Материалдар / Күзгі ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күзгі ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның ортаңғы тобына арналған күзгі ертеңгіліктің сценарийі, сценарий толығымен авторлық жазба, еш жерде аналогы жоқ, бір ғана балабақшада өткен іс-шара. Барлық іс-әрекет толығымен жазылыған, репертуар, ойын, билер бала жасына сәйкес келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалар залға жүгіріп кіріп, шашылған жапырақтардың үстіне тұрады.

Жүрг: Залдың іші тамаша, Көз тоймайды қараса.

Алуан түрлі жапырақ, Жайқалады жараса.

Бұл не деген өзгеріс? Қайда кетті жасыл түс? Әсем түске боянып,

Балалар: Бізге келді алтын күз!

Жүрг: Орманға келдік біз,

Сәлем бердік, Алтын күз,

Жапырақты қолға алып,

Ән салайық енді біз.

«Жапырақтар» әні

Жүрг: Мұнда жапырақтар көп еді, қайда жоғалып кетті? Сендер сары жапырақ көрдіңдер ме? Ал қызыл жапырақты? Олар қайда?

Балалар: Міне!

Жүрг: Жапырақпен ойнаймыз, Себетке түспен жинаймыз.

«Жапырақты түстерімен жина» ойыны

(Желдің шуылы)

Жүрг: Жел шулайды, тулайды, Қонаққа бізге зулайды.

Қорықпаймыз желден біз, Орынға тез жетеміз.

(Орындыққа отырады) (Ау деген дыбыс шығады)

Жүрг: Ой, балалар, бізбен біреу ойнап жатыр ма? Кәнекей, шыға ғой, бізбен дос бола қой. (Ау ата кіреді!)

Ау ата: Сәлем, достар! Орманда мен тұрамын, Ау ата боламын.

Жүрг: Сәлеметсіз бе, Ау ата! Бізбен ойнаған сен бе?

Ау ата: Иә. Ау деп қатты айғайлап, ойнаймын достармен тығылмақ,

Орманнан арнап әкелген, Сыйым бар достарға сыйламақ.

(Күнбағысты шығарады)

Жүрг: Күнге күйіп күнімен, Күнбағыс пісті ретімен.

Ортаға кәне, шығыңдар, Өлең бізге оқыңдар.

Балалар: Көңілді күнбағыс сондаймыз, Кішкентай күнге біз ұқсаймыз.

Күнбағыс шамын жағады, Далада жазда сап-сары.

Келгенде бізге алтын күз, Күнбағыс дәнін сыйлаймыз.

Жүрг: Мерекеде қазір біз, Көңілді ойын ойнаймыз.

Күнбағыс, кел ортаға, Бізге арнап дән сыйла.

«Дәндер» ойыны

Жүрг: Сендерге, рақмет! Ойын көңілді болды, енді орнымызға жайғасайық.

(Орындықтарға отырады)

Ау ата: (саңырауқұлақ шығарады)

Орманда бар қара ор, Өсіпті онда мухомор.

Шығыңдар, кәне, жігіттер, Ортада бәрін билеңдер!

Саңырауқұлақ биі (ұлдар)

Жүрг: Жарайсыңдар, ұлдар! Орындарына отырыңдар.

Ау ата: Досым бар менің әдемі, Қонаққа асығып келеді.

(Тиін жүгіріп келеді – ересек топтан қыз бала)

Тиін: Сәлем, достар: Ұлдар мен қыздар!

Бұтақтарға секіріп,

Қысқа азық жинадым.

Қыста оларды кеміріп,

Сауық-сайран құрамын.

Жүрг: Балалар, тиінге қысқа тағы азық жинауға көмектесейік.

«Жаңғақ жина» ойыны

Жүрг: Вокалды топты қарсы алайық,

Әсем әндерін тыңдайық.

Вокалды топ «Тамшылар» әні

Ау ата: Менде бар үлкен қолшатыр, Кедергі емес бізге жаңбыр.

«Қолшатыр» биі

Ау ата: Күз деген сондай керемет, Айтайық оған

Балалар: Рақмет!

Жүрг: Қарсы алайық бәріміз,
            Жасымыз бен кәріміз.
            Қырдан кепті қыдырып,
        Алтын күз бізге нұр төгіп.
(Күз келеді)

Күз: Залдың іші тамаша, Көз тоймайды қараса.

Қонаққа сендер шақырып, Мен келістім қуана.

Жүрг: Келді міне күз, Айнала сары түс.
Керемет, тамаша, Қандай әсем, күз. Күзге арнап өлең оқиық.


Балалардың өлеңдері

Жүрг: Біз өнерлі баламыз, Аспаптарда ойнаймыз.

«Жемістер оркестрі»

Күз: Көңілді сондай достарым, Рақмет менің айтарым,

Сендерге арнап әкелген, Міне, менің сыйларым (Алма салынған себет)

Ау ата, Тиін, Күз: Ал енді қоштасайық, Күзгі орманға оралайық!

Жүрг: Асықпаңдар, тоқтаңдар! Фотосессияны ұмытпаңдар!

Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, қонақтар,
Келгенше жыл айланып.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!