Материалдар / Күзгі бақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Күзгі бақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күзге байланысты ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
45
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күзгі бақ»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Барысы:

Аяулым:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылысберген сыйдай-дей келе бүгінгі біздің Болашақ кемеңгер тобының қатысуымен өткелі отырған Күзгі бақ атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер ,құрметті қонақтар, атааналар!Келген қадамдарыңызға гүл бітсін дегім келеді!

Ертеңгілігімізді бастау үшін ортаға Болашақ кемеңгер тобының кішкентай бүлдіршіндерін шақырайын.(Данелья,Асылжан, Дінмұхаммед Азат,Айзере) Асылжан:

Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді Өлкемізге күз келді!

Азат :

Айнала сары ала

Қырманға дән тола

Жемістер пісіпті Қоймаға түсіпті!

Данелья :

Келді міне күз

Айнала сары түс Керемет, тамаша

Қандай әсем күз!

Дінмұхаммед:

лтын нұрдай тамшылап Жапырақтар төгілді

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді

Айзере :

Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс

Тойлайық, күлейі Қуанып билейік!

Ән «Күзгі вальс»

(Барлық бала ортаға билеп шығады,жапырақтармен) Шеңбер жасап жүреді.Орындарына отырады

Осы кезде ерекше әуен ойнап ортаға Күз ханшайымы мен ханзадасы кіріп келеді . Екеуі жан-жағына тамсана қарап,мәз болады.

Ханшайым :

Не деген әдемі табиғат?!

Қандай тамаша!

Бұл қай жер ,ханзада сен білесің бе?

Ханзада:

Жооқ,мен білмеймін .Ия,өте әдемі екен.

Ханшайым :

Ондеше мына балалардан сұрап көрейік!

Ханзада:

Балалар бұл қай жер?

Балалар :бұл балабақша!

Ханшайым: балабақшаның аты қандай?

Балалар: Нурали балбақшасы

Ханзада:Сендер қай топсыңдар?

Балалар:Болашақ кемеңгер

Ханшайым:Біз алыстан сендердің керемет ән салғандарыңды естіп келдік!

Ханзада:

Бізде сендермен күз мерекесін тойлайықшы!

Рахман: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!

Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап

Басым айналып барады! (Басқа балалар көмектесіп, демейді)

Ханшайым: Енді, не істейміз?! (Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?

Ханзада :

Сабыр сақта, саспайық Дәрігер шақырайық!

Рахман: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес! Қазір өзім тұрамын тез!

Алинұр : Онда дәрі ішіп ал, Менде міне, көп дәрі бар!

Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді) Адия:

Мені неге шақырдыңдар,

Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек! Дәрігер: Қазір қарап шығайын, Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)

Адия

- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)

Тістерің орнында, тамағың іспеген

Қол - аяғың әлсізденген

Қызуың ыссы екен

Білдім, неден ауырғаныңды...!

Жеткілікті мөлшерде ағзаңа Дәрумендер жетіспеген!

Рахман: Енді не істеймін?

Адия: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,

Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Аружан: Қазір күз мезгілі түсті ғой,

Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!

Қоймаға қоңырау шалайық

Күз өнімдерін осында алдырайық!

Ханзада : Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады) - Алло, алло! Қойма ма?

Бізге жемістер мен көкөністер керек

Машинаға тиеп жіберіңіз

Мүмкін болса тезірек! (Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)

Айтуар: Мен - алмамын, алмамын

Таңдандырар бал дәмім Пісіп толдым, мінекей!

Баптап ерек бағбаным

Арнұр

Мен - өрікпін, өрікпін

Дәміммен тәтті еліттім

Сүйіктімін сәбилерге Айтпасам да бөліп тым Рамазан:

Мені бәрі жүзім дер

Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер

Қызықтырам көркіммен

Қатар - қатар тізілген Ануар:

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қажеттімін адамға Оны жақсы білемін!

Ерболат:

Мен қиярмын, сәндімін

Салаттардың сәнімін

Дәруменім мол менің

Жегенге қуат сыйлаймын!

Жанерке

Таңдандырар бәрін

Асқабақпын дәмді Кептірілген дәнім Таптырмайтын дәрі!

Ануар: Мен картоппын, картоппын Бір қарасаң - доппын?!

Немен жесең де жағам Мені қоссаң тәтті болар тағам!

Болат: Менің атым – қызанақ Тұзды сеуіп молырақ

Банкілерге салыңыз

Аузын мықтап жабыңыз

Тағамға дәм қосамын

Қыста тәбет ашамын М.Димаш:

Лимонмын мен сүйкімді

Дәмім қышқылы біртүрлі

Ауырғанда ем боламын Дәрумендеріммен сан түрл Алишер:

Көкөністің ішінде

Менің атым қызылша

Денсаулығын нығайтып

Қызмет етем адамға Алинұр:

Мен алмұртпын,дәмдімін

Сүп-сүйкімді сәндімін

Жемістердің төресімін

Жесең өзің көресің Мархабат:

Бойға қуат нәрі

Таптырмайтын дәрі

Өнімдерді ортаға ала

Тойлайық енді шаттана

Аяулым: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында

  • шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды)

  • көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды)

  • әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)

  • бір - бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!

Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!

Қане онда....

Қызықтайық бірге, сүйінелік,

Қолшатырлы қыздар биіне еріп!

Би «Қолшатырлы қыздар биі»

(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)

Мархабат : Тентек жел шашып кетіпті Жапырақтарды сан алуан Тезірек жинап алайық Қане, қане кім жылдам?! Ойын «Кім жылдам?» Аяулым:

Кішкентай бұлбұл сайрасын

Құлақ түріп тыңдайық

Қанаты оның талмасын Қанеки қол соғайық!

Ортада Алиша қызымыз,қарасы алайық!

Мархабат: Сән әлемінен , құр қалмаңыздар, «Күз – 2022» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!

Сәнді киімдер шеруі Мархабат:

Жігіттеріміз бар мықты

Би де билеп беретін

Қошеметтеп,қол соғайық

Ортаға қазір келетін Жігіттер биі.

Ойын ата-аналарға арналған.

Аяулым :

Бүгін бізге қонаққа апаларымыз келіп қалған екен. Сіздерді ортаға шақырып бір қызықты ойын ойнасақ?!Ойынның аты «Кім жылдам?» деп аталады.Қазір сіздерге жұмбақ жасырамын.Ол жұмбақтың жауаптары, стол үстінде орналасқан.Жұмбақтың жауабын тапқан бетте, сол жемісті немесе көкөністі тазалап, жуып, әдемілеп ұсақтап турау керек!Музыка аяқталғанша біткен адам жеңіске жеткен болып саналады

Қызыл, қызыл, қызыл қыз, Бұрымы кеткен ұзын қыз. Өзі ұйқыға батады, Бұрымы сыртта жатады. Сәбіз

Формасы бар домалақ,

Көміп қойдым сығалап, Жақсы болса тұрмысы,

Шығады екен қоғалап.

Бес ай тамам біткенде,

Қаптап алдым құмалақ

Картоп

Көктемде ақ гүлге оранады Күзде қолға доп боп оралады.

Алма

Мархабат:

Күз ханшайымының бізге әкелген музыкалық сәлемі бар екен, сол әнмен бүгінгі ертеңгілігімізді қортындылайық.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!