Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Күкірт қышқылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспар: 1) Күкірт қышқылының физикалық қасиеті 2) Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері 3) Күкірт қышқылының өндірісі 4) Күкірт қышқылының қолданылуы 5) Қышқылдық жаңбыр 6) Күкірт қышқылының тұздары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің Т.А.Ә.

Тумишева Алия Айтбаевна

Күні:


Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күкірт қышқылы және оның тұздары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.1.14-күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Сабақтың мақсаты

- техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту ережелерін біледі;

- күкірт қышқылы мен оның тұздарын физикалық және химиялық қасиеттерін анықтайды.;


Бағалау критерийі

- техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту принциптерін білу;

- күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтай алу;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Топтарға бөлу:

І топ - Мирабилит; ІІ топ – Купорос; ІІІ топ – Пирит;


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

І-топ

Жарық етсе сабақ қамшы,

Нөсерлетіп жауар тамшы (найзағай)

ІІ-топ

Жалт-жұлт етеді,

Жылғадан өтеді (су)

ІІІ-топ

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады (күн)


Бірінші топ екінші топқа,екінші топ үшінші топқа,үшінші топ бірінші топқа жұмбақ жауабында шыққан сөздің суретін ұстап бір-біріне тілектер айтады.


Алдыңғы білімді тексеру:

Топтық жұмыс. Сұрақ – жауап әдісі арқылы кеспе қағазын таратып оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру. Сұрақтар:

1. Күкірт элементі Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде қалай орналасқан?

2. Күкірттің физикалық қасиеті?

3. Күкірт өзінің қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді және қандай қосылыстары тотықтырғыш, қандай қосылыстары тотықсыздандырғыш болады?

4. Күкірт оксидтерінің химиялық қасиеттеріне мысалдар жазайық тақтаға.

5. Күкірт оксидтері не үшін қолданылады?

6. Күкірт қайда, не үшін қолданылады?

Бағалау: ауызша мадақтау

Оқушыларды топтарға біріктіру. 1,2,3 рет санын айта отырып топқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар жұмбақтардың жауаптарын таба отырып,суреттері көрсетілген бейне қағаздарына ие болып,топтар бір-біріне тілектер айтады.















Оқушылар топтық жұмыс құра отырып,сұрақтарға жауап айтады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Геометриялық фигуралар түріндегі қағаз кесінділері


























Кеспе қағаздары

Сабақтың

ортасы


Жаңа сабақтың мақсаты мен жоспары туралы айтылады.

Жоспар:
1) Күкірт қышқылының физикалық қасиеті
2) Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері
3) Күкірт қышқылының өндірісі
4) Күкірт қышқылының қолданылуы

5) Қышқылдық жаңбыр

6) Күкірт қышқылының тұздары

Мұғалімнің түсіндірмесі

1 слайд Физикалық қасиеттері
Концентрациялы күкірт қышқылы – түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат.
Тығыздығы 1,85 г/см3, массалық үлесі 98%. 553 К-де қайнайды, 283,4 К-де кристалданады.
Күкірт қышқылының ылғал тартқыштық қасиеті бар. Егер концентрлі қышқыл бар стаканды біраз уақыт ашық қалдырса, ауадағы су буын сіңіріп алады да, қышқыл ыдыстан асып төгіледі.
Концентрлі күкірт қышқылы адам терісіне, ағашқа, матаға тисе, қарайтып күйдіреді. Сондықтан онымен жұмыс істегенде сақтану керек. Теріге не матаға тиген кезде, тез арада сумен жуып, содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю керек.

2 слайд Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері

3 слайд Күкірт қышқылының қолданылуы

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Жеке тапсырма №1: Күкірт қышқылының химиялық қасиеттерін сәйкес қосылыстарды таба отырып тақтаға реакция теңдеулерін жазады.



Топтық тапсырма № ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады 1980 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған. Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді. Сұрақ 20: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды. Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз ....................................................................................................................................................................................................

.................................................................................................


Жұптық жұмысқа тапсырма №3. Мұғалімнің көрсеткен тәжірибесінде және жаңа тақырыпқа байланысты қолданылған термин-сөздермен жұмыс –

оқушыларға таратылған терминдерді орысша,ағылшынша атауларын тауып сәйкестендіру.


Жаңа тақырыпқа байланысты термин-сөздермен жұмыс ( үш тілде)

Термин сөздер:

1) Күкірт қышқылы - Серная кислота – Sulfuric acid



2) Өндіріс – Производства – Production



3) Белсенділік қатары – Ряд активности – Reactivity series



4) Cульфаттар – Сульфаты – Sulfates



5) *10 – Кристаллогидрат сульфата натрия – Sodium crystalline hydrate



6) - Сульфат бария –Barium sulfate



7) – Cульфат кальция – Calcium sulfate



8) Ғаныш – Гипс – Gypsum



9) Қышқылдық жаңбыр- Кислотный дождь- Acid rain



Тұнба – Осадок – Precipitate

Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесінен қажетті түсініктемелерді жазып алады,ұғынады.
















































Оқулықты оқып танысып шығады.Күкірттің химиялық қасиететерін өз дәптерлеріне және тақтаға жазады.




Оқушылар мәтінмен танысады,Қышқыл жауынның пайда болу себебін түсіндіреді.Реакция теңдеуін тәжірибеден дәлелдеп жазады.
















Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Дескриптор:

1.Сұйытылған қышқылмен әрекеттесетін заттарды біледі.

2.Химиялық реакция теңдеулерін құрастырады және жазады.

3. Химиялық реакция теңдеуін теңестіруде коэффициенттерді таба алады.

Кері байланыс орнату

Бағалау: Оқушылар бір-бірін бағалайды.


Дескриптор:

1. Мәтінмен танысады

2. Қышқыл жауынның пайда болу себебін түсіндіреді

3. Реакция теңдеуін тәжірибеден дәлелдеп жазады.

Бағалау

«Қолмен белгі беру» әдісі.

Топтар бір-бірін бағалайды



































Дескриптор:

1. қазақша-орысша-ағылшынша термин сөздердің сәйкесін тауып құрастыра алады

2. Өз сөзімен тәжірибенің мақсатын айтады

Бағалау: Жұптар өзара бір-бірін бағалайды.






















Презентация


















































тақта








Pisa халықаралық зерттеуінің жаратылыстану -ғылыми сауаттылық тапсырмалары




1.Құзыреттілік- құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіну

2.Мән мәтін-қоршаған орта

3.Ғылыми білім-процедуралық білім

4.Көзқарас, қарым-қатынас- зерттеу жүргізудегі ғылыми тәсілдерді бағалау

5.Танымдық деңгей-орташа(3) құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2023
500
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12