Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемаларына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі-әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу.Қазақстан халқы тәуелсіздігін жариялағаннан бері қолданылып келген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер көп айтылып келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы

кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» деген болатын

 Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемаларына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі-әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу.Қазақстан халқы тәуелсіздігін жариялағаннан бері қолданылып келген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер көп айтылып келеді.

Қазіргі қолданыстағы кириллица-қазақ тарихындағы төртінші алфавит екенін бәріміз жақсы білеміз. Ежелгі сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыздың өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы ислам дінімен қатар келді.

Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат-алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес еді.Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды. Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды. 

Латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын  түп нұсқада оқуға жол ашылады.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен айырыламыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі-заман талабы. Бұл мәселені көтеру-Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі-ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі-алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертартпаның бірі деуге болады. Ендеше латиницаға көшу-тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес.

Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз-ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Егер ағылшын тілін білсең-әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің болады. 

Сөзімнің соңында айтарым, латын әліпбиіне көшу- ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайтадан оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деп ойлаймын.



Сейтқасымова Құралай Сейтқасымқызы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» ҚММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2021
363
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі