Материалдар / Лақтарды құтқару («Ешкі мен жеті лақ» ертегісі бойынша)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Лақтарды құтқару («Ешкі мен жеті лақ» ертегісі бойынша)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс жасап жатқан тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2018
474
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім саласы: Таным (Математика)Тақырыбы: 7 лақты құтқару («Ешкі мен жеті лақ» ертегісі бойынша)Мақсаты: ертегі желісі арқылы балалардың танымдық білімдерін кеңейту.Білімділік: жылдам ойлауға, шапшаңдыққа үйрету.Дамытушылық: Вальдорф, ӨТТШТ технологиялары арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын сабақтарына қызығушылықтарын арттыру.Тәрбиелік: Бір-біріне көмек көрсете білуге және әрқашан дос болуға тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекі–құралдар: флип-чарт, театр қуыршақтары (Жеті лақ ертегісі бойынша), таратпа сурет пен сандар, сиқырлы кілемше, сурет салуға арналған әйнекше.Қолданылатын технологиялар: флип-чарт, Вальдорф, театр, ӨТТШТ.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырушылық кезеңі.1.Шаттық шеңбері:Балалар, ең алдымен танысып алайық. Менің аты-жөнім - Наргүл Бағырамқызы. Қоңырауды жанымдағы балаға ұсынып: Сіздің есіміңіз? Менің есімім - Әлішер, т.б жақсы енді бір-бірімізді білеміз, менімен қайталаймыз.Алақанды ашайық,Күннің нұрын салайық,Жүректің жылуын салайық.Жиналған осы шуақты,Бір-бірімізге шашайық.Қонақтарға шашайық. Жақсы, балалар, отырайық орнымызға.ІІ. Негізгі бөлім. (Отырғанымыз сол екен, экраннан қасқырдың дауысы естіледі)Қасқыр: (қарқылдап) О, бір тоятын болдым ғой!Тәрбиеші: түсінбедім. (жан-жағына қарап, сол кезде ешкі жылап шығады.
  • Ешкі, сәлеметсіз бе! Мұнда қалай тап болдың?
Ешкі: (Жыламсырап) Қасқыр менің лақтарымды ұрлап алып кетті, жалғыз өзім қалай құтқарамын деп ойлап келе жатқанмын, сіздерді көріп қатты қуандым.Тәрбиеші: Әрине, ешкі, қолымыздан келсе көмектесеміз. Ия, балалар, ешкіге көмектесеміз бе?Балалар: Ия.Тәрбиеші: Ешкі, қасқыр лақтарды қай жаққа алып кетті?Ешкі: Орман мен көлдердің ар жағында, таудың бер жағында.Тәрбиеші: Алыс екен. Ендеше ұшатын кілемге мініп ұшайық.Тәрбиеші кілемді жайып: Балалар, кілемім тесіліп қалыпты. Жөндеуге көмектесесіңдер ме? (Балаларға пішіндерді тарату) Тәрбиеші: жарайды онда ұшайық. (Балалар мен тәрбиеші кілемшенің үстіне тұрып, ұшады.) Орман, көлге қарайық,Қасқырға тез барайық,Лақтарды аман-есен құтқарып,Тобымызға қайтайық.Әрқашанда тілектес,Досыңа сен, көмектес.Тәрбиеші: Балалар, жеттік. Орнымызға жайғасайық.Қасқыр: Ааа, лақтарды құтқаруға келдіңдер ме, мен лақтарды оңайлықпен бермеймін сендерге.Тәрбиеші: Қасқыр, ешкі қайғырып, жылап отыр, лақтарын босатшы.Қасқыр: Жарайды босатайын, бірақ менің тапсырмаларымды орындайсыңдар, орындаған сайын лақтарды бір-бірден босатып отырамын.Тәрбиеші: балалар, орындаймыз ғой, тапсырмалардан қорықпаймыз ғой?Балалар: қорықпаймыз, орындаймыз.Тәрбиеші: Ал, қасқыр, 1-тапсырмаң қандай?Қасқыр: сандарды шатастырып алғаным сондай, лақтарды санай алмай отырмын, сандарды реттеп берсеңдер.Балалар үстелден сандарды алып, рет-ретімен тұра қалады. (Тура, кері санау) Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Қасқыр енді санай аласың ғой?Қасқыр: ия, бір лақты босатайын.Тәрбиеші: Ал, енді 2-тапсырмаң қандай?Қасқыр: маған әдемі, жылы, үй керек. Ол үй мынадай пішіндерден құралуы керек: 1 үшбұрыш, 1 шаршы, 6 тік төртбұрыш, 1 дөңгелек.Тәрбиеші мен балалар орындауға кіріседі. Қарама-қарсы отырып, әйнекке, геометриялық пішіндерді қолданып, әдемі үй салады.

Тәрбиеші: тамаша балалар! Қасқыр, үй ұнады ма?Қасқыр: ия, ия, тағы бір лақты босатайын.Тәрбиеші: Қасқыр, келесі тапсырмаңды айт (3-тапсырма)Қасқыр: Мен жалғыз жүріп, жалығады екенмін, достарым да жоқ. Маған достар тауып беріңдер.Тәрбиеші: балалар, ендеше, алдымыздағы геометриялық пішіндерден қасқырға жануарлар құрастырып берейік. (Балалар орындайды, балаларды мақтау)Қасқыр, балалар саған қаншама достар тауып берді.Қасқыр: Ия, рахмет! Тағы бір лақты босатуға тура келеді.Қасқыр: (4-тапсырмасы) Мені шаршатып жібердіңдер, билеп, бойымды жазғым келеді.Тәрбиеші: Жарайды, бізбен бірге биле. Балалар, мен қандай санды көрсетсем сонша қимыл жасайсыздар.2- керіл,3- секір,1- айнал,4- отыр,5- қолды қайшыла,6- шапалақта.(Балалар орындайды, сергіту сәті)Тәрбиеші: Қасқыр, демалдың ба?Тәрбиеші: (5-тапсырма)Қасқыр: Мына суреттің бөлігі кімде бар? Ортаға шығыңдар.Тәрбиеші кішкентай суреттерді таратады. Балалар шығады, айтады.Тәрбиеші: Балалар, қасқырға жауаптарың ұнады. Тағы бір лақты жіберді.Қасқыр, келесі тапсырмаң қандай?Қасқыр: Жеті сан туралы не білесіңдер? (6-тапсырма)Балалар: Аптада 7 күн, кемпірқосақтың 7 түсі бар, 7 ата, 7 шелпек.

ІІІ. Қорытынды бөлімТәрбиеші: Балалар, біз алты лақты мейірім мен біліміміз арқылы құтқардық. Енді кілемшемізге отырып, қайтайық. Тәрбиеші: Балалар, енді қасқыр ешкімен дос болсын деп оларға сыйлық жасап берейік. (Ортаға жүрекшені қою, желім тарату) Жүрекшені жасап болған кезде, қуыршақ қасқыр келеді.Қасқыр: Балалар, мені кешіріңдерші, енді тентек болмаймын. Ешкімен дос болам, сыйлықтарыңа рахмет!Ешкі: Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Менің лақтарымды аман-есен маған алып келдіңдер, қасқырмен достастық, мынау сендерге базарлығым. Тәрбиеші ашып таратып береді.





Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады.
Сертификатты жүктеу
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!



Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!