Материалдар / Күз кереметі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Күз кереметі

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРҒА
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
358
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақ желкен» санаторлық балабақша логопеді: Момбекова Эльмира Есенгелдіқызы Түркістан қаласы





Тақырыбы: Күз кереметі

Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Тілдің грамматикалық құрлымын жетілдіру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әдіс-тәсіл: Әңгімелесу, дидактикалық суретпен жұмыс, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап. Көрнекіліктер: дидактикалық суреттер (моделдер), аудиотаспа,ноудбук,айналар,қиылған жапырақтар,т.б үлестірмелі заттар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сұрақ-жауапқа жауап береді -Күзде күн суытады. 
-Күзде жаңбыр жауады. 
-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. 
-Күзде адамдар жылы киінеді. 
-Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі. 
-Күзде жеміс-жидектер піседі. 

Жұмбақ

Бозарып дала Тоңады бала Астығы піскен Жапырағы түскен Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар? (Күз мезгілі)

Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Күз кереметі»

-Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен. 
- Мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын деп тұрмын. 
Ағайынды бәрі, 
Жазда жасыл, 
Күзде сары. 
Ол не? (Жапырақ) 
(Осы кезде желдің дыбысы естіледі). 
-Бұл ненің дыбысы? 
-Желдің дыбысы. 
-Жел соққанда жапырақтардың қандай күйде болатынын білесіңдер ме? 
-Жапырықтар ұшып жерге түседі, қалқиды, домалайды. 
-Қане , олай болса, жапырақтардың қандай күйде болатынын тыныс алу жаттығуы арқылы жасап көрейік. 
Тыныс алу жаттығуы. 
Алдыларындағы жапырақты түтікше ақылы үрлеп ұшыру.
Суретпен жұмыс. Интерактифті тақта арқылы таныстыру - Неге біз күз мезгілін «алтын күз» дейміз? 
-Өйткені, күзде жапырақтардың бәрі сарғайып, алтынға ұқсайды. 
-Неге «жомарт күз» дейміз? 
-Өйткені, күзде жемістер, көкөністер, астық, саңырауқұлақтар піседі. 










Артикулияциялық жаттығу (видео қосылады) «Ат шабысы», «Гармошка», «Тәтті шырын» Дыбыстық жаттығу ақ-ақ-ақ-сарғайды жапырақ үз-үз-үз-келді күз ыр-ыр-ыр-жауды жаңбыр ел-ел-ел-тұрады жел М.Әлімқұловтың «Күз »өлеңі Алма пісті, Алмұрт пісті, Шие пісті Жерге түсті Қарбыз тісті Қауын тісті Қияр пісті Қандай күшті Жемістердің дәмін татып Жейміз бәрін.



Шығармашылық жұмыс «Күзгі ағаштар» Балалар ағаштың суретіне сары,қылғылт сары түсті асқабақ шопағын желім арқылы жапысырып шығады

.











Сергіту сәті Жел соқты, жел қатты-қатты соқты, 
Жаңбыр жауды, жаңбыр қатты-қатты жауды, 
Күн шықты, күн шықты, 
Жел тына қалды. 
(Шеңберге тұрады, бір-біріне теріс қарап, арқаларына массаж жасайды). 
Дидактикалық ойын: Интерактифті тақтада флипчарт бағдарламасы арқылы орындау «Көкөністер мен жемістерді себетке сал және дұрыс ата» 













Қорытындылау: Балаларды мақтап,мадақтау Күтілген нәтиже: Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін атайды. Көкөністер мен жемістерді ажырата білді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!