Материалдар / Күнтізбе(Сюжеттік аппликация)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күнтізбе(Сюжеттік аппликация)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2021
759
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

32-ұОқ. КҮнтізБЕ

(сюжеттік аппликация)

мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді

(шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диагональ бойынша қию.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-жапсыруда бейнелілік құралы ретінде түсті пайдалана алады;

-фигурлардың көлемдерінің әртүрлілігін айқындай алады;

-түпкі ойды тұрақты сақтап, өз әрекетін жоспарлай алады және жұмысын соңына дейін жеткізе алады.


Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасымен бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін қолдана алады;

-композиция заңдарын қолдана алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жапсырма жасау жөнінде ойларын ұсыну;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-ұжымдық жұмыс барысында пікір алмасу;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: ауыл – аул – village.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

күнтізбе, топ болып жұмыс істеу, сұлба бойынша қию.

талқылауға арналған сұрақтар:

Күнтізбе дегеніміз не?

Сен осы жыл ішінде нені үйрендің?

Саған бәрінен де қандай затты қиған ұнайды? Болашақта нені үйренгің келеді?

Алдыңғы білім

Күнтізбе туралы қарапайым түсінік. Ұжымдық жұмысқа араласу білігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.

Келіңдер, шеңберге тұрыңдар,

Бір-біріңнің қолдарыңнан ұстаңдар, Күлімсіреп қараңдар,

Күлкілер жүректерді жалғасын. Көңілсіздіктен жасыма, Шынайы күлсеңдер

Күн шуағы төгілер.

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою 2–5 минут

(ұ) Педагог балаларға сұраққа жауап беруді ұсынады.

Емен ағашы бар, ағашта он екі құстың ұясы орналасқан. Ал әрбір ұяда төрт сары шымшық тұрады. Мұның бәрі қайда сақталады?

Балалардың болжамдарын тыңдайды. Күнтізбенің шағын көрмесін көрсетеді. Ұжымдық жұмысқа атсалысуға шақырады. Тәрбиеленушілер сабаққа дайындықты тексереді.

Әртүрлі күнтізбелердің үлгілері.


III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарап, күнтізбелердің не үшін қажет екені туралы ой тарқатады.

Күнтізбе – мерекелік, демалыс және естелік күндері көрсетілген, бір жылдағы күндердің тізілімі.

  • Сен мектеп өмірінің табалдырығында тұрсың. Мектеп күнтізбесі саған және сенің достарыңа қызықты күндер мен мерекелерді өткізіп алмауға көмектеседі. Достарыңмен бірге күнтізбе жасап көр. Ол үшін көлемі үлкен қағаз қолдан.

  • Қиюдың қандай тәсілін қолданасың? Қандай материалдар қажет? Қуаныш топқа бөлінуді ұсынады: бірінші топқа жырту жапсырмасы тәсілімен фондарды дайындайды, екінші топ киіз үйдің сұлбасын сызып, қиып алады, үшінші топ – киіз үйлер мен күнтізбені жапсырады.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығу Апта күндері

Дүйсенбіде кір жудым, (жұдырықтарды бір­біріне ысқылаймыз) Сейсенбіде еден сыпырдым, (алақанмен үстелдің үстін сүрткендей қимыл жасаймыз)

Сәрсенбіде нан пісірдім, (бәліш пісіру)

Бейсенбіде доп іздедім, (оң қолды маңдайға жақындатып, «күнқағар» жасаймыз)

Жұма күні ыдыс жудым, (сол қолдың саусақтары жартылай бүгулі, алақан қырымен тұр, оң қолдың саусақтарымен сол алақанды кесе жуғандай, сипаймыз)

Сенбі күні торт сатып алып, (алақанды ашып, шынашақ бағытында бүгу) Жексенбі күні құрбыларымды қонаққа шақырдым (алақанмен өзіне қарай сілку).

Әліппе-альбом.









Музыкалық үзіліс.


(ұ) Аппликацияны орындау технологиясы

Түрлі-түсті қағаз, жай


IV. ұОқ

Балалар жыл ішінде жинақтаған тәжірибелерін қолданады. Киіз

қарындаштар, қайшы,


қорытындылау.

үйлерді қиып алады, қағаз жыртады, күнтізбелерді дайындап,

ПВА желімі (немесе


Рефлексия.

композицияны жапсырады.

желім-қарындаш), желімге


26–30 минут

Жырту техникасымен жұмыс істеген кезде педагог балалардың

арналған жаққыш, сулық



назарын бөлшектердің түстері бойынша бөлек-бөлек жиналатынына

клеенкалар.



аударады.




Негізгі беттің шағын бөлігіне желім жағып, желімделген бөлікке қағаз




бөлшектерді орналастырады.




Қайшымен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін еске салады.




Киіз үйлерді қиған кезде балаларға белгілі қағазды екіге бүктеу тәсілі




қолданылады. Жылдағы айлар санына байланысты киіз үйлердің саны




да он екі болуы тиіс.




Күнтізбе принтерде (немесе баспаханада) басып шығарылады, қиылады




және киіз үйлерге жапсырылады.




Тәрбиеленушілер дайын бөлшектерді негіз-қағазға орналастырып




көреді, одан кейін әзірлемені жапсыру туралы шешім қабылдайды.




Педагог тәрбиеленушілерге жұмыс орнын ретке келтіру керектігі




туралы ескертеді.




(ө, ұ) Рефлексиялық бағалау.




Жұмыстар талқыланып, нәтиже қорытындыланады:




  • аудиалдар: ауызша, жаппай: саған бүгінгі сабақ ұнады ма, сенің




ойыңнан шықты ма?




  • кинестетиктер: «бет» карточкасы таратылады да, балалар оған




ауыздың суретін салып, өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы




көрсетеді.




6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!