Материалдар / Күрделі есептерді шешу 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күрделі есептерді шешу 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2021
1469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Математика" пәні бағдарламасының құрылымы


1.Курстың нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, бастауыш білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, бастауыш мектептің басқа пәндерімен байланысы.

2.Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасы. Мектепалды дайындық пен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы бағыттылық пен сабақтастық.

 

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізінен қалайды және осыларды игеру процесі – оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз да берік, және табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге себін тигізеді.

Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде кіші жастағы мектеп оқушыларын оқыту барысында туындайтын оқу тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шешу үшін қажет болатын құзырлылықпен қаруландыру болып табылады.

Пәннің негізгі міндеттері:

- кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытуды ұйымдастырудағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру;

- кәсіби іс-әрекетке қажет болатын кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыруға себепкер болу;

- - бастауыш мектеп математикасының әдістемесі бойынша курс және диплом жұмыстарын орындауға қажет болатын қарапайым зерттеу біліктерін дамыту болып табылады. |

Пәннің нысаны ‑ бастауыш сыныптар мұғалімінің жоғары педагогикалық :кәсіби білім беру кұрамдасы ретіндегі әдістемелік-математикалық білім.

Пәні - кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқыту әдістемесі бойынша болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.

Пәнді оқытып-үйрету әдістері - әр түрлі түпнұсқалардан, оның ішінде сабақтарға катысу, СОӨЖ бен СӨЖ-ді орындау барысында ақпарат алу; ғылыми-педагогикалык және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу; бақылау мен педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу; озық педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау; әнгіме, сауалнама жүргізу; тестілеу және т.б.

Сонымен бастауыш сыныптарда математиканы оқыту келесі өзәра байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:

1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;

2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;

3. Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;

4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.

Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру тәсілдерін (формаларын) іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрлысын анықтау болып табылады.

2.Бастауыш мектептің математикасын окыту әдістемесінің қазіргі заманғы даму тенденцияларына математиканы оқытудың қазіргі заманғы технологияларын жүзеге асыратын альтернативті оқулықтарды дайындаудың мүмкіндіктерін, әр түрлі ңұсқадағы ОӘК-ні дайындау негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді, кредиттік оқыту технологияларына көшумен байланысты БОПӘ мамандығы бойынша оқу құралдарын дайындауды жатқызуға болады. Қазіргі танда бастауыш мектепке арналған жаңа бағдарламалар дайындалуда. Оның негізіне кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың кұзыреттілік, жеке тұлғаға бағытталған, іс-әрекеттік, денсаулық сақтау тұрғысынан қарау мәселелері жатқызылады.

05010200 ‑ Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде әр төрт жылдан кейін өңделіп, жетілдіріліп, жаңартылып, оның жаңа нұсқасы іске қосылады. Оның үстіне мектептердің 12 жылдық білім беруге көшуі жаңа жағдайда педагогикалық әрекет жасауға дайын болатын жаңа формация мұғалімін дайындауға себепші болып отыр. Осының бәрі математиканы оқыту әдістемесі бойынша типтік бағдарламаны дайындаудың қажеттігін көрсетеді.

Типтік бағдарламаның негізгі бөлімі бес бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде қарастырылады, ол өз кезегінде студенттерге ғылымның нысанын, пәнін, мақсаттарын, міндеттері мен әдістерін, оқу пәнін оқытып-үйретудің мақсаттылығын сезінуге мүмкіндік береді.

«Математиканың бастауыш курсы - оқу пәні» бөлімі бағдарлы-мотивациялық қызмет атқарады, мұнда студенттер оқу пәні ретіндегі математиканың нормативті-құқықтық және мазмұндық-процессуалдық сипаттамасымен танысады.

«Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру» бөлімінде математиканы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негізі, оның негізгі формасы ретіндегі сабақ, математика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы оқытылып-үйретіледі. Бұл болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінде сабақтарда оқыту мен математикадан сыныптан тыс жұмыс үдерісін ұйымдастырумен байланысты дидактикалық біліктер қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері» бөлімінде курс мазмұнының ұксастығына қарай желілерге, мазмұн мен әдістемесінің ұқсастық желілеріне сипаттама беріледі, математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің материалдарын оқытудың жалпы мәселелеріне ерекше мән беріледі, бұл өз кезегінде студенттердің бастауыш курстың пәндік мазмұны мен оны оқытудың әдістемесін бағдарлай алуына мүмкіндік береді.

«Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқытудың технологиясы» бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады. Бұл математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын игеруге себепші болатын теориялык білімді әр түрлі жағдаяттарда қолдана алудың практикалық біліктеріне машықтандыруға мүмкіндік туғызады.

Математиканы оқыту процесiнде балалардыє бiлiмi мен бiлiктерiн,танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл-ғылымның әр түрлi салаларының арасында айқын шекарара жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста боллатыны туралы түсiнiктердi, сондай ақ дүниеге ғылыми көзқарасты калыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын,өзара байланысын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежелiп қалмай, әрi қарай жалғастырып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге көшудiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.

Математика ны оқыту процессiнде белгiлi бiр пән аралық байланыстар iске асырылады.

Математика мен қазақ тiлiнiң арасындағы байланыстар:

-грамматикалық және математикалық ережелердi пайдалануы;

-математикалық терминдер енгiзу арқылы тiл балығының артырылуы;

-сөйлем құрастыру барысында модельдеудiң пайдаланылуы;

-сөйлемдегi сөздер байланысының сызбаның көмегiмен өрнектелуi;

-сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тiлдiнiң дамытышлуы;

-өлең жолдарындағы буын сандарының теңдiгi;

-матеаматикалық тiлдiң қалыптастырылуы.

Математика мен әдебиеттiк оқудыє арасындағы байланыстар:

-көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгiлерiн салыстыру арқылы анықтау және ажырату,теєеулердiє қолданылуы.

-халық ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң: жұмбақ, жаңылытпаш ,санамақ, қаламақ, мақал мәтелдер,ойын өлеңдердiң және тағы басқа математика сабақтарында пайдаланылуы;

-көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың iшкi сезiмiне түрткi салу,ақыл-ойын,санасын жаңғырту және дамыту;

-көркем шығармаларда сипатталатын ата-дәстѕр,ұлттық салт-сана,әдет-ғұрып, үлгi-өнеге,тәлiм-тәрбиелiк материалдарды математика мазмұнына сiңiру;

-ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгi есептердiң мазмұнын саналы түсiну мақсатында ана тiлiн ерiк пайдалану.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:

-дүниедегi құбылыстарға дәл де адал баға бере бiлу;

-өзiндiк пiкiр айта бiлу және оны дәлелдеу,өз көзқарасын бiлдiру;

-мтематикалық есептердiң мазмұны арқылы өзiн қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтiру;

-айналадағы дүниеде танып бiлген,жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында пайдалану;

- елiмiздiң әлеуметтiк

-экономикалық дамуын, байлығын,шаруашылығының түрлерiн, ғылым мен мәдениетiн, табиғатын сипаттайтын фактiлердi,деректердi, мәлiметтердi және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерiнiң арасындағы байланыстар:

- заттарды түсiне, пiшiнiне, өлшемiне қарай салыстыру;теңестiру,кеєiстiк жайында тѕсiнiк қалыптастыру

- кескiндеу,бейнелеу,безендiру,кұрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдiктiң және симметрияның пайдаланылуы

- көркемсуреттi байқау, көру, бақылау, ажырату,сезiне отырып қабылдау, салыстыру, теңеу

- көркемсурет шығармалары арқылы баланың iшкi сезiмiн, және көңiл-күйiн ояту, дамыту

- Ұлттық ою өрнектермен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математикамен еңбекке үйретудiң арасындағы байланыстар:

- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық бiлiмдерiн өмiрде,.нақтылы жағдайларда практикалық мәселелердi шешу үшiн пайлалана алуын қалыптастыру.

- күнделiктi өмiрге және тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауда математикалық бiлiм,бiлiк дағдыларын пайдаланылуы.

-құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдiктiң және симметрияны пайдалануы.

Математика мен саздың арасындағы байланыстар:

-саздық әуен мен ырғақта математикалық дәлдiктiң және сан мен үлестiң пайдаланылуы;

-нота сауатында математикалық бiлiмнiң пайдаланылуы;

-халықтық ән, би күй,айтыс және термелердi математика терминiне сiңiру;

-саздық жарларды ажырату,салыстыру.

Математика мен дене тәрбиесiнiң арасындағы байланыстар:

-баланың кеңiстiктi болжауы және сәйкес қолданылуы ;

-уақыт аралығы жайында түсiнiктердiң қалыптастырылуы;

-баланың қимыл қозғалысындағы реттiк тәртiп және дәлдiк,

-қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы.

Осы тұрғыдан анықталған білім мазмұны бастауыш мектепке арналған мемлекеттік стандарт пен бағдарламада келтірілген.

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр.

Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады.

Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.

Бағдарлама классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика әзірлеген мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдеріне, ішінара «Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасының» базалық қағидаларына сүйенеді.

Бағдарлама құрастырушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі қағидаларын бейнелейтін, бүгінгі күн талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді мақсат етіп қойды.

Бағдарлама, ең алдымен, оқыту әдістемесін ғана емес, сонымен бірге, бақылау мен бағалау, өз іс-әрекетін жобалау мен баланың дамуын болжау әдістерін меңгерген шығармашыл педагогке арналған.

Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны позитивті әлеуметтенуді қамтамасыз етуге және балаларға негізгі құзыреттіліктерді меңгертуге, сонымен қатар әлеуметтік ортадағы оң қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламалық материалды іске асыруда басты бағдар педагог пен тәрбиеленуші қарым-қатынасының құзыретті жүйесіне өту болып табылады. Құзыреттілікті танымдық мәселелерді дербес шешуге, өз айқындамасын анықтауға және адамға қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін орындауға қажетті даму деңгейі ретінде қарастыра отырып, бағдарлама құрастырушылары, бұрынғы мектепке дейінгі балаларға арналған бағдарламаға қарағанда, осы бағдарлама әрбір мектеп жасына дейінгі баланың жеке мүмкіндіктеріне бағытталған деп есептейді. Бала бағдарламалық материалды меңгергенде өзінің іс-әрекетін өзі жоспарлауды, мақсат қоюды, оған қол жеткізу жолдарын табуды үйренуі тиіс.

Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының алдыңғы және кейінгі сатылармен сабақтастығы айқын көрінеді.

Балалардың қажеттілігіне бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңаша қарау бағдарламаны құрастыруда тәрбие міндеттерін біртіндеп күрделендіруді және оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдануды қажет етеді. Мұндай жол барлығы түсіндірілетін және, көбінесе, баланың орыңдаушылық қасиеттері қалыптасатын оқытумен салыстырғанда, шығармашылық қабілеттілікті, дербестікті, дамытуға бағытталған.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі міндеттері:

- бала бойында маңызды шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік дамытушы орта құру;

- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық тәжірибе мен бала әрекетінің басқа да түрлерін қалыптастыру;

- патриоттық және Қазақстанның мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;

- көп этникалық және көп мәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастарды үйлестіру процесінде маңызды звено болып табылатын ұжымда ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында дамыту мен тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен мүмкіншіліктерін пайдалану;

- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бала денесінің толыққанды дамуы үшін қолайлы кеңістік құру;

- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.

Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың нәтижесі - үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға даяр тұлға болып табылады.

Бағдарлама бес білім беру саласын («Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») қамтиды және баланың мектепте білім алуға бағытталған әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.

Бағдарлама мазмұнын іске асырубелгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

«Таным» білім беру саласындабаланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.

«Шығармашылық» білім беру саласында баланың қоршаған ортаға деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдардың дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттері қалыптасады. Балалар шығармашылығы - өзін, өзінің мүмкіндіктері мен қоршаған ортаны танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласындаәлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта төрт білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырады.

Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасауын, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға икемділік, мәдени және экологиялық сауаттылықты қалыптастыруға басты орын берілген.

Бағдарлама тәрбиешілерге, әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілеріне, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған. Бағдарламада базистік оқу жоспарына сәйкес ұзақтығы 25-30 минут болатын 15 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) қарастырылған.

Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және қазіргі білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетіне жаңаша қарауды ұсынады.

Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларды меңгеру деңгейі бойынша күтілетін нәтижелер аныкталған.

Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.

Бағдарлама түсіндірме жазба, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінде жүзеге асатын бес білім беру салаларының бағдарламалық мазмұнынан тұрады.

Бағдарламада ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әр түрі бойынша бағдарламалық материалды меңгеру көрсеткіштері ұсынылады.

Қосымшада:

1) қимылды ойындардың шамалық тізімі;

2) ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары;

3) сурет салу, жапсыру, мүсіндеуден сабақтардың шамалық тақырыптары;

4) өнермен таныстыру үшін шамалық шығармалар;

5) музыкалық репертуар мен музыкалық-дидактикалық ойындар беріліп отыр.

Бақылау сұрақтары:

1.Курстың нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, бастауыш білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі қандай?

2.Бастауыш мектептің басқа пәндерімен байланысын ата.

3.Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасы қандай?

4. Мектепалды дайындық пен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы бағыттылық пен сабақтастықты ата.

 

Әдебиеттер:

1. Оспанов Т.К., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. - Алматы: «Атамұра», 2005.

2.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.К.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, «Фолиант», 2007.

3.Кдырбаева А.А. и др. Внеклассная работа по математике в начальной школе. - Алматы, 2000.

4.Акпаева А.Б., Лебедева Л.А. Методика обучения математики младших школьников. - Алматы, 2008.

5.Акпаева А.Б. Практические и лабораторные занятия по методике преподавания математике в начальной школе,- Алматы: АГУ им. Абая. 2003.

6.Астамбаева Ж.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы. (Практикалык, лабораториялық сабақтар, СОӨЖ). - Алматы, 2008.

7.1-4-сыныптарга арналған математикадан ОӘТ. - Алматы: «Атамұра», «Алматы кітап» баспалары. 2008-2010.

8.Алиева К.С.,Байдыбекова Е.И. Бастауышта математиканы оқыту әдңстемес

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!