Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Күз сыйы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Күз сыйы» мектеалды топ балаларына арналған ертеңгілік сценарийі
Зал тақырыпқа сай безендірілген. Зал төрінде ағаш жапырақтары.
Әуен естіліп, ортаға жүргізуші шығады.
«Туған жер» әні
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Міне күзде келіп жетті.
Айналаның барлығы сары алтындай жарқырай түсті. Ал қане, балақайлар мына алтындай жапырақты теріп, күз мерекесін бірге тойлайық!
Ортаға әуен ырғағына ілесіп,балалар кіреді.Әуен ырғағына сай би қимылдарын орындайды. Қолдарындағы әдемі жапырақтарды тәрбиешіге ұсынады. Тәрбиеші алғысын білдіреді.
Жүргізуші: «Алтын күз» бізге сап-сары жапырақтарын сыйлаған болса,балалар айтыңдаршы «Жомарт күз» бізге несін тарту етеді?
Балалар: «Жомарт куз» бізге жеміс-жидегін, көкөністерін,көл-көсір байлығын тарту етеді.
Алдын ала дайындалған бақша өнімдері көрмесіне назар аударылады.
«Алтын күз», «Жомарт күз» туралы балалар тақпақтары.
Арман: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Әміре: Жапырақ ұшты
Суықта түсті
Сондада бізге
Қызық көп бізге
Айсезім:
Көктемде егін егетін
Күзде жинап беретін
Біздің дала бай дала
Астық толы айнала
Жатыр дала жалтылдап
Жаз шуағы мол құйды
Күн астында алтын дәт
Тербеледі толқиды
Айлин: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Керей:
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Заңғар: Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Ескендір:
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі
Жүргізуші: - Балалар, жаңа біздер көкөністер көрмесін көрдік.
Ал енді,дұрыстап байқап қарайықшы, бұл өнімдер арасынан біз нені көрмей тұрмыз?
Балалар: Нанды,бидайды- дейді дауыстап.
Жүргізуші:-Дұрыс айтасыңдар балалар! Ас атасы-нан жетіспейді. Ал нансыз бідің дастарханымызға сән кірмейді.
Балалар жауабы.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Көл-көсір байлық дегеніміз ол-астық,егініміз. Сол бидай астықтан біздер өзімізге керекті азықтар аламыз. Диқаншылар егінді егіп,өсіреді және оны диірменге тартып ұн қылады. Ол ұнды наубайханаларға жеткізіп ол жерде ас атасы-нанды шығарады. Міне осындай үлкен еңбекпен келетін асты біздер қадірлеуміз керек. Міне күз осындай ерекшеліктермен белгілі. Міне осындай еңбектің бір көрінісін тамашалап отырайық. Енді баршаға нанды дастарханға қалай келетінін көрсетейік.
Трактордың дауысы естіліп, ортаға тракторшы шығады.
Тракторшы: Ал, қанекей балалар!
Егіндікті аралар.
Ештенеден саспаймыз,
Еңбектен біз қашпаймыз.
Ал, ендеше еріңдер менің артыма. Қазір алғапқа бидайды шашып, егін егеміз.
Әуен ойналып, екі рет шеңбер бойымен айналып балалар алқапқа бидайды шашып шығады.
Тракторшы: Рахмет,сендерге балаларым! Маған біраз көмектестіңдер. Ризамын сендерге! Өнерлерің қандай тамаша?! Менің көңілім көтеріліп қалды. Ал ендеше бәріміз бірге би билейік!
«Тракторшылар» биі
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Аз сөйлеп,көп іс тындырдыңдар.
Жүргізуші: Рахмет сізге тракторшы ағай. Біздің балаларды біраз еңбекке баулығаныңыз үшін.
Сіз енді, біздің балалардың өнерін тамашалап ортаға отырыңыз.
«Алтын күз» әні
Күзге арналған балалар тақпақтары.
Әдемай: Жетті желмен алтын
күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз
Осман:
Күзім-ау,
күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау
Даниял: Жайдары күз,жомарт күз,
Аяулы күз,алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
Жансейіт: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Айару: Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Б.Айша:
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзыұқ
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Тракторшы ағай: Ой балалар сіздерге көп рахмет. Сендердің естерінде болса біз егін еккен болатынбыз. Ол егін жақсы бітік шығу үшін оған не қажет?
Балалар: су,жаңбыр.
Жүргізуші: -Ал, ендеше баріміз қосылып,жаңбыр тамшыларын көмекке шақырайық.
Би «Тамшылар» (қолшатырмен би)
Тракторшы:-Енді міне дұрыс болды. Егініміз суарылып жақсы өнім алатын болдық.
Ойын балалармен
Нан туралы тақпақтар.
Әлімжан:Нан ардақты адал ас
Кәрі жас одан аттамас
Ақ дастархан үстінде
Қол жумай оны ұстамас
Ә.Айша:Ей балалар балалар
Болмандар сәрә нанға тар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар
Нандай жоқ қой асыл дән
Жеп үйренген жасынан
Дастарханан нан кетсе
Береке кетер асынан.
К.Мансур:Нан қыйқымын шашпандар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қасвтерлеп
Торғайларға тастандар
А.Айзере: Ей балалар балалар
Болмандар сәрә нанға тар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар
Осы кезде жағымсыз әуен естіліп, ортаға тышқан мен сауысқан келеді. Жан-жақтарына ұрлана қарап залды тынымсыздана айналып:
Бір. біріне қарап, тышқан алақанын уқалап тұрған күйі: Ооо, қандай керемет! Қаншама азық?! Сол кезде сауысқанда оны қолпаштаған күйде: Сен тышқан кемірсең, мен бидадың түбін шоқып-шоқып бір қарынымыз тоятын болды –деп сылқ-сылқ күледі.
Жүргізуші таңқалып: Балалар мыналардың ойлары жаман екен. Бұлардан қалай құтыламыз?!
Балалар: қарауылды шақырайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар бәріміз дауыстап,қарауылды шақырайық.
Балалар: Қарауыл атай келіңіз,
Бізге көмек беріңіз.
Әуен ойналып ортаға қарауыл келеді.
Сол кезде сауысқан: Ей, мынауың кім тағы?!-дейді тышқанға қарап.
Тышқан менсінбеген күйі: Қайдам, бір шақырылмаған қонақ та.
Қарауыл атай: Ммм түсінікті болды.Мынауың тынымсыз тышқан мен арам пиғыл сауысқан ғой. Қап бәлем бұларды ма?! Сендер мені келеке етпекшісіңдер ме?! Кетіңдер қане бұл жерден! Мен емес бұл жерде шақырылмаған қонақ сендерсіңдер!-деп қахарын төгіп,қуа бастайды. Сол кезде қатты қорыққан тышқан мен сауысқан қосылып: «Жарайды қарауыл атай! Бізді жайымызға қалдырыңыз! Бұл жерге енді аяғымызды баспаймыз»-деп қаша жөнеледі.
Жүргізуші: -Ой балалар, жақсы болды ғой! Мен уайымдай бастап едім. Бәріміз ендеше қарауыл атайға рахмет айтайық. Қане балалар , Қарауыл атайға рахмет айтайық!
Балалар: Рахмет сізге қарауыл атай!
Көңілін көтерсін, балалармыз тақпақтар орындап берейік!
Мустафа: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Назима:
Қамба
толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Е.Айзере:
Құстар
қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Жәнібек: Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Мадияр: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын жүз
Сары алтынға малынған
Жетті міне алтын күз
С.Мансур: Қуанышқа маужырап
Жатыр еді аптырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунарма еді жатып ап
Ясмин:
Алтын, сары, қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
«Күз тамаша»
әні
Ата аналармен ойын:Кім тапқыр ойыны:
-
Ж-әріпінен бастасак
Жатарында керекпін
Ж-ны алып тастасақ
Дүйім елге көрекпін.
«Астық»
-
100-Жыл қалай аталады
«Гасыр»
-
Кыстап калатын кус «Карга»
-
Көбінінесе қойдың ешкі мен сиырдың Қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран калай аталады. «Катык»
-
Жылқы етінін ең кәделі мүшелерінің бірі «Қарта»
Осы кезде тракторшы ағай: Ал, балалар, біз егінді ектік, оны суарып күтіп баптадық. Енді оның қандай өнім берді екен? Оны кімнен сұрасақ болады?
Жүргізуші: - біз оны Алтын күзден сұрайық!
Әуен ырғағымен ортаға Алтын күз келеді. Қолында үлкен таба наны бар, кәрзеңкесінде бидай масақтары,жеміс жидектері бар.
Алтын күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күзің мен болам.
Жүргізуші: Өнім толы кәрзеңкесі,
Келді міне алтын күз,
Сайраң қағып күліп ойнап,
Қарсы алады жарқын жүз.
Қош келдіңіз Алтын күз Ортамызға!
Тракторшы: -Жарайсыңдар! Балалар! Мен сендерге риза болдым.
Сіздер біраз еңбектендіңдер. Міне сол еңбектің жемісін Алтын күз сендерге ала келді.
Осы кезде күй ойналып, ортаға қолдарында нан өнімдерін ұстаған аналар тобы шеру жасап ортаға келіп жартылай шеңберге тұрады.
Алтын күз әкелген сыйынан балаларға таратып береді.
Жүргізуші: Асыға күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз.
Алтын ұя бақшада,
Жолығармыз тағы біз.
Көк аспаным мөлдіреп,
Алтын күнім елжіреп,
Ортамызда жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Міне балалар «Ас атасы-нан» қалай келгенін түсіндік.
Ән: Сары ала куз келди.
Осымен Алтын күз мерекесіне арналған мектепалды «Жулдыз » тобы балаларының дайындаған ертеңгілігі аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!!!