Материалдар / Кюизенер таяқшалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кюизенер таяқшалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мақсаты:Жалпы «Кюизенер» Кюизенер таяқшалары жайлы түсіндіру. Кюизенер таяқшаларын дұрыс қолдана білуіне бағыт-бағдар беру! Көрнекіліктер: Кюизенер таяқшасы қол еңбегімен жасалған Кюизенер таяқшалары,1-ден 10-ға дейінгі сандар жапсырылған магнитті тақта. Кюизенер таяқшалары арқылы 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау. Балалар кюизенер таяшалары арқылы тура және кері санайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Шілде 2022
1080
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Мақсаты:Жалпы «Кюизенер» Кюизенер таяқшалары жайлы түсіндіру. Кюизенер таяқшаларын дұрыс қолдана білуіне бағыт-бағдар беру!

Көрнекіліктер: Кюизенер таяқшасы қол еңбегімен жасалған Кюизенер таяқшалары,1-ден 10-ға дейінгі сандар жапсырылған магнитті тақта. Теледидар. Ұялы телефон.

Әдіс тәсілі:Сұрақ-жауап, практика,карточкалармен жұмыс.

Үштілділік: Балалар-дети-children

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы







Ұйымдастырушы

ізденуш





























































Сергіту сәті:












































Шаттық шеңбері: 

Арайлап таң атты,

Алтын шапақ таратты. 

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар! 

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақшы.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Бүгін аптаның қай күні?

Олай болса оқу іс-әрекетімізді бастайық.

Бүгін мен таңертең топқа келсем үлкен сыйлыққа тап болдым. Ол сыйлықты сендермен бөліскім келді. Балалар бұл қандай сыйлық болды екен?

Кәне олай болса орнымызға отырып жайғасайық.

-Балалар, сендер сыйлық алғанды ұнатасыңдар ма?

Олай болса сыйлығымызды ашайық. (сыйлықты ашады)

-Балалар бұл не?

-Ұялы телефон.

Дұрыс.

-Ұялы телефон не үшін керек?

-Хабарласу үшін, хат алмасу үшін.

Осы кезде ұялы телефонға қоңырау шалынады.

Сәлеметсіздер ме! Бұл жай ұялы телефон емес. Бұл жаңа телефон болған соң бағдарламалар орналастырылмаған. Егер сіздер берілген тапсырмаларды орындасаңыздар, бағдарламалар орнатылынады, және телефон сіздерде сыйлыққа қалады. Сау болыңыздар.

Балалар тапсырмаларды орындап, телефонды өзімізде қалдырамыз ба?

-Ия.

-Олай болса бірінші тапсырманы ашайық.

1-тапсырма: Кюизенер таяқшалары арқылы 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

Балалар кюизенер таяшалары арқылы тура және кері санайды.


Балалар тапсырманы орындайды, ұялы телефонға бірінші бағдарлама орналастырылады.

2-тапсырма: Кюизенер таяқшалары арқылы пішіндер құрастыру.



  • 3-тапсырма: «Түрлі түсті наншелпек» ойыны.

  • Ойынды түрлі түсті мақсатта ойнауға болады.

  • Мақсаты: Таяқшаларды түсіне қарай біріктіру, қай сан қанша бірліктен тұратынын дұрыс айту.

Шартты: Түсіне қарай бірліктерді дұрыс орналастыру. Түстер бойынша сандарды есте сақтау.


Сергіту сәті:

1-дегенде тұрайық

2,3,4-алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5-дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

  • 4-тапсырма: « Салыстыру» және «Теңестіру» ойыны

Мақсаты: Түстер арқылы салыстыру және теңестіру.

Шартты: Бұл ойынды ойнау арқылы балаларды тек ғана қол моторикалары дами ғана қоймай сонымен қатар балалар түстер арқылы сандарды ажыратып және салыстыра алады. заттарға сай үйлестіреді.



  • 5-тапсырма: «Түрлі түсті түймедақ»

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту және сандардағы түстер бойынша гүлді бояу.


Шартты: Гүлдердегі сандар арқылы, күлтешелерді бояу және қандай санда қандай түс екенін атау.

Балалар біз барлық тапсырманы орындап, телефонға бағдарламаларды орналастырдық. Енді бұл ұялы телефон бізде сыйлыққы қалады.





Сұрақ-жауап




















Тапсырмаларды орындайды


























































Сергіту сәтін орындайды

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды:

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде сыйлыққа нені алдық?

-Ұялы телефонның тапсырмасын қандай әдіс бойынша орындадық?

Қорытындылайды

Күтілетін нәтиже:Тапсырмаларды толық орындады.

Игерді: Жаңа сабақты

Қолданылды: Кюизенер таяқшаларын дұрыс қолдана білді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!