Материалдар / Латын әліпбиі – елдігіміздің нышаны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиі – елдігіміздің нышаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшу – игі істердің бастауы болмақ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ел болып ата-бабамыз аңсаған шынайы тәуелсіздіктің бір керегесіне демеу болу барша қазақстандық азаматының міндеті!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
257
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиі – елдігіміздің нышаны
Белгілі шығыстанушы-этнограф Василий
Радлов біздің ана тіліміз туралы: «Қазақ тілі – ең
таза, ең бай тілдердің бірі. Тіл – өткен мен
келешекті байланыстыратын құрал» - деп жоғары
баға берген екен. Шынымен де, әлемде менің ана
тіліме жететін нәзік үнді, даланың да, баланың да,
қобыздың да тілімен сөйлей алатын тіл барма-ау
бұл жалғанда?! Тіл – ару анаң әлдилеп тербеген ақ
бесіктен, тұғыры биік киелі отбасынан басталады.
Ал көшбасшымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың:
«Қазақ тілі – халық жаны. Онда тарих пен тағдыр,
әдебиет мен мәдениет, дін мен діл шоғырланған»
- деген ұранына қалай мойын бұрмаймыз!?
Қазақ халқы өз төл әліпбиін тарихтың төріне көтеріп, қадамын нық
басқан мемлекет ретінде қайта өрлеу кезеңін бастан кешуде. Әлемдегі
ақпараттың 90 пайызы латынша беріледі. Ақпаратты бағындырған,
ғылым мен технологияны да бағындырары сөзсіз. Қазақ тілінің латын
графикасына көшуі халқымыздың рухани жаңғыруының негізгі кезеңі.
Бұл қадам қоғамдық сананың түбегейлі өзгерісіне әкеледі. Осыған орай,
біздің Қостанай өлкесінде де жаппай латын әліпбиіне өтуде бірталай ісшаралар атқарылуда. Тілдер басқармасының бастауымен дөңгелек
үстелдер, оқытушы семинарлар, басқосулар жүзеге асырылып жатыр.
Онда облысымыздың өңірлерінен келген қазақ тілінің жанашырлары,
педагогикалық қауымдастық өкілдері, БАҚ журналистері жиылды.
Латын әліпбиіне көшу кестесі де белгіленген. Гимназия қабырғасында
қыркүйектің басынан қазақ тілі сабағында дәптерге күнді латын
әріптерімен белгілеуді бастады. «Қазақ халқының төл әліпбиі» дөңгелек
үстел ұйымдастырылып, қазақ тілі пәні мұғалімдері латын қарпіне
көшудегі үдеріс бойынша өз ойларын ортаға салып, бұл бастаманы қош
көрді. Қазан айының 19-да тағы да практикалық басқосу болды. Онда
әріптестер жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен
танысты, оқу мен жазуда машықтанды.
Әрине, істің бәрі оңтайлы болады деп айту ерте. Қандай болмасын
жаңашылдықты игеру жеңіл келмейді. Болашақта даярлық және бірінші
сынып бүлдіршіндері осы алқалы еңбектің табалдырығын аттамақ. Оны

жүзеге асыру үшін «мектеп-ұстаз-ата-ана» үштігі достық қарымқатынаста, қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет. Латын әліпбиіне көшу – игі
істердің бастауы болмақ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ел
болып ата-бабамыз аңсаған шынайы тәуелсіздіктің бір керегесіне демеу
болайық, ағайын!

Қостанай облысы әкімдігі
Білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің
А.М.Горький атындағы гимназиясы» КММ
директордың ОІЖ орынбасары
Орынкүл Баяхметова

.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!