Күзгі гүлшоғын бейнелеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күзгі гүлшоғын бейнелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды ,бейнелеу өнерінің түрлері мен, жанырларымен таныстыру, осы жанырда сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 4

Күні: ______________________________

Тақырыбы: Күзгі гүлшоғын бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

Б) көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды ,бейнелеу өнерінің түрлері мен, жанырларымен таныстыру, осы жанырда сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену.

Д) оқушылардың есте сақтау, ойлау, қиялдау немесе көрген білгендерін қабылдай білуге дамыту.

Т) эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, журналдар.

Сабақтың қажетті құрал жабдықтары: карандаштар, сурет дәптерлер, түрлі – түсті бояулар, акварель, гуашь бояулары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.

ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.

-Адамның бейнесі пейзажға жатады ма?

-Табиғат аясында жүріп сурет салу қалай аталады?

-Жан-жануарларды бейнелейтін жанр,

-Суда еритін мөлдір бояу.

-Әртүрлі заттарды өрнектермен әшекейлеу не деп аталады.

ІІІ-Жаңа сабақ

Бейнелеу өнерінің тағы бір ерекше көркем түрінің бірі – пейзаж өнері. Пейзаж – француз сөзі, ландшафты табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай – ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жайғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік болып көрінеді. Табиғаттың таңғажайып кереметтерін суреттер арқылы көрсету. Табиғат көріністерін бейнелеу үшін перспективалық заңдылықтарын ұстануымыз керек.

ІҮ-Сарамандық жұмыс

Күзгі гүлшоғының суретін салу.

Қағаз бетіне бейнеленетін затты жай карандашпен сызықтар арқылы түсіріп аламыз.

Сызықтармен бейнеленген бейнелерді бір-бірімен біріктіріп қосамыз, сосын палитраның көмегімен көлеңік жерлерін анықтап аламыз.

Қағаз бетіне бейнеленген бейнені ашық түсті бояулармен бояп көрсетеміз.

Қалған боялмаған жерлерді толықтырып бояп күзгі гүлшоғының толық көрінісін аяқтаймыз.

Ү-Сабақты қорытындылау

Бүгінгі өткен сабағымызды сұрақтар қою арқылы және жұмбақтар шеше отырып қорытындылаймыз.

1.Жылт – жылт еткен, жылғалардан өткен. (су)

2.Аспай түскен қайнамай піскен (жеміс)

3.Күнің көзін жабады, 4.Кіп-кішкентай қауғабас,

айдың бетін жабады, Шашы түссе дауламас. (бақбақ)

жаңбыр болып жауады,

шешуін кім табады (бұлт)

5.Шекараны білмейді,

Көзге ешкімді ілмейді.

Жасай ма екен серуен,

Өздері бір керуен. (бұлт)

ҮІ-Үйге тапсырма

Күзгі гүл шоғының суреттерін салып келу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
894
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі