестірген терең философиялық көзқарасы жатыр. Қазақ домбырасыз, домбыра қазақсыз жартылай ұғым болмақ. Бұл – әлдеқашан дәлелденген факті. Міне, осындай көркемдік биік ұғым болып қалыптасқан домбыра, оның пайда болуы туралы түсінігімізді бүгінгі күнге дейін орта ғасырдан бастау алатын, қазақ арасында кең тараған.

Домбыра қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.

Домбыра – қазақтың жаныОл тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негіз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне жан бітіріп, оның құнды қалпын сақтауға негіз болғанын көреміз.

Күй тарту – тарихи аясы кең, тағлымы мол өнер. Тылсым табиғатпен біте қайнасып келген домбырадан төгілген күй мен аңыз қатар жүреді. Аңыз арқауында ақиқат бар. Сол аңыз арқылы домбыраның сүйемелдеуімен балалардың бойында ұлттық рух пен эстетикалық таным қалыптастыру басты міндет болып табылады.

Ұлттық музыка аспабымыздың болашақ жас ұрпаққа дұрыс үйретілуі, саз өнерінің рухани мұра ретінде ел ішінде кең етек алуы жалпы ұлттық мүдде үшін аса қажет, күнделікті қолданыста тұрған ұлы мақсат болып табыладыМузыка ұлттық сананың қалыптасуына ықпал жасаумен қатар, жас жеткіншектің сезімталдығына, адамгершілік үрдісіне, рухани ұғымына да зор үлес қосатыны белгілі. Әсіресе, ұлттық саздың, ұлттық аспаптардың, күйші-сазгер, орындаушылардың өнерлері ең басты рухани бағдаршам болғаны керек-ақ.

Күй – қазақтың аспапты музыкасыКүй – адамның белгілі бір сезім сәті. Ол сезімнің қуанышты болуы да немесе мұңды, қайғылы болуы да мүмкін. Қазақ халқының ешкімге ұқсамайтын бітімі мен болмысын ажалайтын ұлттық қадір-қасиеті аз емес. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің қажетіне жарап отырған күй өнері. Күй қай дәуірде де халық өмірінің айнасында дидарының табиғатынан айнымаған өнер. Күй өнерін пайдалану арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту, адамгершілік эстетикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, халықтың мәдени мұрасына қамқорлықпен қарап және оны бағалай білуге үйрету болып табылады. Күй сипатына, түрлеріне, мезгіліне қарай айыра білуге, олардың мазмұнына көтерілген әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсінуге тәрбиелеу арқылы естіген күйлерін шынай сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілеттерін қалыптастыра отырып, күйшінің өзіне тән орындаушылық ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың көркемдік талғамын жетілдіру. Күйшілердің ішкі рухани байлығымен сырт пошымының өзара үйлесімдігін атап көрсетіп, олардың сахнада жүріс-тұрысы, тартымды киім – киісі, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мәдениетін үлгі-өнеге ету арқылы жас жеткіншектердің, оқушылардың этикалық және эстетикалық тәрбие берудегі рөлі орасан зор.

Жас ұрпаққа музыкалық эстетикалық тәрбие беру сөз бен музыканың бірлігі арқылы жүзеге асып отырады. Оларды негізінен халықтың педагогикалық мазмұны көрініс тапты, эстетикалық, этикалық, педагогикалық идеялары насихатталды.

Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, Отанын, отбасы, ауыл-аймақ, ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болдыОсы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көнекөз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Күй мен домбыраның қасиетін ести жүріп, соларға еліктей отырып, өздері де өнерге үйренеді, музыкалық эстетикалық және рухани бай болып қалыптасады, сөзге шебер, әнге ұста болуды, суырып салма ақындық өнерін меңгереді

Күй мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіснамалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен өрбіген күй қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығармашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлығы, көп варианттығы балалар мен жастардың түсінік талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілікті эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі домбыра үйрену әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибенің қағидаларымен тығыз байланысты болу керекЕң бастысы халық күйшілерінің күй үйрену тәжірибесінен адасып қалмау. Күй тартудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек, ғасырлар бойы қалыптасқан күй тарту өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйенің болуы заңдылық.

Музыка маманын дайындау қызықты да өте күрделі еңбек. Мұнда бір – бірімен жалғасып жатқан мына мәселені қараған жөн. – Ұстаздың өз шәкіртіне өнерге деген көзқарасын, сүйіспеншілігін, өз білімін, іскерлігін, орындаушылық шеберлігін бере білуі. – Оқушы бойындағы талантты ашу, жақсы жақтарын көрсету, кемшіліктерін ұдайы түзете дамыту. Ұстаздық шеберлік тәрбиенің осы екі қырын қатарластыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетеді. Бірақ ұстаздық ұлағаттықтың мәні, оның ішінде, музыкант ұстаздың шеберлігінің кейбір қалтарыстары әлде де зерттеліп болған жоқ. Дейтұрғанмен де орындаушылық шеберлік, көркемөнер, халық мектебі, әр түрлі аспаптарда ойнауды үйрету, халық таланттары, музыкалық сан – салалы шығармалар, олардың орындау жолы, шығармашылық қақында көптеген тұжырымдар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, түбірлі түйіндер бар. Бәріне ортақ бір қағида – негіз, ол дұрыс отырғызу, қолдарын дұрыс қою, оңтайлы аспап, ізденісті домбырашы қалыптастыру, әр оқушының жеке қабілетіне байланысты сабақ ұйымдастыру.

Қорыта айтқанда, қазақтың рухына нәр берген де, азаптан арашалаған да, алдынан жарқыраған ай боп туып, алысқа шақырған да асудан асырған да, жауға шапса семсеріне күш берген де арғы бергіңдей бар болмысының күре тамыры – құдіретті күй.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Еңсепов ЖДомбыра философиясы. – Алматы, 2007.

  2. Сахарбаева КДомбыра үйрету әдістері. – Алматы: «Издатмаркет», 2006.

  3. Мергалиев Т.Бүркіт С., Дүйсен О. Қазақ күйлерінің тарихы. – Алматы, 2000.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!