400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Латын әліпбиіне көшу - заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар мен ұстаздарға, ата - аналарға қажет. Себебі, алдағы уақытта әліпбиіміз бен барлық кітап, журнал, газеттер латын тіліне аударылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу (баяндама)

Бүгінгі таңда қазақ әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Бірақ, анық болатын бір мәселе бар, ол – қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында анық айтты. Яғни, бұл сұрақтың басы айқындалды. Президенттің «Қазақстан – 2050» стратегиясы. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің болашақ даму стратегиясы айқындалды, соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтты.

Президент өз Жолдауында Қазақ елінің саяси – экономикалық, әлеуметтік – мәдени, ғылыми – ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын жан – жақты бағамдап, ішкі және сыртқы жағдайды толық ескеріп, әліпбиді қашан, қандай жолдармен ауыстыру керек, осыған байланысты дұрыс шешім шығарды. Мен Президентіміздің сөзіне толықтай келісемін, себебі, қазір ойланып қарасақ, әліпбиді ауыстыруға ұзақ мерзім, көп қаражат, интеллектуалдық күш қажет. Өзбекстан халқы әліпбиін латынға баяғыда ауыстырып қойған.

Әліпбиді латынмен алмастырғанда ұтатын және ұтылатын жақтарымыз жайлы айта кетсем. Алдымен бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік еткен латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электронды поштамыз бар. Ол поштамыз кирилл, араб немесе басқа тіл емес, латынмен жазылған. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әрпі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Яғни, латын әліпбиі бізге таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал латын тілінің бізге беретін тиімді тұстарын атап айтатын болсам: біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді, сонда уақыт та, қаржы да үнемдетіледі. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латын тілін қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым – қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.10.2018
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12