400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі,қазақ тарихы үшін маңызды мәселелердің бірі-өз ана тілімізді,дінімізді,салт-дәстүрімізді,тарихи құндылықтарымызды,әдеби байлығымызды жоғалтып алмау болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы

Қазақ тілі, қазақ тарихы үшін маңызды мәселелердің бірі – өз ана тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, тарихи құндылықтарымызды, әдеби байлығымызды жоғалтып алмау болып табылады. Мұның барлығын сақтап қалу жолында жасалып жатқан барлық іс-шараларға атсалысу керек екеніміз сөзсіз.

Қазіргі кезде латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы тақырыбы өзекті мәселеге айналып отыр. Дегенмен, ол өте жан-жақты жоспарлауды, барлық маңызды салалардың ортақтасуын, қабылдаудың тиімді тәсілдерін ұсынуды, барлық қажетті оқулықтар мен құралдардың тез арада осы тілде қолжетімді болу қажеттілігі мәселелерінің шешімдерін ойластыруды, т.б.көптеген маңызды сұрақтардың жауаптарына тек сөзбен емес, іспен, қаржылық, моральдық тұрғыда дайын болуды қажет етеді. Мұның бәрі өте көп уақытты талап етеді, дегенмен егер бұл біздің көне, ата-баба тілімізді танудың, қайтарудың, қалпына келтірудің, сақтап қалудың, дамытудың бірден бір жолы болса, онда мұны приоритеттер қатарына енгізу керекпіз.

Келешек ұрпақ кирилл жазуы негізіндегі жазылған бұрынғы бай жазба мұрамызды оқи алулары үшін, оны пайдаланып, рухани тәлім-тәрбие алуға толық мүмкіндіктері болуы үшін аз уақыттың ішінде көптеген жұмыстар жасалуы талап етіледі. Мемлекет тарапынан латын әліпбиіне көшу шешімі қабылданған соң, бұл мәселелерді шешу жолдары толықтай қарастырылып жатқанына сенім артамын. Ал біз өз тарапымыздан қолымыздан келгенше еңбек етуді жалғастыратын боламыз.

Ахмет Байтұрсынов атамыз жасаған төте жазу жазу заңдылықтарымыздың негізгі тірегі болып, қазіргі күнде де жазуымызға қызмет етіп келеді. Тілдің қоғаммен бірге дамып, ғылым мен техника дамыған сайын көршілес елдерден және басқа да шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық болып табылады. Қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген замандағы күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, баяуламайды. Ал кірме сөздердің барлығын дер кезінде қазақы айтылымға икемдеп отыру да оңай шаруа емес. Кірме дыбыстарды әліппеге талғаусыз қабылдап, содан соң кірме сөздерді де өзгеріссіз жазып, өзіміздің төл сөздеріміз бен терминдерімізді де ұмытуға айналдық. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа алғанымыз дұрыс боларына сенемін.

Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер – барлығы да латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлдеқайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Осындай қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне жеткізіп отыр.

Латын әліпбиіне кіру әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз.

Әр ынта-ықыласы бар адам бұл әріптерді үйрене алады, латын әліпбиіне көшу – ол, өз әліпбиімізге оралу, нақтырақ айтқанда түрік әлеміне, тіліне оралу деп түсінемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.02.2022
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі