Кұстарға тарбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кұстарға тарбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Кунделікті сабақта мұғалімдерге баланың деңгейіне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар «Көктемді қондырып қанатына» атты биология апталығының қорытындылау кешіне қош келдіңіздер! Қыстың ызғарлы аязы кетіп, міне көктем келді күнтізбелік, яғни астрономиялық тұрғыдан көктем күн мен түннің теңесуінен басталады,демек көктем мезгілі 93 күнге созылады.Көктемде жер жырту ,ағаш отырғызу,егін егу ,т.б ауыл шаруашылық жұмыстары жүргізіледі.

«Құлақтан кіріп бойды алар»,

«Әсем ән мен тәтті күй»

Деп Абай атамыз айтпақшы, сахнаға 7 «Ә» сынып оқушысы Нұркенов Бақытжан «Қос қарлығаш» әнімен алдарыңызда ...

Қасиетті қазақтың осынау дархан даласы мен орман,тағайында 6мыңнан астам өсімдік,178 түрлі аң ,49 түрлі бауырмен жорғалаушылар,12 түрлі қосмекенділер болса, өзендермен көлдерде балықтың 107 түрі. ал құстардың 500 түрі белгілі.

Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп,баптайды.Құстар астаулының бәрі пайдалы.6 «б» сынып оқушысы Нарытбаев Құдиярдың «өз шығармашылығынан» Құстар» жайлы өлеңін тыңдайық.

8 қ/т сыныбының оқушысы Жолан Мөлдір «Бозторғай» әнін қабыл алыңыздар.

Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді, көл көркі
Құс патшасы мен болам
Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Құстардың - қайсысын болсада қорғау керек.Ортада М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» көрінісі 7 «а» сынып оқушылары.

Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Көктемді қондырып қанатына» атты қорытынды кешті бастауға рұқсат етіңіздер. Адам құстарды спортқа және әр түрлі мақсатта қолға үйретіп, баптайды. Құстар атаулының бәрі пайдалы. Құстардың – қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға қыста жем шашар, жазда ұялағыш үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау - табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты, Құстардың ұясын бұзып жұмыртқасын жарудан аулақ болыңдар.
Міркенов Бақытжан «Жалғыз аққу» әнінен сахнада.

1868 жылы Вена қаласында алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылдаған.1922жылы Құстарды қорғаудың халықаралық кеңесі құрылды.Халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітабына 209 түрі 83 түр тармағы.Ал Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітапқа» 56 түрі енген.

Ендігі кезекте Ерінбек Айжанның орындауындағы «Құстар құстар» әні.



Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.


«Көктемді қондырып қанатына» атты ән кешін қорытындылау үшін қазылар алқалары дайын болғанша 6 «а» сыныбы қыздарының «Ұлытау» биімен алдарыңызда.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2018
586
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі