Материалдар / Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 5 сыныпқа арналған, түсінік хаты бал. Жылдыққа құрылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2024
123
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Түсінік хат


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі»

оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;

2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;

3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;

4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).

5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

1) тыңдалым және айтылым;

2) оқылым;

3) жазылым;

4) әдеби тіл нормаларын сақтау.

6. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) болжау;

2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;

3) мәтіннен ақпаратты анықтау;

4) негізгі ойды анықтау;

5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;

6) сөйлеу мәдениетін дамыту.

7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) ақпаратты түсіну;

2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;

6) оқылым стратегияларын қолдану;

7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) жоспар құру;

2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

4) эссе жазу;

5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

6) мәтіндерді түзету және редакциялау.

9. «Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:

1) орфографиялық норма;

2) орфоэпиялық норма;

3) лексикалық норма;

4) грамматикалық норма;

5) пунктуациялық норма.

10. 5-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

      1) тыңдалым және айтылым:

      тірек сөздер арқылы тақырыпты болжау, негізгі ойды анықтау, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіру;

      2) оқылым:

      мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы тану, хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер, оқылым стратегияларын қолдану, қажетті ақпаратты таба білу;

      3) жазылым:

      мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру, хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу, сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу, эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу;

      4) әдеби тіл нормалары:

      орфографиялық норма: қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, үндестік заңы, емле заңдылықтары;

      орфоэпиялық норма: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал;

      лексикалық норма: сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер, синоним, омоним, антоним;

      грамматикалық норма: туынды сөздер, күрделі сөздер, зат есімнің мағыналық түрлері, сын есім, шырай категориясы, сан есім, мағыналық түрлері, төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі;

      пунктуациялық норма: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.



































Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Қазақ тілі» пәні 5-сынып

Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып–аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат;


Ауыспалы тақырыптар

Сабақтардың тақырыбы

Оқу мақсаттары

Cағат саны

Мерзімі

Ескерту


1-тоқсан – 27 сағат


1-бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас


1. Ана тілі

5.1.1.1 - тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;

5.2.1.1 - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

2



2. Дыбыс деген не?

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.4.1.1 -қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.

2



3. Түркітілдес халықтар

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.3.1.1 - берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;

2



4. Тілдік қатынас

5.1.1.1 - тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;

5. 3.4.1 -эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;

2



5. Сөйлеу мәдениеті

1 Ж/Б Диктант (грамматикалық тапсырма)

5.2.2.1 -лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану

5.4.1.1 -қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.


2



2-бөлім: Киім. Сән.

Талғам.

1. Ұлттық киім

5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,

5.4.2.1 -сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

2



2. Әшекей бұйымдар

5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.3.6.1 -мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

2



3.Ұлттық талғам

5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу;

2



4. Сұлулық сыны

5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

5.4.2.1 -сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу

1



5. Асыл тастар

2 Ж/Б

5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу;


2



3-бөлім: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

1. Қара шаңырақ

5.1.4.1 -тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

2



2. Асыл әже

5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру;

5.4.3.1 -тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздеркөркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

1



3. Бата беру

5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру;

5.2.4.1 - ауызекі стильдегі мәтіндердің

мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

1



Тоқсандық жиынтық бағалау

1



4. Ат қою

5.2.3.1 -хаттың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

2



5. Ас беру

5.4.3.1 -тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздеркөркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану;

1




2-тоқсан – 24 сағат





4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

1.Төрт түлік

5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру;

5.2.1.1 -мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

2




2. Егін алқабы

5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау

5.4.3.1 -омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

2




3.Құстар әлемі

5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру;

5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазу;

3




4. Дала өсімдіктері

5.2.1.1 -мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.3.6.1 -мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

2




5. Қайың ағашы

1 Ж/Б Мазмұндама

(грамматикалық тапсырма)

5.2.3.1 -хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазу;

5.4.3.1 -омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану;


3




5-бөлім: Бос уақыт және хобби

1. Апта-уақыт өлшемі

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.3.1.1 -берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;

5.4.4.1 - жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

2




2.Уақыт- алтын қазына

5.1.2.1 - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру; 5.2.3.1 -хабарлама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу

2




3. Хобби деген не?

2 Ж/Б

5.2.2.1 -лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.3.4.1 - эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;

3




4. Сүйікті іс

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу;

2




Тоқсандық жиынтық бағалау

1




5. Құсбегілік-хоббидің бір түрі

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.4.4.1 - жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;

2





3-тоқсан - 30 сағат




6-бөлім: Қиял әлемі

1.Сиқыршылық

5.1.1.1 -тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрация-лар арқылы тақырыпты болжау;

5.2.2.1- лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

2




2. Ағаштар неге ашуланды?

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

2




3. Байқоңыр

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

2




4. Бала қиялы

5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

5. 3.4.1 -эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

2




5. Менің сайгүлігім

1 Ж/Б

5.2.2.1- лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;

5.4.2.2 - зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану;

2




7-бөлім: Көлік және жол белгілері

1.Әлемдегі алғашқы көлік

5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;

2




2. Жол белгілері

5.1.4.1 - тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.3.3.1 -сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

2




3.Тіркемелі трактор

5.2.3.1 -нұсқаулық құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

5.4.4.4 -сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу

2




4. Метрополитен

5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;

2




5. Жолы болғыш үшеу

2 Ж/Б

5.2.5.1 - мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру

5.4.4.4 -сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу

2




8-бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі.

1. Қожаның портреті

5.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;

5.3.3.1 -сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;

2




2. Мінез-жанның айнасы

5.1.4.1 -тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5.4.4.3 -сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

1




3. Ұрлық түбі қорлық

5.1.4.1 -тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5.2.6.1 -оқылым стратегияларын қолдану:

жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

2




4. Жігіттің сұлтаны

5.2.4.1 - ауызекі стильдегі мәтіндердің

мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

5.3.1.1 -берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;

1




5. Игілік басы -ынтымақ

.5.2.6.1 -оқылым стратегияларын қолдану:

жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

5.3.3.1 -сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;

1




Тоқсандық жиынтық бағалау

1




6. Ер ел үшін туады

5.1.4.1 -тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

5.3.3.1 -сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

2




4-тоқсан - 27 сағат


9-бөлім: Аспан әлемінің құпиялары

1. Тіршілікке қолайлы ғаламшар

5.1.4.1 - тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

5.2.7.1 - энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу

2




2. Табиғаттың құпия сырлары

5.1. 6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу;

5.4.5.5 - төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру;

2




3. Алғашқы ғарышкерлер

5.2.7.1 - энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу

5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;

2




4. Ғарыш әлемі

5.1.4.1 - тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

5. 3.4.1 -эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

2




5. Кемпірқосақ

5.2.6.1 -оқылым стратегияларын қолдану:

5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;

2





6. Темірқазық пен Жетіқарақшы

1 Ж/Б

5.1. 6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу

5.4.5.5 - төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру;

2




10-бөлім.

Саяхат және демалыс

1. Тұңғыш саяхатшы

5.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

5.2.7.1 - энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу;

2




2. Әнші құм

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.3.3.1 -сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;


2




3. Шегесіз салынған мешіт

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.4.4.5 -төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру;

2




4. Аңызға толы сұлу Көкше

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.4.5.5 - төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану

2




5. Қызықты демалыс

2 Ж/Б

5.2.3.1 - хаттың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хатқұрастырып жазу

2




6. Кубаға сапар

5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;

5.4.4.5 -төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру;

2




Тоқсандық жиынтық бағалау

1




7. Өткенді қайталау

5.2.4.1 - ауызекі стильдегі мәтіндердің

мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;

5.4.4.5 -төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру;

2







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!