Материалдар / "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" конференциясы

"Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" конференциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
латын әліпбиіне көшу- заман талабы конференциясында ата-аналармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, латын әліпбиі туралы түсінік беріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
721
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам»(конференция)

Мақсаты: Елбасымыз ұсынған латын әліпбиі туралы түсінікті жеткізе отырып, тіліміз үшін жасалған игі іс екенін ата-аналарға ұғындыра жеткізу. Латын әліпбиі арқылы әлемдік бәсекеге түсе алатынымызды және балалардың ағылшын тілін жетік меңгеруіне септігін тигізетіндігін түсіндіру.

Барысы:І. Тренинг (5 минут)ІІ. Латын әліпбиі туралы мәлімет (15 минут)ІІІ. Слайд көмегімен түсіндіру (3 минут)ІҮ. Видеоролик көрсету (6 минут)Ү. Пікірлесу (10 минут)ҮІ. Қорыту. (6 минут)

Құрметті ата-аналар, конференциямызды бастамас үшін тренинг жасап алайық.(тренинг өткізіледі)

Біздің бүгінгі жиылысымызда бас қосуымызға қазіргі қоғамдағы өткір де өзекті мәселеге айналып отырған латын әліпбиіне көшу себепші болып отыр. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді.Енді латын әліпбиі дегеніміз не? Сол туралы кішкене мағлұмат алып алсақ. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Латын әліпбиі біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Жоғарыда аталған латын әліпбиі туралы дереккөздерді келтіре отырып, қазақ қоғамына, халқына латын әліпбиінің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Бұл жайына Елбасымыз биылғы Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы ойларын таратып айтты«Бұл ой еліміз тәуелсіз алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын». «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» - деген болатын.ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда біздің ұтатын жақтарымыз деп мынадай пункттерді атап көрсеткен болатын: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.Бұл бағытта елімізге танымал ғалымдардың пікіріне жүгінсек, тұтас түркі еліне елеулі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері М.Мырзахметұлы латын жазуына көшудің бес артықшылығын көрсетеді: «1-ден, қазақ тілі табиғи қалыпқа түсіп, жасандылыққа ұрынған артикуляциялық базасынан арылып, табиғи қалпына түсер еді; 2-ден, әріп сандары 42 әріптен 28-34-ке дейін қысқарып, жазу сыйымдылығы артып, машинкаға да, компьютерге де сыйымды болар еді. Интернетке де кедергісіз шығар едік; 3-ден, латын жазуына өтуге біздің тәжірибеміз де бар. Қазіргі аға ұрпақтың бәрі де латын жазуын қиналмай оқи береді. Ал жастар болса шет тілдерін оқығандықтан, латын әрпімен таныс болғандықтан, тез меңгеріп кетеді; 4-ден, біз латын әрпін біркелкі ортақ таңбамен алсақ, түрік халықтары бірін-бірі оқи алатын мүмкіндікке келеді; 5-ден, ең бастысы – санамызға күнде әсер етіп отырған кеңестік идеология мен дүниетанымның тұтқынынан босаймыз» Академик Ә.Қайдар «латын әліпбиіне көшу – өмір талабы, болашағы жарқын өркениетті ел болудың алғышарттарының бірі», – деп бағалап, латын әліпбиіне көшудің төмендегідей басымдықтарын көрсетеді: кириллицаның славян жазуы екені белгілі. Дегенмен, оны әлемдегі славян халықтарының бәрі бірдей қолдана бермейді. Бүгінгі күнде Еуропадағы көптеген славян мемлекеттері іс-қағаздарын латын жазуымен жүргізеді. Осы тұста бір мәселе, славян текті халықтардың арасында рухани тұтастықтың да шамалы екенін естен шығармау керек. Қысқасы, кириллицаның да белгілі бір дәрежеде кемшілігі шаш-етектен. Бұл – мәселенің бір жағы.Екіншіден, жоғарыда атаған жәйттерге қоса кириллица жыл алға озған сайын өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқара алмауда. Қазіргі кезде Ресей ғалымдары арасында да жаһанданумен байланысты бір кездері орыс әліпбиінің де латын қарпіне көшу ықтималдығы туралы сөз бола бастады.Үшіншіден, бүгінгі түркі халықтары қолданып жүрген кирилл жазуында айырмашылықтар өте көп. Себебі, кезінде бұл жазудың біздерге тек қаріптік белгілері, таңбалануы ғана ұсынылды. Ал әр халық өзінің тілдік ерекшеліктеріне сәйкес кейбір әріптердің варианттарын өздері жасап алды. Соның нәтижесінде, дүние жүзінің түркі қауымдастығын былай қойғанда, бұрынғы КСРО-да жасайтын отыз шақты түркі халықтары мен ұлыстарының өзі басын біріктіре алмады. Керісінше, олар бірінің жазғанын екіншісі еркін оқып түсіне алмайтындай жағдайға келіп, жазу арқылы өзара жақындасудың орнына, жырақтай түсті. Сөйтіп, сыртқы күштердің о баста көздеген түркілердің бастарын бірік-тірмеу жоспары өз миссиясын толығымен орындап шықты» Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Жүнісбек өз ойын: «Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек деп жүргенім сондықтан. Реформа бір ғана әліпби ауыстырумен тынбайды. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және емле-ережені бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби сол дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері.Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың алғышарты және ең төте жолы болып табылады. Егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тілбұзар әріптер мен емле-ережелер өзінен-өзі түсіп қалады», – деп тұжырымдайды Белгілі түрколог ғалым Ш.Ыбыраев латынға көшкенімізде ұтатын төмендегідей тұстарымызды көрсетеді:Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді» Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанованың пікірі де осыған саяды: «Тілтанушылар үшін қазақ жазуын кирилл қарпінде реформалау аяғы қиынға соғатын. Тіпті кеңестік кезеңдерден қалыптасып, бүгінге дейін өшпей келе жатқан стереотиптерге сүрініп, жүзеге асырыла алмай қалатын. Көптен бері жабулы жатқан дүние-тін. Себебі кирилл қаріптері орыс сөздерін «менше» жаз деп тұрады. Орыс тілінен енген дыбыстарды таңбалауға қызмет ететін әріптерді әліпби жүйесінен алып тастау да мәселені шешпейтін. Бүкіл қазақ емле ережелерін түбегейлі реформалау өз алдына, санаға сіңген қосамжар (орыс-қазақ) орфографияның көзтанымда, қолтанымда қалдырған стереотиптерін бұзу қиынның-қиыны болар еді.Ал латын әліпбиіне көшу осы стереотиптерді айналып кетудің ең оңай тиімді жолы болмақ. Латын қаріптерімен шет тілінен енген сөздерді қазақша сындырып жазатын болсақ, ешкімнің таласа қоймайтыны белгілі. Сөйтіп, бір оқпен екі қоян алған боламыз.Біріншіден, қазақтың артикуляциялық (айтылым) базасын жаңғыртып, сақтап қаламыз. Басқаша айтқанда, сырттан келген сөздерді бұрынғыша сындырып жазып, қазақи шапан кигіземіз.Екіншіден, жаһандық өркениетке ілесе алатын боламыз» Бұл шолудан «латын әліпбиіне көшу – тіліміздің емле ережелеріндегі кейбір қиындықтардан құтылудың негізгі жолы»,– екенін байқаймыз. Мәселен, жоғарыда көрсетілген мақала авторлары (Ө.Айтпайұлы, Е.Қажыбек, Ә.Жүнісбек): «Елуінші жылдардың ортасында қазақтың ы, і, ұ, ү тәрізді төл дыбыстарын ысырып тастап, орыс тілінің и, у, я, ю әріптерін төл сөздеріміздің жазылымына енгізгеніміз бар.Оның «жемісін» күні бүгінге дейін теріп жеп отырмыз: орыс-тақы орфографиямен өскенұрпаққа төл дыбыстың айтылымы бейтаныс көрінетін болды»,– деп ашына жазды [4]. Бүгінгі жас ұрпақтың ң дыбысын мүлдем айта алмайтыны соңғы жылдары баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде жиі жазылып та, айтылып та жүр.Сауаттылық – баспасөз тілі мәдениетінің негізгі талаптарының бірі. Ал жазудағы сауаттылық әдетте емле, тыныс белгілері ережелерін білумен тығыз байланысты. Дұрыс жазу талабы – орфографиялық ережелерді жетік меңгеруді талап етеді. Ал орфографиялық ережелердің жетіктігі алфавиттің тілдің фонетикалық жүйесімен толық сәйкес келуімен байланысты.Осы орайда, қазақ тілінің орфографиялық ережелері соңғы жылдары жиі сынға алынып, оның негізгі кемшіліктері осы алфавитке келіп тірелетіні анық. Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктерінің алғашқы басылымынан бастап «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» 18 параграфпен беріліп жүрген «Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы сақталып, орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады» деген ереже, тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асса да, әлі күнге дейін бұлжымай тұр.Соның дәлелі ретінде осы сөздіктің 2013 жылы шыққан 6 басылымында осы 18 параграф «Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы, негізінен, орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады»,– деген нұсқасын көрсетуге болады. Жазу қазақ тілінікі, ереже де қазақ тілінікі, олай болса, неге ол сөздер орыс тіліндегі тұлғасында жазылуы тиіс деген заңды сұрақ туындайды.Бұл ереже тілімізде ғасырлар бойы үндестік заңына сәйкес дамудың эволюциялық жолымен қалыптасқан «қазақ тілінінің төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді» деген қағиданың тас-талқанын шығарып, тілімізді теріс кетірген төңкеріс жасады. Түбір сөздердің осылай орыс тіліндегі тұлғасын сақтап жазылуы оған жалғанатын түрлі қосымшаларды жалғау барысында қиындықтар туғызып жүр.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс» екенін басты назарға ала отырып, «алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра беретінімізді» жеткізген.Сондай-ақ, Елбасы бұл жолдауда «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады» деп, ұлттық өрлеу мен әлемдік өркениетті тұтастандыратын өзекті мәселені де атап көрсетті Әсіресе, Президентіміздің «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын ғарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» деген пікірі халық тарапынан кең қолдау тауып, ерекше ықыласын оятқаны анық. Бұл мәселені қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бері тұрақты түрде көтеріп келеді. Алайда бұл бастамалардың барлығы да аяқсыз қалып келген еді.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің жаңа міндеттерін белгіледі: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта¬ның, ком¬муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр¬дағы ғылы¬ми және білім беру процесінің ерекше¬лік¬теріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр.Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел¬гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол-даныла тұрады» Латын әліпбиіне көшудің мақсаты – «балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызу екенін» естен шығармауымыз керек.Латын әліпбиіне көшу – өркениетке ілесу. Қазақстан – біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауында: «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» – деп нақты белгілеп берді. Және осы жолдауда ана тіліміздің Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болғанын, енді оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн екенін көрсетті. Ал Мәңгілік Ел болу үшін де латын әліпбиі ауадай қажет. Ескеретін бір мәселе, латын әліпбиі бір ғана қазақ халқының әліпбиі емес, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың әліпбиіне айналуы тиіс.Қазіргі зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді әлемдік өркениет жетістіктеріне алып баратын негізгі жол деп есептейді. Оның саяси мәні де зор.

Бейнеролик тамашалау.

(Пікірлесу. Пікір барысында ата-ананың өзіндік ойын бағдарлау)Сұрақ-жауап.
  • Латын әліпбиіне көшуімізді қалай қабылдайсыздар?
  • Латын әліпбиі туралы өз ойларыңыз қандай?
  • Латын әліпбиінің балаларыңыз үшін, біздер үшін пайдалы, әлемдік жаһанға көтерілуімізге септігін тигізеді дегенге келісесіз бе?
  • Кейбір кириллица әріптерді алып тастағанда қиындық келтіреді деп ойлайсыз ба?
  • Бүгінгі конференция туралы өз ойыңыз қандай? Сіз үшін терең мағыналы әрі еліміз үшін жасалып жатқан игі бастама екеніне өз көзқарасыңызды айтыңыз.


Қорытынды. Сонымен қорыта келе, латын әліпбиіне көшу арқылы біздің еліміз бүкіл түрік әлемімен бұрынғыдан да жақындаса түседі. Сонымен бірге шетелдерде тұратын қандастарымыз үшін өз атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдетеді. Ақпарат және телекоммуникациялық саладағы қолжетімділік те артады. Әліпби ауыстыру, бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды бетбұрыс болып табылады. Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ