Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшу-Мемлекет басшысының мемлекеттік тілдің беделін нығайтуға бағытталған маңызды бастамаларының бірі. Сондықтан біздің еліміз бұдан тек пайда көретініне сенімдімін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы.

Латын графикасына көшу мәселесі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңыздыларының бірі болды. Бұл біздің тіліміздің болашағына пайдалы әсер ететін үлкен ғылыми маңызы бар маңызды бастама. Бүгінде еліміздің әрбір ойшыл азаматы, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала мамандары бұқаралық ақпарат құралдарында латын әліпбиіне көшуге қатысты өз пікірлерімен бөлісуде. Латын графикасы бүгінде бүкіл әлемде қолданылады. Интернеттегі ақпараттың көпшілігі латын әріптерімен де ұсынылған. Осы қадаммен біз біртұтас түркі әлеміне жақындай түсеміз.

Латын графикасына көшу туралы айтқанда, бұл оған оралу деп айтқанымыз дұрыс болар. Тарихқа көз жүгіртсек, Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов латын графикасы негізінде 34 әріптен тұратын қазақ әліпбиін жасаған. Дәл осы әліпбимен біздің халқымыздың ұлттық мүдделерін қорғайтын еңбектердің көпшілігі жазылды.

Латын әліпбиіне көшу-Елбасының аса бағалы бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған, тіліміздің болашағы үшін жасалған қадам.

Шынымен де жаңа технология дәуірінде Қазақстанның латын графикасын таңдауы- мемлекеттік деңгейдегі өте маңызды шешңм. Сол себептен бұл мәселе көпшіліктің қолдауына ие болып жатқанын көріп отырмыз.

Латын әліпбиіне көшу- тіліміз үшін жасалған игі қадам.Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда сөйлеген сөзінде: «… ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деген болатын. Шынында да, әліпби ауыстырудың саясатқа да, басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Әліпби өзгерту мәселесі тек кірме сөздерге ғана қатысты емес, өз тіліміздегі төл сөздерімізді де жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектеседі. Осы орайда тіліміздегі әріптерді қысқартып, компьютерге икемдеу керек дегенді желеу етіп, тіліміздегі бар дыбыстарды орынсыз қысқкартып жіберуге де болмайтынын ескеруіміз қажет. Тілімізде бар дыбыстардың арнайы таңбасы болуы тиіс.

Қазір елімізде осы ауқымды мемлекет тарапынан қаралған шараны жүзеге асыруға арналған жұмыстар жан-жақты сарапталуда. Еліміздегі Жоғарғы оқу орындарында латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер, мамандар дайындау керек.

Латын әліпбиіне көшу-Мемлекет басшысының мемлекеттік тілдің беделін нығайтуға бағытталған маңызды бастамаларының бірі. Сондықтан біздің еліміз бұдан тек пайда көретініне сенімдімін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
309
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12