Материалдар / Лабораториялық практикум "Visual Basic 2010 express және Lazarus орталарында бағдарламалау "
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Лабораториялық практикум "Visual Basic 2010 express және Lazarus орталарында бағдарламалау "

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал информатика пәні мұғалімдеріне аса қажетті. Материалда лабораториялық жұмыстар толығымен қамтылған. Түсінікті тілде жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
573
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Лабораториялық жұмыс №1
Visual Basic ортасында жұмыс. Жобаларды дайындау ортасын оқып
үйрену.
Мақсаты: Visual Basic қосымшаларды дайындау ортасын оқып
үйрену, қосымшалардың пішінін(формасын) дайындаудың әдістерін, пішінге
элементтерді орналастыру ретін үйрену, Visual Basic ортасының негізгі
компоненттерімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
1.1. Әдістемелік нұсқаулық
Visual Basic бағдарламасын іске қосу және жаңа жоба
құру(Standart EXE шаблоны)
1 әдіс:
Visual Basic бағдарламасын іске қосу үшін Windows жүйесінің
жұмыс үстелінде microsoft visual basic 2010 express.EXE файлын екі рет
шерту жеткілікті.
2 әдіс:
1. Бастау(Пуск) түймесін шерту
2. Ашылған терезеден Бағдарламалар(программы) мәзірін таңдау,
соның ішінде Microsoft Visual Studio 10.0 , содан соң Microsoft
Visual Basic 2010 express командасын орындау.
Microsoft Visual Basic бағдарламасы іске қосылғаннан кейін New
Project сұхбаттық терезесі пайда болады. Windows Forms Application- ды
таңдап ок түймесін шертеміз.Сонда Form1.vb[Design] проект терезесі
ашылады.
1
2
3

5

4

6

1-терезе тақырыбы
2- Мәзір(меню) қатары
1

3-Стандартты түймелер
4-құрал – саймандар(компоненттер) панелі
5- жоба терезесі
6-қасиеттер панелі
Menu(Меню) қатарында жобаларды басқаруға арналған командалар
орналасқан.
File (файл) менюінде жобаны ашу, құру, сақтау, баспаға беру командалары
орналасқан.
Edit(Правка) менюінде бағдарлама мәтінін редактрлеу командалары
орналасқан.
View(посмотр) менюінде код терезесін шақыру, құрал-саймандар панелін
іске қосу командалары орналасқан. Код терезесін F7 пернесі арқылы да
шақыруға болады. Құрал-саймандарды(компоненттерді) шығару үшін Viewother Windows-toolbox командасын орындау жеткілікті.
Project (Проект) менюінде жобаға жаңа пішін(форма) қосу, жаңа жоба
жасау командалары орналасқан.
Debug(отладка) менюінде құрылған жобаны іске қосу(запуск, F5),
бағдарлама мәтінін жөндеу, қателерді табу т.б. командалар орналасқан.
Visual basic 2010 express – объектіге-бағытталған орта
Объектіге-бағытталған бағдарламалау – бұл негізі объект болатын
бағдарламалар дайындау әдісі. Басқаша айтқанда, объектілерді формаға қою
арқылы бағдарламалар дайындау.
Объект – бұл бағдарамалық ортаны өңдеуде(дайындауда)
қолданылатын әдістер мен қасиеттер(параметрлер) жиынтығы. Объектіге
мысал ретінде автомобильді қарастырайық.
Әрбір объектіде мыналар болады:
Қасиет - объектінің сипаттамалары(мінездемелері) (автомобиль
өзінің маркасымен, түсімен, салонымен, рульдің орналасуымен,
жылдамдықты ауыстыру қорабымен және т.б сипатталады).
Әдістер - объект әрекеті, демек объект не істей алады? Деген
мәселені қарастырады.( автомобиль үшін әрекет мынадай болады: алға, артқа
қозғалу, тоқтау, бұрылу т.б.). Әдістер объектіге амалдар қолданылатын
функциялар мен процедуралар.
Оқиғалар - кез-келген тышқанмен немесе пернетақтамен
жасалынатын әрекет, әсер ету(автомобиль объектісіне әсер ететін оқиғалар:
бағдаршам сигналы, полиция белгілері және т.б.).
Оқиғаға реакция- берілген оқиғаны аяқтауда жасалынатын
әрекеттер.

2

Пішін(форма). Компоненттер. Бағдарлама коды
терезесі. Пішін(форма) –
келешекте дайындалатын
3-сурет

бағдарламаның терезесі(3
суретте). Пішін терезесі

windows жүйесінің жоба терезелеріне ұқсас: онда
тақырып жолы, орап қою, қалпына келтіру, жабу
батырмалары бар. Пішінге бағдарлама макетін дайындау үшін компоненттер
қойылады.
Компонент қасиеттері мынадай беттерден тұрады:
Қасиеттер(Properties) және оқиға(Events), олардың әрқайсысы екі бөлікке
бөлінген.
4 сурет

Қасиеттер беті объектінің қасиеттерін орнату үшін қолданылады.
Бұл бетте белгіленген(белсенді) объектінің барлық қасиеттері көрсетіледі.
Беттің сол жақ бөлігінде қасиет атауы, оң жақ бөлігінде оның мәндері
орналасқан. Сол жақ бөлігіндегі «+» белгісі қасиеттердің бірнеше мәндері
бар екендігін көрсетеді. Қасиеттің мәні ретінде ашылған тізімнен сан, сөз
болуы мүмкін. Оң жақ бөліктегі «▼» белгісін басқанда қасиет мәндерінің
тізімі ашылады.
Егер қасиет мәні мәтін немесе сан болса, онда оны енгізіп болған соң
Enter пернесін басу қажет.
Оқиға беті оқиғаға реакция дайындау үшін қолданылады.Бет екі
бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте оқиға атауы, ал екінші бөлікте оқиғаны
өңдейтін процедура атауы көрсетіледі.
Бағдарлама коды терезесі бағдарлама мәтінін теру және редактрлеу
үшін қолданылады. Бағдарлама мәтіні арнайы ережелерден құралады.
Бағдарлама жазу үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет:
1. Пішінге қажетті
компонентті қою
2. Компонент қасиеттерін
дайындау(беру)
3. Оқиғаны анықтау
4. Оқиғаға реакцияны
дайындау

3

Пішінге компонентті орналастыру үшін компонентке тышқанның сол жақ
батырмасын басып, пішінге бір шертсек жеткілікті.
1. Form компоненті(экрандық пішін). Пішін тек қана
бағдарламаның сыртқы түрі ғана емес, ол өзінің қасиеттері мен
оқиғалары бар толыққанды компонент болып табылады.
Кесте1
Form компонентінің негізгі қасиеттері
2.

Пішін терезесінің

Text

тақырыбы
Color

Пішін түсі

Font

Пішін терезесінің
тақырыбының қаріп
атрибуттары:
Color – қаріп(шрифт) түсі
SIZE – қаріп өлшемі
Style – қаріп стилі

2
.
L

abel компоненті (жазу немесе белгі)
. Бағдарламада түсініктеме
жазу ретінде қолданылады.
Кесте3
Label компонентінің негізгі қасиеттері
Text
Жазу тақырыбы. Түсініктеме жазу.
Жазу өлшемін автоматты түрде

AutoSize

өзгерту(қалыпты жағдайда True мәнін
қабылдайды)
Font

Жазудың қаріпі(шрифті)

Vizible

Жазудың экранда көрінуін
4

қадағалайды. Екі мәннің бірін
қабылдайды: True немес False
Жазу шекарасын туралау:

TextAlign

taRightJustify – оң жақ шеті бойынша
taCenter – ортасы бойынша
taLeftJustufy – сол жақ шеті бойынша
3. TextBox компоненті(бір қатарлы енгізу-шығару терезесі)
Бағдарламаға мәтін немесе санды енгізуге және шығаруға
қолданылады.
Кесте3
TextBox компонентінің негізгі қасиеттері
BorderStyle
Жиек стилі:
bsNone – жиек жоқ
bsSingle – бір сызықты жиек
Мәтіндік қатардың максимал

MaxLength

ұзындығын анықтайды. Егер 0
мәні берілсе, қатар ұзындығы
шексіз болады
Қатар мазмұнын редактрлеу

Text

4. Panel компоненті(контейнер, қоршау).
Бұл объектіге
біріктірілген компоненттерді енгізуге болады.
5. Button компоненті (командалық батырма)
. Оқиғаны
орындау үшін қолданылады.
Кесте4
Button компонентінің негізгі қасиеттері
Caption
Батырманың жазуы
Height

Батырманың биіктігі
5

.

Батырманың ені

Weidth

Тапсрыма 1. Text қасиетін пайдаланып, пішін тақырыбын Form1-ді
«менің алғашқы бағдарламам» деп өзгертіңдер.
Тапсырма 2. Пішіннің BackColor қасиетін пайдаланып пішін түсін
AntiqueWhite-ға өзгертіңдер
Тапсырма 3. Пішін ортасына Label компонентін
ораналастырыңдар. Text қасиетіне БАҒДАРШАМ деп жазыңдар. Жазудың
түсін сұр түсті етіңдер. Font қасиетінде қаріпті Nimes New Roman, қаріп стилі
боялған(жирный), өлшемін 14-ке өзгертіңдер.
Тапсырма 4. Пішінге Panel1, Panel2, Panel3 компоненттерін
орналастырыңдар.
Тапсырма 5. Пішінге командалық Button1, Button2, Button3
компоненттерін орналастырыңдар. Техт қасиетіне қызыл, сары, жасыл
мәтіндерін жазыңдар. Нәтижесінде төмендегідей 6 суретте көрсетілген пішін
пайда болады.

6-сурет
Тапсырма 6. Panel1 компонентінің түсін қызылға өзгерту үшін
келесі процедураны орындау қажет.
6

Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click
Panel1.BackColor = Color.Red
Panel2.BackColor = Color.Gray
Panel3.BackColor = Color.Gray
End Sub

Тапсрыма 7. Panel2 компонентінің түсін сарыға өзгерту үшін келесі
процедураны орындау қажет.
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click
Panel1.BackColor = Color.Gray
Panel2.BackColor = Color.Yellow
Panel3.BackColor = Color.Gray
End Sub

Тапсрыма 8. Panel3 компонентінің түсін жасылға өзгерту үшін
келесі процедураны орындау қажет.
Private Sub Button3_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button3.Click
Panel1.BackColor = Color.Gray
Panel2.BackColor = Color.Gray
Panel3.BackColor = Color.Green
End Sub

Нәтижесі:

7- сурет
Хабарлама терезесі
Кезкелген бағдарламамен жұмыс жасау кезінде хабарлама терезесін
шығаруға болады. Ол үшін келесі команда орындалады:
MsgBox(“Хабарлама мәтіні”);
Тапсырма 15. Менің алғашқы бағдарламам атты пішінге button4
компонентін қосыңыз. Оған «Автор» сөзін жазыңыз(Text қасиетіне).Сол
7

батырманы басқанда автордың ат-жөні шығатын хабарлама терезесі ашылу
керек. Оны ұйымдастыру үшін Оқиғаға мынадай процедураны енгіземіз:
Private Sub Button4_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button4.Click
MsgBox(" Ахметчеев Абай Бахадурович")
End Sub

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма
Командалық түймені басқанда, түймеге сәйкес «бағдарламалау
тілдері», «бағдарламалау жүйелері», «Алгоритм» сөздерін шығаратын;
қосымша «жұмысыңыз үшін рахмет» хабарламасын шығаратын бағдарлама
құрыңыздар. Пішін түсі көгілдір, күлгін, сұр .Қоршау жиектрі дөңгеленген
болу қажет.

Лабораториялық жұмыс №2
Мәліметтерді(деректерді) енгізу-шығаруды ұйымдастыру.
Мақсат: Visual Basic 2010 express ортасында алғашқы бағдарламалар
құруға дағдылану; Visual Basic 2010 express ортасының негізгі
компоненттерін оқып үйрену; қарапайым бағдарламалар құрып үйрену.
2.1. Әдістемелік нұсқау
Visual Basic 2010 express бағдарламалау жүйесінде деректерді енгізу
мен шығару үшін енгізу терезесі (TextBox) мен Inputbox және MsgBox
функциялары қолданылады.
Енгізу терезесі деректерді енгізу үшін де нәтижені шығару үшін де
қолданылады: x=textbox1.text- x айнымалысы TextBox1 объектісінің text
қасиетіне меншіктеледі.
х=val(textbox1.text)-сандық х айнымалысы TextBox1 объектісінің
text қасиетіне меншіктеледі. TextBox объектісінің Text қасиеті мәндерді
символдық түрде қабылдайды. Сондықтан оны санға түрлендіру үшін Val
функциясын қолданамыз.

8

TextBox1.text= “Абай Құнанбаев қазақтың бас әрі қайталанбас ақыны”
– Textbox1 объектісінің text қасиетіне мәтіндік тұрақты ретінде
меншіктеледі.
TextBox1.text=Str(x) - Textbox1 объектісінің text қасиетіне сандық
айнымалы меншіктеледі. Сандық айнымалыны мәтіндік айнмалыға
түрлендіру үшін Str функциясы қолданылады.
Inputbox функциясы диалогтық режимде берілгендерді(деректерді)
енгізу үшін қолданылады. Жалпы жазылуы:
<айнымалы >=Inputbox(“мәтіндік хабарлама”)
X=Inputbox(“Абай қазақтың бас ақыны”)
X=val( Inputbox(“пән бойынша бағаңызды енгізіңіз”))
MsgBox функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады.
MsgBox(“мәтіндік хабарлама”)
MsgBox(“Абай Құнанбаев”)
MsgBox(“оқу үлгерімі бойынша орта балл=” & Str(SB))

2.2.Тапсырма
1. Visual Basic 2010 express ортасында берілгендерді енгізу
тәсілдерін оқып үйрену. Textbox компоненті мен Inputbox
функциясын пайдаланып, енгізуді ұйымдастыратын жаңа жоба
құрыңыз.
2. Visual Basic 2010 express ортасында нәтижені шығаруды оқып
үйрену. Форма құрыңыз, формаға Listbox және Textbox
компоненттерін қойыңыз. Айнымалы мәнін формаға, Listbox және
Textbox элементтеріне шығаруды орындаңыз.
3. Қарапайым қосымша(приложения) құрыңыз. Жоба құрыңыз және
сыртқы, ішкі диаметрлері мен бұрышы белгілі болған жағдайда
сектордың ауданын есептеу деп жазыңыз. Жобаны сақтаңыз.
4. Оқушының оқу үлгерімінің орташа ұпайын есептейтін форма
құрыңыз. Оқу пәндерінің саны төртеу. Формаға(Пішінге) бес
енгізу/шығару (Textbox) элементін, алты жазбаны(Label) және екі
button батырмасын орналастырыңыз.
4.1. Оқушының оқу үлгерімінің орташа ұпайын есептейтін
жобаны төмендегі суретке сәйкес құрыңыз:

9

Пән бойынша бағаларды енгізіңіз
Физика
Label

енгізу

математика

шығу

Button

Информатика
Биология
2.2.

Тапсырманың орындалу реті

Орташа ұпай

Textbox
Тапсырма1. Textbox компоненті мен Inputbox функциясын
пайдаланып, енгізуді ұйымдастыратын жаңа жоба құрыңыз. Ол үшін
формаға button элементін орналастырып, оның text қасиетіне енгізу сөзін
жазып, екі рет шертіп немесе F7 пернесін басамыз және келесі кодты тереміз
Public Class Form1
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button1.Click
Dim x As Single
x = InputBox("айнымалының мәнін енгізіңіз")
MsgBox(x)
End Sub
End Class
Программаны іске қосамыз. Сонда келесі терезе көрінеді

8сурет

Енгізу батырмасын басқанда бізден
айнымалының мәнін сұрайтын диалогтық терезе
пайда болады. Нәтижесі келесәдей болады.(9 сурет)

Ок
түймесін
басу керек
9 сурет

10

Айнымалының мәнін TextBox элементі арқылы да ұйымдастыруға
болады. Ол үшін формаға TextBox компонентін қойып button1 түймесіне
келесі кодты тереміз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button1.Click

Dim x As Single
x = Val(TextBox1.Text)
TextBox2.Text = Str(x)
End Sub

Нәтижесі:

10 сурет
Тапсырма2. Айнымалының мәнін Label компонентіне шығаруды
ұйымдастыру. Ол үшін формаға Label және Button түймелерін орналастырып,
button түймесіне келесі кодты тереміз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button1.Click

Dim x As Single
x = 12
Label1.Text = "x-тің мәні:" & x
End Sub

Нәтиже:

11 сурет
11

Айнымалының мәнін ListBox компонентіне шығаруды ұйымдастыру.
Ол үшін формаға ListBox және Button түймелерін орналастырып, button
түймесіне келесі кодты тереміз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button1.Click

Dim x As Single
x = 12
ListBox1.Items.Add("x-тің мәні:" & x)
End Sub

Нәтиже:

12 сурет
Тапсырма3. Сыртқы және ішкі радиустары мен бұрышы белгілі болған
жағдайда сектордың ауданын есептеу бағдарламасын құру. Ол үшін формаға
Екі GroupBox, 4 Label, 4 TextBox, 1Button компоненттерін орналастырамыз.
Бейнесі 13 суреттегідей боу керек. Сектор ауданы:
Коды төмендегідей:
Private Sub Button1_Click_1(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click

Dim r1, r2, a, s As Single
r1 = Val(TextBox1.Text)
r2 = Val(TextBox2.Text)
a = Val(TextBox3.Text)
s = (3.1415 * (r1 ^ 2 - r2 ^ 2) * a /
360)

TextBox4.Text = Str(s)
End Sub

13 сурет
12

Нәтижесі:

Тапсырма4. Пәндер бойынша арифметикалық орташа балды
есептейтін бағдарлама құру керек. Ол үшін Visual Basic 2010 express
бағарламасын қосып, жаңа жоба құрыңыз. Формаға 6 label, 5 textbox, 2 button
компоненттерін орналастырыңыз. Формуласы (физ+мат+инф+физк)/4

14 сурет
Button1(есептеу) түймесін екі рет шертіп келесі кодты тереміз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button1.Click

Dim f, m, i, fk, sr As Single
f = Val(TextBox1.Text)
m = Val(TextBox2.Text)
i = Val(TextBox3.Text)
fk = Val(TextBox4.Text)
sr = (f + m + i + fk) / 4
TextBox5.Text = Str(sr)
End Sub

13

Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button2.Click

Close()
End Sub
End Class

Нәтижесі:

15 сурет
Тапсырма 5. Фунтты килограмға айналдыратын бағдарлама
жазыңдар. Ол үшін пішінге(формаға) келесі компоненттерді
орналастырыңдар(15сурет):
Label1-Text(қасиетіне)-Фунтты килограмға айналдыру
Label2- Text(қасиетіне)-фунтты енгіз
Label3- Text(қасиетіне)-фунтта
Label4- Text(қасиетіне)-килограмм бар
Textbox1-text-бос қалдыру
Textbox2-text-бос қалдыру
Button1-text-Esepteu>>
Button2-text-exit

Button1
компонентінің оқиғасына
келесі процедураны енгіземіз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button1.Click
Dim fn, kg
fn = Textbox1.Text
kg = fn * 0.4095

14

Textbox2.Text = kg
End Sub
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs) Handles
Button2.Click
close
End Sub

Бақылау сұрақтары
1.
2.
3.
4.
5.

Форманың негізгі қасиеттерін атаңыздар
Label компонентінің негізгі қасиеттерін атаңыздар
Textbox(енгізу/шығару) компонетінің негізгі қасиеттерін атаңыздар
Button компонентінің қасиеттері мен негізгі оқиғасын түсіндіріңдер
Inputbox, MsgBox фунцияларын қолдануға мысалдар келтіріңдер
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Параллелепипедтің ауданын есептейтін бағдарлама құрыңыздар.
S=2(ab+bc+ca)
2. Призманың ауданын есептейтін бағдарлама құрыңдар.S=M+2F;
мұндағы М-бүйір бетінің ауданы, F-табанының ауданы
3. Пирамиданың аудынын есептеу S=pb/2+F; p-периметр; b- апофема
4. Дөңгелек цилиндрдің ауданын есептеу S=2πR(R+h)
5. Конустың ауданын есептеу S= πR(R+l);

6. Шардың көлемін есептеу V=πR3/3
7. Параллелепипедтің көлемін есептеу V=abc
8. Призманың көлемін есептеу V=sh
9. Пирамиданың көлемін есептеу V=sh/3
10. Дөңгелек цилиндрдің көлемін есептеу V=πR2h
11. Конустың көлемін есептеу V=πR2h/3
12. Шардың ауданын есептеу бағдарламасын құрыңыздар. S=4πR2
13. Километрді метрге ;
14. Метрді сантиметрге;
15. Дециметрді километрге;
16. Тоннаны килограмға;
17. Центнерді грамға;
18. Гектарды квадрат метрге;
19. Квадрат километрді арға(1 ар=100м2);
20. Куб метрді куб дециметрге;
21. Литрді куб сантиметрге;
22. Килограмды фунтқа;
15

23. Метрді дюймға (1дюйм=2,54см);
24. Сантиметрді метрге;
25. Куб сантиметрді литрге;
26. Футты метрге (1фут=12дюйм=30,48см);
27. Теңіз милін метрге (1мил=1852м) айналдыратын программа жазыңдар.
Лабораториялық жұмыс №3
Тармақталу командасы
Мақсат: Visual Basic 2010 express ортасында тармақталу командасына
берілген тапсырмаларға бағдарламалар құрып үйрену.
3.1 . Әдістемелік нұсқау
Тармақталу – бұл кейбір қойылған шарттарға байланысты екі немесе
одан да көп тармақтарға бөлініп орындалатын алгоритмдік құрылым.
Осындай тармақталған алгоритмді программалауға шартты көшу операторы
қолданылады. Бағдарламалау тілінде шарт екі мәнді қабылдайды:
ақиқат(True) және жалған(False). Шарттар арнайы қатынас операциялары(11
кесте) және логикалық операторлар(12кесте) арқылы жазылады.
11кесте
Қатынас операциялары
Оператор
Әрекеті

Оператор

Әрекеті

>

Үлкен

<>

Тең емес

<

Кіші

>=

Үлкен немесе тең

=

Тең

<=

Кіші немесе тең

Логикалық операторлар
Оператор

Әрекеті

Оператор

Әрекеті

and

Логикалық және

or

Логикалық
немесе

not

Логикалық емес

xor

Логикалық
терістеу

Салыстыру операторларын қолдану жай шарттарды жазуға мүмкіндік
береді. Жай шарттардан, логикалық типтегі өрнектерді, логикалық
операцияларды қолдану арқылы күрделі шарттарды ұйымдастыруға болады.
13 суреттен қатынас операцияларынан және логикалық операторлардан
құралған шарттарды көруге болады.
16

13 сурет
Шартты көшу операторының жалпы жазылуы:
Бір қатарға жазылса
IF <шарт> Then <1-оператор>
Бірнеше қатарға жазылса
IF <шарт>
Then <1-оператор>
End if
Мұндағы If(егер) қызметші сөзінен кейінгі жазылған шарт ақиқат
болса Then (онда) сөзінен кейінгі жазылған 1-оператор орындалады, шарт
сақталмаса Else(әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор орындалады. Шартты
көшу операторы алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді.
Егер <шарт>
IF <шарт> Then
Онда <1-оператор>
<1-оператор>
Әйтпесе <2-оператор>
Else
Бітті
<2-оператор>
End if
Егер шартқа байланысты орындалатын бір ғана оператор болса,
шартты көшу операторы қысқаша түрде жазылады:
If <шарт> then <1-оператор>
Шартты көшу операторына мына блок схема (а-толық түрі, әқысқаша түрі) сәйкес келеді.
ә

а
иә

иә

жоқ

шарт

шарт

1-оператор

жоқ

2-оператор

17

1-оператор

Тапсырма 1. Квадрат теңдеудің ax2+bx+c=0 түбірлерін анықтайтын
бағдарлама құру. Ол үшін айнымалыларды анықтап аламыз:
a,b,c(теңдеудің коэффициенті):real;
d(дискриминант), х,х1,х2(теңдеу түбірлері):real;
Тапсырманы шешу келесі этаптардан тұрады:
1) Квадрат теңдеу коэффициентерін енгізу a,b,c
2) Дискриминантты есептеу d=b2-4ac
3) Дискриминантты тексеру
егер d>=0 болса онда мына x1/ 2 

b d
формуламен түбірлерін
2a

табу,
егер d<0 болса шешімі жоқ деген сөзді шығару.
Олай болса формаға(пішін) келесі компоненттерді орналастырамыз(13
сурет):
Form1-Text(қасиетіне) – Квадрат теңдеуді шешу(сөзін жазамыз)
Label1- Text - теңдедің коэффициенттерін енгізіңіз
Label2- Text -коэффициент a=
Label3- Text - коэффициент b=
Label4- Text - коэффициент c=
Label5- Text -теңдеу түбірлері
Label6- Text –x=
Label7- Text –x1=
Label8-c Text –x2=
Button1- Text -есептеу
Button2- Text -тазалау
Textbox1-text-бос қалдыру(ештеңе
жазбау керек)
Textbox2-text-бос қалдыру(ештеңе
жазбау керек)
13-сурет
Textbox3 -text-бос қалдыру(ештеңе жазбау керек)
Textbox 4-text-бос қалдыру(ештеңе жазбау керек)
Textbox 5-text-бос қалдыру(ештеңе жазбау керек)
Textbox 6-text-бос қалдыру(ештеңе жазбау керек)
Button1-ге келесі кодты тереміз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs)
Handles Button1.Click
Dim a, b, c, x, x1, x2, d As Single
a = Val(TextBox1.Text)
b = Val(TextBox2.Text)
18

c = Val(TextBox3.Text)
d=b*b-4*a*c
If d > 0 Then
x1 = (-b + Math.Sqrt(d)) / 2 * a
x2 = (-b - Math.Sqrt(d)) / 2 * a
TextBox5.Text = Str(x1)
TextBox6.Text = Str(x2)
End If
If d = 0 Then
x = -b / 2 * a
TextBox4.Text = Str(x)
End If
If d < 0 Then MsgBox("шешімі жоқ, өйткені дискриминант 0-ден кіші")
End Sub
Button2-ге келесі кодты тереміз:
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click
TextBox1.Clear()
TextBox2.Clear()
TextBox3.Clear()
TextBox4.Clear()
TextBox5.Clear()
TextBox6.Clear()
End Sub
программа нәтижесі:

19

Тапсырма 2.Combox компонентін пайдаланып, валюта айырбастау
бағдарламасын құру.
Ол үшін формаға(пішінге)14 суреттегідей келесі компоненттерді
орналастырамыз:
Label1-text(қасиетіне)- валюта курсын енгіз(деген жазбаны енгізу)
Label2-text-Валютаны таңдаңыз
Label13-text-Сумманы енгіз
Label4-text-Есептелінген сумма
Textbox1-textTextbox2-textTextbox3-textCombobox1-Items-«Доллар-тенге»
«Тенге-доллар»
14-сурет
«Рубль-тенге»
«Тенге-рубль» сөздерін бірінің астына бірін жазу
қажет.
Button1-text- есептеу;

button2-text- x;

Button1 түймесінің коды:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click
Const d$ = "Доллар-тенге"
Const t$ = "Тенге-доллар"
Const dd$ = "Доллар-рубль"
Const rr$ = "Рубль-доллар"
Dim k, ff
k = Val(TextBox1.Text)
ff = Val(TextBox2.Text)
If ComboBox1.Text = d$ Then TextBox3.Text = k * ff
If ComboBox1.Text = t$ Then TextBox3.Text = ff / k
If ComboBox1.Text = dd$ Then TextBox3.Text = k * ff

20

If ComboBox1.Text = rr$ Then TextBox3.Text = ff / k
End Sub
End Class

Button2 түймесінің коды:
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click
Close()
End Sub
End Class

Бағдарлама нәтижесі:

Тапсырма 3. Валюта айырбастау бағдарламасын Radiobutton
ауыстырып қосқыш компонентін пайдаланып құру.
Ол үшін пішінге келесі компоненттерді орналастырамыз(15 сурет):
Label1-text-Валюта курсын енгіз
Label2-text-сумманы енгіз
Label3-text-есептелінген сумма
Textbox1-textTextbox2-textTextbox3-textGroupbox1-text-Валютаны
таңдаңыз
Radiobutton1-text-Доллар-тенге
Radiobutton2-text-Тенге-доллар
21

Radiobutton3-text-Рубль-тенге
Radiobutton4-text-Тенге-рубль
Button1-text-есептеу
Button2-text-х

15-сурет

Button1 түймесінің коды:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click
Dim d, t, rr, k
If RadioButton1.Checked = True Then
k = Val(TextBox1.Text)
t = k * Val(TextBox2.Text)
TextBox3.Text = t
ElseIf RadioButton2.Checked = True Then
k = Val(TextBox1.Text)
d = Val(TextBox2.Text) / k
TextBox3.Text = d
ElseIf RadioButton3.Checked = True Then
k = Val(TextBox1.Text)
t = k * Val(TextBox2.Text)
TextBox3.Text = t
ElseIf RadioButton4.Checked = True Then
k = Val(TextBox1.Text)
rr = Val(TextBox2.Text) / k
TextBox3.Text = rr
End If
End Sub
End Class

Button2 түймесінің коды:
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click
Close()
End Sub
End Class
Бағдарлама нәтижесі:

22

Өзіндік жұмысқа аранлған тапсырмалар
1) Кез келген екі санның үлкенін табыңыздар.

lg x  x , x  2
y
2)
lg 2 x  3x, x  2

lg( x  1), x  1
3) f   2
a=20.3
ax , x  1
sin

ax 2  bx  c, x  1.2

4) w  a / x  x 2  1, x  1.2

2
(a  bx) / x  1, x  1.2

1.5 cos 2 x, x  1

5) y  1.8ax, x  1

2
( x  2)  6, 1  x  2
3tgx, x  2


a=2.8; b=-0.3; c=4;

a=2.3;

sin x lg x, x  3.5
y

 2
6)
cos x, x  3.5
sin 2 2 x  5 x 2 , x  1.66

7) y  
61 x  17
, x  1.66

2
2
 4  x  cos 4 x
В
1) Үш қарбыздың үлкенін анықтау керек.
x
 sin2 x
4
e

sin
e

, x2
 x2  2
2) y  
1
 2
, x2
2 x 
3x


23

e x  1
 2 , x  2.4
3) y   e x
( x  sin 4 x)  lg x 2 , x  2.4


5 sin x  cos x, x  1
 2
 x  2x  5
, 1 x  4
4) z  
ex

 x 2  5  lg x, x  4


 (sin x  1)  lg x 2 , x  1

 sin x  cos x
, 1  x  3
5) y  
 cos x
e sin x  sin x, x  3

С
1) x=sint+t2-3t,
есептеңіздер.

y=cos3t+cos2t+t болғандағы z

функциясының мәнін

3x  4 y, егер xy  0
z 2
 x  y 2 , егер xy  0

(ln 3 x  x 2 ) / x  t , x  0.5

z

 x  t  1 / x, x  0.5
2)
t=2.2
cos x  t sin 2 x, x  0.5


3) Берілген А(х,у) нүктесі радиусы R, центрі координаталар осінің бас
нүктесінде болатын дөңгелекте жататынын анықтайтын программа
құрыңыздар.

24

Лабораториялық жұмыс №4
Циклдік құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау
Мақсаты: Циклдік алгоритмге берілген тапсырмаларды бағдарламалауға
дағдылану.
4.1.Әдістемелік нұсқау
Visual basic 2010 express бағдарламасында қайталанатын әрекеттерді немесе
циклдік алгоритмдерді бағдарламалауда цикл операторлары қолданылады. Оның
келесідей түрлері бар: For…Next;
Do.. Loop
For…Next; циклінің жазылу синтаксисі:for x=x1 to x2 step(қадам )
S-цикл денесі(қайталанатын әрекет)
Next
Do.. Loop циклінің жазылу синтаксисі: 1) Do While шарт
S-цикл денесі(қайталанатын әрекет)
Loop
2) Do
S-цикл денесі(қайталанатын әрекет)
Loop While шарт
3) Do Until шарт
S-цикл денесі(қайталанатын әрекет)
Loop
4) Do
S-цикл денесі(қайталанатын әрекет)
Loop Until шарт
Тапсырма 4.1. y=x2-x lnx функциясының мәнін [1;2] интервалында 0,1
қадаммен есептеу керек.

16-сурет
Тапсырманың орындалу реті:
Пішінге келесі компоненттерді орналастырамыз(16 суреттегідей):
Label1-Text-y=x^2+x lnx функциясының мәнін есептеу
Label2-Text-а=
Label3-Text-b=

25

Label4-Text-h=
Button1-text-есептеу
Button2-Text-тазалау
Button3-Text-шығу сөздерін жазып 16 суреттегідей орналастырамыз.
Button1(есептеу) батырмасын екі рет шертіп келесі кодты енгіземіз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click
Dim x, y, a, b, h As Single
a = Val(TextBox1.Text)
b = Val(TextBox2.Text)
h = Val(TextBox3.Text)
For x = a To b Step h
y = x * x - x * Math.Log10(x)
ListBox1.Items.Add("x=" & x & "y=" & y)
Next
End Sub
Button2(тазалау) батырмасын екі рет шертіп келесі кодты енгіземіз:
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click
ListBox1.Items.Clear()
TextBox1.Clear()
TextBox2.Clear()
TextBox3.Clear()
End Sub
Button3(шығу) батырмасын екі рет шертіп келесі кодты енгіземіз:
Private Sub Button3_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button3.Click
Close()
End Sub
Бағдарлама нәтижесі:

Тапсырма 4.2. Евклид алгоритмі. Яғни циклді пайдаланып, екі санның ең үлкен
ортақ бөлгішін табу бағдарламасын құру(17 сурет).

26

17-сурет
Пішінге келесі компоненттерді орналастыру
Label1-Text-бірінші санды енгіз
Label2-Text-екінші санды енгіз
Label3-Text-ең үлкен ортақ бөлгіш
Textbox1-text-бос қалдыру
Textbox2-text-бос қалдыру
Textbox3-text-бос қалдыру
Button1-Text-есептеу
Button2-Text-шығу
Button1(есептеу) батырмасын екі рет шертіп келесі кодты енгіземіз:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click
Dim i As Integer
Dim j As Integer
i = Val(TextBox1.Text)
j = Val(TextBox2.Text)
Do While i <> j
If j < i Then
i = i - j
Else
j = j - i
End If
Loop
TextBox3.Text = i
End Sub
Button2(шығу) батырмасын екі рет шертіп келесі кодты енгіземіз:
Рrivate Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click
Close()
End Sub
Бағдарлама нәтижесі:

27

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

2.

1 кг ірімшік 400 теңге тұрады. Ірімшіктің 100, 200, 300,.....,1000 грамына
төленетін теңгені анықтайтын және есептің жауабын кесте түрінде
шығарудың программмасын жазыңдар. Z=(400*m)/1000
s=12+22+…+102 есептейтін программа жазыңдар.

3.

s  1

1.

1 1
1
  ... 
1! 2!
n!

прогграмма құрыңдар.

20-дан үлкен, 100-ден кіші және 3-ке бөлінетін оң бүтін сандардың
қосындысын есептейтін программа құрыңыздар.
5.
100-ден кіші оң бүтін жұп сандардың қосындысын есептеңіздер.
y=2x+3 функциясының мәнін [0;1] кесіндісінде h=0.005 қадаммен есептеңіздер
4.

Лабораториялық жұмыс №5
Бір өлшемді массивтер(жиымдар)
Мақсат: Бір өлшемді массивтерді бағдарламалауға дағдылану.
6.1.Әдістемелік нұсқау
Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген
жиынды массив деп атаймыз. Ол математикада вектор ұғымына, ал мектептің алгоритмдік
тілінде сызықтық кестеге сәйкес келеді. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады.
Массив элементтері нөмірленеді.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін
міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар
қолданылады. Массивтермен жұмыс жасауда циклдер қолданылады. Массивтерді
бағдарламаның Dim a(100) as integer бөлігінде сипаттайды.
Тапсырма 5.1. N элементтен тұратын А массивтің теріс, оң элементтерінің санын
және жалпы барлық элементтерінің қосындысын есептейтін бағдарлама құру.
Тапсырманы орындау үшін Пішінге келесі компоненттерді орналастырамыз(бағдарлама
көрінісі 18-суреттегідей болу керек) және қасиеттерін өзгертеміз:
Label1-Text-массив элементінің санын енгіз
Textbox1-text-бос қалдыру
Textbox2-text-

28

Textbox3-textTextbox4-textTextbox5-textCheckbox1-text-теріс элементтер саны
Checkbox2-text-оң элементтер саны
Checkbox3-text-массив элементтерінің қосындысы
Button1-text-массивті құру
Button2-text-есептеу
Button3-text-тазалау

18-сурет
Бағдарлама коды төмендегідей:
Public Class Form1
Dim a(10) As Integer
Dim k, n, i, p, s As Integer
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs)
Handles Button1.Click
n = Val(TextBox1.Text)
For i = 1 To n
a(i) = InputBox(i, "element")
TextBox2.Text = TextBox2.Text + " " + Str(a(i))
Next i
End Sub
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs)
Handles Button2.Click
k=0
For i = 1 To n
If CheckBox1.Checked Then

29

If a(i) < 0 Then
k=k+1
End If
End If
Next
TextBox3.Text = Str(k)
p=0
For i = 1 To n
If CheckBox2.Checked Then
If a(i) > 0 Then
p=p+1
End If
End If
Next
TextBox4.Text = Str(k)
s=0
If CheckBox3.Checked Then
For i = 1 To n
s = s + a(i)
Next
End If
TextBox5.Text = Str(s)
End Sub
Private Sub Button3_Click(sender As System.Object, e As System.EventArgs)
Handles Button3.Click
TextBox1.Clear()
TextBox2.Clear()
TextBox3.Clear()
textbox4.clear()
End Sub
End Class
Бағдарлама нәтижесі:

30

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
А

1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)

C[20] масивінің оң сандары мен теріс сандарының санын табатын программа
құрыңыздар;
D[10] массив элементтерінің арифметикалық ортасын табатын программа
құрыңыздар;массив элементтері бүтін сандар.
A[N] массивінің 5-тен кіші элементтерінің санын табатын программа
құрыңыздар; массив элементтері нақты сандар.
E[10]масивінің оң элементтерінің ең үлкенін табатын программа
құрыңыздар; массив элементтері нақты сандар.
С[8] массивінің теріс элементтерінің қосындысын табатын программа
құрыңыздар; массив элементтері бүтін сандар.
A[15] массивінің оң элементтерінің қосындысын есептейтін программа
жазыңдар. Массив элементтері бүтін сандар.
B [10] массивінің теріс элементтерінің көбейтіндісін есептейтін программа
құрыңдар.
В

8)
9)
10)

В[15] массив элементтерінің тақ сандарының ең кішісін анықтайтын
программа құрыңдар.
D[20] массив элементтерінің жұп сандарының ең кішісін анықтайтын
программа құрыңдар.
A[10] массив элементтерінің оң сандарының қосындысы мен теріс
сандарының қосындысының көбейтіндісін табатын программа жазыңдар.

Лабораториялық жұмыс №6
Көп өлшемді массивтер
Мақсат: Көп өлшемді массивтерді бағдарламалауға дағдылану.
7.1.Әдістемелік нұсқау
Екі өлшемді массивтер
Visual basic 2010 express программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар
екі өлшемді және көп өлшемді массивтерді қолдануға мүмкіндік береді. Екі өлшемді
массивке мысал, математикадағы матрица бола алады. Екі өлшемді массивтердің
элементтері екі индекспен көрсетіледі, оның біріншісі қатардың нөмірін, ал екіншісі
бағанның нөмірін анықтайды. Екі өлшемді массивтерде индекстер үтірмен бөлінеді. Бір
өлшемді массивтерден айырмашылығы екі өлшемді массивтер бағанадан және қатардан
тұратын кестеге сәйкес келеді. Кестелік негізде құрылған есептердің немесе шарттардың
шешімі үшін массивтерді қолдану тиімді болып табылады. Екі өлшемді массивтерді
программалау арқылы кесте түрінде берілген сандық есептеулері біршама ықшамдалады.
Екі өлшемді немесе көп өлшемді массивтермен
сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс.

31

жұмыс

істеу үшін, олар

Тапсырма 6.1. n*n өлшемді а матрицасының максимум, минимум және
элементтер қосындысын табатын бағдарлама құру. Пішінге 19 суреттегідей
компоненттерді орналастырамыз.

19-сурет
Пішінге мынадай компоненттерді орналастырып, қасиеттерін өзгертеміз:
Label1-Text-Массив элемнттерінің санын енгіз
Button1-Text-массивті құру
Button2-Text-есептеу
Richtextbox1-бос
Textbox1-text- бос қалдыру
Textbox2-text- бос қалдыру
Textbox3-text- бос қалдыру
Textbox4-text- бос қалдыру
Checkbox1-text-максимум
Checkbox2-text-минимум
Checkbox3-text-сумма
Бағдарлама коды:
Public Class Form1
Dim a(10, 10) As Integer
Dim i, j, max, min, sum, n As Integer
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click
n = Val(TextBox1.Text)
For i = 1 To n
For j = 1 To n
a(i, j) = InputBox(i, j)
RichTextBox1.AppendText(a(i, j) & vbTab)
Next j
RichTextBox1.AppendText(vbCrLf)
Next i
End Sub
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click

32

max = a(1, 1)
min = a(1, 1)
If CheckBox1.Checked Then
For i = 1 To n
For j = 1 To n
If max < a(i, j) Then max = a(i, j)
Next j
Next i
End If
TextBox2.Text = Str(max)
If CheckBox2.Checked Then
For i = 1 To n
For j = 1 To n
If min > a(i, j) Then min = a(i, j)
Next j
Next i
End If
TextBox3.Text = Str(min)
sum = 0
If CheckBox3.Checked Then
For i = 1 To n
For j = 1 To n
sum = sum + a(i, j)
Next j
Next i
End If
TextBox4.Text = Str(sum)
End Sub
End Class

Бағдарлама нәтижесі:

33

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Тапсырмалар
А

1. a[5,4] матрицасы берілген. Осы матрица элементтерінің
қосындысын табыңыздар.
2. В(3,4) матрицасы берілген. Осы матрицаның оң және теріс
элементтерінің қосындысын табыңдар.
3. А(3,3) матрицасы берілген. Осы матрицаның бас диоганалының
жоғарғы жағындағы элементтердің қосындысын табыңдар.
4. В(3,3) матрицасының бас диоганалының төменгі жағындағы
элементтердің қосындысын табыңдар.
5. в(3,4) матрицасының оң және теріс элементтерінің санын
табыңдар.
6. С(4,5) матрицасының жұп сандарының ең үлкенін анықтайтын
программа құрыңдар.
7. Е(3,4) матрицасының тақ сандарының ең үлкенін анықтайтын
программа құрыңдар.
8. А(4,4) матрицасының теріс элементтерінің көбейтіндісін
табыңдар.
9. В(4,5)
массив элементтерінің теріс сандарының ең үлкенін
анықтаңдар.
10. С(5,5)
массивтің негізгі диоганалындағы элементтердің
арифметикалық ортасын есептейтін программа құрыңдар.
В
11. А(3,3) және В(3,3) матрицалары берілген. Осы матрицалардың
қосындысын табу, яғни (C=A+B) С матрицасын табыңдар.
12. А(10,10) массивінің қатар бойынша теріс элементтерінің
қосындысын есептеп, жауабын В(10) массивіне меншіктейтін программа
құру.
13. А(10,5) массивінің бағана бойынша
көбейтіндісін есептейтін программа құрыңдар.

теріс элементтерінің

14. В(5,5) массивінің қатар бойынша оң элементтерінің қосындысын
есептеп, жауабын А(5) массивіне меншіктейтін программа құру керек.

34

Лабораториялық жұмыс №7
Функциялардың графиктерін салу.
Мақсат: Visual Basic 2010 express бағдарламасының графикалық
мүмкіндіктерін пайдаланып, функцияның графигін салу.
7.1. Әдістемелік нұсқау
Графиктерді салу принциптері берілген функциянығ for…next
циклінде бірінші кезекте графикаға қатысты координаттар нүктелері
салынады. Содан соң ол нүктелер графикалық әдістердің көмегімен экранда
көрінеді. Толығырақ түсінікті болу үшін функцияның графигін салу жобасын
қарастырайық. Y=cosx, y=sinx, y=tgx функцияларының графигін салу.
Пішінге келесі компоненнттерді 20 суретегідей орналастырамыз:
RadioButton1-Text-cosx
RadioButton2-text-sinx
RadioButton3-text-tgx
PictureBox1
Button1-text-Графикті салу
Button2-text-шығу
Button3-text-тазалау

20 – сурет
коды:
Public Class Form1
Dim graph1 As Graphics
Dim pen1 As New Pen(Color.Black, 2)
Dim pen2 As New Pen(Color.Red, 2)
Dim brush1 As New SolidBrush(Color.Black)
Dim font1 As New Font("Arial", 10)
Dim x, y As Single
Button2-text-шығу батырмасының коды:
Private Sub Button2_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button2.Click
35

Close()
End Sub
Button1-text-Графикті салу батырмасының коды:
Private Sub Button1_Click(sender As System.Object, e As
System.EventArgs) Handles Button1.Click
graph1 = Me.PictureBox1.CreateGraphics()
For x = -180 To 180 Step 90
graph1.DrawString(x, font1, brush1, x + 180,
100)
Next x
For y = -100 To 100 Step 50
graph1.DrawString(y / 50, font1, brush1, 180,
100 - y)
Next y
graph1.ScaleTransform(1, -1)
graph1.TranslateTransform(180, -100)
graph1.DrawLine(pen1, -180, 0, 180, 0)
graph1.DrawLine(pen1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!