Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасы Жамбыл ауданының білім
бөлімінің «Ертөстік»
бөбекжай бақшасы КМҚК
Тәрбиеші: Ерназарова Индира Мадуаровна
Ертеңгілік: «Күз
байлығы»
Күзгі жапырақтармен
безендірілген залға, әдемі киінген балалар әсем әуен ырғағымен
вальс билеп кіреді.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар! Бүгінгі
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қуантып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!
Хор: «Күз
тамшысы»
Ортаға ыңылдап ән айтып,
Дымбілмес шығады.
Дымбілмес: - Ой, мен қайда тап
болдым?
Жүргізуші: - Сен кімсің? (балаларға
қарап) Балалар бұл кім?
Дымбілмес: - Мен – Дымбілмеспін. Атым
солай болғанмен, ән айтамын, би билеймін. Торғайларды атып,
жапырақтарды шашып, беті-қолымды жумай, әр жерге ұйықтай салам.
(жерге жата қалады)
Жүргізуші:
- Дымбілмес, сен қазір жылдың
қай мезгілі екенін білесің бе?
Дымбілмес: (орнынан атып тұрып) –Білгенде
қандай?! Қазір жылдың қыс мезгілі!
Жүргізуші: - Балалар, Дымбілмес дұрыс
айтып тұр ма?
Балалар: -
Жоқ.
Дымбілмес: (басын қасып тұрып қалады)
–Балалар маған тәртіпті болуды үйретіңдерші, мен де көп нәрсе
үйренгім келеді. (мұңаяды)
Жүргізуші:
- Жарайды Дымбілмес. Алдымен
балалар саған күз мезгілі туралы тақпақтарын айтып
берсін.
1
бала. Алақай, алақай,
Шаттанды балақай.
Мереке алтын күз,
Береке салты- күз.
2
бала. Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
3
бала. Күздің қазан айында,
Алмұрт, алма піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр, сыбдыр түседі.
4
бала. Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Музыка ырғағымен ортаға КҮЗ
ХАНШАЙЫМЫ шығады.
Күз
ханшайымы: - Алыстан сендердің ән-
тақпақтарыңды естіп, қуанып қалдым. Расында күз мезгілі басқа
мезгілдерден байлығымен, берекесімен, молшылығымен
ерекшеленеді.
(Шеңбер бойында тұрған балаларды айнала жүріп)
- Балалар, сендер қай жеміс- жидектерді, дәрумені көп, күнделікті
тамақтарыңнан кездестіретін көкеністерді білесіңдер, қане, айта
қойыңдаршы?!
Балалар: - Қауын, қарбыз, жүзім, алма,
алмұрт...
Күз
ханшайымы: - Өте дұрыс айтасыңдар. Ендеше
балалар, жеміс- жидектер мен көкеністерді жинау ойынын
бастайық.
Ойын: «Көкеністерді жинау»
(музыка ырғағымн ортаға жеміс- жидек киімін киген балалар шығып,
тақпақтарын айтып, қолдарындағы жемістерін себетке
жинайды)
Алмұрт: - Мен алмұртпын,
алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін,
Жесең тойып қаласың.
Алма: - Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінемін,
Тілді балдай үйірем.
Өрік: - Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау- бақшаға көрікпін.
Шие: - Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Бала келсе піскенде,
Басымды мен иемін.
Күз
ханшайымы: - Өте жақсы балалар, енді
көкеністер не айтады екен? (Екінші себетке көкөністер
жиналады)
Пияз: - Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
Асқабақ: - Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын жараймын,
Қыстай сақтап қоюға.
Сәбіз: - Сары түсті сәбізбін,
Жинауыңа әзірмін.
Тамақтың дәмін келтіремін,
Дәрумен көп бойымда,
Көп жесең мені өсірем.
Қырыққабат: - Аласа ғана бойым бар,
Қабат-қабат тоным бар.
Тоныма қарап ел мені,
Қырыққабат атаған,
Менен салат жасаған.
(Екі себеттегі жеміс- жидектерді балалар ортаға қойып, шеңбер
бойына тұрып ән салады)
Күз ханшайымы Дымбілместің қолынан ұстап: -
Дымбілмес жүр енді екеуміз қайтайық. Мен саған күздің талай
кереметтерін көрсетемін,- деп ертіп шығып
кетеді.
Осы кезде ортаға Диқан ата
шығады, иығында кетпені бар.
Жүргізуші: - Диқан ата қош келдіңіз!
Қайда жол тарттыңыз?
Диқан
ата: - Амансыңдар ма, балалар? Мен
алқаптан келемін. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» -
деген мақалды білесіңдер ме? Міне , сол еңбектенудің арқасында
алқыпты дәнге, әр үйді нанға бөлеп, халықтың
алғысын алып жүрген жанмын.
Жүргізуші: -Диқан ата көрдіңіз бе,
балалар күздің кереметіне куә болды, ортаны жеміске толтырды.
Жеміс- жидектер туралы түрлі тақпақтар мен әндер орындап,
қуануда.
Диқан
ата: Иә балалар, бұларың дұрыс
екен. Жеміс- жидектерді үйіпсіңдер. Ал сендер мен өсіретін дәнді
дақылдар туралы не білесіңдер?
Бидай: - Нан атасы- бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма сыймаймын.
Арпа: - Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
Тары: - Ақ, қарамын, сарымын,
Мен атақты тарымын.
Еңбегіңнің жаз бойғы,
Қайтарамын қарымын.
Сұлы: - Мен сұлымын, шырағым,
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды,
Көтере алмай тұрамын.
Көрініс: «Бидай мен
қаңбақ»
Диқан
ата: - Жарайсыңдар балалар!
Дастархандағы нандарыңның осы дәнді- дақылдардан жасалатынын, оны
мен диқан аталарың баптап өсіретінін ұмытпаңдар! Ал енді мен
кетейін балалар. Өйткені қазір астық жинау науқаны, мені қырман
басында қыруар жұмыс күтіп тұр. Сау болыңдар,
балалар!
Би: «Азпазшылар
биі»
Ән: «Күзгі
жаңбыр».