400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Квадрат үшмүше

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға квадрат үшмүшені түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Квадрат үшмүше тақырыбына қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың атауы

Квадрат үшмүше

Сілтеме

Алгебра 8 сынып, А.Әбілқасымова, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Оқушыларға квадрат үшмүшені түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Міндеттер


  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

  • Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

  • Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау

  • Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы

  • математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Ортада қаламсап» стратегиясын қолдану

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар


Күтілетін нәтиже

Оқушылар квадрат үшмүшеге байланысты есептерді толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек «»

Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы, 5 топқа бөлемін. «Қызыл асық», «Сары асық», «Жасыл асық», «Көк асық», «Қара асық»

Бағалау критерийлері

  • Өз бетімен білім алуы

  • Дербес жұмыс жасауы

  • Жұпта жұмыс жасауы

  • Математикалық білімі

  • Математикалық тілі

  • Бағалауы




2 мин

Қызығушылықты ояту

Сөз жұмбақ «Квадрат үшмүше» 5 мин


  1. ах2+bx+c теңдеуіндегі х1, х2 шешімін басқаша қалай атаймыз? (түбір)

  2. ах2+bx+c теңдеуіндегі с коэффициентін басқаша қалай атаймыз? (бос мүше)

  3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек (дискриминант)

  4. x2-7x+12=0 теңдеуінің ең кіші мәні неше? (3)

  5. Барлық қабырғалары тең квадратты не деп атаймыз? (шаршы)

  6. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең-деген кімнің теоремасы? (Виет)


Мағынаны тану

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Постер қорғау

10 мин

Әр топқа үлестірме парақтар беріліп, оқушылар постер қорғап тапсырмаларды орындайды.

Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.

Есептер шығару

15 мин

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

5-топ


Сергіту сәті

3 мин

Ой толғаныс 4 мин


«Ортада қаламсап» стратегиясы


Ортадан алынған қаламға сол қаламның иесі жауап береді.

Бағалау 5мин

4.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Білім ағашын» таратып беремін. Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

Оқушылар ағаштағы өз орнын бояп толтырады және не себептен бояғанын түсіндіреді. Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды


Үйге тапсырма 30 секунд

5.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

№593, №594

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия 30 секунд

Оқушыларға смайликтер таратамын.

Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі