Материалдар / Kundelik.kz электронды журналы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Kundelik.kz электронды журналы

Материал туралы қысқаша түсінік
Kundelik.kz электронды журналы мұғалімдерге пайдалы жақтарымен мүмкіндіктер туралы және ата-аналарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
779
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Kundelik.kz электронды журналы

Мазмұны

1. Kundelik.kz туралы

2. Күнделік kz мүмкіндіктері

3. Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі

4. Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-ана» үшін беретін мүмкіндіктері

5. «Электронды күнделіктің» артықшылығы мен кемшілігі қандай?

Аннотация

Kundelik.kz бағдарламасы іске қосу нәтежесінде Қазақстан Республикасындағы білім процесінің барлық қатысушылары үшін электрондық білім беру технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқару органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функциялары мен процестерін автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру болып табылады.

Kundelik.kz туралы

«Бүгінгі таңда Қазақстанда «Kүнделік» жүйесінің электронды журналдарын 3800 мектептен астам пайдаланып жатыр. Жоба 13 облыста және Астана мен Алматыда істеп жатыр.

«Kүнделік» жүйесіне Республиканың кез-келген мектебі, ауыл және қала мектептері, кез-келген уақытта тегін қосылу мүмкін, қосылған мектептердің оқушылары және олардың ата-аналары өз бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестелерін, мектептегі жаңалықтарды және тағы да басқа пайдалы ақпаратты тегін көріп отырады.

Жүйеде білім беру ұйымдарының жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 29.08.2016ж. №536 бұйрығымен іске қосылған («Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы).

Kundelik.kz сайтын пайдалануына 200 тенге де емес, 2100 тенге де емес және басқа да абоненттік төлемі қазіргі таңда да және болашақта да алынбайды. Ата-ана өз пайдаланушы аты және құпиясөз арқылы кundelik.kz сайтына кіріп, «Балалар» - «Күнделік» деген бөлімдері арқылы өз баласының электронды күнделігіне тегін қолжеткізе алады және бағаларын, үй тапсырмаларын үнемі тегін көре алады. Мектептерден де сайтты пайдалану үшін ешқандай төлем алынбайды.

Әр ата-ана оны өзінің қалауы бойынша қосуға құқылы - ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін, иесіздендіру көмегімен сыныптың басқа оқушыларымен салыстырып, көруге мүмкіндік береді. Бұл опцияның кез келген уақытта үнемі тегін қолжетімді болатын баланың бағасын көрсететін электронды күнделікке ешқандай қатысы жоқ.

Kundelik.kz-тың ішінде әлеуметтік желісі не үшін керек?

Күнделік әлеуметтік желісі, пайдаланушылар жүйе ішінде өзара сөйлесе алатын, заманауи құрал-коммуникациясы болып табылады. Басқа да әлеуметтік желілерге қарағанда, бұл әлеуметтік желіде өз бетімен аноним ретінде ешкім тіркеле алмайды. Әрбір пайдаланушыны өз мектебі тіркейді. Осылайша, Күнделік желісінде балаларымызға қауіп төндіретін жасырын (аноним) тұлғалар болуы мүмкін емес, мұндай пайдаланушы бірден анықталып, бұғатталынады және ол Қазақстан Республикасының Заңнамасынамен жауапқа тартылады. Сонымен қатар, әрбір пайдаланушы жеке деректерін ешкімге көрсетпейдіндей етіп, өз бетінше қажетті парамметрлерді профилінде таңдай алады. Бұл Kundelik.kz жүйесін жасөспірімдердің қарым-қатынас жасауына айрықша қауіпсіз білім беру ортасын етеді.. Басқа деректер тіркелу үшін міндетті емес және қажет емес. Ата-аналардың тіркелуі дұрыс болып табылады, өйткені баланың үлгерімі жайлы ақпараттан басқа ата-ана мектеп әкімшісінен және мұғалімнен оқушыларға әр дайым арналмайтын жеке хабарлама алып тұруы мүмкүн. Осылайша, ата-анамен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас онлайн түрінде сапқа түзетіледі. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға

арналған ақпараттық бөлімдер пайда болады, мысалы, Ата-ана кеңесі және тағы басқа.

Неге әлі осы күнге дейін қағаздық жұмыс жойылмаған? Өйткені екі есе жұмысты орындай отырып, мұғалімдер балаларға аз көңіл бөледі.

Өкінішке қарай, оншақты жыл бойы қалыптасқан нәрсені бір сәтте жоюға болмайды. Барша мұғалімдер бұған дайын емес, барлығы бірдей ақпараттық технологияларды меңгере алмайды, сонымен қатар, әр түрлі мектептерде Интернет пен компьютер техникасы әр түрлі деңгейде жабдықталған. Осыған байланысты, қағазсыз құжат айналымға көшу бірте-бірте жүретін болады. Электронды журналды қағаздық журналға теңестіретін заңды негізі жасалып қойған және ағымды оқу жылының соңына дейін мектептерге қалаулары бойынша журналдың электронды нұсқасын ғана жүргізуге еркіндік беретін тағы да нормативтік-құқықтық акт қатары шығатын болады.

Күнделік kz мүмкіндіктері

Ø ҚР БҒМ жаңа жобасы. Ыңғайлы,жылдам əрі ұтқыр.

Ø Kundelik kz сайтын қолдану арқылы ата-аналар өз балаларының жетістігін сырттай бақылай алады.

Ø Оқушылар Е - кітапхана жəне т. б қызметтердің есебінен білімін толықтырып, қызықты ақпараттар жинай алады. Бұл парақшада:

Ø Əріптестеріңізбен тəжірбие алмаса аласыз

Ø Күн сайынғы қызықты деректер

Ø Еліміздегі айтулы жаңалықтар

Ø Мамандардан кеңес

Қазіргі интернет желісі дамыған елдерде білім беру жүйесі көптеген өзгерістерден өтуде. Үздік елдер қатарына қосылу үшін біз де осы салада аянбай еңбек етеміз. Әр ата –ана өз баласына тек жақсы білім беруге тырысады. Мектеп, ұстаз таңдап, оқулық әпереді. Мектеп өміріне белсенді қатысып, оқушының әрбір қадамын, оқуын, тіпті күнделіктегі бағасын қадағалап отырады.

Барлық өзгерістерді, жаңалықтарды қабылдап үйренген ата-ана жаңа құжат- «kundelik.kz» -электрондық күнделікті қалай қабылдайды екен? Оның тиімділігі неде? Қағаз күнделіктен артықшылығы, айырмашылығы қандай? Ол қалай жұмыс істейді? Қағаз күнделікке шектеу қойыла ма? Мыңдаған туындаған сұраққа жауап табу үшін алдымен күнделік түрлеріне тоқталғым келеді.

Күнделік бірнеше түрге бөлінеді: оқушы күнделігі; өмірбаян жазуға арналған жеке күнделік; ұмытып қалмас үшін қолданылатын күнтізбелік күнделік; табиғатты, адамды бақылайтын күнделік; т.с.с.

Олардың түрлеріне қарай өз маңыздылығы, құндылығы өзінде. Өмірбаян күнделігі арқылы танымал адамды басқа қырынан танып, білуге болады; күнтізбелік күнделік арқылы күнделікті істелінетін жұмысты орындау ретін сақтайды; бақылау күнделігі түрлі жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі

Мектеп психологының айтуынша, мұндай сапасыз өнімдер баланың ден-саулығына кері әсерін тигізіп, оның сабақты оқуға деген қабілетін төмендетеді екен. Көптеген мектеп оқушылары отандық өнімдерімізді тұтыну үшін белсенділік танытып отыр. Мектебімізде өз елімізде шыққан сапалы, ішкі мазмұнына сыртқы безендірулері сай келетін күнделіктерді пайдалана бастады. Оларды да салыстырып бақыладым.

Оқушының білім жетістігін, тәртібінің нәтижесін көрсететін және ата-анамен байланыс жасауға көмектесетін күнделік бүгінгі күні қалай өзгерді? Таныс болыңыздар: жаңа форматтағы, заман талабына сай –« kundelik.kz».

Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-ана» үшін беретін мүмкіндіктері

Электрондық күнделіктің күні бүгін ғана басталған жоқ. Дегенмен, біздің елімізде енді қарқын алып келе жатқан күнделіктің бұл түрінің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Ендеше оларды қарастырайық:

Ата-ананың мүмкіндіктері:

Электрондық күнделік-бұл кез-келген оқуға байланысты ақпаратқа нақты уақыт режиміндегі қатынас. Кестедегі өзгерістерді, оқушының ағымдық және қорытынды (жиынтық) жетістіктерін бақылайды. Үй тапсырмаларын көріп, оқу туралы хабарландырулар e.mail арқылы хабардар болып, тілдесе алады.Тақырыптық форумдар жасап, іс-шаралардағы фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен байланысуға болады.

Оқушының мүмкіндіктері:

«kundelik.kz»-сайты қағаз күнделіктің мүмкіндіктерін оңай шешеді және басқа мүмкіндіктер береді: кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланатын материалдар. Орташа балл, өткізілілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің түсініктемелері.

Білім беру ресурстары: онлайн кітапхана мектепте оқытылатын барлық туындыларды қамтиды. Медиатехникада барлық пәндер бойынша сабаққа жақсырақ дайындалуға көмектесетін бейнефайлдар, аудиофайлдар және көрсетілімдер жиналған.

Портфолио: «kundelik.kz» жүйесіндегі жеке парақшаны портфолиоға оңай айналдыруға және барлығына жетістіктеріңіз туралы хабарлауға болады. Оны жеке блог және жазбаларды жасау және дайындау үшін әуесқойлығың, жеке материалдар мен ресми мадақтамаларға, дипломдарға арналған файлдардар, жаңалықтары бар қабырға және т.б. әрекеттер арқылы жасауға болады.

Тілдесу: (общение) @ project-long-kz@ сайтымен оңай: басқа мектеп оқушыларымен хабар алмасу, өз мектебіңіздің тақырыптық үйірмелерін өздігінен жүргізу немесе оларға қатысу, сыныптың іс-шаралары мен жаңалықтарын талқылау, мектептік өмірдің фотосуреттерімен алмасу.

Байқаулар бөлімінің қолжетімділігі: «kundelik.kz» сайтымен қызықты

әрі пайдалы уақыт өткізу –бұл әр түрлі тақырып бойынша көптеген байқауларға қатысу. Байқаулар өнерпаздық әрі зияткерлік болуы мүмкін. Өз бетіңмен немесе сыныптастармен бірге қатысып, бағалы ұтыстарға ие болуға болады.

Мұғалімнің мүмкіндіктері:

Мектеп парақшасы: білім беру мекемесінің «kundelik.kz» сайтындағы визит картасы: әкімшілік тұлғалар, контактілер, жаңалықтар, құқықтық және т.б. құжаттар, хабарландырулар, фотогалерея, форум. Мектеп парақшасы мен оның жариялылығын реттеуге болады.

Кесте және сабақтар: кестенің қарапайым түрі, түсінікті енгізу. Сабақ ауыстыруларын және өткізілмейтін сабақтарды белгілеу. Сынып бойынша кестені 1 аптаға немесе барлық торды қараңыз немесе басып шығаруға болады.

Электрондық журнал: үйреншікті қағаз журналының стандартты көрінісі және бірнеше қосымша көріністер: күн бойынша, апта бойынша жоспарлау, сабақ парақшасы. Әкімшілік сабақтағы бағалау жүйелерін және жұмыстар типтерін таңдай алады. Журналдың барлық көріністері түсті немесе қара-ала нұсқаларда қолжетімді. Мысалы, кез-келген сабаққа түсініктеме немесе қосымша материалдар қоса алады.

Үй тапсырмаларын басқару: үй тапсырмаларын басқарудың интерактивті модулі оларды сыныптың барлығына немесе бөлек оқушыларға беруге, әр түрлі сыныптар үшін тапсырмаларды көшіруге, оларға файлдарды қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді.

Есептер: құрамына стандартты тізімдемелер мен білім беру мекемесінің есептері де, қосымша тізімдемелер кіретін толық статистика. Бұрын мектепте қолмен толтырылған есептер қазір автоматты түрде жасалады. Барлық деректер нақты уақыт режимінде жаңартылады.

Электрондық журналға келсек. Қазір өңіріміздегі мектеп ұстаздарының басым көпшілігі қағаз журналды және сабақ кестесін толтырмайды. Барлығы ақпараттық жүйеге енгізілген. Тек, мұғалім әр сабақ аяқталған соң оқушының тиіс бағасын қойып, пәнге байланысты қосымша материалдарды қоса алады. Бұл баланың тақырыпты толық қамтып, үй тапсырмасына жан-жақты дайындалуына мүмкіндік береді.Kundelik.kz оқушы, ата-ана және ұстаз арасындағы байланысты арттыра түспек. Ендеше, жаңа жүйе – білім саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп

«Электронды күнделіктің» артықшылығы мен кемшілігі қандай?

Жылдан-жылға емес, күннен-күнге дамып жатқан озық технологиядан озу үшін адамзаттың өзі қалай даму керек? Қазір «көз көрмей, құлақ естімегеннің» емес, «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызып, тастан сарай салғызатындардың» заманы. Елбасының «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген сөзін басты назарға алып, елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасы қолға алынды. Осы «Цифрлы Қазақстан» жобасының аясында еліміздің барлық мектептерінде Kundelik.kz бағдарламасы іске қосылды. 2016 жылы жасалған Kundelik.kz жобасы 2018 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы білім процесінің барлық қатысушылары үшін электрондық білім беру технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқару органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функциялары мен процестерін автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру болып табылады.

Kundelik.kz жобасын іске асыру нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізіледі:

Мемлекет үшін:

білім саласындағы жаңа басқару әдістерінің пайда болуы;

бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

білім беру саласының қолжетімділігін, сапасын арттыру.

Ата-аналар үшін:

ата-анасының баланың оқу процесіне қатысуы;

баланың жетістіктері туралы қашықтықтан хабардар ету арқылы ата-аналарға тиімді жағдай жасалуы;

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін:

оқушылардың үлгерім журналдары мен күнделіктерін тұрақты электронды түрдегі жүргізуге көшу;

білім беру ұйымында білім беру қызметін бақылаудың жаңа құралдарының пайда болуы.

Оқушылар үшін:

Ауыл мен қала оқушыларына сапалы білімге тең қол жеткізу;

білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізу;

коммуникативті және кәсіби құзыреттілікті дамыту.

Жобаны іске асыруда мемлекеттік әріптес тарапынан қаржы қарастырылмаған. Білім алушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге қажетті қатысу, бағалау, үй тапсырмалары, күнтізбелік сабақ жоспарлары бойынша негізгі функционал тегін болып келеді.

2. Қағаздан электрондық форматқа көшу уақытты талап етеді. Ауысу кезең-кезеңмен, мектептерді кеңжолақты Интернетке қолжетімділікті және компьютерлік сыныптар қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.

Мектеп құжаттарын жүргізу «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен реттеледі. Мектеп құжаттамасының қағаз тасымалдағышта қайталануын болдырмау үшін Министрлік жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер енгізді. Бұйрыққа сәйкес білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда тек қана электрондық форматта толтырылады, оны қағаз нұсқасында толтыруға жол берілмейді. Бұл процесс бірден болмайды. Әртүрлі этаптардан өткеннен кейін, мектеп толық деңгейде Интернетпен қамтамасыз етілгеннен кейін ғана «қағазбастылық» жойылады.

- Жаһандануға байланысты біздің елімізде де оқу форматы жаңаланып жатыр. Бұл қуанатын жағдай. Енгізіліп жатқан бұл жоба мұғалімдерге таптырмас құрал десек болады. Себебі, ғаламтор озған заманда мұғалімдеріміз озық теxнологиямен жұмыс істеуі керек. Мектебіміз бір айдың шамасында бағдарламаны толық меңгеріп, жұмыс жасауда. Бұл бағдарлама толыққанды белең алу үшін күшті қарқынмен жұмыс істейтін ғаламтор желісімен қамтылу тиіс деп ойлаймын. Kundelik.kz жобасы мұғалімдерге артылар күшті жеңілдетеді. Мысалы, тоқсандық баға шығарар кезде автоматты түрде қорытынды бағалар шығып тұрады. Әр баланың бағасы процент арқылы көрініп тұрады. Оны мұғалім де, ата-ана да, оқушының өзі де көріп отырады. Осы арқылы сабағын дұрыстауға тырысады. Мұғалім ескертпей-ақ, оқушы өз үлгерімін жақсартуды өзі қолға алады. Бұның өзі мұғалім үшін көмек һәм қуаныш.

- Kundelik.kz жобасының мұғалімдерге тигізер үлесі туралы айтар болсақ, бұл заман талабы. Неліктен? Себебі, қарап отырсақ, бағдарламаның мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға тигізер үлесі өте зор. Бұл электрондық журнал арқылы мұғалімдердің тез бағалауға, ал қойылған бағаны ата-ана мен оқушының сол мезетте көруге мүмкіндігі бар. Ата-ана басқа қалада жүрсе де, кез келген уақытта мектепке келмей-ақ өз баласының білім деңгейінің қандай екенін бақылап отыра алады. Осыған қарап уақыт жағынан тиімді екенін айтқанымыз жөн. Бастапқыда бұл бағдарламаға

мұғалімдер тарапынан қарсылықтар болды. Себебі мектеп мұғалімдері электронды журналды да, қағаз журналды да қатар толтырып жүрді. Қазір бірте-бірте электронды журналға көшіп жатқандықтан, бағдарламаның тиімді екенін көріп отырмыз. Мұғалімдерді қағазбастылықтан «құтқару» да осы бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі болса керек. Уақыт жағынан, сапасы жағынан да қолайлы бағдарлама заманға талабына сай цифрлы жүйеге көшіп жатқандықтан, мұғалім үшін де, оқушы мен ата-ана үшін де керек деп есептеймін.

Біріншіден, ХХI ғасыр – компьютерлік сауаттылықтың ғасыры. Жобада барлық мүмкіндіктер қарастырылған, құрастырушылар мұғалім, ата-ана мен балалардың орнына өздерін қойып кез-келген сұрақ төңірегінде ізденіс жасаған.

Екіншіден, барлық ата-ана балаларының күнделігін ашып қарамайды. Тіпті олардан үйге «не берді?» деп те сұрамауы мүмкін. Қазіргі уақытта көп адамдар ғаламторға байланып отыр. Инстаграмда, фейсбукта отырған уақытта, осы сайтты бір қарап қойса баласының үлгерімі жақсарары сөзсіз. Тіптен хат алмасу, талқылау бәрі қамтылған.

Енді кері жағына келер болсам, біріншіден, біз сайтқа тіркелу үшін телефон, болмаса компьютер және жылдамдығы өте жоғары интернет керек. Ал мұндай жағдай жасауға көп адамның қалтасы көтермейді не тұрғылықты жерінде интернет желісі төмен болады.

Екіншіден, интернетпен тікелей байланысты болғандықтан, компьютеріміз бен телефонымызда міндетті түрде радиация болады. Бұл адамға зиян. Экраннан бөлінген сәулелер денсаулыққа кері әсер беріп, көз жанарын құртуға алып келеді, ал қазіргі адамдар көзәйнек таққысы келмейді.

Үшіншіден, оқушыға күнделіктен бұрын вк, инстаграм сияқты әлеуметтік желілер маңызды. Сайтқа олар күнде кіреді деп айта алмаймын. Ата-ана ше? Олар жұмыстан шаршап келеді. Бір күні болмаса, бір күні «қойшы осыны» деп сөйлеуі де мүмкін. Осы жағдайлар айналып келіп мұғалімнің басына түсетіні белгілі. Мұғалім болса ата-ана, оқушысының логин, құпия сөзін жазып алып бәрін

- ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Білім саласында да көптеген жаңалықтар болуда. Солардың бірі 2017 жылдан бастап, Қазақстандағы әрбір мектепте «Kundelik.kz» деп аталатын электронды журнал енгізілді.

Бұл электронды журналдың артықшылықтары ата-ана үйінде отырып-ақ, балаларының сабақтан қандай баға алғанын, үй тапсырмасын, өткен тақырыптарын, қорытынды бағаларын қарай алады. Күнделік оқушының басты құжаты. Бұл мектептің атаанамен байланыс жасау құралы десек те артық емес. Күнделікті атаана баласының сабақтағы үлгерімін қадағалап отырады, бұл жаңалықты енгізуге атааналар қуана қабылдауы қажет.

«Kundelik.kz» электронды журналын пайдалы деп санаймын. Өйткені жеке логин мен парольды жазып әр оқушы өз бағаларымызды осы журналдан көре аламыз.

Электронды күнделікті пайдалану үшін бізгі ең біріншіден ғаламтор желісі қажет. Алайда еліміздегі кейбір ауыл-аймақтар толықтай ғаламтор желісіне қосылмаған. Сондықтан бұл оқушылар мен ата-аналарға қиындық туғызады.

«Kundelik.kz» жобасына еліміздегі барлық мектептер толықтай қосылу үшін әрбір ауылаймақта ғаламтор желісі қондырылуы тиіс деп ойлаймын.

- Бүгінгі таңда əлеуметтік инновациялық жоба Kudelik.kz-ті барлық білім беру ошақтары түгелдей қолданады. Бұл жобаны белсенді пайдаланатындардың арасында өзімнің мектебімді де атағым келеді. «Ақылды сайтты» тез игеріп алдық. Kundelik.kz сайтын қолдану өтең оңай, əрі оқушылар үшін ыңғайлы. Аталмыш сайттың оқушыларға тигізген үлесі ауқымды. Жобаны құрастырған мамандар Қазақстан білім беру ісіне азаматтық көмегін берді. Kundelik.kz сайты қағаз күнделіктің міндеттерін оңай шешеді және басқа да мүмкіндіктер береді: кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланылатын материалдар, орташа балл, өткізілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің түсініктемелері. Оқушылар мен мұғалімдердің жұмыстарын жеңілдетті.

Kundelik.kz оқушылардың əлеуметтік желісі секілді. Ол жерде оқушылар арасында топтар ашып өзіміздің керекті мəселелерімізді тез шешеміз. Біз бір тақырыпты түсінбеген жағдайда мұғалімге онлайн режимде жаза аламыз. Ол кісі өзіне ыңғайлы кезде хабарламаны оқып, жауап бере алады. Бұл біз үшін өте тиімді. Үй тапсырмасы берілгеннен кейін сайтта барлығы көрініп тұрады. Мұғалім ол тапсырманы оқушы орындап жатқандығынан хабардар болады.

Kundelik.kz сайты арқылы басқа мектеп оқушыларымен хабар алмасу, өз мектебіңнің тақырыптық үйірмелерін өздігінен жүргізу немесе оларға қатысу, сыныптың іс-шаралары мен жаңалықтарын талқылауда бəрі оңай атқарылады. Оқушы сайт арқылы барлық мағлұматты алады.

Kudelik.kz сайтын ата-ана, оқушы да тегін пайдаланады. Әсіресе, ата-аналар үшін өте тиімді. Себебі, қазір 21 ғасырға байланысты ата-анамыз көбіне жұмыстан қолы тимей жатады. Мектепке баруға бос уақыты болмайды. Яғни, оқушының үлгерімін бір аптада өзгертеді деп ойлаймын. Ата-ана бұл сайтта баласының тəрбиесін, оқу үлгерімін, мұғалімдердің оқушыға жазған ескертулерін қарай алады. Бұл сайттың басты мақсаты – ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жақсарту



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!