«Берекелі Алтын
күз»
Тәрбиеші: Оспанова Айгерим
Бауыржанкызы
Армысыздар құрметті қонақтар!
Бүлдіршіндердің асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті,
баршаңызды күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, біздің
№5 «Қонжық» ересектер тобының «Берекелі Алтын күз» атты
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Мерекесі
халықтың,
Алтын күзді
бастайық
Алтын күзге
арналған
Ертеңгілігімізді
бастайық.
Жүргізуші:
Балалар орындарымызға
жайғасайық.
Ал,
балалар,балалар,
Енді бері
қараңдар
Бізге қонақ
келмекші
Сендерді бір
көрмекші
Әуелі жұмбақ
жасырам
Қулығымды
асырам.
Жұмбақ:
Жиып теріп
беретін
Қамбаға астық
толатын
Қызыл қырман
ойнайтын
Бұл қай мезгіл деп
ойлайсыңдар?
Балалар:
Күз
мезгілінде
Жүргізуші:
Күз мезгілінде, табиғатта қандай өзгерістер
болады екен?
Балалар:
Жел тұрып күн суытады, ағаштардың жапырақтары
сарғайып жерге түседі, жиі-жиі жаңбыр жауады, адамдар жылы киінеді.
Барлық жеміс-жидектер, көкөністер
піседі.
Жүргізуші:
Ал ендігі кезекті әнге
берейік.
Ән:
«Күз
жомарт»
Жүргізуші:
Кезекті балалардың тақпақтарына
берейік.
Амина:
Көк майсалы
көрікті
Алқаптағы көп
егін
Бұл күндері
киіпті
Сары жібек
көйлегін.
Қайырбек:
Күзім-ау,
күзім-ау,
Мінезің
бұзық-ау
Жаңбырып
сіркіреп
Келгенің
қызық-ау.
Елжан:
Көктемде егін
егетін
Күзде жиып
беретін
Біздің дала бай
дала
Алтын астық
айнала.
Раяна:
Алтын сары, қызыл сары
көк
Алуан-алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
атырап.
Жүргізуші:
Армысыздар
халайық
Бармысыздар
халайық
Күзгі тойда жұп
жазбай
Бірге қарсы
алайық.
Бүгінгі біздің көптен күткен күзгі қонағымыз
кім екен балалар?
Балалар:
Күз
ханшайымы
Жүргізуші:
Қонағымыз тез келсін десеңіздер, қане бәріміз
бірге дауыстап күз ханшайымын
шақырайық.
Балалар:
Күз ханшайымы...(залға әсем әуенмен «Күз
ханшайымы» көтеріңкі көңіл күймен
кіреді).
Күз
ханшайымы: Алтын түске
боялған,
Тау мен қырқа, дала
күз.
Келді міне
ортаңа,
Менің атым – Алтын
күз!
Армысыңдар балалар!
Күзгі
бақтағы қонақтар!
Өздеріңе
әкелдім,
Күздің
сыйы, көз тартар
Сәлем
менің достарым,
Өмірге
көп қосқаным.
Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар мерекелерің құтты
болсын! Мереке басы ән болар, береке басы дән болар демекші мен
көктемде еккен мол астықты, жеміс-жидектер жинап, қамбаларды астық
дәнге толтырдым.
Жүргізуші: Жомарт көңіл, жарқын
күз
Берекесі
елімнің
Қош
келіпсің Алтын күз
Жоғары
шық кел төрлет!-
Қош
келдіңіз Күз ханшайымы! Сәлеметсіз
бе?
-Күз
ханшайымы: Күз мезгілін не себепті жарқын күз, жомарт күз, Алтын күз,
дейді деген сұраққа жауап
беріңізші?
Күз
ханшайымы: Жомарт күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық, қап-қап
астық, картоп, алма, жүзім осының бәрі күзде піседі. Сондықтан
күзді «Алтын күз» дейді. Сендерге арнап көптеген сыйлықтар алып
келдім. (себет толы жемісті тарту
етеді).
Күз
сыйлығын алыңдар,
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп
Шаттық
әнге салыңдар.
Жүргізуші: Кезекті биге
берейік.
Би: «Қолшатырлар»
Ал,
ендншн кезекті балалардың тақпақтарына
берейік.
Айым: Қараша, күз келді, күз
келді,
Сары
алтын жауып іздерді.
Құс
біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз
енді?
Нұрислам: Қара бұлт қабағын
түйеді
Бұталар
боз қырау киеді.
Осыма,
осыма күз деген
Мектепке
баратын бізбенен.
Айару: Келді міне алтын
күз
Сары
шашты жарқын күз.
Алақай-ау алақай
Келді
міне алтын күз.
Жанжігіт: Күн шуаққа
маужырап
Жатьыр
еді атырап
Ағаштардан жамырап,
Ұшты
кенет жапырақ.
Күз
ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өнерлі балалар екенсіңдер, менде
сендерге жемістермен бірге өзімнің жапырақтарымды да ала
келдім.Сендердің ойын ойнағыларың
келеме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Тентек жел шашып
кетіпті,
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек
жинап алайық
Кәне,
кане кім жылдам.
Ойын: «Жапырақтарды кім жылдам
жинайды?».
Бақша
қарақшысы: Сәлеметсіз бе, менің осы жылға айтар өкпем жоқ, мен
көкөністер мен жемістерді баптап, құстарды қорғап, міне сендерге
көкөністер мен жемістерді сыйға алып келдім. Қабыл алыңдар. Балалар
бақша қармақшысына рахмет айтады.
Жүргізуші: Күзде өздері
пісетін
Тамаққа
кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге
Сан
түрлі жемістер мен көкөністер.
М.Айару: Асханадан
шықпаймын
Атым
пияз бұқпаймын
Көзден
жасты шығарып,
Тұмаудан
да сақтаймын.
Нуриман:
Кіп-кішкен
болсада,
Ағаштың басын
иеді.
Жемістерін
айырып
Танисың ба сен
мені.
Айым:
Тал шыбығым
бұралып,
Бақшаларда
қызарып
Тұрғаным мен
қызанақ
Күнге қарап
ұялам.
Амина:
Өсіретін
бойыңды
Дамытатын
ойыңды
Қоянға да
азықпыз
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Нұрислам:
Картоп біздің
атымыз
Жер астында
жатамыз
Бір тамырдан
тараған
Ағайынбыз
бәріміз.
Жансезім:
Өрік, шие бәрі
бар
Қауын, қарбыз
көбейді
Жегің келсе бәрін
ал,
Неге аласың
демейді.
Елжан:
Алма, алма,
алмалар,
Қып-қызыл
алмалар
Мойынымды
бұрғаным
Жегім келіп
тұрғаным.
Айсұлу:
Жапырақты
тасалап,
Өскен жері бақша
бақ.
Күрең қызыл
шіркін-ай
Оның аты
құлпынай.
Жанжігіт:
Өрік, алма, шие,
алма
Жидек жүзім
піседі.
Қауын, қарбыз, қияр,
сәбіз.
Дүкендерге
түседі.
Жүргізуші:
Мерекемізді одан әрі жалғастырып, кезекті
ойынға берейік.
Ойын:
«Бауда ма, бақшада
ма?»
Жүргізуші:
Ал, балалар
тұрмайық
Қол соғайық
бәріміз.
Күзгі бақта
бүгінгі
Шырқап әнге
салайық.
Күз
ханшайымы: Балалар сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп
тұр. Мына менің қолымдағы себетте көптеген жемістер бар, солардың
дәмін ажыратайық.
Ойын: «Жемістердің дәмін
ажырат».
Жүргізуші:
Ал, енді кезекті балалардың тақпақтарына
берейік.
Жансезім:
Жайдарлы жаз, жарқын
күз
Аяулы күз, алтын
күз
Дәнге толы ен
далам,
Дариядай шалқып
жүр.
Рауан:
Көкөністі көп
ектік
Өссін, піссін деп
ектік
Көктемде еккен
көкөніс
Күзде берді көп
өнім.
Тілекші:
Ой балалар,
балалар
Қоңырқай күз
келіпті
Қурап жапырақ
солыпты
Ел егінін
егіпті.
Жүргізуші:
Күз тойын осымен тәмамдайық. Тағыда Алтын
күзге ән арнайық.
Ән:
«Күз
ырғағы».
Күз
ханшайымы: Берекелі бақ
дәулет,
Арта түссін
тойларың
Сау болыңдар
балалар
Келгенше жыл айналып.-деп балалар сендер
өнерлі, тіл алғыш балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Мен
көктемде егіп, күзде жинап алған жемістерімді сендерге әкелдім.
Сыйлығымды апайларыңа беремін. Ой рахмет алтын күз. Қош сау
болыңыз. Күз ханшайымы қоштасып шығып
кетеді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен
ертеңгілігіміз аяқталды. Отбастарыңызға аманшылық, дендеріңе саулық
тілейміз.