Материалдар / «Ландшафты дизайн» атты элективті курс бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ландшафты дизайн» атты элективті курс бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған курстың бағдарламасы негізінен 9-сыныптарға арналады.Элективтік курс бағдарламасы төмендегідей құрылымдық мазмұннан құралады. Курстың мақсаты: Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеуде өз беттілігін және компоненттілігін дамыту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ландшафты дизайн» атты элективті курс бағдарламасы


Ландшафты дизайн-табиғи компоненттерді белсене қолдана отырып жасанды ортаны қалыптастыруға бағытталған қызметтің ерекше түрі. Бүгінгі күні ландшафттық дизайн,ландшафтық жасылдандыру және маңайды көркейту маңызды мәселелердің бірі болып қалыптасуда.Өйткені әдемілік адамның тіршілік ортасын қолайлы және жағымды етеді.

Өзің тұрған ортаны ойдағыдай сауатты көгалдандыру,көзімізге ыңғайлы және қөрікті көрсететіндей етіп сәйкестендіру кез келген адамның қолынан келмейтіні бәрімізге мәлім.Ол үшін көгалдандыру жөніндегі маманның көмегіне жүгінеміз. Осындай мамандықтар мектеп қабырғасынан дайындалса деген мақсатпен «Ландшафтық дизайн» атты элективті курс бағдарламасының негізгі мазмұнын құрастырдым.Аталған курстың бағдарламасы негізінен 9-сыныптарға арналады.Элективтік курс бағдарламасы төмендегідей құрылымдық мазмұннан құралады.

1. Түсініктеме

2. Оқушының білім көрсеткішіне қойылатын талаптар.

3. Күтілетін нәтиже. ,,,,,,,

4. Пәнаралық байланыстар.

5. Курстың теориялық мазмұны мазмұны.

6. Оқу- тақырыптық жоспар.

7. Әдістемелік нұсқалар.

8. Ұсынылатын әдебиеттер.

9. Қосымша.


Т үсініктеме. «Ландшафтық дизайн» элективті курсы, ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім берудің негізгі мақсаты- алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, білім арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Мектеп түлектерінің жалпы географиялық және экологиялық біліктілігі- адам-табиғат- шаруашылық-қоршаған орта жүйесіндегі байланыстар мен әрекеттерді танып, білуге негіз болып табылады. Осыған орай, жаратылыстану- математика бағытында орта мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының географиядан, биологиядан және экологиядан білімін тереңдету, толықтыру үшін «Ландшафты дизайн» элективті курсын енгізу қажет

Курстың өзектілігі: Экологиялық жағдай бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін күрделі мәселелердің бірі. Еліміздегі экологиялық мәселелерді оқып, талдайды, мәселелерді шешудің жауаптарын табуға және мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздерін теория-практикалық тұрғыдан оқуға көмектеседі. Оқушылардың қызығушылығын арттырады. Э кологиялық саналылықты дамытады. Эколог мамандығын таңдауға осы курс бастама болады.


Курстың мақсаты:

Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық мәселелердің пайда болу себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеуде өз беттілігін және компоненттілігін дамыту.

Курстың міндеттері: Оқушылардың табиғат, экологияны сақтау, оны қорғау жайлы ойлау қабілетін арттыру.

Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық мәселелерінің туындау себептерін және оның шешу жолдарын өз беттерінше белсенділік көрсетуге бағыттау, табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жауапкершілікті күшейту.

Табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды, антропогенді әсерлерді, биосфераның тұрақты дамуындағы ауытқуларды экологиялық тұрғыда түсіне алуы және қоршаған ортаға, табиғатқа деген парасатты, мәдени жауапкершілігін арттыру.

Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық маңыздылығы, адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығын сақтау.

Курстың нысаны: География және биология ғылымдарымен байланысып жатқан экология саласының бір бөлімі мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық маңызы

Курстың болжамы:

Егер аталған курс меңгерілсе, онда оқушы экологиялық сауатты, қоғамдағы өзгерістерді пайымдап, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға, экологиялық қолайсыздықтардың алдан алуға ұмтылады.

Оқушы біліміне қойылатын талаптар. Оқушылардың білуі керек:
-Аталған курс бойынша, базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей алуы;

- Әр түрлі әлемдік экологиялық, географиялық, биологиялық, химиялық білім материалдарын өз бетінше мағлұмат ала білуі;
-Атмосфера, гидросфера, литосфера, өсімдік, жануар экологиясын зерттеп талдай білуі;
-Экологиялық апаттар, экологиялық жағдайы нашар аймақтарды анықтап, экологиялық мәселелер туындауы туралы мәліметтермен танысуы;

-Табиғи ланшафтар мен антропогендік ланшафтардың айырмашылығын анықтап, сипаттай алуы;

-Табиғи байлықтарды жіктеп, тиімді пайдалану жолдарын ашып, айта алуы;
- Мектеп маңын көгалдандырудың топырақ, өсімдік, жануарларды және сулар мен ауаның экологиялық жағдайын ашып айта алуы;

Оқушылар істей алады:

-БАҚ-тардан, интернеттен мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық мәселелер жөнінде материал жинақтап, жұмыс істей алуы;
-Өндіріс ошақтарының ластануы, радиациялық қалдықтардың жайылған орталықтарын анықтап, кескін картаға түсіре алуы;

- Медициналық, санитарлық-эпидемиялық орталықтарға, статистикалық бөлімдерге, жергілікті табиғат қорғау органдарынан мәлімет жинап, кесте, диаграмма жасай алуы;

- Жергілікті жердің жоспарын жасап, сол жердегі экологиясы нашар аймақты белгілеп, көрсете алуы;

-Жергілікті жердегі өсімдік, жануарлар дүниесіне бақылау жасай алуы;

-Өз білімдерін ғылыми жоба-лар арқылы дәлелдей алуы;
-Әр түрлі қозғалыстар ұйымдастыра отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе алуы;



Күтілетін нәтижелер. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздерін оқушылар болашақ маман иесі ретінде икемдік, қолданбалы іс-әрекеттерді орындай алады және зерттеу жұмыстарын қорытындылап, дәлелдеп береді. Оқушылар мектеп маңын көгалдандыру барысында:

Оқушы ауа, су, жер ресурстарының ластанбау жолдарын ұсынады;

Өз өлкесінің табиғи байлықтарын жіктей алады;

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ат салысады;

Өлкелік топ серуен, саяхат жасау барысында бақылаулар жүргізе отырып, қорытынды есеп жасайды;

Өлкенің топографиялық картасында және де жергілікті жердің жоспарын жасап, экологиялық жағдайы нашар жерлерді белгілеп көрсетеді;

Экологиялық мәселелер жөнінде эссе жазады;

Басылымдар, газет-журналдарға мақалалар және ғылыми зерттеу жұмыстарын жазады;

Үлкен жобалар жазу арқылы гранттар ұта алады;

Пәнаралық байланыс.

«Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздері » - кіріктірілген курс ретінде биология, география, химия, физика, тарих, психология, сызу пәндерін қамтиды.

Пәні

Мектеп маңын көгалдандыру үшін пәндердің міндеттері:

Биология

-Қоршаған ортаны қорғау
-Биологиялық әртүрлілікті сақтау
-Мектеп маңын көгалдандыру
-Зиянкестермен күрес жүргізу
-Көкеністер мен жемістердің маңызы
-Генетикалық өнімдер,әсері.
-Өзгергіштік-мутация
-Селекция,сырттан келетін өнімдер сапасы

Химия

-Ауаның химиялық уланулары
- Таза су проблемасы
-Тыңайтқыштар,гербидциттер,пестициттер.
-Атмосферадағы зиянды заттар,автомобильдер пайдаланған заттар.
-Тағамдардың химиялық құрамы.

Физика

-Судың қасиеттерін талдай білу
-Ақпараттандыру құралдарымен жұмыс жасау.
-Физикалық шамаларды дұрыс пайдалану
-Атмосфера бойынша толық мағлұмат,астрономиялық талдаулар жүргізу.

Тарих

-Экологиялық даму тарихы.
-Балалар құқығы концепциясы.
-
Мектеп-өз үйім,туған табиғатым ұғымын қалыптастыру.


Психология

-Әр түрлі медитациялар арқылы оқушылардың психологиясына әсер ету.
- Өзін-өзі басқаруға,тәрбиелеуге,психологиялық ерекшеліктерін анықтауға тренингтер пайдалану
- Психологиялық тесттер

Сызу

-Ішкі сезімдер.
-Топтық жұмыстар кезінде ұжымшылдық қалыптастыру.
-Әр түрлі сызба жұмыстары арқылы өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.


Курстың мазмұны.

І.Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздеріне кіріспе.
1. Мектеп маңын көгалдандырудың ғылым, қалыптасу кезеңдері.

Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздері туралы кешенді ғылымдар жиынтығы. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздері кезеңдері, зерттеген ғалымдар.

II.Экологиялық зерттеулер бағыттары

Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздері құрылымы –геоэкология, адам экологиясы, қолданбалы экология, әлеуметтік экология, ғаламдық экологиямен байланысы

3-4. Ғаламдық экологиялық мәселелер. Антропогендік факторлар. Биосфера шегіндегі, әлемдік, аумақтық өзгерістер мен құбылыстар. Табиғатқа адамның шаруашылық әрекетінен болатын антропогендік өзгерістер.

II. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздері

5.Қоршаған орта сапасы, ластануы

Табиғи,антропогендік ластанулар, химиялық, биологиялық, радиациялық ластану.
6.Климаттың өзгеруі.

Экологиялық дағдарыстың климаттың өзгеруіне әкелуі. Озон қабатының жұқаруы,температураның көтерілуі.

7.Шөлге айналу мәселелері.

Адамзаттың әрекетінен ғаламдық деңгейдегі шөлейттенулер.

8.Азық-түлік сапасы.

Қоршаған ортаның ластануының адам пайдаланатын азық-түлікке әсері.

9.Шикізат қорының сарқылуы.

Минералды шикізатты шектен тыс игеру, тиімсіз пайдаланулар.

10.Өндірістік,энергетикалық факторлар.

Өндіріс орындары кешендерінің элнктр энергиясын өндіретін орталықтардың

табиғатқа әсері.

11.Демографиялық жағдайлар.

Халық санының артуы, қалалардың санының

өсуі,урбандалу,агломерациялардың қоршаған ортаға әсері

12.Ауыз су тапшылығы.

Тұщы су қоры, өзен,көл,мұздықтар.Ауыз су тапшылығын шешу жолдары.
13.Сарамандық жұмыс №1 Мектеп маңын көгалдандырудағы гүлдерді таңдау және отырғызу

Ақпараттық,статистикалық материалдарды, газет-журнал ақпарат көздерінен материалдар жинақтау.Кесте,венн диаграммасын сызу, талдау.

14.Сарамандық жұмыс №2 Мектеп маңын көгалдандырудағы ағаштар мен бұталарды отырғызу

Экологиялық қауіпті шаруашылық салалары.

Дүние жүзінің кескін картасына экологиялық қауіпті

шаруашылықтарды, ғарыш алаңдары, атом, су,электр станциялары, мұнай

өндіретін орындарды шартты белгілермен түсіру.

III. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздерін географиялық қабық және қоршаған ортамен байланыстыру

15.Географиялық қабық туралы түсінік.Географиялық қабықтың құрамдас

бөліктері литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера, экожүйелер.

16.Литосфера- жердің қатты қабығы.Ішкі,сыртқы күштер. Жер бетінің

бүлінуі, экологиялық жағдайы.

17. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздерін атмосфера ауаның ластануымен байланыстырады.

Атмосфера газдық құрылымының өзгеруі, ауаның ластануына байланысты

әлемдік экологиялық мәселелер.

18.Су-биосферадағы тіршілік негізі.Дүниежүзілік мұхиттың мұнайдың

ластануы . Биосферадағы су айналымы.

19.Қазақстанның табиғи суларының ластануы, болдырмау жолдары.

Арал теңізі, Балқаш көлі, Каспий теңізі суларынң ластануы. Қалдықтарды

тастамау және механикалық, химиялық, биологиялық тазартулар.

20. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздері пәнінің топырақ эрозиясы.Қазақстан топырағының экологиясы.Су және жел эрозиялары, олармен күресу шаралары. Қазақстандағы топырақтың түрлері.

21.Топырақтың химиялық заттармен ластануы,болдырмау шаралары.

Химиялық тыңайтқыштар,улы химикаттар,пестициттер мен ластануы.Белгілі

бір норманы сақтау,өсімдіктердің физиологиясына қарай қолдану.

22. Мектеп маңын көгалдандырудағы өсімдік экологиясы.

Өсімдіктердің көптүрлілігінің азаюы.Мектеп маңы экологиясы, өсімдіктерді

қорғау. Сирек кездесетін және дәрілік өсімдіктер экологиясы.

23. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық негіздері мен жануарлар экологиясы.

Жануарлардың көптүрлілігі.Сирек кездесетін немесе біржола құрып бара

жатқан жануарлар.Адамның іс-әрекетінің жануарларға әсері.Қорғау

шаралары.
24.Табиғи байлықтар.Тиімді пайдалану,қорғау.

Тест тапсырмалар

25.Сарамандық жұмыс №3 Мектеп маңын көгалдандыруда оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу

Мектеп маңын көгалдандыруды жоспарын кескін картаға түсіру.

IV.Қазақстанның экологиялық жағдайы.

26.Қазақстанның экологиялық проблемалары.

Қазақстанның полигондары,өндірістік қалалары Байқоныр ғарыш

аймағы,Арал,Каспий теңіздері,Балқаш көлі маңының экологиясы,адамның

денсаулығы,Қазақстандағы қорғалатын аумақтар.

27.Қазақстанның экологиялық проблемалары.

Қарағанды- Темиртау – Жезқазған – Балқаш өндірісті қалалары.Өзен-

көлдері,топырағы,өсімдік,жануарлары.
28.Өлкенің экологиялық жағдайы.

Балқаш аймағындағы экологиялық жағдай : проблемалар және оларды шешу

жолдары.
29. Мектеп маңын көгалдандырудағы топсеруен.

Санитарлық-эпидемиялық орталыққа бару,мәліметтер жинау,судың,ауаның құрамын анықтау.

V. Мектеп маңын көгалдандырудағы экологиялық сараптама және мониторинг.

30. Мектеп маңын көгалдандырудағы экологиялық сараптама.Экологиялық мониторинг.

Мектеп маңын көгалдандырудағы экологиялық сараптама,оның мақсаты мен міндеті.

Мектеп маңын көгалдандырудағы экологиялық сараптама.Сараптама жасаудың қарапайым әдістері.

Мектеп маңын көгалдандырудағы экологиялық мониторинг,оның маңызы мен мәні.Табиғат өзгерістерін бақылау, баға беру және болжау жасау принциптері.

31.Білім жинақтау.

Оқушылардың осы курс бойынша алған білімдерін қорытындылау негізінде

тест алу.

32. Мектеп маңын көгалдандырудың экологиялық бақылау жүйелері жайлы мәліметтер жинау. Болашақ лагерінің «Экоэнергоагрокомплексі» жұмысының мақсаты.

33.Туған өлке табиғаты. Табиғатқа саяхат.

Өсімдіктер мен жануарлар, жәндіктерді бақылау.

34.Экология және табиғатты қорғау.

Ғылыми қорытынды сабақты оқушылардың дайындығымен «Мектеп маңын көгалдандырудағы экологиялық негіздер» тақырыбы аясында мектеп ішілік конференция өткізу. Облыстық, республикалық конкурстарға, ғылыми жобалар сайыстарына ұсыну.


Әдістемелік нұсқаулар. Бүгінгі таңда азамат алдында аса күрделі экологиялық-географиялық қабықтың тұрақтылығын сақтау,табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоғау проблемалары тұр. Сондықтан осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді, өздігінен ізденуде кесте толтыру, реферат, мәліметтерді жинақтау, ақпаратпен жұмыс, картамен жұмыс беріледі.

Оқу барысында дәріс арқылы алған білімді іс-әрекетпен толықтыруды сарамандық жұмыстар, топсеруендер, саяхат ұсынылған.

Курс соңында ғылыми жобаларды, рефераттарды қорғауда конференция және тест өткізіледі.

Дәптерге дәрістер, суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбанұсқа, орталықтардан жиналған мәліметтер,диаграммалар,слайдтар жасалып, әрбір жұмыс қорытындыланады, өте жақсы деген жұмыстар байқауларға ұсынылады.

Экология жөнінде түсінігің бар ма ?

Иә: Жоқ:
5.Қолданбалы «Мектеп маңын көгалдандырудағы экологиялық негіздер» курсынан не күтесің ?

өз айыңды қысқа 5 сөйлеммен жаз.
6.Қоршаған орта жағдайына бақылау жасай аласың ба ?
Иә: Жоқ:

Экология жөнінде білім қажет деп санайсың ба?

Иә: Жоқ:

Курс соңындағы шығу анкетасы

1.Бұл курс сізге ұнады ма?
Иә: Жоқ:
2.Қалаған мамандығыңда қала бересің бе?
Иә: Жоқ:
3.Табиғат қорларын жіктей аласың ба?
Иә: Жоқ:
4.Қоршаған ортаны ластаушы көздерді атай аласың ба?
Иә: Жоқ:
5.Қоршаған ортаны ластаушы көздерді атай аласың ба?
Иә: Жоқ:
6.Осы курс жетекшісіне курсты мәндірек өткізу үшін тағы қандай кеңес берер едің? _________________________________________________________

7.Осы курс бойынша өз біліміңді жетілдіруде, толықтыруда алған жақсы жақтарыңды ата:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!