Материалдар / Күн жүйесіндегі жер планетасы

Күн жүйесіндегі жер планетасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн , күн жүйесі туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнің ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1070
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған жаратылыстануСабағының жоспарыМектепПавлодар қаласы Ақтоғай ауданының Тіленшін атындағы ЖОББКММ Мерзiм:_______________ Тақырып:Күн жүйесіндегі Жер планетасыҚұндылық:АқиқатҚасиеттер: Әділеттілік, сенімділік, жауапкершілік МұғалiмАйтбай Жансая Имантайқызы Сынып 5«А» Оқушылар саны 15
Сабақтың мақсаты:Күн , күн жүйесі туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнің ашу.Міндеті:Білімділік: күн жүйесіндегі  аспан денелері, олардың мәңгілік әділеттілік туралы түсіндіруДамытушылық: күн жүйесі туралы дүниетанымдық көзқарастарын, сенімділіктерін, жауапкершіліктерін  дамыту;Тәрбиелік: Табиғатпен үйлесімді өмір сүру, сенімділігіне тәрбиелеу.

Ресурстар:дүние жүзінің физикалық картасы,  слайд, үн таспа, карточкалар.

Сабақ барысы:Сыртқы интеграция:1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылардың сабаққа  қатысу  деңгейін  анықтау,  5 Т  әдісі бойынша  ынта-зейіндерін  сабаққа аудару. Жағымды көңіл-күй орнату мақсатында  тақырыптың мазмұнын  ашуға арналған «Нұрға бөлену» (баяу үйлесімді әуенмен)  жаттығуы орындалады. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: күн Нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі Нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, көңіл-күйіңіз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы Нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз Нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз Нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар Нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей Нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы Нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі Нұрға толсын.Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне Нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұрменіңішімде... Мен Нұрмын».ОсындайНұр, МахаббатжәнеТыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.  Рахмет.Соңынан оқушылар  алған әсерлерімен  бөліседі.

Сабақ барысын талдау











̒ ̒ Мечта пианино̓ ̓ әуені
2. Үй тапсырмасын сұрау:Оқулықтың 23 бетіндегі ереже бойынша сұрақтарға жауап беру.1. Қандай аспан денелері Күн жүйесін құрайды?2. Қандай ғаламшарлар Күн жүйесіне жатады?3. Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай маңызы бар?

3. Жаңа сабақты оқып игеру жоспарыІшкі интеграция1. Күн. Күн жүйесі туралы жалпы түсінік.2. Күн жүйесіндегі Жердің орны.Оқушылардың назарын жарық көзі - күнге аудару.  Күн барлығына  ортақ.  Риясыз. Қазақта  бір керемет сөз бар  «Күн ортақ, жақсы адам ортақ» деген.1.  Күн жүйесі және ондағы планеталар туралыне білеміз?2.  Күн жүйесін қандай  жалпыадамзаттық құндылықтармен  байланыста  қарастыруымызға болады?    Ақиқатпен, сүйіспеншілікпен байланыстыруға болады.Күн ақиқат, Жер ақиқат.Шындық Ақиқатта жатыр.Ақиқатсыз шындық жоқ.Слайд арқылы көрсете отырып, жаңа сабақ туралы мәлімет беру.Күн  аспан әлеміндегі сансыз  көп  жұлдыздардың  бірі. Оның  жасы 5 млрд жыл шамасында. Күн бетіндегі температура + 6000°С градусқа жуық, ал екінші жағындағы температура одан да көп. Табиғатта мұндай температура кезінде заттардың барлығы ерекше газ тәрізді күйде болады.Қатты қызып тұрған зат жарық сәуле таратады.Күннен  шыққан  жарықты адамның жан дүниесімен салыстырайықшы. Жан  дүниесі  таза  адам  әрқашан  Нұр  шашып тұрады.Жарық секундына 300 000 ш.ш.(км)  жылдамдық пен таралады. Күннен  шыққан  жарық  жерге 8 минут 19 секундта жететіндігі туралы айтылады. Слайд көрсету. Жарықсыз көру де жоқ, яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы жол.Күн дегеніміз - температурасы  өте жоғары, шар тәрізді аспан денесі. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен  150 000 000 ш.ш.(км.) Күн – Жерге өте жақын орналасқан жұлдыз.  Күнді Жер айналып жүреді.

Күн дегеніміз  - жұлдыз, балқып қызған керемет үлкен газды шар. Бұл күн жүйесіндегі жұлдыздардың ең үлкені. Күннің тарту күші зор болғандықтан барлық планеталарды өз орбитасында ұстап тұрады.-Күн неліктен басқа планеталарды өзіне тартады?-Ал, енді рухани тұрғыда  Күнді риясыз сүйіспеншілік деп қарастырсақ, риясыз сүйіспеншіліктегі адамдарда өзіне тартады.Планета – «кезбежұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі.Планеталар да жұлдыздар сияқты  белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемін кезіп жүреді. Себебі,  олар үнемі  Күнді айналып жүреді.2. Жер туралы не білесіңдер?  (Жер – Күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады).Жер – Күн тоғыз планетаның бірі. Жер – әлем денесі.  Оның  әлемдегі орны:Жер шары  Күн жүйесі    Галактика  Галактикалар тобы   Әлем (ғарыш)Күн жүйесіне: тоғыз ірі планета және олардың серіктестері, астероидтар, кометалар және метеор денелер енеді.



  4. Жаңа тақырыпты бекітуӨткен тақырыпты сұрақтар қою арқылы бекіту.1. Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіздер? Олардың қандай еңбектері бар? (әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник...)2. Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да қандай аспан денелерін білесіздер?              (Жұлдыз дегеніміз–бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар).3. Күн жүйесінде  қанша планета бар?(Күн жүйесінде  орбиталар  бойымен  айнала   жүретін  9 планета бар).

5.Бейнеролик: Жер планетасыhttps://www.youtube.com/watch?v=w5-Fj1s-Jis

6. Шығармашылық жұмыс «Мен табиғаттан не үйренеаламын?». Күннің, жердің, айдың  суреттері бейнеленген карточкаларды  таратамыз. Оқушылар бұл табиғаттың аталған әр бөлшегінен рухани-адамгершілік тұрғысынан жауап беруге ізденулері қажет. Мысалы, Күн – бұл риясыз сүйіспеншілік пен төзімділіктің белгісі. Күн барлығына бірдей, ешкімді түріне, түсіне, ұлтына  қарап бөлмей, жарқырап өз жылуын төгеді. Адамдар үйлеріне кірген уақыттада ол төзімділікпен, өзін қажет еткен жағдайда тез арада пайда бола қалу үшін есік сыртында күтіп қала береді. Біз күннен таза, риясыз сүйіспеншілікті үйренеміз. Таза махаббат барлығын бірдей сүйеді, оның ақысына ешнәрсе сұрамайды, ол төзімді, ол саған барлық уақытта Нұр сәулесін төгеді.Жер – бұл өз міндетін мүлтіксіз, риясыз орындаудың үлгісі. Әр тәулік сайын жер өз білігін 360°С-қа айнала отырып, адамдарды күндіз жұмыс істеу үшін жарықпен, түнде демалу үшін қараңғылық пен қамтамасыз етіп отырады. Сол сияқты Жер де Күнді айнала отырып, жылдың
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ