Материалдар / Күнделік - есеп үлгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күнделік - есеп үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Шаруашылықта жануарлардың ауруларына күнделік - есеп жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
95
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жоспар



Кіріспе ...........................................................................................................

I. Шаруашылық туралы қысқаша сипаттама ...................................

II. Негізгі бөлім............................................................................................

II.1. Акушерлік аурулар................................................................................

II.2. Індеттік аурулар.....................................................................................

II.3. Инвазиялық аурулар............................................................................

II.4. Ішкі жұқпайтын аурулар .....................................................................

II.5. Хирургиялық аурулар...........................................................................

III. Қорытынды ..........................................................................................

IV. Практикалық ұсыныстар...................................................................

V. Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................
























Кіріспе

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Адам өзін-өзі шыңдауы үшін осы тәжірибенің берер тәжірибесі мол.

Мен, Құрманалиев Мақсат, И.Әбдікәрімов атындағы ҚАТжК колледжінің 1513000 «Ветеринария» мамандығының В – 17о тобының IV курс студенті диплом алды тәжірибені Шиелі аудандық ветеринариялық станцияға қарасты Сұлутөбе ауылдық округі ветеринариялық пунктінде өттім.

Диплом алды практикадан өтудегі мақсатым – колледж қабырғасында алған білімімді тәжірибеде сынау.

Ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі; Осы бөлімше келесідей міндеттерді атқарады:

      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;

5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;

6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;

7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

I. Шаруашылық туралы қысқаша сипаттамасы

Ветеринариялық пункт Шиелі ауданы, Сұлутөбе а.о. Р. Қошқарбаев көшесінде орналасқан. Ветеринариялық пункт меңгерушісі – Ембергенов Жолдас және оның көмекшісі – Асанова Таңшолпан.

Вет. пункт өз жұмысын таң ертеңгі сағат 900 ден кешкі сағат 1900 ге дейін жалғастырады.

Осы ауылдық округке қарайтын барлық ауыл, дача, саяжай малдарын қоса есптегенде ИСЖ мәліметінде 4350 мал басы бар. Олардың ішінде МІҚ – 1806 бас, уақ мал – 2075 бас, түйе – 69 бас, жылқы – 400 бас. Ветеринариялық пункт осы малдардың барлығына жауапты. Оларды уақытылы вацинациялып, барлығынан мезгілімен қан алып, малдарды тоғытып (аяқ ваннасы) ветеринариялық іс-шараларды үзбей жүргізіп отырады.

Ветеринариялық пунктте барлық атқарылған жұмыстарды тізіп отыратын арнаулы журналдар бар. Олар 6 топқа бөлінеді: 1) ауру жануарларды тіркеу журналы; 2) өтініш тіркеу журналы; 3) биопрепараттардың бар немесе жоқ болу жайлы мәлімет журналы; 4) ИСЖ анықтамаларын тіркеу журналы;

5) Ветеринариялық (сойылған, сатылған, орны ауыстырылған) анықтамаларды тіркеу журналы; 6) Малға берілген сырғалардың тізімі журналы. Міне, осы журналдарға мәліметтер күн сайын түсіп отыру қажет.

Ветеринария саласының ең басты міндеті – халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау болып табылады.

Вет.пункттегі құрал-саймандар мен жабдықтар:

  • Вакцина сақтайтын тоңазытқыш;

  • Құлақ жапсырмалары (сырға);

  • Бурдиццо қысқышы;

  • Занд қысқышы;

  • Лигатура;

  • Қан алатын вакутайнерлер





II. Негізгі бөлім

II.1. Акушерлік аурулар

Желінсау (мастит). Геморрагиялық желінсау

Желінсау – желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды суалтқан кезде, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі. Себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп. Кейде оның қайсысы негізгі, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын. Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80% жағдайда микробтардың үлесі бар деп есептейді. Бірақ, микроб барлық уақытта міндетті түрде ауру тудыра алмайды, ол организмнің жалпы резисттентілігіне байланысты. Организмнің резистенттілігін төмендететін факторларға малдың күтімінің, азықтануының нашарлығы, сауу ережесінің бұзылуы, және желін гигиенасының дұрыс сақталмауы жатады. Желінсаудың пайда болуына желіннің зақымдануы тікелей себепкер фактор, сыртқы жарақат (ұрылу, соғылу, жыртылып тесілу) немесе ішкі жарақат (альвеолдар мен сүт жолдарының жыртылуы) микробтар енуші қақпа болып табылады.

А.П Студенцов қабыну процестерін сипаттай келіп, желінсауды былай жіктейді: серозды желінсау, катаральді желінсау, фибринозды желінсау, іріңді желінсау, геморрагиялық желінсау.

Геморрагиялық желінсау кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы мен тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтеріледі, терісі қызыл-күрең түсті болады. Сүті су тәрізді, түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.

Емі. Малды бөлек оқшаулап, жиі-жиі сауып тері астына 10 мл кофеинді, венаға 250 мл 40% гюкоза, 100 мл 10% хлорлы кальций ертіндісін жібереді. Желін сыртын ихтиол, камфора майын жылы жағып орап, байлап тастайды.

Ауру ақыры. Сауықты



Буаз-көтерем

Буаздық ұрғашы малдың организімінде өте күрделі өзгерістер туғызады.

Әрбір органның қызметі нашарлап оған күш түсе бастайды, бұрынғы ескі аурулары қозады. Бағым-күтімі нашар болса да, мал буаздықты көтере алма й ауруға шалдығады.

Буаз мал тууға 1,5-2 ай қалғанда аяғына тұра алмай жатып қалады. Ауру көбіне сиырларда кездеседі. Аурудың нақтылы бір себептері әлі де анықталған жоқ. Дегенмен, малдың жем-шөптен қысылуы, серуенге шықпауы, суыққа шалдығуы әсер етуі мүмкін.

Алғашында сиыр жүргенде теңселгені байқалады, кеіннен жатып тұруы қиындап, бір жерден екінші жерге сүйретіліп жылжиды. Жем-шөпке тәбеті бұрынғыдай, дене температурасы да қалыпты болады. Туғанға дейін шыдаса, туғаннан кейін жазылып кетеді. Ал егер мал көп жатып қалса, ас қорыту органдары атония, тимпания болып, жатқан жағы тесіліп, ақыры интоксикация немесе семтицемиядан өледі.

Емі. Малды аман сақтап қалуымыз үшін рационға оңай қорытылатын витаминдер, ақзаты көп азықтар олар балық майы, сәбіз, құрғақ көк пішен, азықтарды қосып, минералды заттарды кіргізеді. Малдың жатқан жері құрғақ болуы тиіс және малды 2-3 рет аударып, уқалап сүртіп тұрады. Венаға 100-150 мл хлорлы кальций 10%, 200-300 мл глюкозаның 20% ертіндісін қосып енгізеді.

Ауру ақыры. Сауықты













II.2. Індеттік аурулар


Бруцеллез


Бруцеллез (Brucellosis) - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндо-

метрит, ррхиг жэне жануарлардьщ жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы ерекшеленетін жүқпалы ауру.

Індеттік ерекшеліктері. Бруцеллезге 60-тан артық үй жэне жабайы

жануарлар түрлері бейім. Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр, қой, ешкі,

шошқа, солгүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде тарлайды.

Инфекция қоздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар

жатады, әсіресе олар клиникалык белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті.

Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен жэне жыныс жолда-

рынан аққан сорамен ауру қоздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады,

Қоздырушы микроб сонымен қатар сүтпен, шәуетпен, нәжіспен және несеп-

пен бірге бөлінеді. Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3

жыл сақталып, оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады.

Өтуі мен симптомдары. Инкубациялық кезеңі, ауру жұққаннан серо-

логиялық немесе аллергиялық реакциялар оң нәтиже бергенге дейін. 2-4

аптаға созылады. Егер ауру жұққан малдардың ішінде буаздары болмаса, бру-

целлез симптомсыз өтеді. Онда шалдыққан малдарды серологиялық немесе

аллергиялық тексеру арқылы ғана анықтауға болады.

Серологиялъщ реакциялар бруцеллезге малды жаппай тексеру үшін кеңінен қолданылады. Бүлардың ішіндегі ең танымал әдістер: агглютинация реакциясы (АР), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР), комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (К¥БР), сонымен қатар роз бенгал сынамасы (РБС). Соңғы кезде Қазақстанда ашылған (Т.Сайдулдин, 1972) конглютининдеуші кешенді байланыстыру реакциясы (ККБР) немесе Сайдулдин реакциясы (СР) практикаға енгізіле бастады.

Емі. Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, ол тез арада сойылады.

Ауру ақыры. Сойылды

II.3. Инвазиялық аурулар


Саркаптоз


Саркаптоз қотыр ауруының бір түрі . Терінің жоғарғы эпидермис қабаты ішін мекендейтін өте ұсақ Sarcoptes туыстығына жататын, кенелер тудыратын, теріні қышытып, дерматитке айналдыратын инвазиялық ауру.

Этиологиясы. Саркоптоз ауруы мал бір-біріне жанасқанда жұғады. Әсіресе, малды ұзақ уақыт бойына бір сауыттан суарса немесе ортақ жайылымда жайса осы ауру тарайды. Көктемде мал түлеп, жүні түскен кезде, мал қотырдан бірте-бірте сауығады. Бірақ, бұл кезде, Sarcoptes кенелері терінің қатпараларына еніп кетуі мүмкін. Күзде кенелердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туып, жауын-шашыннан кенелер тез көбейіп ауруды қоздырады. Сондықтан қышыма қотырына байланысты күзгі шараларды дер кезінде атқарған жөн.

Клиникалық белгілері. Қышыма қотырының жасырын кезеңі 15-20 күн. Саркоптоздың алғашқы сырт белгісі малдың көз айналасы мен тұмсығында байқалады. Жылқыда алдымен мойныныда, жауырында, сосын төс жағы мен құйрығына жайылады. Терісі қатпарланып, жүні түсіп қалады, мал арықтайды.

Емі. Тері асты кенелерінің енуіне қарсы шараларды жүргізеді. Карантиндеп, акарацидті ертінділермен жуады. Ауру жануарлар ұсталған қора-жай, құрылғы, күтіп-бау заттарын, тас көмір фенольді креолиннің 5% сулы эмульсиясымен, сыртқы ортаға арналған акарицидтермен дезакаризацияға ұшыратады.

Ауру ақыры. Сауықты






II.4. Ішкі жұқпалы емес аурулар


Ринит


Ринит – танаулардың кілегейлі кабыктарының кабынулары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегейлі қабығы бетінің қабынуына (катаральный), фибриннің кілегейлі қабығына жиналып қабаттануына (крупозный) және бездердің қабынуына (фолликулярный); өтуіне байланысты ­жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - несеп және туындаган түрлерге бөлінеді. Бұл аурумен малдың дерлік барлық түрлері ауырады, эсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі.

Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тэртібінің бүзылулары себепкер болады. Танаудың қабынуларына салқын тию де себепкер болуы мүмкін (желөті, ылғалдылық т.б.).

Сшттомдары. Танаудың кілегейлі қабықтары беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малда аздаган ғана жабырқау-шылықтың белгілері байқалады, дене қызуы қалыпты шама төнірегінде болып не 0,5 - ГС дейін ғана көтеріледі, азыққа деген зауқы коп өзгермейді не аздап қана төмендейді. Мал пысқырынады, түшкіреді, кейде танауын ат ақырга, қабыргаларга үйкелейді. Тыныс алысы пысылдайды, кейде ысқырынып шығады, тыныстануы мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтарын тексергенде алдында үйымалы сонан соң үйымалы-сарысулы (катаральный) ақпа агып, кейде танау жолдары катып қалган жалқықтар мен бекітіліп қалады да кілегейлі қабықтары кызарып, домбығып кетеді.

Емі. Танаулардың кілегейлі қабықтары талаурана қабынғанда танау қуыстарын 0,25 %-ды новокаин, 3 %-ды бор қышқылы, 5 %-ды натрийдің бикарбонат ерітінділерімен немесе өсімдік майына дайындалған 2 %-ды ментол ерітінділерімен жуып-шаяды. Экссудаттың кепкен қабығын аталынған ертінділердің біреумен мақтаны дымқылдап алып тастайды.

Ауру ақыры. Сауықты


Диспепсия

Диспепсия – жаңа туған төлдердің азық қорыту және зат алмасу процестерінің бұзылып, организмнің құрғауы немесе улануы салдарынан тез арада пайда болатын ауру.

Себебі. Негізгі себептерінің бірі – ұрықтанған буаз аналық малдардың азық мөлшерінде протейннің, витаминнің және минералды заттардың жетіспеушілігінен пайда болады. Буаз сиырларды құнарсыз, құрамында май қышқылы барқызылшаның сығындысымен немесесапасыз кортоппен қоректендіруден туындайды. Сонымен бірге жаңа туған төлдерді сызды, суық бөлмелерде ұстағаннан болады.

Клиникалық белгілері: құйрық жағы сұйық нәжіспен ластанған, нәжісі сұйық дефекация акті жиі.

Емі. Ашығу диетасын тағайындайды. Florox 100.0, 1 құтысын юір рет 3 мл тері астына жібереді.

Ауру ақыры. Сауықты


























II.5. Хирургиялық аурулар

Асептикалық пододерматит

Ассептикалық пододерматиттің пайда болу себептері әр түрлі. Мысалы: сиырларда ол өріске шыққан бірінші күнде пайда болуы мүмкін, ал аттарда дұрыс тағаламағанда пайда болады. Жіті диффузды қабыну тек бір аяқты немесе бірден барлық аяқтарда болуы мүмкін. Тек бір аяқта тұяқ тері негізінің қабынуы осы аяққа көп салмақ түскенде болады. Ал бірден барлық тұяқ тері негізгі қабынуы көбінде ірі қорада қатты жермен ұзақ қашықтықта жүргенде болады. Көбінде созылмалы өтетін қабыну тұяқ табанының тері негізінде болады, ал тұяқ қабырғасының тері негізінде қабыну байқалса оны ламинит деп атайды. Жіті асептикалық пододерматит кезінде қабыну процесі тамырлы қабатта басталып, кейіннен тұяқ тері негізінің барлық қабаттарына жайылады. Осы кезде белсенді гиперемия байқалады, ал сонынан жалқыаяқ жиналады. Тұяқ тері негізінің тамырлы қабатында пайда болған сірі немесе сіріфибринді жалқыаяқ оның емізекше қабатына өтіп эпидермиттің мүйізді зат шығаратын қабатына сіңеді. Қабыну жалқыаяғы ұлпаларға жиналып тері негізінің барлық қабаттарын және нерв шеттерін тұяқтың мүйізденген қабырғасымен тұяқ тәрізді сүйек арасында сығылуына жағдай тудырады. Ол қатты ауырсыну белгісімен өтеді және ұлпалардың қамдануының бұзылуы мен олардың өлуіне мүмкіндік тудырады. Егер қабыну процес жойылмаған болса, жалқыаяқ тері негізі мен тұяқтың мүйізденген қабаты арасындағы байланысты бұзады. Осы жерде жалқыаяқ толған қуыс пайда болады. Созылмалы асептикалық диффузды пододерматит болғанда жұмсақ ұлпаларға жалқаяқ жиналып, оның ішінде қысымның жоғарлыуы байқалады. Осындай диффузды қабыну зақымдалған ұлпаларға індет енгенде іріңді қабынған пододерматитке өтеді. Клиникалық белгілері. Жіті асептикалық пододерматитте аяқты тіреу кезінде ақсаңдау байқалады. Ақсау дәрежесі патологиялық процестің ағуына байланысты әр түрлі болады. Қатты жермен жүрген кезде ақсау күшейеді. Тұяқ қысқышымен ауырсыну белгісін анықтайды, жергілікті температурасы жоғары болады. Созылмалы пододерматит кезінде осы атап өткен клиникалық белгілер өте жай байқалады немесе болмауы да мүмкін. Тұяқ табанын тазалағанда қызыл немесе сарылау түсті дақтарды байқауға болады. Созылмалы асептикалық диффузды пододерматитты тұяқтың сыртынан байқауға болады, себебі оның мүйізденген қабырғасында қуыстар, дөңгелектенген шұңқырлар және басқа ақауларды байқап қалуға болады.

Емі. Жіті асептикалық пододерматит кезінде емдеу жалқыаяқты азайтуға бағытталады. Сондықтан алғашқы күндері азық қолданылады, суық су, суық балшық. Ауырсыну белгісін жою үшін айналдыра антибиотик-новокаинді блокада қолданылады. Жіті қабыну белгілері тоқталғаннан кейін 2-3 күннен соң жылу қолданады. Жылы компрестер, ыстық (45-46) торф балшығы, ванналар, массаж, ультракүлгіннің сәулелері т.б.

Ауру ақыры. Сауықты































Гематома

Гематома (Haematoma, қанды домбығу) – жабын ұлпалар араларына қан кетуден қан толған қуыс пайда болу. Ол екінші дәрежелі соғылудан қан тамырларыныңың бүтіндігі бұзылып, тері астына қан ағудан пайда болады. Мысалы сиырлар бірін – бірі сүзгенде мүйіз тиген қан тамырлары жарақаттанып, тері астына қан құйылады. Сол сияқты сынған сүйекпен қан тамыры жарақаттанғанда, жуан инемен қан алғанда қан тамырының қабырғасы бірнеше жерден жарақаттанып, қанды толық тоқтатпаса да ол жерде гематома пайда болады..

Гематомалар жарақаттанған қан тамырына байланысты артериалық, веналық, аралас, ал орналасуы бойынша тері астылы, фасция астылы, бұлшық ет аралық, мүше аралық, бас қаңқасының ішіне қан кету, құрсақ ішіне қан кету деп бөлінеді. Көлемі бойынша – шектелген немесе шектелмеген болады.

Клиникалық белгілері. Егер беткейлік гематома болатын болса бүлкілдеген ісінулер болады. Ол жердің терісі тығыздалып, ауырсынып, тамыр соғысы байқалады. Ісінген жер ортасында флуктуация (бүлкілдеп тұруы) болады. 3 – 4 күннен кейін ісіктің шеті тығыздалады. Ауырсыну реакциясы жоғалады.

Емі. Көлемі кіші гематомада емдеу үрдісі 1 – 2 дәрежедегі соғылудағы сияқты. Бірінші тәулікте суық басу, қысып таңу. Ал тері астының ірі гематомасында стерильді ине арқылы қанды азайтып сору, қуысқа антибиотикті новокаин ертіндісімен жіберу, қысып таңу. 2 – ші тәуліктен кейін жылулық емдер, парафин, солюкс шамын қолданып, қыздырғыш майлар жағу.

Көлемі ірі, жайылған гематомалардың 4 – 5 тәулікте асептика және антисептика ережелерін сақтап, ортасынан кеседі де, сол жерден ұйыған қанды алады. Қуыс ішін фурацилин ертіндісімен шайады (1 : 5000), немесе септо – спрей, монклавит – 1 дәрілерінің бірімен өңдейді. Жарақатты жартылай тігуге болады. Егер инфекция түскен болса тігіс салмай ашық жарақат ретінде емдейді..

Ауру ақыры. Сауықты



Ш. Қорытынды

Мен И.Әбдікәрімов атындағы ҚАТжК колледжінің 4 курс студенті Мақсат диплом алды тәжірибені Сұлу төбе ауылдық округі ветеринариялық пунктінде өткіздім.

Диплом алды практика деп отырғанымыз – студентттер өздері қалап түскен маманды бойынша, практикалық білім мен дағдыларды үйрету мақсатын көздейтін, мамандарды дайындаудың басты бөлігі. Өндірістік практиканы өту барысында менің теориялық білімім келесідей пәндер бойынша бекітілді: мал акушерлігі және геникологиясы пәні бойынша желінсау (мастит) және буаз көтерем аурулары, ішкі жұқпалы емес аурулар пәні бойынша ринит және диспепсия аурулары, ветеринариялық хирургия пәні бойынша асептикалық пододерматит және гематома аурулары, паразитологиялық және инвазиялық аурулар пәні бойынша саркаптоз ауруы, эпизоотология пәні бойынша бруцеллез ауруы кездесті. Осылардың ішінен тек бруцеллезге шалдыққан малды анықтап, оны өзге малдардан оқшаулап, малды сойысқа жібердік. Ал қалған аурулар бойынша малдарды емдеп жаздық.

Сондай ақ, ветпунктте өзге де атқарылатын іс-шараларға қатыстым: профилактикалық іс-шаралар вакцинациялау, қан алу, малдарды сырғалау, сонымен қатар шаруашылықтың есептік құжаттарымен және оны толтыру әдісін меңгердім.

ЕАСУ және ИСЖ бағдарламаларымен жұмыс жасадым.










IV. Практикалық ұсыныстар

Диплом алды практикадан алған тәжірибеме сүйеніп, мынадай ұсыныс білдіремін.

Ауылшаруашылық жануарларының көптеген аурулары оларды дұрыс бағып-күтпегеннен болады. Әсіресе азықтандырылуы нашар болған жануарлар ауруға бейім келеді. Міне, осы себепті де жануарларды құнарлы, нәрлі азықтармен азықтандырудың дұрыс рационын құрып, брошюралар (қағаз) басып шығару керек деген ұсыныс білдіремін.





































V. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жоланов М.Н., Қойбағаров Қ.У., Туребеков О.Т., Мадияров М.А., Мал акушерлігі және гинекологиясы// Алматы, 2007, 198 б.

2. Сайдулдин Т., Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары// Алматы, 2009, 153 б,. 248 б

3. Сулейманова К.У., Жануарлардың инвазиялық аурулары// Алматы, 2016 //

8-12 б.


4. Жануарлардың ішкі аурулар// Алматы, 2000, 86 б. 102 б


5. Рагатова А.Ж. Мал дәрігерлік хирургия // Қостанай, 2015, 16-18 б

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!