Материалдар / L есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

L есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
L есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
46
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



L-есебі

Мен мектептегі тәжірибенің екінші кезеңінің жұмысымды «Мұғалімдер құзыреттілігінің бағалануы туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізу арқылы қорытындыладым. Семинарға 50 мұғалім қатысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін анықтау және дамыту іс-шараларының мектебімізде осы үш ай аралығында қалай жүргізілгендігі туралы пікір алысып, талдадық. Мектептің даму жоспары бойынша психологиялық-педагогикалық, қарым-қатынастық, оқытуда АКТ қолдану, сабақ барысын басқару, оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттіліктеріне жіті тоқталып өттік. Осы бағытта өткізілген коучингтердің нәтижесінде мұғалімдердің даму мониторингін оқу жылының соңында жасауды жоспарладық.

Қаңтар айының басында өзгеріс енгізу тобының мүшелері үш топқа бөлінді. Үш топқа бөлінген мұғалімдерге деңгейлік мұғалімдер О. О. бірінші топқа іріктелген 20 мұғалімге, И. Р. 15 мұғалімге, және Ж.Г. 15 мұғалімге «Оқытудың және оқудың 7 модулі» тақырыбында коучинг-сессия өткізді. Осы коучингтер барысында мектебімізден 50 мұғалім қызығушылық танытып қатысты. Коучинг-сессия барысында мұғалімдерге 7 модуль бойынша қысқаша шолу жасалынды. Мұғалімдер тарапынан көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылық және оның айырмашылықтары туралы сұрақтар қойылды. Бұл жерде бөлінген көшбасшылық моделін мұғалімдердің басым көпшілігі түсінбейтіні айқындалды. Бұрын біздің мектепте көшбасшылық үдерісі жоспарлы болмағаны, өзгермелі болғаны белгілі болды. Көшбасшылық бөліну дәрежесінің оқушының оқу үлгеріміне қандай ықпалы бар?- деген сұрақтар туды. Бөлінген көшбасшылық үдерісі дұрыс жолға жүйелі түрде қойылса, оқушылардың үлгерімінің жоғарлайтыны сөзсіз. Мұғалімдер деңгейлі бағдарлама негіздерінен жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп қана қоймай өз сабақтарында тиімді пайдалана білді.

И.Р. «Сабақтарды түрлендіріп өту әдістерімен таныстыру» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамасы талапқа сай жазылғандығы байқалып, көптеген мұғалімдердің көңілінен шыға білді. Мұғалімдер сабақтарына модульдерді кіріктіріп сабақ өткенде ғана оқушының жүрегінен орын алатындығын түсінді. Г.Ж. және Ш.М.-мен бірлесіп жоспарлаған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтық оқыту» тақырыбында коучинг-сессиясын өткізді. Коучинг-сессия барысында мұғалімдер сыныпта диалогті қолдану арқылы балалардың білім алу сапасына зор ықпал ете алатындығын, балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектесетіндігін, ойлаудың осы бағытына орай, сұрау және топтық жұмыс сияқты диалогтік тәсілдің баларды оқыту сапасын арттыруда әлеуеті зор екендігін түсінді.

Қаңтар айының екінші аптасында Г. К «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Топтық жұмыс» тақырыбында коучинг өткізді. Өткізілген коучингтің барысында мұғалімдер алдарында жаңа ұрпаққа білім беру міндеті тұрғандығын, топқа бөлу жұмысы туралы; сабаққа үнемі оқу құралдары (маркер, стикер, қағаздар, түрлі-түсті қаламдар, плакаттар) болу керектігін; топқа түрлі-түсті маркерлер арқылы, гүлдер арқылы, ауыл, қала аттары арқылы, өлең жолдары арқылы бөлуге болатындығын түсінді. Р.И. «Талантты және дарынды баларды оқыту», тақырыптарында коучинг-сессия өткізді. Мектебімізде дарынды және талантты оқушыларды қызықтыру үшін, біздің ауданымызда және облыста орналасқан дарын мектептерімен тәжірибе алмасу керектігі жөнінде тоқталып өтті. Оқушылардың «Өзін-өзі танытуға арналған семинарлар, конференциялар және дөңгелек үстелдер» т.б да қызықты іс-шаралар ұйымдастыру керектігі жайында айтып өтті. Қаңтар айының 2-3-4 апталарында деңгейлі бағдарламаның оқытудағы негіздерімен ата-аналарды таныстыру үшін дөңгелек үстелдер өткізілді. Дөңгелек үстелде деңгейлік курсын оқып келген мұғалімдер 7 модуль бойынша ата-аналарға тоқталып өтті. Ата-аналарға мектеп проблемасы бойынша сұрақтар қойылып, ата-аналар өз ойларын постерге түсіріп қорғады және мектебіміздің психологтары ата-аналармен сауалнама жүргізді. Жиналыс соңында ата-аналардан рефлекциялық түйін алынды. Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігіне байланысты ақпан айында О.О.«Сын тұрғысынан ойлау арқылы алдын-ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша бағалауды қалыптастыру» коучинг-сессиясында мұғалімдер слайдтан бағалауға қатысты ресурстармен танысады және сын тұрғысынан ойлау стратегиясын меңгерді, сыни ойлануды үйренді. наурыз айында Г.Ж. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыптарында коучинг –сессия өткізді. Мұнда мұғалімдер оқыту үшін бағалау үдерісінің мәнін және оны сынып тәжірибесінде қолдану әдістемесін білді.

Интерактивті тақта;

Мультимедия;

Интернет кеңістігі;

Электронды оқулықтар;

Мұғалімдермен АКТ- ны сабақта пайдаланудың тиімділігі туралы пікір алмасты.Нәтижесінде басым көпшілігі АКТ-ны сабақта пайдаланудың оқушыға еркін ойлануына мүмкіндік беретіндігін, шығармашылығын арттыратындығын, жан-жақты ізденушілігін арттырады деген ортақ пікірге келді. (видео роликтер т.б.)

Тәлімгерлер мен тәлім алушылардың кездесулері барысында коуч, коучинг, тәлімгер, тәлімгерлік, ментор және менторинг ұғымдары туралы кәсіби әңгімелер жүргізілді.Мұғалімдерге коучинг бағдарламасының мақсатын түсіндірдік. Коучингке қатысу тиімділіігн айтып өттік. Мұғалімдердің арасынан деңгейлі бағдарлама негізіне қызығушылық танытқан топтар белгілене бастады. Олардың ішінен коучинг жүргізгісі келетін, үйрене отырып, үйреткісі келетін мұғалімдер ерекшеленіп шығып, коуч болуға өз өтініштерін білдірді. Олар Қ.А, Ж. А, Ж. Г, А. Қ, И. Г, Д.Д, Қ. С, К. Л, А. Л, Т. Л. Тәлімгерлік жоспары бойынша осы мұғалімдермен кәсіби әңгімелер, кездесулер өткізілді. Олар өз тарапынан 1,2,3 деңгей бағдарлама материалдарының электрондық нұсқасын мұғалімдерге таныстыра отырып таратты. Мектеп мұғалімдері «Таукент ұстаздары» конференциясында пікір алмасып тұрды. Бұл мұғалімдер электрондық пошта және скайп арқылы хабарласуға дағдыланды. Осы мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтамасын LS сабақтарын жоспарлауға және LS бірлескен тобын құруға сыныпты зерттеуде ықпалын тигізді.Қаңтар айының 2-3 аптасында LS сабақтары 8 «а», 6 «б», 3 «В» және орыс сыныптарында өткізілді.

Деңгейлі мұғалімдер және өзгеріс енгізу тобының мүшелері наурыз айында «Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша мастер-класс сабақтарын» өткізді.

Ақпан айы «Мектебіміздің мәдениеті және мектеп өмірінің салт-дәстүрі» айы деп жарияланды. Қазіргі заманда құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!