Материалдар / Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдар,оның ішінде тәттілердің атауларының үш тілді меңгерудегі рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдар,оның ішінде тәттілердің атауларының үш тілді меңгерудегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып оқушысының үш тілді меңгерудегі күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың рөлін зерттеу туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
1152
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№41 жалпы орта білім беретін мектеп КММ




Тақырыбы: Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдар,
оның ішінде тәттілердің атауларының үш тілді меңгерудегі рөлі





Орындаған: Жұмыс жетекшісі:
ШҚО Семей қаласы ШҚО Семей қаласы
№41 жалпы орта білім беретін №41 жалпы орта білім беретін
мектеп КММ мектептің бастауыш сынып
4 Асынып оқушысы мұғалімі Камзина Гүлза
Әділетқызы Ерке Сайлауғалиқызы

Жұмысты орындау мерзімі: 2017-2018 жыл
Жұмысты зерттеу орны: №41 ЖОББМ




Семей қаласы, 2018 жыл
Түйіндеме

Бұл зерттеу жұмысында күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдар, киімдер, тіпті кішкентай балалар сүйіп жейтін тәттілер атауларының аудармасы мен мән-мағынасы нені білдіретіні жайында жазылған. Қазіргі күні тәттілер атаулары жарысып ағылшын тілінде жазылып, сатылып жатыр. Көбіне бұл заттар шетелден әкелінетіні белгілі. Алайда, олардың сыртында жазылған ағылшын сөздерін оқи алғанымызбен олардың атауына, мән-мағынасына ешқайсымыз да мән беріп жатқан жоқ сияқтымыз. Осы зерттеу жұмысын жүргізе отырып, сыныптастарым мен өз қатарымдағы құрбыларымның осы сөздерді игере отырып, үш тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіруге итермелеуді жөн санадым. Сыныптастарымның ағылшын тілінде жазылған тәтті атауларын қаншалықты білетініне сауалнама жүргізіп, зерттедім. Қорыта келгенде елбасымыз айтқан үш тұғырлы тілді меңгеруге аз да болса өз үлесімді қостым деп ойлаймын.






















МАЗМҰНЫ
Менің ғылыми жобамның тақырыбы: Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдар, оның ішінде тәттілердің атауларының үш тілді меңгерудегі рөлі
Бұл мәселеге, сұраққа қызығушылық қайдан пайда болды?
- Айналамызды қоршаған заттардың атауларының ағылшын тілінде болуы және олардың қазақ тіліндегі мағынасын түсінгім келгендігінен.
Бұл сұрақтың жауабын қайдан іздедің? ғаламтордан, әдебиеттерден
Зерттеулер мен болжамдарды іске асыруда пайдаланылған әрекеттер (әдістер): бақылау, суретке түсіру, сауалнама алу, үш тілді кәмпит атауларын жинақтау, шығару.
Сұрақтар (кімнен не жайлы сұрадыңыздар): жетекшіден, ата – анамнан, улкен ата-әжелерден, сыныптастарымнан, саудагерлерден.
Алынған мағлұматтардың қажеттілігі: Адам үш тілді өзі үшін ғана емес, өз Отанының келешегі үшін білуі қажет.
Жобаға пайдаланылған көрнекі құралдарыңыз: фотосуреттер, бейнеролик.
Байқауға пайдаланған мәтін түрі: Баяндама, презентация
Менің тақырыбымның өзектілігі: көп адамдар күнделікті тұрмыста қолданып жүрген заттардың атауларын жаттап алады, алайда солардың аудармаларын біле бермейді. Сондықтан мен әрдайым дүкендердегі ағылшын тілінде жазылған атауларға мұқият зерттеу жүргіздім.
Зерттеу обьектісі: ағылшын тілдес күнделікті пайдаланып жүрген заттар мен тағамдар атаулары, соның ішінде кәмпит атаулары, олардың шығу тарихы.
Зерттеу мақсатым: Балалардың үш тілді үйренуге тәтті арқылы септігін тигізу, сол арқылы жаңа сөздерді жаттату және келешекте өзге тілде жазылған пайдаланып жүрген зат атауларына көңіл бөліп, мән-мағынасын ұғынуға итермелеу.


КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үш тұғырлы тіл туралы идеясын осыдан біраз жыл бұрын жария еткенін бәріміз білеміз. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни, біз өсіп келе жатқан жас ұрпақ мемлекеттік тілімізді дамытып, орыс тілін қолдап, ағылшын тілін үйренуіміз қажет. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті азаматқа айналады. Үш тұғырлы тілдің үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілі. Бүгінгі таңда әлемдегі шығарылатын оқулықтардың 85 % ы ағылшын тілінде шығады екен. Бұл дегеніміз біз ағылшын тілін үйрену арқылы әлемдік ақпараттар мен жаңалықтарға ілесе аламыз деген сөз. Ағылшын тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін қажет, — деген болатын елбасымыз. Ол қазіргі заман жастарының кем дегенде үш тілді білуі керектігін, әлемде орасан зор ғылыми және техникалық оқулықтардың ағылшын тілінде шығатынын және оның барлығының қазақ тіліне аударыла бермейтіндігін айтқан болатын. Елбасымыздың айтуы бойынша, жастар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қарымқатынас үшін және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде тануы керек. Ағылшын тілін білу арқылы біз әлемнің ең үздік ЖОО-да білім алуымызға және алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тәжірибе жинауға мүмкіндік аламыз.
Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып үйренулеріне жәрдем жасау үшін жоғарғы оқу орындары мен мектептерде жыл сайын қойылатын талаптар да күшейіп келеді. Еліміз бен жерімізге келешекте ие болатын өсіп келе жатқан біздей жас ұрпақтарға үш тілді де қатар меңгеруіміз қажет деп ойлаймын.
Алайда өзге тілді үйренеміз деп жүріп, тіл тағдыры – ел тағдыры екендігін жадымыздан шығармауымыз керек. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі, қазақ тілі - ұлтымыздың тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу әрбір Қазақстан азаматының борышы. Бұл жерде айтпағым өзге тілді үйренудегі мақсат – бұл өз мақсатымызды жүзеге асыруда болып отыр. Ұлтымыз өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгін қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқайсысынан да кем түспейтін бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген бай, ұлы тіл екендігі белгілі. Алайда өз тіліміз- қазақ тілін дүниежүзілік аренаға шығару үшін бізге бүгінгі таңда елбасымыздың айтқан үш тұғырлы тілін не үшін үйренуіміз қажет екенін ұғуымыз және сол тілдерді үйренуіміз керек. Мәселені түбегейлі шешу үшін қазіргі кішкентай өсіп келе жатқан бүлдіршіндерден, яғни, біздерден бастауымыз керек.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сонымен қазір өмірімізге алшаңдай басып кіріп келе жатқан ағылшын тілі туралы не айтуға болады?! Оны айтпасақ-та күнделікті өмірден көріп жүрміз. Тіпті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдар, киімдер, тіпті кішкентай балалар сүйіп жейтін тәттілер атаулары жарысып ағылшын тілінде сатылып жатыр. Ия, көбіне бұл заттар шет елден әкелінетіні белгілі. Алайда, олардың сыртында жазылған ағылшын сөздерін оқи алғанымызбен олардың атауына, мән-мағынасына ешқайсымыз да мән беріп жатқан жоқ сияқтымыз. Мысалға киімдерді алайық. Мен осы жобамды жазар алдында үйдегі өз киімім мен сіңілімнің киім-кешектерінің арасынан да ағылшын тіліндегі жазуларды көрдім. Қаламыздағы сауда орталықтарындағы ағалшын тілінде жазулары бар киімдерді суретке түсіріп, олардың өмірімізге қаншалықты енгенін байқадым. Алайда оның мән-мағынасына көбіне сатып алушылар мән бермейтінін, тек киімнің түр-түсіне қызығып қана алатынын, ал ол жазулардың тек сән немесе бір әшекей ретінде ғана көретінін саудагерлерден сұрап білдім. Тіпті олардың өздері сатып тұрған заттарындағы ағылшын жазуларының қалай аударылатыны немесе қандай мағына беретіні туралы хабарсыз екен.



Оны білудің қаншалықты маңызы бар дейтін шығарсыздар?! Мен бұны да зерттеп көрдім. Киімдердегі ағылшын жазулары ерте заманнан-ақ бар екен. Ең алғаш киімдегі жазу жұмысшылардың өз жұмыс орнындағы дәрежесін көрсету үшін жазылған екен, кейін ол киімдерді шығарған фабрика немесе дизайнер есімі жазыла бастапты. Ал киімдегі белгілі бір мағына беретін жазулар саясатпен тікелей байланысты болып шықты. Себебі бұндай белгілі бір мағынасы бар жазулар ұран ретінде көтерілістерде немесе қарсы жақтағы адамдарға өз ойларын айтып-жеткізу тәсілі ретінде плакаттарға немесе қағаздарға жазып, қолдарына көтеріп алып шыққан екен. Ал кейінірек келе бұндай жазу түрлері киімдерге басылып шыға бастапты.
Сонымен қатар ағылшын тілінде жазылған күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттардың біразына шолу жасап шығайықшы: ФЕРРИ, КОМЕТ, КОЛГЕЙТ т.б. дүкен сөрелерінде толып тұр.
Бұларды жаттанды түрде бәрі айта алады, алайды оның өз тілімізде қалай аударылатыны немесе мағынасы жайлы көбі білемейді. ФЕРРИ – періште, сиқыршы (фея, волшебница), КОМЕТ- комета, КОЛГЕЙТ - жымию (улыбка) деген сөздердің мағынасын береді екен.
Ал енді ғылыми жобамның негізі –кәмпит атауларына келейік. Мен де барлық балалар сияқты кәмпиттерді жақсы көремін және оның түрлі -түсті сыртына қызығамын. Қай бала кәмпитті жақсы көрмейді?
Кәмпиттер ерте ғасырдан пайда болған екен. Оларды жеміс жидектерді балға немесе қантқа араластырып жасаған. Шоколад кәмпиттер бертін келе пайда болды. Ең алғаш кәмпиттер сыртын шығаруды ойлап тапқан америкалық өнертапқыш Томас Эдисон екен.
Кәмпит сөзі үнді тілінің кханта сөзінен шыққан, бұл сөз бөлім немесе қант бөлімі дегенді білдіреді.
Кәмпиттердің әр түрі болады: Карамель, ирис, таблетка, сағыз тектес, шокалад кәмпиттері.
Кәмпит атаулары да өте ерте заманнан келе жатыр. Мен интернет желісі арқылы және үлкен кісілерден сұрастыру арқылы олардың заманында қандай кәмпит атаулары болғанын іздедім. Оларды зерттей келе мынадай тұжырымға келдім. Уақыт өте келе кәмпит атаулары өз заманына сай өзгеріп отырған екен. Мысалға, сол кездегі саясаттағы өзгерістер Октябренок, Карамель Ильич, Жас пионер т.б. менің санам үшін мағынасы ұғынықсыз, белгісіз кәмпиттер екен. Алайда мен үшін қызықты атаулар да жоқ емес екен. Мысалға, ертегі атаулары, ондағы кейіпкерлер атауы, сол заманда шыққан мультфильмдер атаулары берілген екен. (Мишка косолапый, Қызыл телпек, Золотой ключ т.б.)


Қазір біздің елде де кәмпиттердің көптеген түрлері сатылуда. Біздің елдегі
кәмпиттердің қандай түрлері атақты? Бұл сұраққа кез келген балабақша баласы да жауап бере алады. Олар ең алдымен ағылшын тілінде жазылған KinderSurprise, Snikers,Twix т.б. судыратып айта алады.
Мен сыныптастарымның арасында жүргізген сауалнамаларым арқасында осы кәмпиттердің атауларын ағалшын тілінде оқып, айта алатындары - 98% екенін аңғардым. Яғни бұл дегеніміз барлық бала олардың атауларын дұрыс оқып, айта алады. Және мен олардың қандай мағына білдіретіні және қазақ немесе орыс тіліне қалай аударылатыны туралы білетіндерін сұрадым. Олардың 98% -ы білмейтін болып шықты.
Сауалнама:
1. Мына суреттерде көрсетілген күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдардың атауларын оқып, айта аласыз ба?
А) Иә, айта аламын
Ә) Жоқ, ешқайсын білмеймін
2. Олардың қандай мағына білдіретінін немесе өз тілімізге қалай аударылатынын білесіз бе?
А) Иә, білемін
Ә) Жоқ, білмеймін
3. Ал бұл суреттердегі атаулардың қалай аударылатыны туралы ойланып
немесе ізденіп көрдіңіз бе?
А) Иә
Ә) Жоқ

4. Сіз шоколад немесе кәмпит сатып аларда олардың атауларына мән бересіз бе?
А) Иә, атауына, сыртқы түріне қараймын
Ә) Жоқ, кез-келгенін ала саламын
Сауалнама жауабын диаграмма арқылы көрсеттім.

Осыдан кейін мен интернет желісі арқылы олардың шығу тарихы мен аудармаларын іздедім.
1.KinderSurprise(Kinder)шокаладтан жасалған ішінде сыйлығы бар кәмпит . Сатылым маркасы.1972 жылдан бастап сатылымда екен. Бұл шоколад өнімінің дизайнын, швейцарлық, Генри Роту ойлап тапқан.
2.Snikers АҚШ елінің өнімі. 1990 жылға дейін бұл өнімMarathon атымен Ұлы Британияда сатылымда болды. Кейін аттауы Snickers деп өзгертілді. Snickers-ті АҚШ елінде деген кондитер алғаш жасап шығарды. Бұл атау кондитердің сүйікті жылқысының атына қойылған.
3.Twix. Raiderдеген атпен ең алғаш Ұлы Британияда 1968 жылдан жасалып шықты. Ал 1979 жылы өнім АҚШ еліне Twix атауымен сатылымға түсті. Бұл атау ағылшын тіліндегі: twin (екеу немесе сыңар ) деген мағына береді екен.
4.Bounty. аралында түсірілген жарнаманы бәріміз көрген шығармыз. Жарнаманың негізгі сөзі: Bounty—наслаждение, бұл сөз ағылшын тілінен тура аударғанда: Жұмақ дәмі (TheTasteofParadise) дегенді білдіреді.
5.Біздегі ең атақты кәмиттердің бірі ол - Rafaello. Бұл кәмпит 1982 жылдан бастап жасалуда. Кәмпит аты бәрімізге әйгілі италияндық суретші Рафайэлло де Санти атына сай аталған.
6. Mars(өнім авторының фамилиясы) Бұл өнімнің тарихы әдеттегі ас үйден бастау алады. Фрэнк Марс өзінің жұбайымен арзан кәмпит жасап сатумен айналысқан . 1911 жылы компания негізі құрылған екен.
7.KitKat (өнім компаниясының қысқарған атуы).В 1935 жылы ағылшын елінің Йорк қаласында батон кәмпиті Rowntree’sChocolate жасап шығарылды.1937 жылы KitKat атауы деп атады.Осы кәмпит атақты саясаткерлер клубының атауына сәйкес алынды. Бұл клуб Кристофер Кэтлинг деген саясаткердің үйінде орналасқан болатын (ChristopherCatling). Сол себепті қысқартылып Kit-cat {фр. Kit— Christopher, Cat— Catling}. Жапондықтар KitKatты талисман ретінде эмтиханға алып кіреді екен. Олардың айтуынша kittokatsu (сөзсіз жеңімпаз) дегенді білдіреді екен.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен тағамдар, солардың ішінде, әсіресе, балалар арасында сұранысқа ие кәмпит атауларының ағылшын тіліндегі атауларының мағыналарын зерттей отырып мен өзіме көптеген жаңа ақпараттар алдым. Жұмысты зерттеу барысында мен сөздікпен жұмыс істеуді, сауалнама жүргізуді, ғаламтор желісімен ізденуді үйрендім. Осылайша зерттей отырып мен әр зат атауларының өз тарихы бар деген шешімге келдім. Солардың ішінде кәмпит атаулары өте қызықты тақырып екен. Уақыт өткен сайын жаңа атаулар пайда бола бастайды, сол себепті алдағы уақытта мен бұдан да көп кәмпит атауларын, олардың шығу тарихын зерттеп отырмақпын. Және, әсіресе, балалар арасында сұранысқа ие кәмпит атауларын үш тілде шығаруды талап етуді болашақта өзіме мақсат етіп қойдым. Себебі, жеті жасқа дейінгі балалардың миы қабылдауға өте шапшаң екенін естігенім бар болатын, сол себепті кішкене балалар көп пайдаланатын кәмпит атауларын неге үш тілде жасап шығармасқа. Әсіресе, қазір балалар көп көретін сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің суретін салып және сол мультфильмдегі көріністерге байланысты сөздерді үш тілде жазып қойылса. Бұл кәмпиттер арқылы балалар өздерінің кейіпкерлерін танып, ондағы сөздерді оқыр еді және сол арқылы үш тілде сөздерді жаттай берер еді. Міне, мен мысал ретінде мынадай үш тілде жазылған кәмпит сырттарын ұсынар едім (суреттер интернет желісі арқылы алынған):



Біріншіден біз осындай сырты үш тілде жазылып, қапталған тәттіні жей отырып, тілді де тез үйренер едік. Бұл бізге үш тілді меңгерудегі үлкен көмекші құрал болады. Осылайша, Елбасымыздың айтқан бәсекеге қабілетті мемлекеттер санатына тез қосылып, өз тілімізді де әлемге мойындатар едік. Екіншіден, өсіп келе жатқан ұрпақтың сана-сезіміне дұрыс бағыт берер едік, яғни олар келешекте қолданатын заттар атауларына мән беріп, олардың аудармаларын біліп барып пайдаланар еді немесе қолданып жүрген заттарының да атауларына көңіл бөліп жүруге дағдыланар еді. Және өсе келе өздерінің киімдеріндегі жарқыраған жазулар тек сән үшін ғана емес, ондағы ақпарат үшін де өздерінің жауапты екенін ұғынар еді. Сонымен қазіргі таңда әлемдік тіл болып отырған ағылшын тілінде жастарымызды шүлдірлеп, мәңгүрттеніп, басқа елдің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеріп кетпес үшін осы бастан өз тілімізге деген құрметті де ұмытпауға дағдыланар едік.
Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтеріліп, мәңгілік тілге айналады.
Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда ағылшын тілін білу жас ұрпақтың жаңа ақпарат алуында үлкен мүмкіндіктер береді деген пікірмен келісуге болады. Ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету – парызымыз. Сондықтан да, біздің - жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімізді, өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтарымыз бен ұмтылысымызды арттыру арқылы Отанымызға деген махаббатымызды еселендіре түсер еді.
Үш тілде уйреніп, білім алып қана қоймай оны не үшін үйренуіміз керек екенін әрқашан біліп жүруіміз қажет. Осылайша мен зерттеу жұмысымды өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын жас ұрпақ ретінде, Үш тұғырлы тіл саясаты мемлекеттік тілді өшіруді емес, өсіруді, дамытуды көздейді деген сөзбен аяқтағым келеді.






















Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет желілері:

Мерцалов М.Н. История костюма



Английский язык. Учить английский язык онлайн. [сайт] URL: , свободный.
Караваева, Н.А.Наименования сладостейиособенности их передачи нарусский языквсказке Р.Даля"Чарли и шоколадная фабрика" //Учен.зап.Ин-тасоциал. игуманитар.знаний.















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!