Материалдар / Күшейткіш үстеу

Күшейткіш үстеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ақпарат көздері арқылы үстеу туралы бұрынғы білетін түсініктерін пайдалана отырып, күшейткіш үстеу тақырыбын меңгерту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
1977
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы:6-сынып
Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:Күшейткіш үстеу
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:а) ақпараттық:





Оқушыларға ақпарат көздері арқылы үстеу туралы бұрынғы білетін түсініктерін пайдалана отырып, күшейткіш үстеу тақырыбын меңгерту.
ә) коммуникативтік:Тақырып бойынша оқушылардың алған ақпаратын өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
б) проблеманы шешу:Оқушыларға күшейткіш үстеу тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сөздік, көрнекілік, практикалық, морфологиялық талдау әдісі
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:АКТ, деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет, география, биология.
Сабақтың барысы:Мұғалімнің қызметіОқушының қызметіКүтілетін нәтиже
I.Ұйымдастыру бөлімі:-Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар.-Бүгінгі сабақта кезекші кім? Сабақта барлығы түгелме?-Олай болса, оқу құралдарымызды реттеп, сабаққа дайындалайық.Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабақ құралдарын дайындау.Сәлемдесу арқылы мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық орнайды.
II.Үй тапсырмасын тексеру:































-Балалар, сіздерге үйге 280, 284-жаттығулар мен ұлттық аспаптардың біреуіне үстеулерді қатыстырып ойтолғау жазып келуге берілген болатын.-Ендеше, 280-жаттығудан бастап тексерейік. Мекен үстеулерін тауып, қалай жасалғанын айтыңдар. Сұрақ қою арқылы тіркесіп тұрған сөзін табыңдар. –Қане, кім дайын?









-Жақсы, енді 284-жаттығуды тексерейік. Сөйлемдерді көшіріп жазып, мөлшер үстеулерінің қалай жасалғанын айтыңдар. Сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажыратыңдар.









































-Жарайсыңдар, енді жазып келген ойтолғауымызды оқиық.
280-жаттығу.1. Ілгері-негізгі мекен үстеуі, қайда жылжып?-ілгері жылжып. 2. Жан-жаққа –күрделі мекен үстеуі, сөздердің қосарлануы арқылы жасалған, қайда шаба жөнелді? –жан-жаққа шаба жөнелді. 3. Алдына-негізгі мекен үстеуі, қайда қарап өтеді? -алдына қарап өтеді. 4. Жоғары-негізгі мекен үстеуі, қайда қарай салды? –жоғары қарай салды. 5. Артына-негізгі мекен үстеуі, қайда қарап тұрып? –артына қарап тұрып. 6. Төмен-негізгі мекен үстеуі, қайда құлағанда? -төмен құлағанда. 7. Алыста-негізгі мекен үстеуі, қайда қалды? –алыста қалды.284-жаттығу1.Жігіттің даусы аз саябырлады да, қақпаны қайта ашты. Аз: негізгі түбір, қалай саябырлады? –аз саябырлады.2. Біз күткен поезд мезгілінен біраз кешігіп, түн ортасы ауа келді. Біраз: негізгі түбір, қанша кешікті? –біраз кешікті. Адам деген осыншама қиындыққа төзеді деп кім ойлаған? Осыншама: туынды түбір, -шама құранды жұрнағы арқылы жасалған, қаншама қиындыққа? –осыншама қиындыққа. Түн әлі де тастай қараңғы. Әлі: негізгі түбір, қалай қараңғы? –әлі де тастай қараңғы. Күндіз ептеп жобалап қойған тас жолмен вокзалға жаяу тартып келемін: Қызылжардікімен салыстырғанда, Омбы вокзалы едәуір үлкен де салтанатты көрінді. (С.М) Едәуір: негізгі түбір, қалай үлкен? –едәуір үлкен. 3. Құрмаштың өлгені әкесіне ерекше батып еді. Ерекше: негізгі түбір, қалай батып еді? –ерекше батып еді. 4. Әбіш азғантай қабақ шытып, кеудесінен қолын түсірді. Азғантай: туынды түбір, қалай қабақ шытып? –азғантай қабақ шытып. 5. Абай көп іркілмей, осында келген шаруасын айта бастады. (М.Ә.) Көп: негізгі түбір, қалай іркілмей? –көп іркілмей.Оқушылар ойтолғауларын оқиды.













Оқушылар өткен үстеудің мағыналық түрлерін үй тапсырмасын тексерту арқылы пысықтайды.

























III.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық:
  • Балалар, мына сөзжұмбаққа назар аударайық.
  • Сөзжұмбақтың сұрақтары:
  • Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін үстеудің түрі.
  • Іс-әрекеттің сипатын, себебін, мезгілін, мекенін білдіретін сөз табы.
  • Қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіретін үстеудің түрі.
  • Бүгін, ертең, таңертең, күні бойы үстеудің қандай мағыналық түріне жатады?
  • Мекен үстеуінің сұрағы.
  • Үстеу мағынасы жағынан неше түрге бөлінеді?
  • Сын-қимыл үстеуінің сұрағы.
  • Құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.
  • Үстеулер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  • -Сөзжұмбақтың шешуі қалай болды?-Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?-Иә, дұрыс айтасыңдар.Бүгінгі тақырыбымыз-күшейткіш үстеу.


















    -Күшейткіш.-Күшейткіш үстеу.



    Үстеу, үстеудің мағыналық түрлерін пысықтауға арналған сөзжұмбақты шеше отырып, күшейткіш үстеулерді меңгеруге дайындалады.





























    Өткен тақырыптарды естеріне түсіреді.
    IV. Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру:- Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазамыз.Үстеудің мағыналық бір түріне күшейткіш үстеу де жатады.-Мына мысалдарды дәптерімізге жазайық:Ахмет Байтұрсынұлы әдебиеттану ісіне орасан зор үлес қосты.Орасан зор: қандай үлес қосты?-орасан зор үлес қосты.Оқушылар ағылшын тілінде керемет сөйлейді.Керемет: қалай сөйлейді?-керемет сөйлейді.Оқушылар күннің жады мен тақырыпты дәптерлеріне жазады.Оқушылар мысалдарды дәптерлеріне жазып алады.Ахмет Байтұрсынұлы әдебиеттану ісіне орасан зор үлес қосты.Орасан зор: қандай үлес қосты?-орасан зор үлес қосты.Оқушылар ағылшын тілінде керемет сөйлейді.Керемет: қалай сөйлейді?-керемет сөйлейді.





    Оқушылар ақпарат көздері арқылы күшейткіш үстеу туралы білімді меңгереді.









    Мысалдар арқылы сөйлемдерден күшейткіш үстеулерді тауып, оларға сұрақ қойып, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажыратуды үйренеді.









    V.Жаңа білімді бекіту:Мұғалімнің көмегімен бекіту:



















    Оқушының өз бетімен бекітуі:

    -Балалар, сабақ барысында білімімізді ең биік шыңға көтеруге ұмтыламыз. Сіздер бағындыратын білімнің биік шыңы «Білім пирамидасымен» өлшенеді.



    1-саты:
  • Қатты: қалай құлпырып алған? – қатты құлпырып алған. 2. Мүлдем: қалай шаршаған? –мүлдем шаршаған. 3.Аса үлкен: қандай әбігер? – аса үлкен әбігер. Ең қадірлі: қандай әбігер? – ең қадірлі әбігер. 4. Өте дәмді: қалай піскен? – өте дәмді піскен. 5.Мүлдем жүдеу: қандай еді? – мүлдем жүдеу еді. Тіпті: қалай жоқ? – тіпті жоқ.




  • 2-саты:3-саты:
  • Ең биік: қандай тау? –ең биік тау.
  • Ең үлкен: қандай көл? –ең үлкен көл.
  • Ең биік: қандай ағаш? –ең биік ағаш.
  • Ең суық: қандай планета? –ең суық планета.
  • Ең үлкен: қандай аң? –жүрегі ең үлкен аң.
  • Өте көп: қандай көкөніс? –суы өте көп көкөніс.
  • Өте жұмсақ: қандай болады? –өте жұмсақ болады.
  • Ең күшті: қандай бұлшық еті? –ең күшті бұлшық еті.
  • Мүлдем: қалай ұйықтамайды? –мүлдем ұйықтамайды.
  • Аса терең: қандай көл? –аса терең көл.


  • Қазақстанның бүгінгі келбеті өте қатты өзгерген. Бұндай жағдайда аса сақ болмаса болмайды. Әрең дегенде ауылдың шетіне келіп тоқтадық.





    4-саты: «Білімді ұрпақ-ұлт болашағы»Қазірден бастап еліміздің ғылым-білім саласын әлемдік деңгейге көтеру үшін, ең алдымен білімді жастарды тәрбиелеуіміз қажет....

    Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін бекітеді.

















    Оқулықпен жұмыс орындау арқылы күшейткіш үстеу бойынша алған білімдерін бекітеді, қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтауды үйренеді.







    Үстеулердің сұрақтарын, мысалдарын, мағыналық түрлерін ажыратуды үйренеді. Өткен мекен, мезгіл, мөлшер, сын-қимыл үстеулері туралы білімдерін пысықтап, күшейткіш үстеу туралы білімдерін бекітеді.





























    Берілген сөйлемдерден күшейткіш үстеулерді тауып, тіркесіп тұрған сөзін анықтауды үйренеді. Сөйлемдерді оқи отырып, танымдары кеңейеді.





















    Күшейткіш үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау арқылы ойлау қабілеттері дамиды.





    Үстеулерді қатыстыра отырып, ойтолғау жазу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады.
    VI. Үйге тапсырма:Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.Сұрақтары болса қояды.

    Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға үйренеді.
    VII. Қорытындылау:Оқушыларды сабаққа қатысуларына байланысты білімдерін бағалау. -Мақал-сөздің мәйегі. Мақал-мәтелдер-ойды әдемі, айшықты жеткізудің құралы. Олай болса, мақал-мәтелдерді жаттап, оларды орынды қолданып, әсерлі сөйлеуді үйренейік.-Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.Оқушыларға кемшіліктері, жетістіктерін айта отырып бағалайды.


    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ