Материалдар / Курстық жұмыс

Курстық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні 4 курс студенттері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2019
1848
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Кіріспе


Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда мектептегі информатиканы оқытулың негізгі міндеті — ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту кұралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.

Жаңа ақпараттық технология кұралдарын информатика пәнін оқытуда тиімді қолдану арқылы оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді, сол сияқты оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, яғни, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды, құбылыстарға модельдер кұра біледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі : Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Жаңа ақпараттық технологиялардың ажырамас бөлігі – мультимедия құралдарын өз дәрежесінде қолдана білсек, ұсынылап отырған материалға оқушылардың зейінін тартып қана қоймай, сонымен қатар олардың бойында пәнге деген қызығушылықтары мен білім алуда өздігінен оқуға талпындыру, яғни ізденімпаздық қасиетін қалыптастыра аламыз.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты қазіргі таңдағы түрлі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мектептегі информатика сабақтарының сапасын жақсарту жолдарын қарастыру, сабақтарада мультимедияға негізделген техникалық оқу құралдарын пайдаланудың тиімділігін көрсету.

Зерттеу болжамы: Егер информатика пәнінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын болсақ,  оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігін сезіне алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.  Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат -оқушының  сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру.


1. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі.

1.1. Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.


Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытудың мақсаттары:

-оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткізу және оны қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық біліммен қаруландыру;

  • оқушылардың оқу процесінде компьютерлік техниканы өзіндік даму мен іске асыру құралы ретінде, сонымен қатар, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушылардың логикалық-құрлымдық және алгоритмдік-шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейімділіктерін қалыптастыру.

Аталған мақсаттардан төмендегі міндеттер анықталады:

  • Информатиканы мектепте оқытудың мазмұнын анықтау;

  • Информатиканы мектепте оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;

  • Информатиканы мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін жасақтау.

«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, білім бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылды.

«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлеріне информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) –оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгеруді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) – «Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқыту қамтамасыз ететін оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.

«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер:

Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

  • оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

  • оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;

  • оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;

  • информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есптелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;

  • қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;

  • оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;

  • оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру;

Информатика пәнінің зерттеу обьектілері:

  • ақпарат;

  • ақпараттық ресурстар;

  • ақпараттық үрдістер;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.

Информатика пәнінің даму бағыттары:

  • Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.

-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрділердің есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялалардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.

-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялалардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.

Информатика оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған:оқыту процесін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.




1.2.Информатиканы оқытудың мазмұны.


Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау; түсінік, еске сақтау арқылы жүреді. Ал әлемді, мысалы, адамды қоршаған заттар әлемі, оның әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамның ақпаратлық ресурсына кіру арқылы және ЭЕМ-де модельдеу арқылы таниды. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді.

Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін және іс-әрекетін ойлау арқылы жүзеге асырылады.

Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірбиелері.

Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктор жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың ізднушілік белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты түріне барабар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болап табылдаы. Дайын бағдарлама мен диологты меңгеруде және перне тақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.

Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері.

Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс емес бағдарламалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл – бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Бағдарламалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі – ашық бағдарламалау әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі шағын, ол ақпараттың ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.

Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.

Оқытудың өзіндік әдісі: классикалық педогогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я.А.Коменский ақпаратты кітаптан, дәрістен жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы ақпарат алудың маңызды екенін атап көрсеткен.

Көрнекілік әдісі: информатика курсындағы көрнекіліктің әдісі – оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысы бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.

Иллюстрация. Информатика курсында ақпаратның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мумкіндік бар. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік мәндермен жазылғантіктөртбұрышты көрсету. ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ,клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі.

Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін үндемей-ақ демонстрациялауға болады. Кез-келген кампилятор қателердің орны мен жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің атқарылу процесі кестесінің көмегімен демонстрацияланады.

Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер.

Құрастырылып отырған жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика бөлімінің үш түрі көзі үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып, оқушылар компютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады.

Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.

Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп тұжырымдауға болады, жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп есептейді, компьютер оқушының өзінің іс-әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.

Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де, өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлеуге дағдыланады.

Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді, бақылаудың келесі кезеңі - өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың күрделі де, ең жоғары түрі болып есептеледі.

Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция – мұғалімнің түсініктемесі - оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп білуге болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен еңбекті талап етеді. Компьютер экраныңдағы текст жазба тілдің бір түрі болып есептеледі.

Информатика және есептегіш техника курсының қазіргі заман ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:

Ақпарат – алгоритм – ЭЕМ.

Оқушылардың меңгңруіне міндетті болатын териялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.

Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. ИЕТН курсының мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе – курсты оқыту реті. Бұл екі мәселе бір-бірмен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негізде енгізілуі керек. Мектептегі информатика және ИЕТН мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат – ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады.

1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оқу процесіне енгізілді.

Орта мектептің сатылары бойынша информатика курстарын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырады.

I кезең (7-9 сыныптар) – негізгі курстар деп аталады, ол информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, ЭЕМ-нің архитектурасы және ақпаратлық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процесіне компьютерді жан-жақты тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалаптастырады. Негізгі курсты оқытуды басқару ісіндегі ақпараттың мәні, ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтары және жүйелі ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақталған, қайталану), бағдарламалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалыесептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар алады.

II кезең (10-11 сыныптар) – бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгізілген:

- сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;

- әрбір сыныптағы оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

- стандарттағы талаптардың орынбалуын бағалау;

- білімді бағалау үлгілері.

Қазақстан Республикасында жасалған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты Ресейде жасалған А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасын негізге алады.

Қазақстан Республикасының конституциясында: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп көрсетілген.

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру процесінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздіксіз процесс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.

Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.

Ал, стандарт осы пәнді орта мектепте үздіксіз білім беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдамада білім беру жүйесін демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құралған.

Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субъект болса, мұғалім осы қызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына жауап беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға.

Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық мәселені шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер – оқыту обьектісі; 2) Компьютер – уневерсал таным құралы.

Оқушы таным субьектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.

Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердің төңірегінде шоғырланған: біріншісі – компьютерлік техникамен танысу, оның негізгі элементтері менжалры жұмыс істеу принциптерімен танысу; екіншісі – алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып үйрену; үшіншісі – информатиканың қолдану шеберін анықтау.

Мұнда оқыту моделі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған: мақсат – мотив – қызмет – рефлекция – теориялық білім өнерімен анықталатын түрі таңдалынып алынады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.

Біріншіден, информатиканы оқытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың деңгейі түрліше болып келеді.

Екіншіден, қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғарғы кластарда ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі анықталып отыр.

Үшіншіден, информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілгені белгілі.

Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстың жалпы білім беретін функциясымен, оның оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты жалпы мәселелерді шешудегі потенциалдық мүмкіндіктеріне баса көңіл аударуға, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты.

Информатика курсын оқыту тәжірибелерін талдау, мектепте информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу процесінде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін көрсетеді.

Бірінші кезең (1-6 сыныптар) – пропедевтикалық курс. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тілі және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлік тренажер, оқу ойын программаларын пайдалану процесінде ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.

Екінші кезең (7-9 сыныптар) – оқушыларға информатикадан берілетін міндетті жалпы білім көлемін қамтамасыз ететін базалық курс. Ол оқушыларға пайдаланып есептер шығару, алдымен оқу іс-әрекетінде, онан кейін кәсіптік мамандығына компьютерді саналы да тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Информатиканы жүйелі оқытудың бастамасын орта буынға көшіру, яғни мектептегі білі беруді ақпарттандыру жағдайында информатикадан берілетін білім мен іскерліктің басқа пәндерді оқытуда орта буыннан бастап кеңінен пайдаланылу қажеттілігі екі негізгі фактормен сипатталады:

  1. информатиканы төменгі сыныптардан бастап оқытудың оң нәтиже беретіндігі;

  2. дәл осы жастан информатиканы оқытудың жас өсіпірімдердің дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру мен логикалық ойлауын дамытуда маңызды ролі бар.

Базалық курстың мазмұны оның жалпы білім беретін мәні бар үш саспектісімен үйлесетіндігі көрінеді:

  1. басқарудағы ақпараттың ролі жайындағы ұғымды қалыптастыру аспектісі;

  2. қазіргі уақытта оқушылардың ойлауын барынша дамытуға байланысты алгоритмдік (программистік) аспект;

  3. компьютерлік сауаттылықты қалыптастыруға байланысты ақпараттық технологияны практикалық іс-әрекетке кеңінен қолдануға дайындықты қамтамасыз ететін пайдаланушылық аспект.

Үшінші кезең (10-11 сыныптар) – кәсіптік оқыту ретінде информатика саласы бойынша білім беруді жалғастыру. Бұл атап айтқанда, математика мамандығына бағытталған сыныптар мен мектептер үшін программалау мен есептеу математикасы әдістерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану мамандығына бағытталған мектептер үшін –эксперимент мәліметтерін өңдеу, компьютерді модельдеу үшін қолдануға байланысты информатика курсы, ал ауыл мектептері үшін – ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға арналған есептерді шығаруға ақпараттық технологияны қолдану іскерлігін қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.

Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының құрылымы төмендегідей:

1. Ақпараттық процестер, ақпараттың берілуі:

- адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада ақпаратты пайдалану, алу, тарату, түрлендіру және сақтау;

- ақпаратты сандық бағалау, ақпарат мөлшерінің бірліктері:

- тіл ақпаратты беру тәсілі ретінде, ақпараттың екілік түрде берілуі және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;

- компьютердегі командалардың және мәліметтердің берілу принциптері.

2. Алгоритмдеу және программалау.

- алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмді атқару арқылы адам қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері:

- шама: атауы және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрылымы;

- алгоритмдердің негізгі құрылымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану, алгоритмдер кітапханасы;

- мектептік алгоритмдік тіл (немесе программалау тілі).

3. Компьютер және оны программалық қамтамасыз ету.

-компьютер жұмысын басқаруды ұйымдастыру, компьютердің негізгі құрылымының жалпы жұмыс істеу принципі;

- компьютерде программаның автоматты түрде атқарылу принципі;

-компьютерді программалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық программалық қамтамасыз ету, трансляторлар, программалау тілдері, инструментарийлер, қолданбалы программалық қамтамасыз ету).

4. Формальдау және модельдеу негіздері.

- формальдаудың негізгі принциптері;

- компьютерлік модель құру және оны пайдалану.

5. Ақпараттық технологиялар.

-компьютерде есеп шығару кезеңдері: есептің қойылымы, модель құру, алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау;

-мәтіндік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры, электрондық кестелер;

-телекоммуникациялық желілер (жергілікті, аймақтық, аумақты), оның тағайындалуы мен мүмкіндіктері, электрондық телеконференциялар;

-мульти

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ