Материалдар / Лабан қаласының тарихы ғылыми жоба. Бұл материалды десертация немесе ғылыми жоба қорғаған кезде қолдануға болады
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Лабан қаласының тарихы ғылыми жоба. Бұл материалды десертация немесе ғылыми жоба қорғаған кезде қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік
7-10сынып оқушыларына және тарих факультетынде оқитын студенттерге көп көмегы тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
650
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

. Бір сай бар “су” -деп жай атанатын, Барып қайтсаң жаныңа от аласың. Тамсандырып Сүмбенің табиғатын. Айтпай қалай үйіңде жата аласың – демекші. Сүмбе ауылының да өткен тарихы бар. Сол тарихын зеріттеп, білу біздің басты мақсатымыз. Сүмбе ауылы алып тәңірі (Тянь-шань) тауының бір бөлшегі Ұзынқара (Кетпен) батыс бірер бөлігіндегі Сүмбе атты өзеннің жағасына орналасқан үлкен ауыл. /Сүмбе түзу, сымбатты деген мағына береді. ҮІІІ-Х ғасырларда “Лабан” қаласы салынған және сол дәуірдегі “Түркеш” хандығының негізгі бас қалаларының бірі болған. Бабаларымызға құт мекен болған Сүмбе аймағындағы жер, су аттары да бабаларымыздың атымен аталады. Мысалы: Құмай жайлауы өткен ғасырдағы болыс болған, Құмай бабамыздың атымен аталады.Құмай ұрпақтары күні бүгінге дейін осы жерді мекендеп отыр . Өткен 1999жылдың басында ескерткіш орнатып “Жаңа сай”ауылын “Құмай ауылы деп атады. ХІХ ғасырдың орта кезінде Сүмбеде егіншілікпен айналысатын Қоңырбөрік руының ұрпақтары тұрғандығы тарихтан белгілі. ... Ертедегі Лабан қаласының қиранысын үстіне тұрақты елді қоныстандыру кеңестік кезеңде бастаған. 1926 алғаш тұрғындар үй жасап отырықты ел бола бастаған.







Қалалық мәдениеттің дамуы Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемл. төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады. 9 — 10 ғ-ларда солт.-шығыс Жетiсуда да қалалар салына бастаған. Iле өз. бойындағы көшпелiлер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнерi мен сауда орталығына айналды. 9 ғ-да және 10 ғ-дың 1-жартысында Жетiсуда билiк қарлұқтар қолына өтуiне байланысты көшпелi халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелi тайпалардың ақсүйектерi құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелерi топ-тобымен отырықшылыққа көшiп, егiншiлердiң, қолөнершiлердiң қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкендi-кiшiлi елдi мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 — 12 ғ-ларда қоғамның өндiргiш күштерi үлкен қарқынмен өстi. Археологиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға (ҮІ-ІХғ) қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде (Х-ХІІғ) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалр саны көбейген. Қалалар санының өсуі, қала маңында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсерін тигізген. Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері-Жетісу аймағы. Әсіресе оңтүстік батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақтан 36 қала жұрты табылды. Солтүстік Жетісудан (орталығы –Лабан, Алматы,Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған. Жетiсуда 9 — 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 — 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 — 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейiн көбейген. 10 ғ-дағы деректер Iле аңғарының сол жағалауында орналасқан екi қала — Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлiмет берсе, 11 — 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екi-Оғыз, Қаялық, Iлебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетiсудағы барлық қала жұрттары "төрткөл” аталатын үлгiге жатады. Олар тiк бұрыш, трапеция түрiнде жоспарланған немесе дөңгелек болып келедi, жалпы жер бетiнен сәл дөңестенiп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Төрткөлдер солт.-шығыс Жетiсуға ғана емес, сонымен қатар оңт.-шығыс Жетiсуға, Тянь-Шаньға, Орт. Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгiдегi немесе бiршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседi. Олардың типологиясы жөнiнде әр түрлi көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты iрi қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдерi бекiнiстер және ауылдық қоныстар деп есептеледi. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттелiп отырған үлгiдегi қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгiсiндегi қоныстар деп саналады. Солт.-шығыс Жетiсу төрткөлдерi үш топқа бөлiнедi. Бiрiншiсiне Антоновка, Дүнгене, Шiлiк; екiншiсiне Талғар, Сүмбе, Ақмола енгiзiлген; үшiншiсiне Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан, т.б. жатқызылады. Қалалр тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынанда өсіп отырған.Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ- көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран т.б. Екінші топ- көлемі 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг т.б. Үшінші топ- көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар.- Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан т.б. жатқызылған. Мұндай қалалар 1 жіне 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлемдерінің үлкен кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрылыс жүйелеріне, қоғамдық (сауда, діни т.б.) орындарының орналасуына да байланысты. Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегітұрған үйлердің жанында малға арналған қора-жайлар да салынған. Сонымен, Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезенде Қазақстандағы қалалардың құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол қаланың үшінші сыртқы бөлігінде қалыптасуы, махаллалар көлемнің ұлғаюы, қала құрлымындағы жаңа элементтер – мешіт, монша сияқты қоғамдық құрылыстар салынып, қорғаныс бекіністерінің неғұрлұм мықты бола түсуіне көрінеді. Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер. Қалалардың өсуі, өркендеуі, сауданъщ дамуы, шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тар-тылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылыш, гүлдеп тұрған. IX ғ. XIII ғ. бас кезінде Жетісудың солтүстік-батысыңда қала мәденистінің жаңа ауданы құрылды. Орта ғасыр деректері Толхир, Лабан. Екі оғыз, Каялық қалаларын айтады. Осы кезенде отырықшылық және кала тірлігі Орталық Казақстанға да жайылады. Қалалар мен мсксн жайлар Жезді, Кеңгір, Сарысу алқаптары. Ұлытау баурайынан қоныс тебеді. Сол сияқты калалар Шығыс Казақстанда да, Ертіс бойында да пайда болады. Деректер қалалардың қимақтар меншігінде болғанын жазады. Олардың ішіндегі ең ірісі — хан (қаған) сарайы Имақия болған. Астанадан басқа Дамурия, Сарауыс, Банджар, Дахлан, Астур сияқты қалалар аталады. Қосынды-ордалы қалалар Батыс Казақстанда, Жайық алқабынан салынады. Олар оғыз-түріктер меншігі саналған. Қазба жұмыстары, өткен кезеңмсн салыстырғанда, оларды сату ісінде болған өзгерістер жайын көрсетеді. Сырдария бойындағы Құйрықтөбе қала жұртының оңтүстік-шығыс жағындағы XI ғ. мен XII ғ. бас кезінде жататын бірнеше иримның қабағы ашылғанды. Олардың арқасында 8—10 үй бар екен. Қазылған бір ирамның көсілтік мәні бар болып шықты: онда құмырашылар тұрған екен. Жетісудың теріскей-батысындағы. Талғар қала жұртын қазғанда, қала оның орам-орам салынғаны анықталды. оның аумағы Құйрық төбедегіден екен. Жетісудың оңтүстік-батысындағы қалаларда тұрғын үйлердің, жаңа түрлері туады. Олардың ортақ сипаты — өстес-кіндіктес жоспар, мұнда тұрғынжай мен қоражайлар ауланың не залдың айналасына топтастырыла салынады. Ондай жоба қатардағы және бай үйлерге тән. Жстісудың солтүстік-шығысының XI—XII ғғ. қалалық тұрғын үйлері бізге Талғар қаласы қазбаларынан белгілі. Мұндағы үйлер бір типтес. Олар 44-6 тұрғынжай мен қора-қопсылардан, ауладан тұрған. Үйдің іргесі қойтастардан қаланған. Құрылыста пахса, қам-кесектер, қыш, ағаш қолданылған. Аулалар бітеу тас дуалдармен қоршалған. Олардың ішіндс қоралары, әрбір аттың бөлек тұрағы бар атқоралар болған. Талғардың кейбір үйлері аулаларында киіз үй тігетін де орын әзірленеді екен. Тұрғынжайлар мен мал қора-қопсысының, киіз үйлердің болуы Теріскей-шығыс Жетісу қалалары тұрғындарының өмірінде көшпелі мал өсіру дәстүрлсрінің сақталып қалғанынан хабар береді. Керамика қолөнерінде де ілгері басқандық байқалады. Ерте ортағасыр кезеңімен салыстырғанда, қолмен жапсырып, сылап-сипап жасайтын ыдыс-аяқтар үлесі күрт төмендейді. Құйма керамика пайда болады. Қазақстан қалаларында шыны бұйымдар жасау ісі IX ғ. жатады, ал алардың жаппай таралуы X—XI ғғ. жүзеге асады. Мұндай бұйымдардың кең жайылған түрі — графиндер, қумыралар, кеселер, зерендер, сапты аяқтар, шөлмектер еді. Шыныдан терезе әйнектері де жасалады. Каладағы аса маңызды кәсіптің бірі — темірші-ұста ісі болады. Темір бұйымдардың көптеп табылуы — осынау кәсіптің дамуынан, оның техникалық мүмкіндіктерінен хабар береді. Мыстан мүліктер жасайтын орындар қалалардың бәрінде де болған, өйткені мысты полиметаллар Қаратаудағы, Кырғыз, Талас, Іле, Жоңғар Алатау беткейлері болған.

Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегі тұрған үйлердің жанында малға арналған қора-жайлар да салынған.

Сонымен, Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезенде Қазақстандағы қалалардың құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол қаланың үшінші сыртқы бөлігінде қалыптасуы, махаллалар көлемнің ұлғаюы, қала құрлымындағы жаңа элементтер – мешіт, монша сияқты қоғамдық құрылыстар салынып, қорғаныс бекіністерінің неғұрлұм мықты бола түсуіне көрінеді.

Тұрғын үйлер. Х-ХІІ ғасырлар қалаларына жүргізілген қазба жұмысының кезінде аршылған үйлердің құрылыс жұйелері ерте орта ғасыр кезінде (VІ-ІХғасырлар) салынған үйлерге ұқсас екендігі байқалды. Бірақ Х ғасырдың тұрақ-жайларында бөлме сандары көбйе бастайды. Бөлменің еден дейіңгі тек кіреберіс алдындында ғана сақталды. Сәкілер бөлменің жартысын, тіпті үлкен бөлігін алып тұрады. Бөлмеге аузын есік жаққа қаратып тандыр ошақ орнатылды. Мұражасы тандырдың артқы жағынан тесіліп, түтін қабырғаның бойымен үйдін төбесі арқылы шығарылған. Ал тандырдың жанында төрт бұрышты 30х30 см, беті ашық ошақ болады. Оған қазап тұрған шоқ салып қояды.

Лабан қаласының тарихы Сүмбе ауылы алып тәңірі (Тянь-шань) тауының бір бөлшегі Ұзынқара (Кетпен) батыс бірер бөлігіндегі Сүмбе атты өзеннің жағасына орналасқан үлкен ауыл. /Сүмбе түзу, сымбатты деген мағына береді./ Осы өзеннің таудан шыға берісінде ҮІІІ-Х ғасырларда “Лабан” қаласы салынған және сол дәуірдегі “Түркеш” хандығының негізгі бас қалаларының бірі болған , Атақты жібек жолының бір тармағы “Қойлық” / Көктал қаласынан бөлініп Сүмбе арқылы “Құмшекейге “ /Кегенге/ одан ары “Ыстықкөлге “ кеткен , бұл жолды жергілікті халық күні кешеге дейін “шәйшіннің жолы” деп атаған. Ауыл тарихы көне заманнан белгілі. Олай дейтініміз Сүмбе ауылы тұрған жерде ІХ ғасырда салынып , ХІІІ ғасырға дейін өмір сүрген Лабан қаласы болған, қаланың ортаңғы бөлігін қоршаған қорған мен сү толтырылған ордың жұрнағы күні бұгінге дейін тұр. Қаланы осы жерде ҮІІІ ғасырда үстемдік еткен үйсіндер ұрпағы Түркештер өзі жеңіп, Х ғасыр мен ХІІІ ғасыр ортасында билік жүргізген ортасында билік жүргізген Қарақытайлар (батыс лиау мемлекеті деп аталған) салған дерек бар. Лабан қаласы сол түркештердің астанасы болмасада бас қала атанған төрт қаланың бірі болған. Лабан қаласы Алматы қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқаны туралы деректер кездеседі. / Ежелгі Қазақстан қалалары/ Батыс түрік қағандығындағы ішкі қырқыс оның әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың аяғында Жетісуда қағаздықташ түркештер (шулық) мен қара түркештер (желілелік) оқшау шықты. Қаған тағына қара түркештердің өкілі отырды. 756 ж. Түркеш қағаңдығы VIII ғасырдың 2-жартысының басында Алтайдан Жетісуға қоныс аударған түркі тілдес қарлұқ тайпаларының шабуылынан соң құлады. Қарлұқ қағандығына (766-940) Жетісу мен Оңгүстік Қазақстан тайпалары кірді. Олардың құрамындағы түркі тілдес тайпалардың ішінде: тухси, шігіл және азкиш, халадж, чарук, арғу, барсқан, оғыз, үйғырлардың бір бөлігі. Жетісу соғдылары болды. Қарлұқ қағандығының шекарасы Жетісу мен Қашғадариядан Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға дейін созылды. Қарлұқтар Ұйғыр қағандығымен соғыс жүргізді. Ұйғыр қаған-дығы қырғыздардың шабуылынан 840 ж. құлағаннан кейін қарлұқ тайпалар бірлестігінің көсемі ябғу түріктердің жоғарғы билеушісінің лауазымы - қаған атағын алғысы келді. VIII-IX ғасырдың басында қарлұқтар түркештердің соңын ала бере арабтардың Оңтүсгік Қазақстанның жеріне жылжуын тоқтатты. Лабан қаласының аумағы жерді алып жатқан /шамамен / айнала үш қорғанмен қоршалған ішкі қорған қалдықтары күні бүгінге дейін сақталып тұр. / биіктігі , ені топырақтан соғылған және айналдыра су жіберілген/. Қалдығы күні бүгінге дейін бар, әсіресе биіктігі топырақ қоршауы сақталған. Оны Сүмбеліктер “Сейпіл” деп атайды /қорған деген сөз /. Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесіде өзгеше болған. Жергілікті ру тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегі тұрғын үйлердің жанында малға арналған қора жайларда салынған. Ал қазіргі Сүмбе ауылының орнында Лабан қаласының орны болуының тағы бір айғағы жоғарыда аталған аумақтыарда тұрғын үй салу кезінде қазылған жерлерден осындай қора, үйлердің орындарынан әртүрлі заттар табылған. Экономикасы отырықшы егіншілікпен тығыз байланыстырылған көшпелі және жартылай кошпелі мал шаруашылығына негізделді. Маусымдық жайылымдарға баратын жолдар белгіленіп, үй малының құрамы (жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр) анықталды. Халықтың отырықшы және жартылай отырықшы топтары егіншілікпен (тары, бидай, арпа, екті, оңтүстік аудандарда бау, бақша өсірді) айналысты. Мысалы, ағаштан жасалған үзеңгі ешбір жалғаусыз, ешбір шеге қағылмаған, одан соң қамшы, қыш құмыралар табылған. Дамыған орта ғасырлық қалалар Отырар, тараз, Талғар, Баба-Ата, Құрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазба жұмыстары, Бұл қалалардың қоғамдық құрылыс орындарының жобаларының қандай дәрежеде болғандығын көрсетті. Көшелер, оның екі жағына салынғын үйлер, шаруаға қажетті бөлмелер, олардан аулақтау жерде салынған шеберханалар аршылған. Шеберханалар- қыш құмырашылардың махалласы тұрғын үйлерден алыстау салынатын болған.Жазба және археологиялық деректерді салыстырғанда, ертедегі орта ғасырдағы қыш құмырашылар махалласына қарағанда дамыған орта ғасырдағы құмырашылар шеберханалары екі-екіжарым есе ұлғайған. Бұған байланысты үйлер саны да өскен. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде сауда орындары да анықталған. Лабан қаласының да орта ғасырларда осындай деңгейде болғанын дәлелдейтін заттар көптеп кездеседі. Негізгі сауда жолы орта ғасырларда осы аралықтан өткен. Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Іғ ортасында арғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жеткен. Биік шатқалды тау арасынан шығатын Сүмбе өзенінің алқабы құнарлы болғандықтан сол заманнан бастап егін егіп, бау бақша өсірілген. Ал бұл қала Ұлы Жібек жолының бір тармағы Үрімжі- Нылқы – Құлжа Шапшал – Қалжат арқылы келетін “Шәйшінің жолы” – деп аталатын жолдың бойындағы ең ірі қала болған. Лабаннан – Құмтекей арқылы орта Азияға ыстықкөл жағалап кететін еді. Лабан қаласын Шыңғысхан шапқыншылары қиратқан деген деректер тарих оқулығында (көне қазақ тарихи Шыңжан баспасы 1991ж) жазылған . ХҮ ғасырда қайта қалпына келтірілген. Түркештерден кейін Х-ХІ ғасырда қарақытайлар /Батыс Лиау/ иемденген кезде Буткана салынған , жұрнағы әлі бар. ХҮІ ғасырда Лабан қаласын жоңғарлардың алғашқы шапқыншылығы кезінде қала қираған, бірақ ата бабаларымыз егіншілікпен айналысқанын тоқтатпаған. Сол кездегі тартылған тоғандар сілемі әлі күнге дейін бар . Мысалы: “Қалмақ тоған” қазақтар жоңғарларды қалмақ деген./ұзындығы 10-15 шақырым бұл тоған биік қырқаны кесіп қия беттен қиялай тартылған шамамен 1850-60 жылдары қазылған. Ол кездегі негізгі егілетін дақылдар тары, бидай, арпа. Дөңесті жердің сары топырағына әсіресе тары жақсы шыққан.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!