Материалдар / КҮРІШ СОРТТАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ӨНІМДІЛІГІНІҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КҮРІШ СОРТТАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ӨНІМДІЛІГІНІҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ЖОО-дағы студенттер мен оқытушыларға дессертацияға жазуға көмектесетін материал болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«КҮРІШ СОРТТАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ӨНІМДІЛІГІНІҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ»

Ноғай Айдана Нұржанқызы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Алматы қ., nogay.aidana@mail.ru


Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында өсімдіктер шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы - бұл астық өндірісі. Сондықтан астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту Еліміздің азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезектік міндеттерінің бірі болып табылады. Ал, Қазақстандағы ең ірі күріш өсіруші аймақ - Арал өңірі жағдайында ауыл шаруашылығын көтерудің негізгі бағыты – күріш егіншілігін қарқынды дамыту [1,2,4].

Күріш – ең көне әрі өте маңызды дақылдардың бірі. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 147 млн. гектардан астам жерлерде өсіріледі. Күріш дәнінің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға, 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі он жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа көрсеткіші 700 млн. тоннадан асты. Адам баласының жартысынан көбіне азық болған күріш астығы өндірісінің көлемі, БҰҰ мамандарының болжамына қарағанда, 2020 жылдары 7%-ға өсіп, 750 млн. тоннаға жетеді. Сондықтан әлемдегі 4,6-5 млрд. адамдардың негізгі азығы және олардың өсіп өркенднуі күрішке байланысты болуы мүмкін [1,2,3,4].

Күріш егіншілігі Сырдария және Іле мен Қаратал өзендерінің бойындағы алқаптарда орналасқан. Бұл өлкелердің топырақ мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен мол өнім алуға қолайлы. Ғалымдардың мәліметі бойынша 40-50º ендікте түсетін фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) мөлшері 3,2-2,0 млрд. ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400-250 центнерге дейін жетеді. Осы ендікте Қазақстандағы күріш өндіруші ең үлкен аймақ - Сыр өңіріде орналасқан. Яғни, күріш егісіндегі жоғарғы өнімнің қалыптасуына қажетті күн сәулесі радиациясының мөлшері жеткілікті. Бірақ, Арал теңізінің тартылуына, Сырдария өзені суының мөлшері азайып, жер асты суының минерализациялануына, суармалы жерлердің қайталама тұздануының күшейуіне байланысты туындаған экологиялық дағдарысты жағдай салдарынан бұл өңір тек геофизикалық және метеорологиялық жағынан ғана өзгеріп отырған жоқ, сонымен қатар биологиялық және экологиялық тепе - теңдікте бұзылып барады. Мысалы, Қызылорда облысындағы 217.6 мың гектар суармалы жерлердің 80-85%-ы орташа және жоғарғы деғгейде тұзданып сортаңданған, ал 28,3 мың гектары күшті деңгейде тұзданғандықтан игерілмей, айналымнан шығып қалып отыр. Күріш астығы экономикалық тұрғыдан тейімді болғанымен аталған жағдайлар әсерінен бұл бағалы дақылдың егіс көлемін азайтуға шаруашылықтар мәжбүр болып отыр. Сондықтан күріш егісі өнімділігін арттыру бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі [1,2,9,10,11,12] .

Бұл проблемманы шешу - күріштің фотосинтетикалық әрекетін жан- жақты терең зерттеп, фотосинтез процесінің негізгі заңдылықтарын, параметрлері мен көрсеткіштерінің өзара байланысын зерттеу арқылы жоғарғы дән өнімінің қалыптасуын арттыруға болады. Сонымен бірге, күріштің ең жоғарғы өнім беретін агроценозының морфофизиологиялық, морфоанатомиялық және фотосинтетикалық параметрлерін белгілеп, мол өнімді сорттар моделін тұжырымдау керек. Күріш дақылдарының фотосинтетикалық аппаратының қалыптасуын оптимизациялап қолайландыру – әр түрлі өнімді күріш сорттарының нақты агроценоз жағдайындағы ерекшеліктерін мұқият зерттеу арқылы анықталып белгіленеді. Күріш сорттар агроценоздарының фотосиететикалық процестері мен морфофизиологиялық және морфоанатомиялық қасиеттерін зерттеп, олардың өзара байланысын анықтау күріш егіншілігі өнімділігін арттыруға және селекциядағы проблеммаларды, жоғарды өнімді, экологиялық толерантты (шыдамды) сорттар моделін жасауда, тыңайтқыштарды қолдануды оптимизациялап қолайландыру шараларын шешуде үлкен мүмкіндіктер туғызады [2,3,13].

Қазіргі кезеңде атмосфераның, судың, топырақтың өндіріс қалдықтарымен және машина шығарындыларымен күшті деңгейде ластануына байланысты кұріш дақылы сорттарының өсіп дамуына, биомассасының жинақталуына (құралуына) ауыр металдар тұздарының әсерін салыстырмалы тұрғыда зерттеу өзекті, практикалық маңызы бар мәселенің бірі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Күріш өсімдігінің Маржан (стандарт), АйСауле (жаңадан аудандастырылған) және Титан (Ресей селекциясы) сорттарының құрғақ биомасса жинауына мыс (Cu), мырыш (Zn), кадмий (Cd) металл тұздарының әртүрлі концентрацияларына (5 мг/л, 10 мг/л, 25 мг/л) реакциясын салыстырмалы түрде зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Күріш сорттары тұқымының өнуі мен өсу жылдамдығына ауыр металдар ZnNO2, CuSO4, CdCl3 тұздарының әсерін зертханалық жағдайда анықтау;

2. Әртүрлі концентрациядағы ауыр металдар (мыс- Cu, мырыш- Zn, кадмий- Cd) тұздарының күріш сорттары биомассасының жинақталуына әсерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Күріш сорттары тұқымының өнуі қарқындылығы мен биомассасының құрылуына (жинақталуына) ауыр металдардың әсері алғаш анықталды. Күріш сорттарының әдепкі өсіп дамуы кезінде ауыр металдардың (Cu, Zn, Cd) әсерінен күріш сорттарының биомассаның жинақталуы елеулі деңгейде төмендеді. Күріш өсімдігінің Маржан, АйСәуле, Титан сорттарының биомасса жиналуына ауыр металдар мыс (Cu) пен мырышқа (Zn) қарағанда кадмийдің (Cd) әсері басым екені дәлелденді. Ауыр металдардың улы әсері төмендегі ретпен: кадмий > мыс > мырыш күшейетіні анықталды. Маржан сортының биомасса жинақтауы орташа (10 мг/л) және жоғарылау (25 мг/л) концентрацияда Титан, АйСауле сорттарына қарағанда өсуі көбірек тежеледі, яғни ауыр металдарға, әсіресе кадмий тұздарына төзімділігі төмен екендігі анықталды. Ауыр металдардың күріш өсімдігінде артық мөлшерде жинақталуы дақыл тіршілігі үшін маңызды физиологиялық-биохимиялық процестерге қауіп төндіреді. Әдепкі өсу дәуірі кезіндегі күріш сорттарының биомассасының жинақталу көрсеткіштері жаңа сорттардың морфофизиологиялық және агроэкологиялық моделін жасағанда алғашқы материалдар есебінде пайдалануға болады. Қорғауға ұсынылған негізгі мәселелер:

- күріш сорттары тұқымының өну энергиясына (жылдамдығына) әртүрлі концентрациядағы ауыр металдар (Cu, Zn, Cd) тұздарының әсері;

- әртүрлі концентрациядағы (5 мг/л, 10 мг/л, 25 мг/л) ауыр металдар тұздарының (CnSO4, ZnNO3, CdCl2) күріш сорттарының әдепкі өсу кезеңінде биомасса жинақтауына әсерін анықтау; зерттелінген сорттардың төзімділігін салыстырмалы тұрғыда зертеп анықтау;

- күріш сорттарының биомасса жинақталу көрсеткіштерін болашақ сорттардың морфофизиологиялық моделін тұжырымдауда алғашқы материал ретінде пайдалануға мүмкіндігін анықтау.















1 Зерттелу тарихы



Мәдени күріш немесе екпе күріш (Oriza sativa L.) біржылдық өсімдік – астық тұқымдасына жататын бағалы астық дақылы. Күріш - ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде бидайдан кейінгі маңыздылығы және тамақ өнеркәсібі жағынан күріш екінші болып саналады. Бүкіл әлем бойынша егу аймағы жағынан екінші орында болса, ал өнімділігі бойынша бірінші орында – бір гектардан – 6 - 8 тоннаға дейін өнім алынады [2,3,4,5].

Күріш дақылы әлемнің 112 елінде 147 млн. гектардан астам жерлерде өсіріледі. Бұл бағалы дақылдың дән өнімі 1995 жылы 433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі он жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық орташа мөлщері 700 млн. тоннадан асты. 2020-2030 жылдары бұл көрсеткіш 750 млн. тоннадан асады деген болжам бар. Күріш өнімділігі гектарына 80-110 ц/га және оданда жоғары болған жағдайда әлем халықтарының 80-90%-ын күріш астығымен қамтамасыз етуге болады. Агротехнологиясы реттелген жағдайда өсірілетіндіктен күріштің дән өнімін көп мөлшерде арттыруға болады. Көптеген елдерде күріш селекциясы мен генетикасына зор мемлекеттік қолдау нәтижесінде, жоғары өнімді, интенсивті сорттар шығарылып өндіріске енгізілді және жаңа, интегра-цияланған комплексті агротехника жүйесін қатал сақтап қолдану арқылы кейбір елдерде, мысалы Египетте және Австралияда орташа өнім 97-91 ц/га деңгейіне жетті, Жапонияда 67 ц/га, Кореяда 66 ц/га, Кытайда 62 ц/га дән өнімі алынды. Бірақ, мұндай жоғары өнім көптеген елдерде, соның ішінде Арал өңірінде алу оңай емес [3,4,5]. Күріш өндіру жағынан Қытай мен Индия алдыңғы қатарда, олар дүниежүзілік күріш өндірісі көлемінің тиісінше 35% және 21%-ын өндіреді. Одан кейінгі орындарды Индонезия, Вьетнам, Бангладеш, Тайланд, Бирма, Филиппин, Бразилия, АҚШ иеленеді.Күріш негізінен өндірілген жерінде қолданылатын өнім, оның 14-15%-ы ғана экспортқа шығарылып, сатылады. Дегенмен күрішке деген тұтынушылық сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. БҰУ-мы жанындағы Азық-түлік және Ауылшаруашылық ұйымының болжамы бойынша 2020-2030 жылдары күрішке деген сұраныс әлем бойынша жылына 781 млн. болуы мүмкін [2,5].

Күріш дақылының таралу ареалы өте кең. Климаттық өзгерістерге, топырақ жағдайына, әртүрлі суару режиміне бейімделіп және географиялық оқшаулану, табиғи сұрыпталу және селекция нәтижесінде Oriza sativa L. туысы дифференцияланып, жіктеліп, әртүрлі сорттар тобына бөлінген. Олар географиялық расаларға (экорасаларға), яғни indica (индиялық), jароnіса (жапондық), jаvаnіса (явандық) түр тамақтарына бөлінеді. Сұрыптаудың ең негізгі құрылымы ретінде әр түрлі сорттар, гибридтер алу, яғни будандастыру кезінде жұп таңдау болып келеді. Күріштің егістік коллекция түрлерін жинау үшін көптеген көлемде жер қажет, және де оған үнемі бақылау керек, яғни айтарлықтай материалдық шығындарды талап етеді; түрлер аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларында өлімге ұшырауы мүмкін (шөл, аяз, өрт және т.б.) [1,2,5] . Күріш адам өмірінде өте маңызды орын алатын көне дақылдардың біріне жатады. Оның тарихы адамзаттың ерте заманғы даму тарихымен ұштасып жатыр. Бұл дақыл әлемнің 100-ден аса елінде 150 млн.га жерде өсіріледі. Сексенінші жылдардағы күріш астығының жалпы өнімі 400 млн.тоннадан асты. Алайда тікелей жазба деректердің болмауына байланысты күріштің дәл қай кезден бастап мәдени дақыл ретінде егіле бастағаны белгісіз болып отыр. Ғалымдардың (Е.П.Алешин, 1993; Дао Тхе Туан, 1960) айтуы бойынша күріш Үндікытай жерінде біздің заманымызға дейінгі 5000-3000 жылдары белгілі болған. Ол жақтан кейін шығыска – Қытай мен Жапонияға және батысына – Парсы елі мен Мессопотамияға тараған. В.Л. Комаров күріш жөнінде Кытайдың көне әдебиетінде бұл дақылдың жалпы егіншілік басталғаннан бері қолданыста болғанын айтады. А. Декандоль Қытай колжазбаларынан үзінді келтіре отырып, күрішті біздің заманымыздан 2800 жыл бұрын еге бастаған дейді.

Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық мәліметтерге қарағанда, күріштің жабайы түрлерін мәдени түрге айнаддыру бұдан 20 мың жыл және одан да бұрын Үндіқытайда жүзеге аскан. Біздің эрамыздан бұрын (б.э.б.) 1V мыңжылдықта аталған аймақта күріш егіншілілігі қалыпты дамыған. Үндіқытайдан күріш Кытайға жеткен, одан Маньчжурия, Корея, Жапония елдеріне тарап, егіле бастаған. Үндістанның бастысында да күрішті екпе түрге айналдыру осы тұста жүзеге аса бастаған [2,5,6,7].

Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық қазбаларда табылған күріш үлгілеріне карап, вьетнам ғалымдары бұл дақыл Азия елдеінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр. Н.И.Вавилов өсімдіктердің мәдени және екпе дақыл түріне айналған жерлердің 8 орталығын анықтаған. Оның ішінде күріш екінші Үңдістан аймағынан, бұған Бирма және Ассам қосылады [2,6] Г.Г. Гущиннің пікірінше, күріш Гималай тауының оңтүстік-шығыс беткейі етегіндегі жауын-шашыны мол жерлерден шыққан, ал Р.Ю. Рожевиц күріштің шыққан жері Үндістан, Үндіқытай немесе Қытай деп есептейді. Алайда П.С.Ерыгин [8] физиологиялық қасиеті және анатомиялық құрылымы бойынша күріш - гигрофиттік өсімдік, ал оның кұрғақта өсетін кейбір түрлерінің, суда өсетін түрлерінен шыққан экологиялық топ екенін дәлелдеді. Тарихи, лингвистикалық, археологиялық және фольклорлық мәліметтерді жинап тұжырымдау аркылы Дао Тхе Туан [7] күріштің шыққан жері Онтүстік-Шығыс Азия деп есептейді. Н.И.Вавилов, Дао Тхе Туан [7] үш түрлі аймақты атайды: біздің заманымыздан бұрынғы (б.з.б.) 3000 жылдан бастап Оңтүстік Кытайда, б.з.б. 2000 жылдан бастап Индияда және б.з.б. 1000 жылдан бастап Үндікытайда күріш өсірілген.

Қытаймен байланыс орнағанға дейін күріш түрлері Үндістаннан әкелінген. Майда дәнді, ортаға төзімді мұндай күріш түрлері континенталды ауа райы жағдайына бейімделіп өскен. Осы түрлерден майда дәнді, жартылай қатты қылтықты ортаазиялық күріш түрлері пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы I ғасырдан бастап Қытаймен сауда байланысы орныққаннан кейін, әкелінген ерте пісетін сорттар Орта Азия жағдайында бұл сорттарда катты қылшық пайда болып, масақтар көлемі үлкейген. Осы күріш түрлері арасынан ірі дәңді ортаазиялық сорттар шыққан [2,6]

Е.П.Алешиннің [1993] пікірі бойынша, б.з.б. 5000-4000 жылдары бұрын Үндіқытайдағы тегіс жерлерде жақсы дамыған күріш егіншілігі болған. Осы кезеңде күріш егіншілігінің дамуына әсер еткен жағдайлардың бірі – су ішінде жұмыс істеуге бейімделген буйволдардың (буффало) қолға үйретілуі. Буйвол-дардың тұяғы жалпақ әрі мықты, сондықтан оларды олай-бұлай жүргізу арқылы ылғалды топырақ жақсы өңделеді. Бұйволдарды пайдалану әдісі сосын Қытайға тағы басқа елдерге таралған [2].

Орталық Азияда және Арал өңірінде Х11-Х111 ғасырда суармалы егіншіліктің көлемі ұлғайды. Суару негізгі үш тәсілмен жүргізілді: а) суланды-ру, онда егістікке уақытша су жіберілген; б) су басу арқылы, яғни судың бір деңгейде көтерілгенінше үнемі су ағызып отыру; в) бороздаларға (арықша-ларға) су жіберу. Суарудың бірінші тәсілі бидай, жоңышқа еккенде қолданыл-ған, екіншісі – күріш егісінде, үшіншісін – жүгері және басқа дақылдарды суарғанда пайдаланылған [8А].

Қорыта айтқанда, Орталық Азия аймағы күріш егіншілігің ең көне аймақтарының біріне жатады. Орталық Азиядан күріш басқа аймақтарға, оның ішінде Сыр өдайңіріне тараған. Казақстанда күріш егіншілігі негізінен Іле мен Қаратал өзендері алқабында (Ақдала мен Қаратал массивтері) және Сырдария өзені бойыңда (Кызылкұм массиві мен Қызылорда облысы) орналасқан [1,2,3].

Жапондық ғалымдар С.Такана 1900 жыл, Киппива 1912 жылы, Като мен Маруяма 1928 жылы күріш түрлерінің морфологиялық және биологиялық қасиеттеріне қарап, күріштің екі түрге бөлінетіндігін анықтап көрсетті. Бірінші түрі жапондық, бұл көбіне Жапонияда, Кореяда, Тайланд елдерінде егіледі. Екінші түрі үндістандық, бұл көбіне Үндістанда және Үнді - Қытай елдерінде өсіріледі. Дүние жүзінде Күріштің 20 - дан астам түрі негізінен Оңтүстік - Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралия құрлықтарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. Қытай, Үндістан, Жапония елдерінде күріш 4 - 5 мың жылдан бері белгілі. Ал Еуропа елдерінде 15 ғасырдан бері белгілі, көбіне Жерорта теңізі елдерінде өсіріледі. Күріш б.з.б. 2000 – 3000 жылдары қолдан егіле бастаған [5].

Орталық Азияда ертеде күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер ежелгі грек географы Страбон мен тарихшы Геродот еңбектерінде айтылған. Б.з.б. 1 - ғасырда қалыптасқан, Қытайдан басталатын атақты Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласын басып өтетін. Ол кезде Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер күріштің Сыр бойына өте ертеде келгеніне дәлел бола алады. Бұл өлкелердің топырақ- мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен мол өнім алуға қолайлы. Ғалымдардың (М.К. Каюмов,1972; [11,12]) мәліметі бойынша, 40 - 50 ендікте егістерге түсетін фотосинтстикалык активті радиация (ФАР) мөлшері 3,0 - 2,5 млрд. ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400 - 250 центріне дейін жетеді. Осы ендікте Қазақстандағы күріш өсіруші ең үлкен аймақ - Сыр өңірінде (43 - 46 С) орналасқан [1,2,9,10]. Арал теңізінің суы азайып, құрғауының негізгі себебі - Әмудария және Сырдария суын мақта, күріш және басқа дақылдар егісіне пайдаланды. Соңғы 30 - 35 жылдар ішінде екі өзеннің суы түгелдей ауыл шаруашылығы мақсатына жұмсалды. Арал өңірінде күрішті қарқынды технологиямен өндіру жоғары әрі тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары күріш өнімділігінің жоғарылағаны байқалып, ол 4,8 - 5,2 т\га мөлшеріне жетті. Бірақ күріш өнімділігі бойынша жеткен жетістіктер аймақтағы дақыл өнімінің биологиялық көрсеткіштерінен төмен [1,2].

Топырақтағы қайталама тұздану процесінің күшеюі және Арал өңіріндегі су тапшылығы, өсімдік тіршілігіне қауіп төндіретін, олардың өсуін тежеп, өнімділігін төмендететін біздің еліміздегі кең тараған абиотикалық стрестердің бірі болып табылады. Сондықтан да стрестерге (топырақтың тұздануына және ауыр металдармен ластануына, олардың улы әсеріне) қарсы ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығару, олардың төзімділігін арттыру бойынша ғылыми зерттеулер өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта ғалымдардың көбісі сортаңдану жағдайында өсімдікке кері әсер ететін негізгі фактор болып тұздардың осмотикалық әсері деп санайды. Топырақтың күшті сортаңдануы жағдайында өсімдікте пайда болған қолайсыздық өсімдіктердің физиологиялық - биохимиялық процестеріне кері әсер етіп, белоктардың деградациясын туғызады [38,39,40,79,81,87]. Әр түрлі жүйе топтарына жататын, өсірілетін өсімдіктердің ішінде тұзға төзімділік дәрежесінің әртүрлілігі кездеседі. Сондықтан, қазіргі таңда күріш өнімін жақсарту үшін жаңа ғылыми технология бағытында генетикалық және селекциялық тәсілдермен қатар, биотехнологиялық әдістерді кеңінен қолдану арқылы тұздану стресіне және ауыр металдардың улы әсеріне шыдамды, толерантты әрі жоғары өнімді сорттар шығару бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі [2,14,79,81,87].

Күріш дақылының түсі піскен кезде көбіне – сарғыш. Күріш сабағы сарғыш болса, өсімдіктің гүл қауызы да өзінің түсіне ұқсас – кейде күрең, қызыл, қара, ал екі түсті гүл қауызының шеті қоңыр күрең болады. Күріш дақылының дәнегі екі жағынан қысыңқы, бетінде сызықтары бар ашық - қоңыр болып келетін дәнектер және олар сопақша, тұмсық жағы үшкірлеу немесе ұзартылған 4,5 - 10 мм және 1,5 - 3 мм дейін болады. Толық пісіп жетілген дәндер қабықша қауыздарымен қапталған, олардың түс өзгерістері сорт үлгісіне байланысты, ашық - қоңыр, сары немесе сарғылт - қызғылт түске боялған түрде, ал ақталған дәндер ақ жылтыр түсті болып келеді [8].

Күріш сулы жерде өсетіндіктен терең тамырлы және шашақ тамырлы болып келеді. Олардың тамырының ерекшелігі – жапырақ, сабақ,тамыр ұлпаларында ауа өткізетін қуыстар– аэренхима бар. Бұның бәрі жапырақтың лептесіктері мен сабақ арқылы тамырының аэренхимасына түседі. Осының нәтижесінде тамыры ғана емес және оның жан жағындағы топырақ оттегіге қанығады да, ризосфера аймағындағы топырақ микрофлорасы жақсы дамиды [2,15].

Сабағының ұзындығы 80 - 120 см- ге дейін жетеді, сирек бұтақтанады. Орташа алғанда әрбір өсімдіктен 3 - 5 жанама сабақ өсіп шығады. Күріш өсімдігінің жапырақтарына келетін болсақ – біріншіден хлорофилсіз колеоптильді және екіншіден нағыз жапырақтар жасыл түсті болады. Олардың барлық жапырақтарының алғашқы бір – екеуінің тілшесі мен құлақшасы жоқ. Жапырақтарының ұзындығы 25 - 45 см, ал ені 1,5 - 2 см аралығында болады. Үстіңгі жапырақ – жалауға немесе туға ұқсас болғандықтан жалау жапырақ деп аталады. Күріш дақылының жалау жапырақ пластинкасы қысқалау және енді болып келсе және жоғары агрофон жағдайында күріш өскіндері жанама сабақтар береді. Гүлі бұтақты сыпыртқыға ұқсас, ондағы байлану жағымен, саны 20 - дан 300 дәншеге дейін жетеді, масақ ұзындығы 10 - 30 см аралығында болады және олар күріш дәнінің пісіп жетілуімен тығыз орналасуына төменгі жағынан бұтақты сыпыртқыға ұқсас байланған. Масақта дән қауыздары үстіңгі және астыңғы қабықшалармен лацентті пішіндерден құралған. Оның ұзындығы бірдің екі және бірдің үш бөлігіндей мөлшерде гүлді қабықшаның санына тең болып келеді. Күріш дақылының масақтағы бұтағының бір қауызында бір гүл, үстіңгі және астыңғы гүл қабықшасы, екі лодикул, алты аталық пен аналық болады. Аталық тозаңқаптар онша үлкен емес, 0,5 см ге дейін жетеді және олар тозаңданғанда әр қайсысы көп дән байлануына әсер етеді. Жетілген тозаңқаптағы тозаңдандыратын дәндердің пішіндерінің 35 - 38 мкм - ге жетеді. Кей кезде сабағының астыңғы жағында судың қалың қабатында тамырлар өседі және ол өсімдіктің қоректену процесіне қатысады [2,6,8].

Гүл шоғыры (масақ) - шашағы 20 - 30 см ұзындықта, масақтары бір гүлді, және 80 -200 ге дейін гүлі (болашақ дәндер) болады. Гүлдері 6 аталық және жатыннан тұрады.

Күріш егістік алқапта ауа райының жылылығын және сулы жерде өскенде жақсы өседі. Бұл өсімдік бір қалыпты жылулықта, яғни 18 - 20ºС температурадан жоғары жылылықта болса жақсы өсіп жетіледі. Сондықтан солтүстік аймақтардың ауа райының қолайсыздығынан күріш дақылы егілмейді, ал жылылық кезеңдері жетіспейтіндіктен көптеген үлгілер піспей қалады, мысалы Филиппинде шығарылған күріш сорттары өзінің өсуі үшін, өте ыстық егіс алқабын қалайтын сорттар өседі. Күріш дақылы жақсы өсетін топырақ – қара, қоңыр және сарғылт ақшыл болады.

Күріш дақылының жабық гүлденуі жылуға және өте көп ылғалдылықтың жағымсыз кезінде байқалады. Күріш өсімдігінің гүлденуіне бір қалыпты жағдайлар және 30ºС жылулық пен 70% ылғалдылықтың әсері көп. Шашақты сыпыртқылардың (масақтың) гүлденуі 2 - 3 күнде болады, егер қолайсыз жағдайларда оның гүлденуі 5 - 7 күнге созылады. Әр масақтың гүлденуі, ондағы гүлінің ашылуы кезінде бір және екі минут тозаңқаптардағы тозаңдар бос болып шығады, ал гүлдер 0,5 - 2,5 сағат ашық тұрады да ұрықтана бастайды, одан кейін эндоспермнің толысуы және ұрықтың жүйеленуі кезеңі жүреді. Күріш дақылының ұрығының жіктелуі 5 - 7 күннен басталып, 11 - 12 күннен кейін аяқталады және ұрықтың мөлшері мен салмағына қарай үлкейіп жетілуіне ұрықтанғаннан кейін соңғы 25 - 30 күнде жетеді. Дәннің пісіп жетілуі 30 - 40 күнге созылады. Оның сүттену кезеңі 11 - 12 күнде болады, қамырлану кезеңі 20 күнде және толық пісіп жетілуі 5 - 7 күнге жетеді [5,8].

Күріштен жоғары өнім алуда уақытылы себудің ең маңызды шарт екені белгілі. Күріш себу мерзімі шаруашылықтың ұйымдастыру - экономикалық мүмкіншілігіне, алғы дақылдарына, сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ғылыми мекемелердің зерттеулер нәтижесі күріш егу тәжірибесі осы дақылды өндіретін негізгі аудандарда себудің қолайлы мерзімі топырақ пен ылғалдың 12 - 14º С жылыған кезі екенін дәлелдеп отыр. Осындай ерте мерзімде себілген күріш жинауға қолайлы уақытта 4 - 6 қыркүйекте пісіп жетіледі, ал кешірек себілген жағдайда яғни 20 мамырда себілген күріштің толық пісуі шамамен 2 аптаға кешірек байқалды [45].

Күріш - әлемдегі тағамдық маңызы жоғары дәнді дақылдардың бірі. Ол егістік көлемі бойынша бидайдан кейінгі екінші орынды алады. Күріштің дәнінде 70-75% крахмал, 7,5-9,0% белок және 0,5% май болады. Бұл дақылдың жыл сайынғы орташа өнімі Қызылорда облысы бойынша 38,4-50,0 ц/га құрайды. 100 - ден астам елде күріш дақылы өсіріледі, және де әлемдегі адамдардың жартысынан көбі тағам ретінде қолданады. Күріш жармасы көмірсуларға бай, бірак белок пен май да құрамында кездеседі. Күріш жармасы жоғары дәмділік қасиетімен, оңай қорытылуымен ерекшеленеді және диетикалық өнім ретінде қолданылады. Сонымен қатар күріш қайнатпасының емдік қасиеті де жоғары. Бұл дақылдың жармасы өте сіңімді және оның құрамында 70-75% ға жуық көмірсу, сонымен қатар ақуыз, майлар, минералды тұздар, В1, В6, В12 витаминдер тобы және қажетті ауыстырылмайтын амин қышқылдары валин, лизин, метионин кездеседі. Шығыс дәрігерлерінің көбісі егістік күріштің дәні (жармасы) денсаулықты жақсартады және өмір сүруге көмектеседі деген. Яғни күріш ағзаны тазартумен ерекшеленеді. Суда бұқтырылған күрішті жеген сайын ағзадағы артық тұздар, буын аурулары, омыртқа жотасындағы тұздар және сулы тұздар алмасу қалпына келеді. Күріш дақылының дәнін және сабағын ауырған жерге емдік дәрі ретінде қолданған. Асқазанның қорытуын жақсартады және тоқ ішектің қызметі мен ауыз қуысындағы бактерияны өлтіріп, жағымсыз иістерді кетіреді. Ал, фармацевтикалық өндірісте әр түрлі дәрі - дәрмек жасалады, ағзада оңай қорытылатын болғандықтан диета терапиялық жағынан бағаланады және іш өтуге қарсы, тотықтырғыш дәрі ретінде қолданылады. Күріш дақылының майларын көптеген сыртқы ауруларға қарсы дәрілік зат ретінде пайдаланады. Қытайда күріш дақылының дәндері дәрі ретінде көп қолданылуда, мысалы үгітілген дәндер ұнтағыш бери - бери ауруын және авитаминоз ауруын емдеуге қолданылады. Тоқыма, парфюмерия өнеркәсібінде және медицина саласында күріш крахмалы маңызды орын алады. Күріш ұрықтарынан күріш майы алынады. Күріш сабанынан қағаздың жоғары сорттарын және картон кағаздар, арқан жіптер мен қапшық алуда қолданады. Сонымен қатар құрылыс материалдары мен жемге қоспа мал азығы ретінде пайдаланады. Жемдік құндылығы бойынша бидайдан асып түседі, 1 кг -да 22 г белок болады. Сонымен қатар күріш дақылындағы тағамдық сапасымен ақуыз жануарлардың пролинына көбірек жақын және 100 г дәнінде 360 каллорияға дейін жетеді [2,16,17,18].

Күріш – Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі. Қазақстан республикасындағы күріш егіншілігі екі оазисте шоғырланған, олар: Іле мен Қаратал өзендері алқабы және Арал өңірі (яғни Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары). Арал өңірі өте көне суармалы егіншілік аймағына жатады. Ауа райы мен топырағының табиғатына қарай Сыр өңірі жерлерінің негізгі бөлігі егін шаруашылығын дамыту үшін суармалы алқапқа айландырылды. Муссонды климат жағдайында, Ніл, Тигр, Үнді өзендерінің жеріне қарағанда, Сырдария өзені жағалауы алқаптарының климаты қаталырақ келеді. Дегенмен, тарихи, археологилық экспедициялардың, саяхатшылардың, ғалымдардың жинаған материалдарына қарағанда, Сырдария өзенінен үлкенді-кішілі жармалар қазып, су жүретін арықтар тарту біздің дәірімізге дейінгі VI ғасырда басталғандығы көрсетілген [2].

Қазақстанның оңтүстігінде күріш егіншілігінің пайда болып дамуы және таралуы – бұл суармалы егіншіліктің даму тарихы. Мәліметтерге қарағанда, Қызылорда облысына күріш 1928-1929 жылдары келген деген пікір бар. Ал И.И.Соколованың пікірінше, күріш егіншілігі алғашында Іле өзені алқабында пайда болып, кейін Сыр өңіріне, яғни Қызылорда өңіріне тараған. И.В.Оводтың пікірі бойынша, Қызылорда облысы террриторясына күріш Орталық Азиядан келген. Мұны тәжірибе жүзінде Г.А.Верещагин, Қ.Бәкірұлы дәлелдеген. Ташкент аймағынан және Қызылорда облысы территорясынан Бүкілодақтық өсімдіктер шаруашылығы институты (ВИР) экспидициясы жинаған күріш үлгілерінің морфологиялық және биологиялық қасиеттерін салыстыра зерттеу нәтижесінде олардың бір бірімен тікелей генетикалық байланысты екенін анықтау арқылы Сыр өңіріндегі күріштердің тегі Ташкент оазисі екені дәлелденді [2,70].

Қазақстанда қазіргі кезде және болашақта күріш егіншілігі Қызылорда, ,Оңтүстік Қазақстан (Шардара алқабы) және Алматы облысында (Іле мен Қаратал өзендері алқаптарында) шоғырланған. Аталған аймақтарда ирригациялық жүйелер салынып, товарлы күріш өндірісі дамуда. Бұл өңірлердегі күріш өндірісінің егіншілік саласы ретіндегі негізгі мақсаты – тек күріш астығын барынша көп өндіру ғана емес, қазіргі кезеңдегі ауыл шаруашылығын әртараптандыруға (диверсификациялауға) байланысты ерте дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары) және көкөніс егісінен жоғары өнім алу. Сонымен бірге , жемшөп өндіруді молайту, ауыспалы егісте көпжылдық шөптер (кәдімгі жоңышқа, түйежоңышқа) және басқа дақылдар (соя, рапс т.б) егіс көлемін ұлғайтып, топырақ құнарлылығын арттыру, күріш егісінің өте зиянды арамшөптерін (күрмек, шиін, доңыз қоға т.б) биологиялық тәсілмен жою [2,19,44].

Қызылорда облысында күріш егіншілігін дамытудың тарихи тұрғыдан 5 кезеңі болды (1,2,9):

1 кезең – (1896-1920 жж.) – Қызылорда облысы терроториясында күріш дақылының келуі. 1895 жылдан бастап күріш егісі үшін Сыр өңірінде жаңа жерлерді игеру Шиелі қалашығы маңында, Қараөзек пен Сырдария аралығындағы көлді, қамысты жазықта жүргізілді. Кейін күріш егісі Сырдария өзенінің сол жағына ауысып, Шіркейлі, Қуандария ескі өзендерінің бойына және көптеген көлшіктердің жағасына орналасты. Күріш егісі тұзданбаған, біртегіс учаскелерге орналастырылып, 1-2 жыл егілді. Бірақ, егістікті жаппай суға бастыру, су қашыртқылауды реттеусіз, жүйесіз жүргізу топырақтың тұзданып сорлануына және батпақтануына әкеліп соқты, зиянды, ылғал сүйгіш арамшөптер көбейді. Сондықтан бұл участкелерді 3-5 жылға тастап, басқа участкелерге ауысуға мәжбүр болды. Нәтижесінде көшпелі егіншіліктің пайда болуына ықпал жасады. Осыған қарамастан Сыр өңірінде күріш егісінің көлемі ұлғая берді.

2 кезең – (1921-1935 жж.) – халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі. Қазақстанның оңтүстігінде суармалы егіншілікті дамытуда 1921- 1925 жылдары аралығында Қазалы су шаруашылығы округінде ескі суару жүйелерін жөндеумен қатар жаңа суару жүйелерін салу, ал Шиелі кенті маңында жаңа каналдар салынып, суару жүйелерін салу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1928 жылы Қызылорда облысында жалпы егіс көлемі 69,4 мың га, оның ішінде күріш егісінің көлемі 3,5 мың гектарға жетті. Қазақстанның оңтүстігі және Қызылорда облыстары аумағында серіктестіктерге, шағын колхоздарға жаппай ұйымдастыру 1932 жылдың соңына қарай аяқталды. 1933-1935 жылдары колхоздарда 74,2 мың гектар егіс алқабы болды, оның ішінде 50,7 гектар дәнді дақылдар, 16,5 мың гектар күріш егілді [2,42].

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!