Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Латвия халқының фольклоры"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Латвия халқы фольклорының зерттелуі.
-
Латыш халықтарының мифологиясы.
-
Фольклор және ертедегі мәдениет фестивалдары.
-
Фольклорлық жанрлар.
Латвия - Еуропаның солтүстік-шығысында, Балтық теңiзi жағалауындағы мемлекет. Ол Эстония, Литва, Ресей, Беларусь, Швеция мемлекеттерімен шекаралас. Байырғы және негізгі халқы – латыштар.
Герман феодализмі үстемдік еткеннен кейінгі жеті ғасыр аралығында халық ауыз әдебиеті латыш халқының рухани мәдениетінің негізгі формасына айналды. Фольклор капитализм тұсында да жалғасын тапты, сонымен бірге латыш мәдениетінде халықтың дәстүрлі шығармашылығына негізделген жазба әдебиеті үлкен орын алды. Латыш фольклоры XVII ғасырда жарияланып тұрса да, фольклорды жүйелі зерттеу ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жүргізілді. Латыш фольклорының жариялануында орыс фольклористері мен этнографтары үлкен рөл атқарды. Соның нәтижесінде латыш халықтарының халықтық әндері (1873 ж.), жұмбақтары (1881 ж.), мақалдары (1881 ж.), ертегілерінің (1887 ж.) алғашқы жинақтары жарық көрді.
Латвия әдебиеті жайлы сөз етер болсақ, ол кешірек дамыды. ХVІІ ғасырда Латвияны шведтер жаулап алады, 1721 жылғы соғыс нәтижесінде Латвия халқының көп бөлігі Ресей империясына енді. Ресей құрамында болған кезде латыш әдебиеті гүлдене бастады. Ақындар мен жазушылар латыш тілінде шығармаларын жазды.
Латыш халқының мифологиясы. Латыш мифологиясы – Латвия халқының дүние туралы мифологиялық көзқарасы. Ертедегі латыштардың өзіндік символдары болған. Құдай белгісі (үшбұрыш немесе жоғары шың бұрышы). Бұл белгі аспанның шыңын көрсететін вертикальды жазықтықта орналасқан. Бұл күш-жігер, сәуле, жоғарыға қозғалысты білдіреді. Аспан – бұл шар, басты қозғалыс күші – құдай. Оның графикалық символы аспан кескінінің символымен сәйкес келеді. Тіл мамандары бұл «Құдай» сөзінің әуелгі мағынасы «аспан» болған деп санайды. Қарапайым түрде бұл белгі шатыр іспетті көрінеді және аспанды бейнелейді.
Ай белгісі. Барлық өркениеттегі символиканың орталық элементі болып табылады. Латвияда «Ай» символы неолит дәуірінен белгілі. Бұл белгі «Күн» және «Жұлдыз» белгілерімен қатар қолданылады. «Айдың» қызметі – жұлдыздарға қамқор болу. Ол егін шаруашылығы культімен тығыз байланыста. «Ай» сарбаздардың қорғаушысы деп саналған. Латыш халқының өрнектерінде ай-крест (шеңбер айналасында айдың төрт символы симметриялы орналасуы) кездеседі.
Жұлдыз белгісі. Бұл белгі қараңғылық күші мен жер асты әлемінің бейнесінде үлкен мәнге ие. Жұлдызды өрнектер жамандықтан қорғайды деген латыш халқының сенімдері бар. Ең қарапайым жұлдыздың формасы крест болып есептеледі. Көптеген халықтарда крест белгісі әуе және от символы ретінде таныс. Латыш халқының этнографиялық суреттерінде крест бейнелі жұлдыздар төрт, алты, сегіз сәулеге ие. Таң жұлдызының символы аусеклиитис делінеді. Бұл сегіз сәулелі жұлдыз қараңғылықпен күрестегі жеңісті бейнелейді. Бұл белгі қараңғылық күшінен, жаман адамдардан қорғайды. Фольклорда Аусеклиитис құдайдың баласын, жұлдыз есепті, Күн қызының күйеуін еске салады. Бұл белгі латыш өрнектерінде 30-ншы жылдардан бастап қолданылып келеді. Әдебиеттен халық арасына тараған. Алтыбұрышты жұлдыз ағаштан жасалған бұйымдарда жиі көрінеді. Археологиялық мәліметтерге сүйенсек, жұлдызға қатысты белгілер XVI ғасырда пайда болған.
Мара белгісі. Мара әйелдің қорғаушысы, құнарлылық беруші ретінде сонымен қатар әлемнің материалдық бөлігін, жерүсті және жерасты патшалығының иесі ретінде көрсетіледі. Латыштық мифологияда Құдай Ананың өзіндік алар орны бар. Адам өмірден озған соң Жер-ана патшалығына өтеді және бұл патшалықтың құдіреті өз кезегінде басқа да көптеген аналар қолына өтеді. Орман, Жел, Теңіз, Сүт, Сиыр және өзге де аналар Мараның кейпіне өтеді. Мара белгісі әдетте, жоғарыдан төменге қарай теңбе-тең үшбұрыш, жартылай шеңбер, ілмек тәріздес болып бейнеленеді. Осы белгі жазық бетті бейнелеп, оның басы солтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа қарайды. Бұл белгі Латвияның жаздағы күн тоқырау кезінде күннің өз ұясына батқанын, Яновода таң атқанын көрсетеді. Белгі үшін символикалық терең мағына және Құдай күшінің қарама-қарсы үшбұрышы тән, сондықтан олар бір-бірімен бірігіп, үндесіп тұрады. Осы аталған белгі бірінен соң бірі алтыбұрыш кресті құрайды. Үшбұрыш Маралар тарамдалып, көбейеді. Маралардың көп түрі Мара белгісінде бейнеленіп, әсіресе үшбұрыш Мара белгісінде, су Марасы белгісінде, жер Марасы белгісінде, крест Марасы белгісінде көп байқалады. Бұл белгілер табиғат пен жер арасындағы қарым-қатынасты, тиянақтылықты, қорғаныштықты көрсетеді. Ирек Марасы туралы айтқанда, латыштар секілді өзге халықтар үшін де бұл белгі судың символикалық бейнесі ретінде көрініс табатындығын атап өткен жөн. Мүмкін, сондықтан болар ирек Марасын Теңіз Анасы немесе Су Анасының белгісі деп қабылдау дұрыс саналады. Ирек (зигзаг) – палеолит дәуірінен бастап пайдаланылған, геометриялық белгілердің ішіндегі негізгі элементтердің бірі. Негізінен, иректің меншікті салмағы элементті әрлеп тұрады. Халық шығармашылығында ирек Мараның көркем бейнесі көптеп тарамдалған суреттер кездеседі. Ирек басқа өрнектердің негізі ретінде көп қолданылады.
Лайма белгісі. Лайма белгісі өте ескі белгілердің бірі болып табылады. Ол мезолит дәуірінде Балтияның шығысында ең кең таралған мойын әшекейі болған. Фольклорда Лайма адам өмірінде өткізілетін әдет-ғұрыптарға жауап беріп, тағдырды анықтаушы, өмірлік жолды қадағалаушы қызметін атқарған. Лайманың өзіндік ерекше қасиеті бар. Латыш халқының фольклорында 3 Лаймалық тағдыр тәңірісі ескеріледі. Олар: Декла, Карта, Хворостина
Лайма шашақгүлі (өсімдік). Лайма белгісінің құстың қауырсынына ұқсас болуы, бұрынғы замандарда жануарларға табынғандығының белгісі екендігін еске салады. Құс – жанның символы болып, ал Лайма – жанның сақтаушысы болып саналған.
Күн белгісі. Біз аспанды екі жағдайда бақылап қараймыз: күндізгі аспанды және түнгі аспанды. Әр халықтың ежелгі мәдениеттерінде аспан шырақтарының түрлі мән-мағынасы болған. Латыш халқының фольклорында Күн орталық аспан шырағы болып есептелген. Күн өмірдегі мәңгілік қозғалыстың символы болып саналады. Басқа белгілермен салыстырғанда, Күн белгісі жоғары сатыда орналасқан. Күн – белгілердің ішіндегі ең көрнектісі және ең белгілісі. Латвия аймақтарында күн символдары неолит дәуірінен бері сүйек пен мүйізден жасалған концентрациялық шеңбер түрінде заттарды әшекейлеуге қолданған. Ромб немесе төртбұрышты Күн белгісі мезолит дәуірінде керамикада кездеседі. Фольклорда Күн әке, Күн ана, Күн қыздары, Күн ұлдары, Күн балдары т.б ұғымдарды көп кездестіреміз. Латыш халқының шығармашылығында Күн уәжі барлық заттарда кездеседі. Күн белгісі әйелдердің әшекейлерінде және киімдерінде, әсіресе қыз жасауына қажетті жабдықтарда көптеп қолданылған.
Латыш халқында «Лачплесис» эпосының алар орны ерекше. Бұл эпос Орта ғасырда өмір сүрген, аюды жеңген батыр жөнінен хабар береді. Бұл эпосты 1888 жылы латыштың ақыны Андрей Пумпур жазған. Бұл эпостың сюжеттері мен персонаждары латыш халқының ертегілері мен аңыздарынан алынған. Латвия халқы 11-нші қарашада Лачплесис күнін тойлайды. Бір айта кетерлігі, бұл күн Латвияда «Отан қорғаушылар күні» ретінде қабылданады.
Фольклор және ертедегі мәдениет фестивалдары. Латвияда спорттық, мәдениеттік, фольклорлық фестивальдар өткізіліп тұрады. Әр үш жыл сайын Латыш және көрші Балтық халықтарының дәстүрі мен ғұрыптарына байланысты «Балтика» атты халықаралық-фольклорлық фестиваль өткізіледі. 1236 жылғы Сәуле шайқасы құрметіне арналған (латыш тілінде «күн» мағынасында) фестивалда көне дәстүрдің қазіргі заманғы түсіндірілуі бейнеленеді. Фестиваль Ригада өтіледі, халық жиналады. Оның бағдарламалары негізінде түрлі іс-шаралар және ескі киім үлгісінде киінген қылышты жекпе-жек сайысы өтеді.
Ән-би мерекесі. Барлық Латвиялық ән-би мерекесі – Латвия халқы мәдениетінің айтулы оқиғасы, әр бес жыл сайын тойланады, бір апта бойына өзінің көркемдігімен мыңдаған көрермендері мен тыңдармандардың жүрегін жаулап келеді. Бұл мерекеге Латвияның барлық бұрыштарынан хор және би ұжымдары қатысады. Келесі бұл мереке 2018 жылы Латвия мемлекетінің жүз жылдығы қарсаңында өткізілу тапсырылған. Латыш халқы өздерін ән айтушы халықпыз деп атайды және де өздерінің бұрынғы келе жатқан хор және халықтық билерімен мақтанады. Ең алғашқы хор концерті Латвияда ХІХ ғасырдың орта шенінде өткізіле бастады. Сол уақыттан бастап музыкалық салт халықты біріктірудегі патриоттық шара ретінде жүргізілді. Мерекеге 30 мыңнан астам көркемөнер ұжымдары – әншілер, бишілер, үрмелі оркестрлер, фольклорлық ансамблдер, әуесқойлар театры, декоративті-қолданбалы үйірме қатысушылар және де басқа да халықтық дәстүрді сақтаушылар қатысатын болған. Алдымен, мереке Латвия астанасы аумақтарында бекітіліп, содан кейін апталық ән марафоны, парк, шіркеудің би ұжымдары қатысуымен Рига алаңында басталады.
Латвия халқының мерекелері |
|||
1-қаңтар |
Жаңа жыл |
5-тамыз |
Мара күні |
4-ақпан |
Шерлок Холмс туған күні |
Тамыздың соңы |
Рига күні |
ақпан-наурыз |
Метенис(Масленица) |
29-қыркүйек |
Микелия күні |
сәуір-мамыр |
Пасха |
11-қараша |
Лачплесиса |
8-9 мамыр |
Жеңіс күні |
18-қараша |
Тәуелсіздік күні |
23-24 маусым |
Лиго және Янов күні (жазғы күнтоқырау) |
25-26 желтоқсан |
Рождество |
Көне дәстүрді танытатын ең жарқын дәстүр - Лиго және Янова күнін тойлау (жаз мезгілінің шуақтығын тойлау). Сонымен қоса, басқа славянь халықтары секілді Пасха мерекесі де тойланады. Латвияның тарихы, дәстүрлі жоралғылары және кәсібі туралы ашық аспан астындағы Ригадағы этнографиялық мұражайдан толық мәлімет білуге болады.
Мерекелік жәрмеңкелер. Латвияда әр мереке өтпес бұрын жәрмеңке ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары: тоқыма бұйымдары, керамика, шыбық өру, түрлі әшекейлер, ағаш және металдан жасалған бұйымдар болады. Жылда аталып өтілетін Янов күні маусымның 23-нен 24-не қараған түні тойланады. Жылдың ең ұзақ күні әрі қысқа түнінде латыш халқы гүлдерден шеңбер жасайды, ән айтады, би билейді, таң атқанша буға түседі.
Янова күніндегі дәстүр мен сенім. «Күн тоқырау кезінде» жұлынған шөптер, ғажайып емдік қасиетке ие болады деп саналған. Бұл күні үйді қайың, емен, шетен ағаштары шыбықтарымен, усасыр, түймедақ, суоты гүлдерімен безендіреді. Үй ішіне жамандық атаулы енбесін деп, есікке қалақай, түйетікен қыстырып қояды. Бұл күндегі белгілі дәстүр – алаудан секіріп өту. Қол ұстасқан жұптар оттың магиялық құдіреті «жұбымызды айырмасын» деген сеніммен алаудан секіріп өтеді. Осы күні ғана жұмбақ усасыр гүлін табуға болады екен. Бұл күнге дейін ешкімде көрмеген. Сонымен қатар, бұл күнде таң атқанша ұйықтауға болмайды, шық түскенде серуендесе – ақша болады, әйелдер сол шықпен бетін жуса – әдемі болады деген сенім қалыптасқан.
Латыш фольклорында саны жағынан да, көркемдік формасы жағынан да маңызға ие жанрдың бір түрі - халықтық әндері (ертеден келе жатқан жанр). Халықтық әндердегі негізгі тақырып – еңбек мәселесі. Еңбек – өмір сүру негізі, сондықтан да «жұмыс жасау, еңбек ету» сөзіне «өмір сүру» синоним болып қалыптасқан. Еңбек тақырыбындағы әндерде егінші мен мал өсіруші жайлы кең айтылады. Жақсы істелінген жұмыс халықтың жоғары бағасын алады. Ең әдемісі – жиналған алқап, шабылған көгал. Халықтық әндердің көпшілігі тұрмыстық мазмұнға құрылған. Әнде адам баласының дүниеге келуінен бастап өмірден өткенге дейінгі аралық қамтылады. ХІХ ғасырдың 70-нші жылдары Барон латыш халық әндерін жариялады. Россия Академиясы қолдауымен «Латыштық дайна» атты 6 томдық еңбек жарық көрді. Дайна – литвалықтардың халық әні. Бұл еңбекте 618 мың ән қамтылған. Латыш халықтары музыкаға бай және мазмұны жағынан бейнелі болып келеді. Мелодиялық стиль жақсы дамыған. Латыш халқының негізгі музыкалық аспаптары: кокле, волынка, скрипка – гига, свирель және т.б. ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап латыш халқының халықтық әуендерін жинау ісі қолға алынған. «Тіл және әдебиет» институты қорында 2700 мыңдай фольклорлық бірліктер, миллионнан астам халықтық әндер, 140 мыңдай ертегілер, анекдоттар, 800 мыңдай мақал-мәтелдері сақтаулы.
Латыш халқының мақал-мәтелдері.
-
Ананың махаббаты ажалды да жеңер.
-
Парықсыз сөзден пайда жоқ.
-
Асыға ішкен аузын күйдірер.
-
Жарды тойдан іздеме, Егінжайдан ізде
-
Пышақ нанды турайды, Қызыл тіл жанды турайды.
-
Ауырғанға емсек керек, Дені сауға еңбек керек.
-
Ұрлатқаның мен жоғалтқаның оралмайды.
-
Түйір нан бар жерде тіршілік бар.
-
Дәм-тұзсыз әңгіме қиюласпайды.
-
Шеркеудің тышқанындай шыр жұқпас.
-
Ұзын деген жолдың да ұшы бар.
-
Анаға баласы алтыннан да қымбат.
-
Нанына қарай әлі.
-
Жалғыз қайғы – жәй қайғы.
-
Өзің жеңіп алмасаң, Бақыт келмес әрқашан.
-
Өлең мен еңбек - Өмірге өрнек
-
Алма ағаштың гүліндей аппақ.
-
Аяздан қорыққан аулаға шықпас.
-
Еңбек – өмір тұғыры.
-
Бас алмай ұйықтаған басқадан бұрын қартаяр.
-
Тат темірді күл қылар, Жалқаулық адамды жүн қылар.
-
Аяз түссе, тоңарсың: Етігіңді жамарсың.
Көп уақытқа дейін Латвия немістер билігінде болғандықтан неміс тілі мемлекеттік тіл болды. Осы себепті де, латыш ертегілерінде неміс барондарының киімдерінің белгілері кездеседі. Жануарлар жайындағы ертегілерінде кішкентай құс пен жануардың үлкен алыптармен күресін суреттеу арқылы қоғам бейнесін танытады. Латыш халқының сиқырлы ертегілері мазмұны жағынан көркем де бай болып келеді. Бұл ертегілер халықтың өзіне деген сенімінен, даналығынан туған. Және де қиял-ғажайыптық көріністер кездесіп отырады. Ертегілердегі басты кейіпкер – халық мүддесін қорғаған, ақыл-күшке ие, өзіне сенімді ержүрек батыр. Олар әрдайым да халыққа қызмет етеді, үнемі көмектесіп отырады.
Көптеген фольклорлық зерттеулер латыш фольклоры мұраларының бай екендігін аңғартады. Негізінен алғанда, латыш халқының фольклоры бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз сақталып келеді. Бұл халықтың фольклоры жөнінен хабар беретін еңбектер жоқтың қасы. Болашақта латыш халқы фольклорының үлгілері жинақталған құнды еңбектерге кез боламыз деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер мен материалдар:
-
Маржан сөз. СССР халықтарының социалистік елдердің және басқа да жұрттардың мақал-мәтелдері / аударған М.Әлімбаев.- Алматы: Жазушы, 1978. - 448 б.
-
http://balty-slavjane.livejournal.com/12129.html Символы древних латышей.