Материалдар / Күндізбелік тақырыбық жоспар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Күндізбелік тақырыбық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2021
650
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсіндірме жазба

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.

Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар циклі пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән.

Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 3-сыныпта – аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.

Мұғалім дүниетану сабақтарында пән бойынша қосымша жұмыс түрлерін өткізе алады. Өткізу мерзімі мен жұмыс түрлерін мұғалімнің өзі анықтайды. Төменде ұсыным ретінде критерийлері бар жұмыстардың түрлері көрсетілген.

68-кесте – Пән бойынша қосымша жұмыс түрлері


Жұмыс түрлері

Критерийлер/Дескрипторлар

1

 «Сөздері кестеге бөлу»

 

Бұл жануарға тән (мұны жануарлар ғана жасай алады)

Бұл адамға және жануарға тән (мұны адам да және жануар да жасай алады)

Бұл адамға тән (мұны адам ғана жасай алады)

1




2




Іріктелген сөздер жиынтығын көмек ретінде беруге болады: тыныс алу, қозғалу, ойлау, жасау, тамақтану, ұрпағына қамқорлық жасау, түрлі машиналарды ойлап табу, сурет салу, әуен шығару, олжасының ізін аңду, ұзақ ұйқыға кету, азық табу, өсімдіктер өсіру, жануарларды асырау.

  • жануарларға не тән екенін біле алады;

  • адамға және жануарға не тән екенін біле алады;

  • адамға не тән екенін біле алады



2

«Өсімдікті таны»

Білім алушылар өсімдіктер туралы сипаттау мәтінін оқиды немесе тыңдайды.

- Мына өсімдікті атаңыз.

- Адамдар оны қалай пайдаланады?

- өсімдіктің атауын сипаты бойынша анықтайды;

- бұл өсімдіктің не үшін қолданылатынын біледі

3

«Жедел жәрдем» ойыны. Мысалы,

- Жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктер пайдаланылады? (алоэ, түймедақ, жолжелкен, орамжапырақ...)

- Қызуды басу үшін қандай өсімдіктер пайдаланылады? (таңқурай, лимон)

- Жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдік пайдаланылады? (валериан.)

- Қандай шөптің көмегімен қалай күн соққысынан құтылуға болады? (басқа түйежапырақты қою керек)

- Көруді жақсарту үшін қандай жемістерді адамдар тұтыну керек? (сәбіз, қаражидек.)

- Қай гүлдің тұнбасына шаш жуғанда сары түс береді? Оларды атаңыз. (гүл, түймедақ.)

- жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктердің қолданылатынын біледі;

- қызуды басатын дәрі ретінде қандай өсімдіктер пайдаланылатынын біледі;

- жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдікті қолданатынын біледі;

- қандай шөптің көмегімен күн соққысынан сақтануға болатынын біледі;

- адамдар көруді жақсарту үшін қандай жемістерді тұтынатынын біледі;

- қандай шөптің тұнбасына жуылған шаштың түсі сары түсті болатынын біледі



4

«Орман тыңшылары» ойыны

Балалар орманда болған төтенше оқиғаларды, табиғаттағы кез келген өзгерісті (ағаштардың кесілуі, сүйікті алаңындағы көп гүлдердің жұлынуы, бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.

- оқиғалар тізбегін құра алады;

- өз тұжырымдарын жасай алады;

- табиғатты қорғау туралы біледі

5

«Құстар асханасы»

Жобаның мақсаты – мектеп немесе үйдің ауласында құстардың тұрақты «асханасын» жасау және ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – құстарға арналған үйшіктерді дайындау бойынша әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің көрмесі. Жобаның үшінші кезеңі – «асхананың» салтанатты ашылуы (презентация)

- құстардың үйшігі туралы ақпаратпен жұмыс жасай алады;

- үйшікті жасай алады;

- үйшікті таныстыра біледі

6

«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті

Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.

- өзенді құтқару үшін өсімдіктер тамырының

пайдаланылатынын біледі;

- өсімдіктің белгілі бір түрін (тамыры мықты өсімдіктер) пайдалану керектігін дәлелдей алады;

- қандай өсімдіктің сол жерде жақсы жерсінетінін біледі;

- өз жауабын түсіндіре біледі

7

«Жасыл досқа» хат

Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде (ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі мүмкін: конвертке хат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады.

- қандай да бір жағдаятқа ене алады;

- хат жаза біледі

8

«Экологиялық мамандық» коллажы

Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын мамандық түрлері (орман шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, зертханашы және т. б.) туралы білу. Балалар осы мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. Бұл кезде білім алушылар осы мамандықтар туралы әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді.

- экологиялық мамандықтар туралы ақпарат жинай алады;

- осы мамандықтың таныстырылымын жасай біледі

9

Табиғаттың «Шағым кітабы».

Білім алушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардан келіп түсетін шағымдарды жазады.

Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның (жануарлар, өсімдіктер) жағдайын бақылау мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми әдебиеттерді зерделеу.

Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу.

Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап беру.

Үшінші кезең – материалдарды безендіру, балалардың шығармашылық жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.

- экскурсияда көргендерін салыстыра біледі;

- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай алады;

- өсімдіктер мен жануарлар атынан әңгіме жаза алады;

- өзінің шағын кітапшасын жасай алады

10

Экологиялық жағдаят

Жерге тасталынған банан қабығы біздің климатта шамамен 2 жылда ыдырайды.

Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ уақытта ыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне неше жыл қажет?

- пакеттің шіруіне неше жыл қажет екенін біледі;

- табиғатты қорғау жөнінде біледі


Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (69-кесте).


69-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

3-сынып

2

2

2

2

ДҮНИЕТАНУ


Барлығы- 34 сағат аптасына -1 сағат


Сабақ

Ортақ тақырып

Сабақ тақырыбы


Оқу мақсаттары.


I - тоқсан

Сағат саны

Мерзімі

Түзетулер

1

1


Жанды табиғат

Жер бетіндегі климат неге тәуелді?


3.2.2.1 жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды;

3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) орналасуын талдау.

1



2

2

Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?

3.2.2.1 жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтайды;

3.2.3.1 адамдардың табиғи жағдайларға байланысты (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) орналасуын талдау.

1



3

3

Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1

3.1.4.3.Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.

3.1.4.4 Табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау.

1



4

1


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Адамдар не үшін еңбек етеді?

3.3.5.2 тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру

1



5

2

Отбасы шығыстары қалай жоспарланады?

        1. өз шығыстарын жоспарлау және негіздеу;

3.1.1.5. өз шығыстарын оңтайландыру жолдарын ұсыну.

1



6

3

Адам досымен мықты.

Біз – әрқашан біргеміз!

        1. қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру;

3.1.2.4. өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.3.1.2.1 сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну;

1


578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!