Материалдар / Күз көрінісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күз көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Психикалық дамуы тежелген ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.Қоршаған ортамен қарым-қатынасын күшейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
844
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түзету сабағының тақырыбы: «Күз көрінісі»

Мақсаты:

А)Білімділгі:Оқушыларға күз мезгілі және табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру.А.Құнанбаевтың «Күз»туралы өлең шумағын жаттату.

Ә)Дамытушылығы:Баланың ой-өрісін,танымдық белсенділігін арттыру,есте сақтау қабілетін дамыту.Көркем жазу ережесін сақтауға,есептер шығаруға талпындыру.

Б)Тәрбиелігі:Дидактикалық ойындар шартын дұрыс орындауға,өз бетімен жұмыс жасауға,тапқырлыққа,зейінділікке тәрбиелеу.

В)Түзету:Жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.Дәптер ережесін сақтай отырып,берілген тапсырманы мұқият орындатуға жаттықтыру.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Слайд (Күз мезгілінің көрінісі)А.Құнанбаевтың «Күз»туралы өлең шумағы

Кеспе сандар,үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды шеңберге жинап,бүгінгі күнмен сәлемдесу.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Күннен қуат алайық,

Күннен алған қуатты,

Жүрегімізге салайық.

Жүректегі жылуды,

Бір-бірімізге сыйлайық.

ІІ.Ой шақыру

-Қазір жылдың қай мезгілі?(күз)

-Күз мезгілінің қай айы?(қазан)

-Бүгін аптаның қай күні?(сейсенбі)

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар бүгін түзете дамыту сабағында слайдтан «Күз мезгілінің көрінісін»тамашалайық.

(оқушылар слайдты тамашалайды)

-Ал,енді осы слайдтан нені көрдіндер?

-Күз мезгілінің көрінісін,ерекшелігін,құстарды,адамдар және олардың еңбегін.

-Жарайсыңдар,бүгінгі түзету сабағымызда күз мезгілінің табиғат ерекшелігімен таныс боламыз.Күз мезгілінде үш ай бар;қыркүйек,қазан,қараша.Күз мезгілінде ауа райы салқындай бастайды,ағаштардың жапырақтары сарғаяды.Құстар жылы жаққа ұша бастайды.Адамдар жылы киініп,қыс мезгіліне дайындық жасайды.

-Енді тақтаға қарайық.Мұнда ақын,жазушы А.Құнанбаевтың «Күз»туралы өлең шумағын бірге оқып қайталайық.

-Жарайсыңдар!Өлеңде не туралы айтылған?

-Күз мезгілі,табиғат ерекшелігі.Күз мезгілінде табиғаттың қалай өзгергені туралы айтылған.

Дәптермен жұмыс:

Балалар дәптерлерінізді ашып бүгінгі күнді жазып,тақтадағы мына сөздерді пайдалана отырып,сөйлем құраныздар.

Ағаш,құс,жапырақ,егіс.(балалар берілген тапсырмаларды орындайды)

ІV.Сергіту сәті.

1 дегенде тұрайық,

2,3,4-алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып.

Бір отырып,бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

Бес дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

-Жарайсыңдар!Әрі қарай жұмысымызды жалғастырайық.

«Жасырын санды тап»дидактикалық ойын.

-Дәптерімізді ашып,мына есепті шығарамыз.

8+ =10 7- =5

5+ =10 8- =4

7+ =10 6- =4

9+ =10 3- =1

«Кеспе сандармен жұмыс» кеспе сандарды пайдалана отырып,өрнектерді құрастыру.

-Жарайсыңдар!Ал енді алдарында үлестірмелі суреттер берілген.

«Үлестірмелі суретпен жұмыс» оқушылар берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады.(құрастырған әңгмелерін оқиды)

V.Бекіту.Күзгі жапырақтардан жануарлардың бейнесін құрастыру.

VІ.Бағалау. Балаларды түрлі- түсті жапырақтар арқылы бағалау.

VІІ.Қорытынды.

-Бүгінгі түзету сабағымызда қандай мезгілді тамашаладық? (балалар өз ойларын айтады)

-Балалар,күз мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы? (күн суыта бастайды,құстар жылы жаққа ұшады,ағаштардың жапырақтары сарғаяды)

-Жарайсыңдар!Балалар бүгінгі танысқан А.Құнанбаевтың «Күз»өлеңін жаттап келерсіздер.

-Түзету сабағымыз аяқталды,сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!