Материалдар / Күш және қозғалыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күш және қозғалыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ тақырыбы оқушыларды ізденіске жетелейді. Жаңа бағдарламамен құрылған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Наурыз 2018
582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы Темір ауданы

Құмсай негізгі мектебі








Ашық сабақ



Тақырыбы:4-бөлім.Күш және қозғалыс

«Қозғалыс дегеніміз не?»

1-сынып



























2016-17 оқу жылы

Тексерілді:

Оқу –ісінің меңгерушісі: Уразова. Р.Х

Сабақ тақырыбы:

Күш пен қозғалыс

Қозғалыс дегеніміз не?

Мектеп: Құмсай негізгі мектебі

Күні : 20.12.16ж


Мұғалімнің есімі: Сырабаева Бақыт Байғалиқызы

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны: -

Сабақтың мақсаты:

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіру;

Оқушылардың басым бөлігі: қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау;

Кейбір оқушылар: жасаған тәжірибесін түсіндіру.

Ресурстар:

ойыншық мәшинелер: жеңіл және жүк мәшинелері;

ағаштан жасалған балаларға арналған құрылыс материалдары;

өлшеуіш құралдар; жолақ пішінді парақшалар (қызыл, сары, көк);


Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қозғалыс дегеніміз дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екенін біледі. Ол үшін олар ойыншық мәшинелермен тәжірибелер жүргізеді;

мәшинелердің көлемі олардың жүріп өткен қашықтығына қалай байланысты екенін түсінеді.

Тілдік мақсаттар













Құндылықтарды дарыту


Дағдыларды дамыту.

Болжамдар айту жəне оларды сөйлемде дұрыс қолдану; белгілі бір сұрақтарды ашу жəне түсіндіру; сөздікті өзектендіру.

Көптілдік:движение – қозғалыс – motion.(moyin)

Негізгі терминдер мен тірек сөздер: сызық, орын, қозғалыс, физик ғалымы,

Сабақ барысында сөйлесу/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқыланатын сұрақтар.

Билеп, жүгіріп, ойнап жүрген балаларды не ортақтастырады?

Заттың кеңістіктегі орындарын не өзгертеді?

Адам үшін қозғалыс неге соншалықты маңызды?


қызығушылық, танымпаздық, қоршаған ортаны тану.

-оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу





Пəнаралық байланыс


Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелік жұмыс кезінде оқушылар ойыншық мәшиненің жүріп өткен қашықтығын белгілейді, салыстырады.

Көркем еңбек. Түрлі денелердің жоқ мүшелерін салу. Презентация жазап, оны оларға қозғалыс жасау үшін не көмектесетін мүшесін жалғастырып салып, оларға қозғалыс не үшін керектігін айтады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Ұзындық — екі нүкте арасындағы қашықтық.


Орналасқан жері — нысан немесе дененің кеңістіктегі­ орналасқан жері.


Өзгеріс — кез келген қозғалыспен өзара әре­ кеттесу және бір күйден екінші күйге ауысу.


Қозғалыс — дененің кеңістікте және уақыт ара­ лығында бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыс­ тыруы.


Барлық денелер мен нысандар қозғалады. Адам заттар мен нысандардың бір нүктеден басқа нүктеге орын ауыстырып, қозғалуын көруге қабілетті.

Жоспарланған уақыт мөлшері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Сабақтың басы



I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–1 мин.


















II.Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

.Қызығушылықты ояту(ұжымдық

жұмыс)


2–3мин





III.Сабақтың ортасы

Тақырып бойынша жұмыс

4–30 мин













































Сергіту сәті:



(Ұ) Мұғалім «Қал қалай? Осылай!» ойынын ұсынады.

Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет).

Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді).

Жүріс қалай? – Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»). Жүгіріс ше? Осылай! олдарын шынтағынан бүгіп,

жүгіргендегідей етіп қозғалтады).

Түнгі ұйқы? Осылай! олдарын бетінің астына салып, бастарын түсіреді).

Аласың ба? Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды). Бергенде ше? Осылай! олдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады).

Ойын қалай? Осылай! зулерін ауаға толтырып, оларды алақандарымен ұрады).

Ұрысқанда? – Осылай! (Саусағымен көршісін қорқытады)

(Ұ) Ұстаз балалар қазір не істегендерін сұрайды. (Жаттығулар орында- ды, қозғалды). Айналамызда тағы не қозғалады?

1-жұп:Машинаны қозғалысқа келтіру

2-жұп: Секіріп, жүгіру.

3-жұп: есікті қозғаллысқа келтіру

(Ұ) Ұстаз балалар қазір не істегендерін сұрайды. (Балалардың болжамдары тыңдалады).

Қозғалыс деген не? Бұл сабағымыздың тақырыбы. Біз бұл туралы не білеміз? Қозғалыс деген не жəне адамдардың өмірінде оның рөлі қандай.

. Ойланайық…

……қозғалыс – заттардың орнын ауыстыруы.

тек тірі организмдер ғана қозғалмайды деп болжайық.

……қозғалыс адам өмірінде үлкен рөл атқарады деп ойласақ?


4. Күш және қозғалыс. АКТ қолдану.

Қозғалыс дегеніміз не? Оқулықпен жұмыс:

Ажырат. Денелер мен заттар қалай қозғалатынын тағы бір рет нақтылаңыз. (Кейбірі өздігінен, ал басқалары — күш түсіру әсерінен.) Адамдар мен жануарлар қалай қозғалады? (Жүгіреді, секіреді, жүреді, бауырымен жорғалайды.) Жансыз денелер қозғалуы үшін не істеу керек? (Итеру немесе тарту керек.) Суреттегі денелердің қайсысы өздігінен қозғала алады? (Негеш пен мысық — жанды ағза­ лар.) Ойыншық мәшине қалай қозғалады? (Оны итеру керек.) Арба қалай қозғалады? (Итеру немесе тарту керек.) Шана қалай қозғалады? (Тарту керек.) Итеріп жібергенде қозғалатын денелерге мысал келтіруді тапсыруға болады.


(Ұ,МК) Балалар, жаңа білім алудың тағы бір қызықты əрі қолжетімді тəсілі – бақылау. Адамның айналадағы ортаны зерттеуге талаптануы көптеген аспаптардың пайда болуына əкелді. Бақылауды ненің көмегімен жүргізуге болады, ойланыңдар жəне болжамдаңдар. Олар: қарапайым лупа, дүрбі, микроскоп, перископ, түнде көруге арналған аспаптар. Біздің дыбыстарды жəне тіпті электромагниттік толқындарды айыру қабілетімізді арттыратын құрылғылар да бар, олардың барлығын зерттеулерде қолдануға болады.

Өлше. Зерттеу кезіндегі Ахметтің және оқушы­ лардың мәшинелерінің жүріп өткен қашықтығын салыстыруды өтініңіз. Математикалық салыстыру белгілерін пайдаланып, нәтижені жазуды ұсыныңыз. Кімнің мәшинесі ең ұзақ қашықтыққа жүрді? Неге олай болғанын ойлансын. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Жауап алу үшін келесі тапсырманы орын­ дау керек.


Ойлан. Негештің және оқушылардың мәшине­ лерінің мөлшеріне назар аудартыңыз. Егер төбе­ шіктен үлкен жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте жіберсе, қайсысы ұзақ қашықтыққа жүретінін сұраңыз. Оқушылардың барлық болжам­ дарын тыңдаңыз. Шындығында дене неғұрлым­ ауыр болса, соғұрлым алыс қашықтықты жүріп өтеді. Шатаспас үшін одан әрі нақтылау қажет. Осы тәжірибені практикада тексеру үшін сыныпта жасап көруге болады.

Жазылым. (Дәптермен жұмыс)

Үш мәшине. Саралап оқыту мақсатында оқу­ шыларға ойыншық мәшинелердің жүріп өткен қашықтығын өлшеуді ұсыныңыз. Оқушылар алынған өлшеу нәтижесін салыстырып, қорытынды жасай алады.

Прямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 3

Жауабы

Мәшине неғұрлым ауыр болса, соғұрлым ұзағы­рақ жүріп барып тоқтайды



Сен білесің бе? Олардың қозғалуына не көмектеседі?

(Ұ, ОТ) Кіші топтарда жұмыс жасау: ұстаз оқушыларға ұжымда– «балықтар», «құстар», «көліктер». Дайындалған А3 форматына əр топ өкілдерінің бейнелерін жабыстырып (түрлі құстар, балықтар, жануарлар жəне көліктер), алайда олардың қозғалыста маңызды мүшелері жоқ. Балаларға ұжымда олардың ненің көмегімен қозғалатынын талқылап, олардың суретін қосып салуы керек (құйрықтар, жүзбеқанаттар, аяқтар, дөңгелектер ... т.б.). Презентация, қорытындылар.

Су мекендеушілер ненің көмегімен қозғалады? Жүзбеқанаттар, құйрықтар, ескекаяқтар көмегімен.

Құстарға ұшуға не көмектеседі? Қанаттар, құйрығы.

Қатты бетте не істеуге болады? Жүруге, жүгіруге, секіруге, жорғалауға, өрмелеуге жəне сырғуға болады. Жүгіре алатындарды ата. Ал кім жүре алады?

балық құстар көліктер

Рисунок 2




Ұ) Өзекті жағдай.

Қозғалыс құстарға, балықтарға жəне жануарларға тіршілік етуге қалай көмектеседі? (Жыртқыштардан қашады, азық табады, жəне т.б.). Өсімдіктер əлемінде ше? (көбейеді, өседі ...).

(МК) Ал адам не істей алады? (Оқушылардың болжамдары)

Ұстаз ақпараты: адам табиғатынан қимылға икемделген. Сондықтан біз кеңістікте орын ауыстырамыз, жүгіреміз, адымдаймыз, секіреміз, еңбектейміз, жүземіз, күні бойы мыңдаған иілулер, бүгілулер, бұрылыстар жасаймыз. Оның барлығын қозғалыс аппараты қамтамасыз етеді. Ол сүйектерді, оларды байланыстырушы тіндер мен бұлшық еттерді қамтиды.










Сабақ соңы

IV. Сабақ қорытындысы. Рефлексия.

31–35 мин.

(Ө, Қ)

1-тапсырма: Үстел үстіндегі денелер қалай қозғалады?

2-тапсырма: Суретте қандай күштер көрсетілген?

Өз таңдауыңды түсіндір.

Мұғалім балалардың бүгін қандай ғалым болғандығын сұрайды. Нені зерттедіңдер? Көбінесе есте қалғаны не? Тағы не туралы білгілерің келеді? Жақындарыңа итеріліс пен тарту туралы не айтып бере аласыңдар?


Ұстаз оқушылардан сабақтағы жұмыстарын түрлі-түсті стикерлерді бағалауды сұрайды,

1 деңгей – ештеңе түсінген жоқпын.

2 деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

3 деңгей– барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.


Бағалау: жұлдызшалар арқылы

Бағалау: ойыншықтар арқылы

Бағалау





Бақылаулар: Оқыту/сабақтың мақсаттарына қол жетімді болды ма?

Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсіндіре алады.

Арақашықтық. Оқушылар зерттеу жұмысы­ ның нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәшинемен тәжірибе жасап, тапсырмаларды орын­ дай алады. Жұмыс барысында тәжірибе кезеңдерін­ нақтылаңыз, мәшиненің жүріп өткен қашық­тығын қалай өлшеуге болатынын сұраңыз.








Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушылар жұптық жұмыста белсенділік танытты.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Екінші тәжрибе жасау кезеңі оқушылар үшін қызықты болды.

2: Осы пән бойынша тәжрибе жасау оқушылар үшін тиімді әрі қызықты болды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқушылырға жаңа сабақ қатты ұнады. Олардың білімге деген қызығушылығын арттыра түсетінін білдім.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!