Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ МЕН ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ МЕН ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ
Монтаева.Р.К
№22 орта мектебі «КММ»
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Әліпби мен жазу – әрбір халықтың рухани құндылығы, оның мәдени
өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Қазіргі таңда елімізде қазақ жазуын латын графикасына көшіру бағытында маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр [1.5]. Латын әліпбиінің артықшылықтарын түсіндіруден басталған алғашқы қадамдар қазіргі кезде латын негізді жаңа әліпбиді қабылдау, жазу емлесін дайындау сияқты толып жатқан мәселелермен байланысты қарастырылып жатыр. Латын әліпбиінің оқу-білім саласынан бастап, қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін кезең-кезеңмен атқарылатын шаралар да жоспарланып жатыр. Жаңа әліпбидің жаңа нұсқаларын қайта-қайта халыққа таныстырып, оны жұртшылықтың талқылауына ұсынып, жаңа әліпбиді халықтың өзі таңдауына жағдай жасалып отыр. Сондықтан осыған дейін әліпбидің диграф, апостроф, акут арқылы жасалған нұсқаларымен танысып, оны ел ішінде талқылап келеміз. Әліпби жасауға қойылған талап - классикалық латын әліпбиіндегі 26 әріптен ауытқымау. Бұл дұрыс талап, себебі тілдің дыбысталу, сөйлеу жағына ғана қарап қоймай, оның жазу жағынан да оңтайлы болуын қамтамасыз ету керек. Әліпби жасаудың қиыншылықтары да осында жатыр. Қазіргі кезде жұртшылық соңғы бекітілген әліпбиді басшылыққа алып, жазуға үйреніп жатыр [2]. Бұл әліпбиде латын әріптерін барынша қазақ тілі дыбыстарына сәйкес таңбалауға, қазақ тілінің үндесім талаптарына бейімдеуге, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын сақтауға назар аударылған. Әліпбидің бұл нұсқасының ерекшелігі - акутта әріпүсті бір ноқат алынуы. Әріпүсті ноқат жазуға, қабылданымға оңтайлы екені байқалады. Ал түрік жазуында әріп үстінде қос ноқат тұрады. Бұл жазу барысында ноқаттың бірі
көрінбей қалса да, екіншісі көрінетіндіктен түрік ағайындар жазуының бір жетістігі деуге болады. Әліпбиімізге 34 дыбыс алынып, олар 32 әріппен
таңбаланған. Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз) және кірме сөздердегі 6 фонема (и, в, ф, һ, х, ч) бар. Әліпбиде Hh-[х], [h] және I-[и], [й] болып, бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар. Тіліміздегі 6 дыбыс (ә, ө, ү, ғ, ң, у) әріпүсті ноқат арқылы, екі дыбыс қос әріппен (диграф) таңбаланған (Ch- [Ч], Sh-[ Ш]). Қос әріппен берілген «pasha» сияқты сөздерді «пасха», «пасһа», «паша» деп үш түрлі оқуға жол беретін sh(ш) диграфын сөз ішінде дәл тану да оңай бола бермейді.
Әліпбиде Iı -[и], [й] таңбасы үстінде нүктесі жоқ екен. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і» және «и, й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. Бұл жағдай да жазуда қосымша қиындық келтіреді. Сонымен бірге кейбір халықаралық сөздерді жазуымыз үшін әліпбиімізде қазіргі ағылшын
әліпбиіндегі әріптерді, шама келгенше, түгел қамту керек деген де пікірлер бар. Осы кезге дейін латыннегізді әліпбидің үш нұсқасы жарияланып, олар кең талқыланған еді. Дегенмен, мамандардың айтуынша, әліпбиіміздің әлі де жетілдіре түсетін тұстары бар, әуелі әліпбиді дұрыстап, содан кейін барып емлені дұрыстау керек екен. Бұрын таныстырылған әліпбилерді талдау қорытындысында айтылған
ескертпелерді негізге ала отырып, жақында тағы да әліпбидің акут және умлаут арқылы берілгенекі жаңа нұсқасы ұсынылды. Бұл нұсқада «Ш» дыбысын таңбалауға алынған /sh/ қосар әрпі екі түрлі оқылып, шатасу тудыратыны ескерілді. «Ч» дыбысы қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді, сондықтан оны әліпбиден алып тастау ұсынылған. Бұрынғы әліпбиімізде 42 әріп болса, енді қазақ тілінде жоқ «ё, ю, я, в, ф, х, ч, ц, ь, ъ» әріптері әліпбиімізден шығарылды. Сөйтіп тіліміздің ерекшелігіне
сай емес, жат дыбыс тіркестері тілімізді шұбарлап, ұлттық бояуы мен өзіндік реңіне әсер етуін тоқтатады. Емледе қазақ жазуындағы ұу/үу, ый/ій қосар әріптерді бұрынғыдай бір ғана «у» мен «и» таңбалары арқылы жазу
ұсынылғанған. Бұлай таңбалау жазуда әріп үнемділігіне де пайдалы болғандығы айтылып келеді. Бұл әріптердің жазылуы туралы пікірталас
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов кезеңінен басталған болатын. А.Байтұрсынов бұл дыбыстардың «ұзын естілетін», «қысқа естілетін» жағдайы туралы айтып кеткен болатын. Қазақ тілі емлесінің ережесінде кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі бұрынғы жазуымыздан өзгеше екеніне назар аудару керек. Бұрын шеттілдік сөздер өзгеріссіз жазылып келсе, енді қазақ әліпбиіне икемделіп жазылады: «Ё» әрпі «о́» әрпімен
таңбаланады. Оларға қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес
жалғанады: манёвр-манөвр (manо́vr) , оған қосымшалар (- diń, -i, -ge, -ler)
деп, бруселёз-бруселөз (brýselо
́ z), ал оған қосымша (-diń, -i, -ge, -der)деп, актёр-актөр (aktór), ал оған қосымша (-diń, -i, -ge, -ler) деп, амёба- амөба (amóba), ал оған қосымша (-nyń, -ny, -ǵa, -lar) деп, дирижёр-дирижөр (dırıjо
́ r), ал оған қосымша (-diń, -i, -ge, -ler) деп, режисёр-режисөр (rejısоr), ал
оған қосымша (-diń, -i, -ge, -ler)деп жалғанады [3.25].«Ц» әрпі және «сц» әріп тіркесі «s» әрпі арқылы жазылады: сирк-sırk, сифр-sıfr, силиндр-sılındr, сиркул-sırkýl; сенари-senarı, сиофит-sıofıt, плебисит- plebısıt. Ал Қатар келген «ц» әрпі «ts» тіркесі арқылы таңбаланады: питса-pıtsa, Нитса-Nıtsa[3.25]. «Щ» әрпі төл сөздерде «shsh» әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде «sһ» әрпімен таңбаланады: асшшы-ashshy, тұшшы-tushshy, кешше- keshshe; училише-ýchılıshe, прапоршик-praporshık[3.25].
«Э» әрпі «е» әрпімен жазылады: елемент-element, елеватор-elevator,
епопеиа-epopeıa, коефисент-koefısent. Ал «-оэ» әріп тіркесімен аяқталатын
сөзде «э» әрпінің орнына «ı» жазылады: алой-aloı, каной-kanoı[4.25]. «Ю» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен: aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala; kaıýta, ал дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен таңбаланады: parashút, lúks, konúktıvıt. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады. Ал «и» (ı) әрпінен кейін тұрған «ю» орнына «у́» жазылады: qıý, kıý, dıý[3.25]. Демек, «ю» әрпі үш түрлі жазылады екен: 1). төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен(аю-айу, ою-ойу, Юрмала-Иурмала) жазылады. 2). Дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен (парашют-парашүт, абсолют-абсолүт, бюллетень-бүлетен, сюжет-сүжет) таңбаланады. 3). «и» (ı) әрпінен кейін тұрған «ю» орнына «у́» жазылады: қию-қиу, кию-киу. «Я» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ıa» әріп тіркесі арқылы: ıaǵnı, qoıan; Iаlta; soıa, ıdеıa; gıperıadro, sýbıadro; alıаns, konıak, ал дауыссыз дыбыстан кейін а́ арқылы таңбаланады: akýmýlаtor, mýláj, zarа́ d, kalkýlа tor. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады. Ал и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: qıar, sıa, Túrkıa, jarıa[3.26]. Ал жіңішкелік белгісі (ь) бар сөздерді де енді қалай жазудың жолдары көрсетіліп отыр. Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады да, жазуда жіңішкелік белгі ескерілмейді. Мысалы, «ансамбль –ансәмбл, альманах-әлманах» деп жіңішкелік белгі ескерілмей оны «ә» дыбысымен айтамыз. Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі, сөз ортасындағы қайталама «сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу» дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады деген ереже бар. Осы ережеге сәйкес «класс», «металл», «программа», «комиссар», «грамматика», т.б. осы сияқты сөздердегі бірдей екі қайталама дауыссыз дыбыстардың біреуін ғана жазамыз[3.28].
Жаңа емледе жалқы есімдердің жазылуында бұрынғы заңдылықтардан
өзгешелік көп емес. Кісі аттары бұрынғыша бас әріппен жазылады. Кісі
есімдеріне және -oв, -eв жұрнағымен аяқталған кісінің тегіне қосымша түбір сөздің соңғы буынына сәйкес үндесіп жалғанады. Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар ауызша айтылуына сай жазылады. Араб, парсы тілінененген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес жазылады: Ысқaқ, Ырысжaн, Ырысaлды, Ысмaйыл немесе Сымaйыл, Мұхaмбeт, Ибрaгим, Ыбырaйым, Бәтимa, Қaсeн, Құсaйын, Қaдишa, Paзyл, Әбдiқaдiр, Әлбeйбaрыс[3.20]. Қорыта айтқанда, қазіргі қоғамымызда латын әріптерін танымайтын адам жоқ. Сонымен бірге емле ережелерінің түп негізі сақталған. Сондықтан латын графикасындағы әліпби мен жазуымыз қазақ тілінің болашағына, дамуына
даңғыл жол ашады деп есептейміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Садуақас Н.А. Латын графикасына көшу: қазақ тілі әліпбиі мен емлесі
(ғылыми-танымдық еңбек). – Ақтөбе: Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе ӨМУ «Жұбанов университеті» баспа бөлімі, 2018.- 80 б.
2.«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚРПрезидентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы.№637 Жарлығы. 19.01.2018 ж. Астана, Ақорда.
3.Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері.(Жобасы). - Астана, Тіл-орталық. 27.09.2018 ж.