Материалдар / Курстық жұмыс. Көрнекілік әдісі және оның бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда алатын орны
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Курстық жұмыс. Көрнекілік әдісі және оның бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда алатын орны

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысында көрнекілік әдісінің математика сабағындағы тиімділігі, кітап талдауы көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
36
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
2500 тг 1875 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы







КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Көрнекілік әдісі және оның бастауыш сыныптарда

математиканы оқытуда алатын орны


6В01301 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»







Орындаған: Камбарова Н.Б., күндізгі оқу

нысанының 3 курс студенті


Ғылыми жетекші: п.ғ.магистрі, аға оқытушы





Курстық жұмыс қорғауы

болған күні ___ _______20__ ж.

Бағасы_________________






Қостанай, 2021

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ.....................................................................................................................


1.МАТЕМАТИКА САБАҚТАРДА КӨРНЕКІЛІК ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Оқу мен оқытудағы көрнекілік әдісі.....................................................................

1.2 Математика сабақтарындағы көрнекіліктің түрлері мен қойылатын талаптары....................................................................................................................


2. МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Математика сабақтарында көрнекіліктерді қолданудың әдістемесі мен тиімділігі...................................................................................................................


ҚОРЫТЫНДЫ. ..................................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................

ҚОСЫМША................................................................................................................


























КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген қажетті оқыту принциптерімен оқыту қажет. Бастауыш мектеп математика пәнін оқытуда оқушылардың белсенділігін арттыруда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастыру көкейтесті мәселе.

Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский болатын. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік — балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні мен дыбысы, бояуы арқылы ойлайды, яғни бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте-бірте көрнекі қимылдан көрнекі бейнеліге ауысады. Сондықтан да, оқытудың көрнекілік принципі бастауыш сыныпты оқытуда ең басты принциптердің бірі болып саналады.

Бастауыш сыныптарда оқыту үдерісінде көрнекілік құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап, оны жүзеге асыру жолдары көзделуде. Осы мақсатты зерделеу үшін зерттеу жұмысымыздың тақырыбын " Көрнекілік әдісі және оның бастауыш сыныптарда

математиканы оқытуда алатын орны"- деп таңдадық.

Зерттеу тақырыбы: Көрнекілік әдісі және оның бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда алатын орны.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп математикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтап, оның әдістемесін жасау.

Зерттеу міндеттері:

1.Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жасау.

2.Балалардың есеп шығаруда математикалық білімін көрнекі құралдар көмегімен белгілі бір жүйе бойынша дамыту мүмкіндіктерін анықтау.

3.Балалардың есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың тиімділігін тексеру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда көрнекілік әдісінің алатын орны.

Зерттеу пәні: Оқушыда оқылатын материал бойынша нақты түсінік қалыптастыру мақсатында математика сабағында көрнекілік құралдарын қолданып, оқу процесін ұйымдастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы — егер бастауыш сыныпта математика сабағында көрнекілікті тиімді пайдалансақ, онда оқушылардың математикадан білім деңгейлері жоғарылар еді, әрі оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтары мен ынталары күшейе түседі.

Зерттеудің әдіснамалық негізі

Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбының мазмұнына қатысты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектермен танысу және талдау жасау; бастауыш мектеп бағдарламасына, математика оқулықтарына, есептер жинағына, дидактикалық материалдар және оқу құралдарына зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау жасау.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Теориялық бөлімде бастауыш сыныпта математиканы оқутыда көрнекілік әдісінің мәні мен рөлі айқындалып көрсетілген.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Бастауыш сыныпта сабақ барысында көрнекілік әдісін қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі ашып көрсетілген.

Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, оның ішінде теориялық және практикалық бөлім, қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.





























1.МАТЕМАТИКА САБАҚТАРДА КӨРНЕКІЛІК ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Оқу мен оқытудағы көрнекілік әдісі.

Білім беру саласындағы оқыту үдерісінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты. Оқыту үдерісінің міндеттері, мазмұны, үлгілері, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары соңғы қорытынды нәтижені қамтамасыз етеді. Оқыту үдерісінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді.

Біртұтас педагогикалық үдерісті құрайтын басты бірліктіктің біреуі - оқу үдерісі. Ежелгі және ортағасырлық ойшылдар шығармаларында "оқу", "оқу үдерісі" терминдері алғаш кездесіп, оның мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін білдірген [1, 116 ]. Оқыту - оқу материалын игертетін мұғалімдердің қызметі, ал оқып үйрену ұсынылған білімдерді игеретін оқушылардың іс-әрекеті деп таныған. Оқу және білімдену мәселелері педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. Дидактика - грек тіліндегі "didaktikos" оқытатын және "didasko" - оқитын деген мағынаны білдіретін сөздерден бастау алған. Алғаш рет оны ғылыми қолданысқа енгізген неміс педагогы Вольфранг Ратке (1571-1635), ал оның лекциялар курсы "Дидактикадан қысқаша есеп беру немесе Ратихия оқыту өнері" деп аталған. Осы ұғымды сол мағынада ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670), 1657 жылы Амстердам қаласында жарық көрген өзінің әйгілі "Ұлы дидактика" (дәлірек айтқанда: "Бәрін бәріне оқытудың әмбебап өнерін көрсететін, Ұлы дидактика") кітабына енгізген [2]. Қазақ арысы Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше - "Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды" [1, 116]. Дидактиканың негізгі міндеттері В. Ратке заманынан бері өзгеріссіз келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету мәселесін шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға - қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қосып, қарқынды зерттеу үстінде. Оқуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту үдерісінің принциптері деп атайды. Дидактика саласында дидактикалық принциптер бастау алады.

Дидактикалық принциптер - оқыту мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. "Принцип" терминін латын тілінен аударғанда басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида дегенді білдіреді [3, 13]. Дидактиканың негізгі категорияларын танытуда келесі ұғымдар анықталған: оқыту, оқып-үйрену, әдіс, оқу мақсаты және т.б. Оқыту - оқудың мақсаттарын (білімдену міндеттерін) іске асыруға бағытталған, ақпарат беруге, тәрбиелеуге, білімді түсіндіру және тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған педагогтың реттелген іс-әрекеті. Дидактика барлық пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деңгейіне ыңғайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелушінің болмысын қамту шеңберіне сай дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйренуді оларды туындатқан жағдаяттарымен әрі оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін, мазмұнын оқыту формалары мен әдістерін қарастырады [1, 119]. Бастауыш мектеп — оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Көп пәнді бастауыш мектептің сан қырлы жақтарына төселе отырып, жеке пәнді оқытудың ерекшеліктерін, әр пәннің білім беру үлгісі мен оқытудың принциптерін меңгертудің тәрбиелік мәні зор. Бастауыш сыныпта барлық пәндер қамтылып оқытылады. Ол пәндердің барлығы ертеңгі орта буында, жоғары сыныпта оқитын пәндердің бастамасы болып есептеледі. Соның ішінде біз математика пәнін қарастыратын боламыз.

Математиканы оқыту әдістемесі - жеке пән ретінде қарастыратын, әртүрлі жастағы оқушы топтары үшін математиканы оқыту процесі заңдылықтарын зерттейтін ғылым [4, 8]. Математиканы оқытудың әдістемесін "математиканың педагогикасы" деп те атайды. Оның мақсаттары: білім беру, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту және алған білімді практикада нәтижелі іске асыру. Оның өз теориясы, оқыту бағдарламалары, оқу жоспары мен құралдары, өз тарихы бар. Швейцария педагогі И. Г. Песталоццидің 1503 жылы "Сандар туралы көрнекі оқу" деген кітабының жарық көруіне байланысты математиканы оқыту әдістемесі дербес пән ретінде дами бастады [4]. Алғаш рет "Математиканы оқыту" деген сөзді 1836 жылы неміс педагог математигі Адольф Дистерверг пайдаланды [5]. Математиканы оқыту әдістемесі - математиканы оқыту мақсаттарын қоғам талаптарына сай жүзеге асырып, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым [6]. Математиканы оқыту үдерісінде оқушылардың математикалық ойлау, математикалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданатын материалдың, әдістің тиімді әрі пайдалы болуын ескеру қажет.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй-сезімділік, теория мен тәжірибе бірлігі. Соның ішінде математиканы оқытуда көрнекілік принципінің орны ерекше айқындалады. Көрнекілік принпиці негізінде көрнекілік әдісі бастау алады. Қазақстанның білім саласына өз үлесін қосқан, ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин (1841-1889) болды. Алтынсарин ең алғаш Қазақстанда жалпыпедагогикалық, дидактикалық, әдістемелік, көрнекілік, оқытудың мақсаты, тәрбиелік т.б. ғылыми түсініктерді енгізген. Мектеп алдына қойған Алтынсариннің негізгі мақсаты "Мектеп көрнекі және практикалы түрде айналадағы өмір мен табиғат туралы түсінік беру керек. Ол тек кітап арқылы ғана емес, көрнекі көрсету түрінде болу керек деп санаған.

Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту. Қазіргі таңда көрнекіліктің көптеген түрлері бар. Көрнекіліктер бастауыш сынып оқушыларының жеке ерекшеліктеріне сай дұрыс таңдалуы керек. Көрнекілік оқушылардың жаңа материалды жақсы қабылдауына, ақпараттың мағынасын түсініп оны талдай алуына жол ашады. Математика сабақтарында көрнекілік әдісін жүзеге асыра отырып, бір жағынан, оқушылардың қабылдауына сүйенсе, ал екінші жағынан, олардың түсініктеріне (ұғынуына) сүйенеді.

Қабылдау үдерісі - оқып үйренетін пәннің оқушы санасында бейнеленуін қамтамасыз етіп, тікелей немесе жанама ретінде жүзеге асырылады. Тікелей қабылдау үдерісі сезім мүшелері арқылы жүзеге асырылса, ал жанама қабылдау мұғалімнің сөзі арқылы іске асады. Қабылдау - белсенді үдеріс. Қабылдай отырып, оқушы тыңдайды, оқиды, үдерістерді не заттарды бақылайды. Оқу барысында түсіну процесі үлкен рөл ойнайды. Берілген материалды тыңдай отыра түсіну процесі жүзеге асады. Ақпаратты бала түсіну үшін оны баланың тілінде, жеңіл әрі көрнекілікті пайдалану арқылы жеткізу керек. Түсіну белгілі бір әрекеттерді орындаудың нәтижесінде қалыптасады. Аталған осы екі ерекшелікке сай көрнекілік құралдарын дұрыс таңдай білу маңызды болып есептеледі. Көрнекілік құралдарды пайдалуныдың да өзіндік талаптары, ерекшеліктері бар соларды қарастырып көрелік.

1.2 Математика сабақтарындағы көрнекіліктің түрлері мен қойылатын талаптары.

Бастауыш мектептегі көрнекі әдістің мақсаты - балалардың табиғи сезімдік тәжірибесін байыту әрі кеңейту, бақылағыштық қабілетін дамыту, заттардың нақты қажеттерімен танысып, меңгеру, өзіндік білім топтап, игергендерін жүйелестіруге жеткізу. Бастауыш сыныптарда қолданылатын көрнекіліктер түрлері: табиғи заттар, суреттер, көлемді, дыбысты және сызықты көрнекі құралдары. Көрнекілік құралдар сан алуан: қоршаған болмыс заттары мен құралдары, мұғалім және оқушылардың іс әрекеттері, нақты заттар мен үдерістер бейнесі (суреттер, картиналар), заттардың өзі (ойыншықтар, картон бейне кесінділері), рәміздік өрнектер (карта, кесте, сұлба және т.б.). Көрнекілік құралдар қатарына оқулық және дәптерді де жатқызуға болады деп есептейміз. Себебі, берілген материалдар көбінесе суреттер, сызба, графиктер түрінде беріледі. Сонымен қатар, оқулықтағы ақпаратты балаға жеткізерде біз оқулық құрылымына сүйеніп көрнекілік әдістерін пайдаланамыз. Оқулық көрнекілікті жүзеге асырушы күш десек те болады.

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оқу үдерісі басталады. Оқушылар үшін оқудағы басты құрал бұл - оқулық. Біздің қарастыратын мәлесемізде бастауыш сыныптың математика оқулығы. Оқулық - математикалық білім беру мазмұнын айқындайтын және нақтылайтын негізгі оқу құралы. Математика оқулықтары бастауыш сынып математика бағдарламасының мазмұныны сәйкестендіріп құрастылыды. Онда әрбір тақырып бойынша материалдар беріледі. Оқулықта берілген материалдар мазмұны белігілі бір жүйемен орналастырылады: қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге қарай, яғни оқулықты құрастыруда бірізділік, жүйелілік, сабақтастық, көрнекілік принциптері қатаң сақталады. Оқулықта берілген теориялық материалдар практикалық мәселелер мен байланыстырылады. Сонымен қоса, оқулықтағы жаттығулар мен тапсырмалар жаңа материалды оқытуға дайындау; жаңа сабақты түсіндіру, жаңа сабақты бекіту, пысықтау, білімді тексеру, өткенді қайталау бағытында беріледі. Оқулық берілген материалды тек суреттердің көмегімен түсінуге, меңгеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге сабақта естіген мәліметтерін қайталауға, оқу материалының кейбір тұстарынымен танысуға да мүмкіндік береді. Оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі - оқыту мен тәрбиелеуді өзара байланыста жүргізуге арналған материалды тиімді таңдап алуды ескеру. Яғни оқулықта берілген сурет мазмұны қоршаған ортамен байланысты. Ондағы берілген білім мазмұны бастауыш сынып оқушыларына тек математикалық білім, білік, дағдыны қалыптастырып қоймай, сонымен қатар өз елінің, жерінің табиғатын аялауға, өзінің географиясы мен экономикасын, тарихын меңгеруге, ұлттық өнер, салт-дәстүр, мәдениетті сүюге және бағалауға, өз Отанының патриоты болуға, еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік нормаларын сақтауға, әділдікке, ізгілікке бағытталып, басқада пәндермен байланысты жүзеге асырады. Айтылған ерекшеліктердің барлығы қазіргі таңда оқулықта берілген ортақ тақырыптардың негізінде жүзеге асады. Қазіргі таңда мектептердің басым бөлігі математика оқулықтарының 2022 жылғы жаңартылған нұсқасымен қолданады.

Сонымен қатар, математика оқулыған сай математика дәптері де қазіргі таңда қолданыста. Математика дәптері математика оқулығымен тығыз байланыста болатын оқу құралы. Математика дәптері бастауыш сынып оқушыларының практикалық дағдыларын қалыптастырады. Ол оқулықпен бірлікте болып, бастауыш сынып оқушыларының практикалық білім, білік пен дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздейді. Дәптердегі тапсырмалар бастауыш сынып математика оқулығының мазмұнына сәйкестендіріп беріледі. Дәптер мазмұнында түрлі тапсырмалар болады. Мысалы, үлгі бойынша бастыру, суреттерді бояу, цифрларды өз бетімен жазу, кесінділерді сызу, жалғастыр, өрнектің мәнін табу, математикалық жаттығуларды орындау, геометриялық фигураларды сызу. Бұлардың өзі көрнекілік құрал болып табылады деп есептейміз.

Негізінен көрнекілік әдістерін біз үш топқа бөліп қарастырсақ болады. Әр топтың өзіндік ерекшелігі мен қойылатын талаптары болады. Бірінші топ - затты көрнекілік (демонстрация), екінші топ - суретті көрнекілік (иллюстарция), үшінші топ - теле-видеобейне әдісі.

Затты көрнекілік (демонстрация). Бұл әдіс көбіне танысып жатқан құбылыстардың даму жағдаяттары мен сыртқы көріністерін, ішкі құрылымдары мен біртекті заттар арасындағы орналасу мекенін танып білу үшін қолданылады. Табиғи нысандарды оқушыларға ұсыну, әдетте, оның сыртқы белгілерін көлемі, формасы, түр түсі, бөліктері мен олар арасындағы байланыстар көрсетуден басталып, кейін әдейі ажыралып көрсетілетін ішкі құрылымдар не жеке қасиеттері таныстырылады. Бұл әдістің тиімділігі: егер зат, үдеріс және құбылыспен балалардың өздері тікелей зерттеп, танысса, олармен байланысты әрекеттерді де өз беттерінше орындап, аралық тәуелділіктерін өз тәжірибесі негізінде ашып, көзін жеткізсе, оқу тиімділігі арта түседі. Оқу жұмысы оқушының өз танымдық ізденіс әрекеттерін арқау етсе, ол басқалардың пікір, тұжырымдарын қайталамай, меншікті білім қорын қалыптастырады. Заттай көрнекілікті қолдану үдерісіне қойылатын талаптар:

- көрсетіліп жатқан нысан балалардың толықтай назарында болуы қажет;

- ол тек көзбен бақыланып қана қоймай, барлық сезім мүшелеріңің есерленуін қамтамасыз етуі керек;

- балалар өз ықылас-ынтасын нысанның оқу ісіне тікелей байланысты тараптарына аудара білуі шарт;

Затты көрнекілік әдістерінің арасындағы ең қажеттілерінің бірі ол презентация. Презентация қандай да ақпаратты балаға технологияның көмегі арқылы көрсету. Презентацияға өтілетін тақырып бойынша ең керекті ақпараттарды қою, сонымен қатар суреттер арқылы көрсетуге болады. Презентация дайындаудыңда өзіндік ерекшеліктері мен талаптары бар. MS PowerPoint бағдарламасында сөйлеушінің сөзін сүйемелдейтін компьютерлік презентацияны дайындау ең қолайлы. Құжат ретіндегі презентация – бұл тізбекті слайдтар, яғни монитордың бүкіл экранын алып жатқан электрондық беттер. Көбінесе презентация демонстрациясы үлкен экранда көрсетіледі. Слайдтар саны презентацияның мазмұны мен ұзақтығына сәйкес келеді (мысалы, 5 минуттық презентация үшін 10 слайдтан артық емес пайдалану ұсынылады).

Бірінші слайдта презентацияның тақырыбы және авторлар туралы мәліметтер болуы керек. Келесі слайдтарды дайындаудың екі түрлі стратегиясын пайдалана отырып дайындауға болады:

1-стратегия: Слайдтарға сөздің қысқаша мазмұны мен тірек сөздерді сөйлеудің жоспары ретінде пайдалану үшін беріледі. Бұл жағдайда слайдтарға келесі талаптар қойылады:

слайдтағы мәтін көлемі – 7 жолдан аспайды;

маркерленген/нөмірленген тізім 7 элементтен аспайды;

маркерленген және нөмірленген тізімдерде жолдың соңында тыныс белгілері қойылмайды;

маңызды ақпарат түс, өлшем, анимациялық эффектілердің көмегімен ерекшеленеді.

2-стратегия: слайдтарда өзекті материал (кестелер, графиктер, фотосуреттер және т.б.) орналастырылады, бұл сөйлеудің негізгі идеясын ашуға көмектесетін орынды және жеткілікті көрнекі құрал. Бұл жағдайда слайдтарға келесі талаптар қойылады:

таңдалған ақпаратты визуализация құралдары (кестелер, диаграммалар, графиктер және т.б.) мазмұнға сәйкес келеді;

жақсы сапалы иллюстрациялар анық суретпен пайдаланылады;

Презентацияны қолдану демонстрация және иллюстрация әдістерінің бірлескен көмегімен жүзеге асады.

Суретті көрнекілік (иллюстрация). Бұл әдістегі көзделген мақсат плакат, карта, портрет, фотосурет, сурет, сұлба, көшірме сурет, жайылма модельдер және т.б. жәрдемімен зат, үдерістің не құбылыстың рәміздік өрнектерін көре отырып, нысанды қабылдау.

Затты көрнекілік пен суретті көрнекілік оқу үдерісінде тығыз байланыста қолданылып, бірін бірі толықтырып, әсерлілігін күшейте түседі. Зат, құбылыс не үдерісті тұтастай қабылдау қажет болса, затты көрнекілік қолданылып, ал құбылыс мәнін ұғу, оның құрылымдары арасындағы байланысты тану қажет болса, суретті көрнекілік пайдалы болып есептеледі.

Қазіргі таңда бастауыш мектептерде сапалы көрнеклік қамтамасыз ету үшін экранды техникалық құралдар жиі қолданысқа түсуде.

Технологиялық заманның жақсы дамуының арқасында біздің үшінші топтың әдістері толығымен дерлік ақпараттық техникамен байланысты. Бұл әдістің оқу және тәрбиелiк маңызы оның көрнекi бейнелердi күштi әсерлендiре, ықпалды қолданымға келтiрiп, оқиға желiсiн басқару мүмкіндiгiн беруiнде. Оқу үдерiсiнің видеоәдіспен ұйымдастырылуы нақты, анық, үлкен ой өзегінен өткiзiлiп, мақсатты бағытта болғаны әбден қажет. Видеоәдіс пайдаланушы мұғалiм оқушыларын таныстырылып жатқан мәселелер шеңберiне енгiзе отырып, олардың оқу iс-әрекеттерiн бағыттап, тиiстi қорытындылар жасап, өзiндiк жұмыстар үдерiсiнде жеке-дара көмек көрсетуде үлкен ептiлiкке ие болуы тиiс. Сонымен, көрнекi әдістер оқу үдерiсiнің барша желiсiнде қолданымға түседi. Олардың қызметi - жан-жақты, бейнелi қабылдауды қамтамасыз етiп, ой-өрiс дамуына сүйенiш болу. Көрнекілік құралдарын пайдалануда өзіндік талаптарын сақтау ұсынылады. Яғни, көрнекіліктің өзіне қойылатын талаптар бар.

Көрнекілікті қолданарда әдістемелік және эстетикалық талаптарды ескеру қажет.

Ең алдымен көрнекілікті қолданарда баланың жас ерекшелігіне назар аудару керек. Өз жасына сай көрнекілік құралдарын пайдалану маңызды. Әр көрнекілік балаға таныс, қабылдауына жеңіл болуы тиіс. Көрнекілікті жасқа сай қолданбасақ, тақырыпты ашып балаға түсіндіре алмаймыз. Мысалы 4-сыныпта өтілетін тақырып кезінде қолданатын көрнекілікті біз 1-сынып оқушыларына қолдана алмаймыз. Бұл жағдайда біздің көрнекілігіміз тақырыпқа да, баланың жас ерекшелігінеде сай болмайды.

Келесі жағдай, көрнекіліктер сабақ уақытында тиісті ретпен көрсетіліп, өз мөлшерінде пайдалануы керек. Сабақ басында қолданылатын көрнекіліктер сабақты

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!